Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәуелсіздікке 25 жыл ашық шара-11 сынып

Тәуелсіздікке 25 жыл ашық шара-11 сынып

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

С. Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп


Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы және

Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай ұйымдастырылған

«Саптық шеру байқауы» іс-шарасының жоспары


Мақсаты:

  • Келешек ұрпақты отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;

  • Оқушы бойына ұлттық рух, намыс, жігер сияқты асыл қасиеттерді терең сіңіру;

  • Тура жолдан таймай әрқашан әділдікті, шындықты, адалдықты жанына серік ететін жас буын ортасын қалыптастыру;

  • Ерлік атты теңдесі жоқ абыройлы әрекетті қадір тұта білуге баулу.


Маңызы:

    • Тәуелсiз Қазақстанның қол жеткен жетістіктері мен бейбіт өмірдің мызғымастығы, өсiп-өркендеуі, нығаюы үшiн ел бiрлiгiнің қажеттігін дәріптеу;

    • Әлемді тажал отынан арашалап, тіршілік нұрын сыйлаған ұлы жеңісімізді ұлықтау;

    • Майдан даласында қан төгіп, жан қиған қайсар баба рухына тағы бір мәрте бас иіп, тағзым ету;


БАРЫСЫ:


Мерекелік шара 10 желтоқсан күні мектеп ғимаратының алдында ұйымдастырылады.


Жүргізуші:

- Армысыздар құрметті ардагерлер, қонақтар және бүгінгі шараға қатысушылар!

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай ұйымдастырылған «Саптық шеру байқауына» қош келдіңіздер!

Жасампаздық пен бейбітшіліктің 25 жылдығы аясында бірлік пен төзімділік ұранымен тойланатын мамыр айындағы Ұлы Жеңіс мерекесі туралы Н.Ә.Назарбаев: «Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.

Бұл күн - әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.

Бұл күн – бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн»- деген болатын.

Тәуелсiздiктiң кезектi жылдығын атап өту бiзге ең алдымен той тойлау үшiн емес, ой ойлау үшiн керек. Тәуелсiздiктiң тайғақ кешулi жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттың ұлан асуында ұйытқи соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белiмiздi талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз Тәуелсiздiкке қиын iсте тәуекелге бара алатындардың ғана қолы жетедi.

Тәуелсiздiктiң бiздiң бәрiмiзге артар мiндетi мол. Ендi еңселi ел болудың жолына шыңдап түсуiмiз керек. Әулетiмiздiң асуы да, дәулетiмiздiң тасуы да өз қолымызда.


АӘД ұйымдастырушысының командасы:

  • Сап түзел. Тік тұр!


Жүргізуші:

  • Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған саптық шеруде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру құрметі мектебіміздің үздік оқушылары Абу Әділет пен Исенғали Айшаға беріледі.

Ту көтеріп жатқанда:

Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Мемлекеттік туымнан,

Күн шығып тұр жарқырап.

Әнұраны елімнің

Шарықтасын көгінде.

Береке, бірлік, ынтымақ

Сақталып мәңгі елімде.

(Әнұран орындалады)


Жүргізуші:

- Егеменді елдің тыныштығын, бейбітшілігін қорғау әр азаматтың қасиетті борышы. Осы қасиетті борышты абыроймен атқарып, жанталаса жүріп алып келген бабалар жеңісіне биыл 66 жыл толып отыр. Бұл халықтар бірлігінің жеңісі, бұл қайталанбас ерлік пен батырлықтың жеңісі, бұл тылда қалған аналар мен балалардың жеңісі болды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел дауысы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары жерін қорғады, халқының өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады.



Жер жаһанды жан түршігерлік қисапсыз қанға бояп, сансыз ошақтың отын өшіріп, үмітін үзген алапат соғысқа тегеурінді тепкі беріп әлемді аман алып қалған жігерлі жауынгерлердің даңқы асқақтай берсін.

Ардагер аталардың абыройлы ерлігі ұрпақтар жадында мәңгі сақталады.

«Саптық шеру байқауын» ашық деп жариялаймыз.

Осы салтанатты жиынымызға арнайы шақырылған ардагерлерімізбен құрметті қонақтарымызды таныстырып өтейін:


- Ұлы Отан соғысының ардагері: __________________________________

- Ұлы Отан соғысының ардагері: __________________________________

-Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі: _________________________

-Аудандық «Ауыл тынысы» газетінің тілшісі: ______________________

-Аудандық әкімшілік қызметкері: __________________________________


АӘД ұйымдастырушысының командасы:

- Топ жетекшілері саптық жиынның дайындығы жөнінде мәлімет беруге дайындал!


Топ командирлерінің мәліметі:

АӘД ұйымдастырушысы Аға лейтенант.

5 сынып оқушылары Жеңістің 66 жылдығына

орай ұйымдастырылған саптық жиынға дайын.

Мәлімет беруші: ______________________


АӘД ұйымдастырушысы:

- Мәлімет қабылданды! Орныңа бар!


АӘД ұйымдастырушысы:

- Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ-ң азаматтық қорғаныс басшысы. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған саптық шеру байқауына мектеп оқушылары дайын.

Мәлімет беруші: АӘД ұйымдастырушысы аға лейтенант Дакешев


Азаматтық қорғаныс басшысы:

- Мәлімет қабылданды. Еркін тұрыңыз!

АӘД ұйымдастырушысы:

- Еркін тұрыңыз!


Мектеп директоры: Сәлеметсіздерме!

Оқушылар: Саулығыңызды тілейміз мектеп басшысы!

Мектеп директоры: Құрметті жиынға қатысушылар! Сіздерді ұлы жеңістің 66 жылдығымен құттықтаймын!

Оқушылар: Ура! Ура! Ура!

Мектеп директорының құттықтау сөзі.

АӘД ұйымдастырушысының командасы:

- Сап түзел! Тік тұр!

(Оқушылардың саптық жүрісі, әні.)


Марапаттау


Жүргізуші:

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атанып,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! (пауза)

Құрметті оқушылар!

Тәуелсiздiк туын тiгуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

Дүниеде тәуелсiз Қазақ елi бар;
Әлемде егемен Қазақстан бар;
Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенiмдi саяси жүйесi бар;
Ең бастысы – бүгiннен нұрлы, бүгiннен кемел болашағы бар;
Сол күнге берiк сенiмi бар!

Осымен Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығы және Ұлы Жеңістің

71 жылдығына арналған «Саптық шеру» байқауын жабық деп жариялаймыз. Еліміз тыныш, әлеуметіміз аман болсын, ағайын!!!

hello_html_m4d466bb7.png

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров908
Номер материала ДВ-472781
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх