Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Другое Другие методич. материалы''Тәуелсіздікке 25 жыл'' 5- сынып

''Тәуелсіздікке 25 жыл'' 5- сынып

Скачать материал
библиотека
материалов

Ашық тәрбие сағаты

Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған

«Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты телекөпір 


Мақсаты:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атай отырып, оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, Тәуелсіздіктің басты құндылықтары мен деректердің аса маңыздылықтары туралы мәліметтерден хабардар ету. Болашақта елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға, Отанын сүюге және егемен еліміздің ынтымағын сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш - қуаты мол жастарды тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Мәңгілік ел – біздің жарқын болашақ» кітап көрмесі , «Тәуелсіздік шежіресі» бейнетаспа, слайдтар, желтоқсан құрбандарының суреттері, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: телекөпір

Сабақтың әдісі: баяандау, сұхбат алу (интервью) 
Сабақтың барысы. 
Кіріспе сөз. (Мұғалім сөзі) Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата – бабамыздың ғасырлар бойғы талай – талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Көк туымыз асқақ желбіреп, тәуелсіздігіміз салтанат құрғаныны 25 жыл. Тарих үшін қас – қағым сәт, азаттық аңсаған Алаш баласы үшін ғасырдан да қымбат мың жылға айырбастамас 25жыл. Тәуелсіздік алып келген жетістік те оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі.

1-жүргізуші. Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгін біз сіздермен «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты телекөпірге қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы. Тәуелсіздік – мереке.

2- жүргізуші. Ия, 1991жылғы 16 желтоқсан - тарихтағы ұлы күн. Бұл күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.

1-жүргізуші. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Біз үшін Тәуелсіздік күні - алтын әріптермен жазылған ең қастерлі күн.

2- жүргізуші. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты.

1-жүргізуші . Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.

2- жүргізуші. Ежелден еркіндік аңсаған Қазақ елінің өткен шағы мен осы шағының маңызды деректері туралы «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында жасалған бейнетаспаны көруді ұсынамыз.

1-жүргізуші . Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Мемлекеті өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, озық технологияларды меңгеріп, толағай табыстарға да қол жеткізді.

2- жүргізуші. Осы мақсатта айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардың көмегімен «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты іс- шарамызды «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпірі арқылы өткіземіз.

І. «Менің Қазақстаным – менің болашағым» телекөпірінің барысы.  

1-жүргізуші . Мен, Асқар Бауыржан «Өткен шақпен» тікелей байланысқа шықтым. Өткен шақтағы азаттықты аңсаған қазақ халқы - Сіздерге бірнеше сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап берсеңіздер.
Сұрақ: - Халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтары, Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары туралы ой қозғасаңыздар. 
1- оқушы. Жауап: - Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдері көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. 
2- оқушы. Жауап. - Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 
Сұрақ: - Аршашылық, қуғын-сүргін туралы деректер туралы айтсаңыздар.

3- оқушы. Жауап: - 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші қазан» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 
4-оқушы. Жауап: 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
Сұрақ. - Ел есінде мәңгі есте қалған қандай деректерді білесіңдер?

4- оқушы. Жауап: - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 
Сұрақ : - Желтоқсанның құрбаны болған жалынды, қайсар жастардан кімдерді білесіңдер?

5-оқушы. Жауап. -1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар.. 
6- оқушы . Жауап: - Тәуелсіздіктің құрбаны болған Қ.Рысқұлбеков ағаға арнау өлеңім.

- Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн. 
Жанына тапай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін, 
Жаншыды-ау жанын батпан күш. 
Енді қайтіп келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн! 
Сұрақ: - Өткен шақтағы халық тұрмысындағы ауыртпалык кезеңдер туралы айтып өтсеңдер екен.

7- оқушы. Жауап. - Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері

1-жүрг сөзі. - Ия, Тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқы небір қиындықтарды бастан өткерсе де мойымады. Тәуелсіз ел болатынына кәміл сенді.

ІІ. 2- жүрг сөзі: - Тәуелсіз мемлекеттің алғашқы онжылдықтың бастауына айналған «Осы шақпен» мен, Мадина Айдарбек тікелей байланысқа шығудамын.

Сұрақ. – Осы шақтағы Тәуелсіздіктің басты құндылықтары туралы деректердің аса маңыздылықтары туралы мәліметтерден көпшілікті хабардар етсеңіздер екен.
Жауап. 1- оқушы. - Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. 
Жауап: 1- оқушы - Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 

Жауап: 3- оқушы: - 1991 жылы 1 желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырына сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылыдлығы мен өжеттілігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марқасқа. Біздің Президент күнделікті қызметімен қоса домбыра тартып, ән айтатын, вальс, танго секілді би өнерін де керемет меңгерген, ақын, шебер шаңғышы, теннисші, ат құлағында ойнайтын спортшы. 
Жауап: - Баяғыда бір ойшыл: «Саясаткер – сайлау мен сайлаудың арасында ғана көзге көрінетін белсенді. Ал, шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен байланысты. Оның мұраты – халқының бүгіні мен ертеңі» деген екен. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты осының дәлелі. 
Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 
Жауап: - 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлеміің астанасы деп жарияланды. 
Сұрақ: - Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бергі жетістіктер туралы айтсаңыздар

Жауап: (Слайдта) - Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ғаламат көшбасшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның тамаша табыстарын айғақтайтын аса жарқын да сенімді цифрларға назар аударайық. 
- Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді; 
- Соңғы 4 жылда тұрғындардың ақшалай кірісі, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы, студенттердің стипендиясы 2 есе өсті; 
- Зейнетақы төлемдері мен баланы күтуге арналған жәрдемақы 2,6 есе көбейді; 
- Білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау шығындары 2 есе ұлғайды; 
- Республика бойынша 4000 жаңа балабақшалар, 350 мектеп, 50 колледж салынды. 
Жауап: (Слайдта) Жаңа Назарбаев Университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектептер жүйесі құрылып, 150 шақты аурухана тұрғызылды. 
Ішкі жалпы өнім көлемі 10108,6 миллиард теңгені құраса, өнеркәсіптік өнім көлемі 8493 миллиард теңге болды. 
Еліміздегі орта есептік айлық жалақы 88296 теңгеге жеткен. Жұмыссыздардың саны 5,3 пайызға төмендеді. 
Кеден Одағының арқасында тауар айналымы еселеп өсті. Қазір мыңнан астам Ресей компаниялары өз істерін Қазақстанға көшіріп отыр.
Бірнеше аса маңызды бағдарламалар жүзеге асты: 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық даму бағдарламасы, 2020 жылға арналған бизнестің жол картасы, «Мәдени мұра», «100 мектеп, 100 аурухана», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары. 
Сұрақ: - Осы шақтағы басты мақсаттарыңыз қандай?

Жауап: - Осы шақта біз де ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, мектепті бітіргелі отырмыз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқып, балашақта өз елімізге пайдамыз тиетін нағыз маман боламыз.


ІІІ. «Болашақ білімді жастардың қолында» - деп Елбасымыз айтқандай мен, Асқар Бауыржан «Болашақпен» тікелей байланысқа түсудемін.
Сұрақ. - Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде к
өргілерің келеді? 
Жауап: - Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. 

Сұрақ: - Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? 
Жауап: - Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар. 
Сұрақ: - «Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады?» деген тақырыпта қиялға беріліп, болашаққа болжау жасай аласыздар ма? 
( Оқушының қиял-эссесі оқылады.) 
- Жауап:- Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді.

Сұрақ: - Өздеріңнің болашақтағы асқақ армандарыңды айтып шығыңдаршы. (Оқушылар болашақтағы өз армандарын айтып шығады) 
1- жүргізушінің қорытынды сөзі.  (Слайдта) Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған өз жолдауында:
«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады. Қазақстанның болашағы жастардың қолында.

Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! (екеуі бірге)



2- жүрг сөзі.(Слайдта)

«Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

1- жүрг сөзі.(Слайдта)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы баршаңызға құтты болсы! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды! Азаттық деген сонау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан оны сақтап, дамыту, келесі ұрпаққа аманат ету біздің парызымыз! Осыны ұмытпайық!



Қорытындылау. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты телекөпірге бізбен тікелей байланысқа шыққан «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпірі арқылы сұхбат берген 11- сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

«Тәуелсіздік шешіресі» бейнетаспа, слайд көрсетіледі.

Қ. Нұртастың «Тәуелсіз елім» әнін оқушылар орындайды.

Дайындаған 11-сыныптың сынып жетекшісі Ұлдар Абишева







Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған

«Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты телекөпірінің өтілуі туралы мәлімет.

Ия, биыл тәуелсіз Қазақстан Республикасына 25 жыл! Сол үшін де биылғы жыл – ерекшк жыл. Оның ерекшелігі –«Тәуелсіздік» деген қасиетті сөзде. Ғасырлар бойы қазақ халқы аңсаған еркіндік, өзін- өзі билеу, өзіндік өмір сүру, өзіндік салт-дәстүрі, тарихы, діні, тілі қалайша қасиетті болмайды?! Тәуелсіздік үшін күрес қанша қасиетті болса, сол күрес тарихы да, оның қаһармандарының есімдері де қасиетті. Сол арман күні кешеге дейін жалғасып бақыт құсындай болып қолымызға қонды. Ел тарихында алтын әріптермен жазылған Қазақстан Республикасына Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай барлық мекемелер мен білім ордаларында түрлі іс-шаралар өтуде. Қасиетті мерекені атап өту мақсатында өзім сынып жетекшілік ететін 11-сынып оқушыларымен «Менің Қазақстаным – менің болашағым» тақырыбындағы тәрбиелік іс-шарамды, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардың көмегімен телекөпір

hello_html_75cb8751.pnghello_html_6ba12c74.png

арқылы өткіздім. Мақсатым: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атай отырып, оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, Тәуелсіздіктің басты құндылықтары мен деректердің аса маңыздылықтары туралы мәліметтерден хабардар ету. Болашақта елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға, Отанын сүюге және егемен еліміздің ынтымағын сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш - қуаты мол жастарды тәрбиелеу болды. Қолданылған көрнекіліктерім: «Мәңгілік ел – біздің жарқын болашақ» кітап көрмесі , «Тәуелсіздік шежіресі» бейнетаспа, слайдтар, желтоқсан құрбандарының суреттері, интерактивті тақта.

Іс-шараны талапқа сай өту мақсатында екі жүргізушіні –жас тілшілерді дайындадым. Олар,Асқаров Бауыржан мен Айдарбек Мадина болды. hello_html_2499a6.jpg hello_html_2ad2a09a.jpg

Жүргізушілер Тәуелсіздік мерекесі туралы кіріспе сөздерін 1991жылғы 16 желтоқсан - тарихтағы ұлы күн екенін, бұл күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағанын,Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі екенін, Тәуелсіздік күні - алтын әріптермен жазылған ең қастерлі күн аталғаны туралы мәліметтермен оқушыларды хабардар етті. Ежелден еркіндік аңсаған Қазақ елінің өткен шағы мен осы шағының маңызды деректері туралы «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында жасалған бейнетаспаны көруді ұсынды.

Жүргізуші Асқар Бауыржан «Өткен шақпен» интерактивті тақта арқылы тікелей байланысқа шығып, өткен шақтағы азаттықты аңсаған қазақ халқының сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресі, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтары, Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары туралы бірнеше сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап алды. Ел есінде мәңгі есте қалған деректер мен желтоқсанның құрбаны болған жалынды, қайсар. hello_html_52857f46.jpg hello_html_m7879c9e8.jpg жастардың ерліктері туралы сұхбаттасты Тәуелсіз мемлекеттің алғашқы онжылдықтың бастауына айналған «Осы шақпен» интерактивті тақта арқылы жүргізуші Мадина Айдарбек тікелей байланысқа шығып, Тәуелсіздіктің басты құндылықтары туралы деректердің аса маңыздылықтары туралы мәліметтермен көпшілікті хабардар ету туралы сұхбаттасты. Жас тілші сондай-ақ, Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бергі жетістіктер мен болашақтағы мақсаттары туралы да ой өрбітті.

«Болашақ білімді жастардың қолында» - деп Елбасымыз айтқандай жас тілші Асқар Бауыржан «Болашақпен» интерактивті тақта арқылы тікелей байланысқа түсті.
Ол: «Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргілерің келеді?»,- деген сауалға, «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім - өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.»,- деп жауап берді. 

- Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз?

- Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады? 

- Өздеріңнің болашақтағы асқақ армандарыңды айтып шығыңдаршы,- деген сұрақтарға, Тәуелсіз еліміздің болашағы білімді жастардың қолында болатынын, болашақтағы өз армандарына айналған мамандықтары туралы өз ойларын айтып шықты.

Жас тілшілер слайд арқылы Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауының маңыздылығы, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы, халықаралық EXPO-2017 көрмесі, «Нұрлы жол» жобасын жүзеге асырудағы табыстылықтар туралы айтты.

Жас тілшілер « Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы баршаңызға құтты болсы! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды! Азаттық деген сонау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан оны сақтап, дамыту, келесі ұрпаққа аманат ету біздің парызымыз! Осыны ұмытпайық!»,- деп, «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты телекөпірге тікелей байланысқа шыққан «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпірі арқылы сұхбат берген 11- сынып оқушылары ортаға шығып, әнші Қайрат Нұртастың «Тәуелсіз елім» әнін орындады. «Тәуелсіздік шежіресі» бейнетаспасы, слайд hello_html_400a1c0b.jpg hello_html_m64e925c9.jpg

көрсетілді. Мектеп кітапханашысымен бірге жасалған «Мәңгілік ел – біздің жарқын болашақ» тақырыбындағы кітаптар көрмесі туралы кітапханашы Э.Назарбековаға Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету оңай болмағандығының маңыздылығы туралы айтты. hello_html_3eae4dc8.jpg hello_html_7424774e.jpg11-



5- сыныптың сынып жетекшісі: Назира Абдиева












  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС медицинских направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Организация процесса страхования (перестрахования)»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.