Инфоурок Всеобщая история Конспекты"Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы" сыныптан тыс сағаты

"Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы" сыныптан тыс сағаты

Скачать материал

Күні:

Сыныбы: 8  

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері мен мақсаттары жастарды бұл жолға итермелеген әлеуметтік әділетсіздікке төзбеушілік екенің түсіндіру.

Дамытушылық. Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра  отырып, еліміздің даму тарихы туралы жүйелі ойлау және еркін сөйлеу дағдыларын одан әрі қалыптастыру.

Тәрбиелік. Жас ұрпақты Отаншылдыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке және адамгершіліккке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, газет, журналдар, Желтоқсан құрбандарының суреттері, буклет, бейнетаспа, қанатты сөздер.

 

Сабақтын барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

                                а) Сәлемдесу,түгелдеу

                                б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Кіріспе сөз:

      Оқушылар ғасырларға созылған азаттық, тәуелсіздік жолындағы  күресіміздің қайта жаңғырып, дербес ел, тәуелсіз мемлекет болуымызға жол ашқан «Желтоқсан оқиғасы».

Тәуелсіздік алу дүние жүзіндегі отаршыл болған халықтардың армандаған, аңсаған тілегі. Тәуелсіз ел болу сан ғасырлар бойы қазақ халқының арманы еді. Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы!»деп аталады.

 Негізгі бөлім:

 1-жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

  2- жүргізуші: - «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы!»атты тарих  кешін бастаймыз.

100 жыл өтсе де, 100 ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.

 1986 жылғы Алматы оқиғасы да алты құрлықты аралап кеткен оқиға.

  1-жүргізуші:

                       Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

                       Алаңның шеруі емес салтанатты.

                       Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

                       Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

    2-жүргізуші:

                        Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар,

                        Жүректе жылы үміт пен ізгі ар.

                        Ақ құстай бейбіт арманы самғап,

                        Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

1 оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсан-Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумында 18 минуттық ұйымдастыру мәселесі қаралды. Қазақстан  Компартиясының бірінші хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаевты орнынан алынды. Қазақстан Үкіметінің басшылығына КОКП-ның  Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды.Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп тіреді. 1986 жылғы 17 желтоқсан- Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады.19-25 желтоқсан күндері жастар ереуілдері мен толқулары Арқалықта, Жамбылда, Жезқазғанда, Шымкентте, Сарыөзекте, Қарағандыда, Көкшетауда, Павлодарда, Талдықорғанда, Шамалғанда және республиканың басқа да қалаларында болып өтті.

 

Бейне таспа көрсетіледі

     1-жүргізуші:  Желтоқсан оқиғасын зерттеген  комиссия қорытындысынан:

   2-оқушы: 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.

99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылды. 2- адам ату жазасына кесілді,

83 адам-1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Ләззат Асанова, Сәбира  Мұхаметжанова сынды қазақтың қайсар ұл-қыздары мерт болды, өлім жазасына кесілді.

  2-жүргізуші:  Өкінішке  қарай, Желтоқсан оқиғасына байланысты қайтыс болған жастардың жалпы саны әлі де толық анықталмады. Шетел ақпарат агенттіктерінің мәліметі бойынша олардың саны 150-ден астам деп көрсетілген. Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рысқұлбеков-Алматы архитектура құрылыс институтының студенті.1988 жылы КСРО Жоғары Кеңесі оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.1988 жылғы мамырда қайтыс болды. 1996 жылғы 9 желтоқсан- «Халық қаһарманы» атағы берілді.

 3-оқушы:


Әрине суық қайғы, суық қайғы.

Көңілін халқын бірақ суытпайды,

Егерде халық өзін ұмытпаса.

Батыл бол, халқың сені ұмытпайды

Қайырымсыз қазаға –елің бас ұрмайды,

Саған деген сағыныш басылмайды.

Табытыңды жасырса, жер жасырар,

Ал уақыт өзіңді жасырмайды.

Ұзында емес, қысқа емес ортамын,

Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын.

Қанды қақпан қармағына іліккен

«Қайрат аға» торқа болсын топырағың


4-оқушы:


Мұнан әрі айтпайын масқараны,

Шындық өзі шығады, тас жарады.

Бір халықтың тағдырын тәлкек еткен,

Зымияндық осыдан басталады.

Жалған емес, бұл шындық, дастан-әнім,

Бодандықтың ол бұзды тас қамалын.

Қайрат, Ербол, кешегі Ләззаттардың,

Қыршынынан кім қиды жас қанатын?

Ақиқаттар әлі көп ашылмады,

Ашу-ыза кеудемде басылмады.

Желтоқсанның сабағы мәңгі алау боп,

Арулардың  жалғанар асыл әні.


     1-жүргізуші:  Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді.

Мұхтар Шахановтың кремльде сөйлеген сөзі

     2-жүргізуші:  Қазіргі Қазақстан тарихында жүрегінді қан жылатып қана қоймай, сонымен қатар өз халқынды мақтан тұтатын, отаншылдық пен азаматтық сезімінді оятатын ерекше күн ол-Желтоқсан. Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты.

                       «Жеткен арман-жаса тәуелсіздігім

                        Өз қолыма берген еркін тізігін

                        Ие болған әлем ілтипатына

                        Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.»

Бейне таспа  Менің елім

 1-жүргізуші:  Ежелгі қазақ жері Батыс пен Шығыстың өзегі жалғаған Еуразия құрылығының жүрегінде, әлемдік өркениеттер тоғысында орналасқан. Біз мыңдаған жылдар бойы азаттық үшін арпаласып келдік.Жан алысыа, жан берісе жүріп өз жеріміз бен бас бостандығымызды сақтап қалдық.Сондықтан біз үшін Тәуелсіздік- көздің қарашығындай сақтайтын қастерлі құндылық. Ол бізге ержүрек бабаларымыз –Ұлы Дала көшпенділері қалдырған киелі өсиет.

    Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті. 

2-жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда- Қазақ халқының  тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жылы 16 желтоқсанда- Қазақстанды  тәуелсіз Республика деп жарияланды.

1-жүргізуші: Қазақстан - тәуелсіз  мемлекет. Желбіреген көк байрағы, айбынды ел таңбасы, асқақтаған ән ұраны бар



Қазақстан Республикасының әнұранының сөзін жазғандар:

Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

2-жүргізуші:1993 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конститутциясын қабылдады.1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Жаңа Конститутциясы қабылданды.

Ән Қазақстан бақытты

1-жүргізуші: Қасиетті де қастерлі Тәуелсіздікті сан ғасыр бұрын бабалар аңсап өтті. Ендеше қолымыз жеткен егемендікті ешкімге тәуелді етпей өркениетті өмірге қадам басуға тиіспіз.

2-жүргізуші: Бүгінгі біздің «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы!» атты кешіміз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы" сыныптан тыс сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 1344
    • DOCX 42 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Усенкулова Сарбина Ермековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Усенкулова Сарбина Ермековна
    Усенкулова Сарбина Ермековна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 26527
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции