Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыТәуелсіздік-көптен күткен бақытым! (ашық тәрбие сағаты)

Тәуелсіздік-көптен күткен бақытым! (ашық тәрбие сағаты)

Скачать материал

Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: 

                              «Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»

Балалар залда тұрады, әнұран айтылады

 1-жүргізуші:

 Сәлем бердік, кешіміздің көрермені

 Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені

 Тәуелсіздік кешімізге қош келдіңіз,

 Алдарыңда болашақ өрендірі

2 – жүргізуші

 Армысыздар, бұл кештің қонақтары

 Халқымның  әрқашанда  қонақ – бағы

 «Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым» атты кешті

 Бүлдіршіндер  көруге шақырады.

Балалар:  (хормен) Армысыздар құрметті қонақтар!

1-жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сағатының мақсаты: Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту,  өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші  болып қалануға баулу.

 Тәрбиелік мәні:

 -өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу

 -ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу.

2-жүргізуші:

 Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз. Ол - өз елің, өзінің туған жерің, өз Отаның. Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу. Ал енді біздің бүлдіршіндеріміз өз Отаны туралы не біледі екен? Өздерінен сұрайық.

1-жүргізуші: Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?  (Қазақстан Республикасында)

2-жүргізуші: ҚР-сы қандай ел? (тәуелсіз, егеменді ел)

1-жүргізуші: ҚР-ң халқы тәуелсіздік күнін қашан тойлайды? (16-қарашада)
2-ж
үргізуші: Біздің ұлтымыз қандай?  (Қазақ)
1-ж
үргізуші:Біз қай тілде сөйлейміз? ( қазақ тілінде)
2-ж
үргізуші : Ал,сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме? ( Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

1-жүргізуші:  Балалар туған жеріміздің табиғаты қандай? (Алуан.  Отанымызда шөлді жерлер, ормандар, таулар, өзендер, көлдер бар)

2-жүргізуші: Отан деп қалай түсінесіңдер? (Отан - біздің туған жеріміз)

1-жүргізуші: Балалар сендер өте білімді екенсіңдер. Ад енді Отан туралы тақпақтарыңды айтасыңдар ма?

Әмір

Отан – елдің анасы

 Отан – жердің анасы

 Бақытты ғой, дәл мендей

 Тәуелсіз ел баласы?!

Альбина

Бар байлықтың басында

 Туған Отан тұр биік

 Пейілі үшін қазақтың

 Маңдайынан нұр сүйіп

Рамазан

Тыныш менің, отаным

 Ырыс менің, Отаным

 Ардақтайтын отанын

 Мен Отаншыл баламын

Назерке

Жалғыз отан өзіңсің

 Жүрегімнің түбінде

 Оттай ыстық сезімсің

 Күнім – Отан, күлімде!                       

Алтынбек

 Отан деген – атамекен,                         

 Отан деген – туған жер.

 Отан – ана, Отан – үлкен,

 Қазақстан – туған ел.

 

 Хор:  «Отан»

 1-жүргізуші:

 Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа  дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа  леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндік пен ілгерілшікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі. Келесі өлең жолдарын Қазақстан туралы Мадияр пен Карима айтып береді.

 

 

Мадияр

Ел даласын егін жапқан,

 Бар баласы бақыт тапқан

 Менің жерім, туған елім –

 Күн сәулелі Қазақстан.

Карима

Көкке тиген асқар тауы,

 Жасыл киген бақша бауы

 Менің жерім, туған елім –

 Күн сәулелі Қазақстан.

 

1-жүргізуші:

 Ұлттық би:  Бір топ қыздар

 

 (Залға «Алтын адамың» костюмін киген оқушы шығды) 

Алтын адам: Армысың қазақ елім, армысың қазақ халқым, армысың қазағымының ұрпақтары!

Балалар: Қош келдіңіз!

 Алтын Адам:  Балалар мен Алтын адаммын! Сендерде қазақ елінің тәуелсіздігіне орай іс-шара өткізіліп тұрғанын естіп,  ерте заманнан келіп қалдым.   Қазақ елі, қазақ жері туралы не білесіңдер?

 

Карима: Қазақстан Республикасы- тәуелсіз мемлекет.  Қазақстанда қазақтар, орыстар, қырғыздыр, өзбектер және тағы басқа ұлттар тұрады. Олар бәрі тату тұрады.

 

Әмір: Қазақстанның астанасы-Астана қаласы.  Ол өте әдемі қала. Астанада көптеген биік ғимараттар бар.

 

Рамазан: Еліміздің президенті бар. Оның аты –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.  Ол Қазақстанды көркейту үшін көп жұмыс істейді.

 

Альбина: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бар. Әнұран, елтаңба және ту. Ту аспанымыз ашық болсын деп көк түспен бейнеленген. Оюлары, қыран құсы, күннің көзі алтын түспен бейнеленген. 

 

Мадияр: Елтаңбада шаңырақ, қанатты тұлпарлар, жұлдыз бейнеленген.  Астында Қазақстан деген жазуы бар. Әнұранды біз баріміз жатқа білеміз және айта атамыз.

 

2-жүргізуші: Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.   

 

1- жүргізуші:

 Көк байрағым желбіресін көгімде,

 Әнұраным әуелесін елімде,

 Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,

 Тұрса артық не арман бар өмірде.-дей тұра  бүлдіршіндердің мемлекеттік рәміздер туралы тақпақтрын тыңдаңыздар!

Карима

Көк аспандай көкпеңбек

 Қазақстан жалауы

 Көк емес ол тектен – тек

 Елдің ашық қабағы

 

Әмір

Ақ ниетті – алтын күн

 Асқақ арман – қыраны

 Жалауы бұл - халқымның

 Мәртебесі, мақтаны

 

Рамазан

Тәуелсіздік жолында

 Талай – талай тер төккен

Билігім өз қолымда

 Еркіндігім – Елтаңба

 

Мадияр

Құт, береке – шаңырақ

 Орын алған ол төрден

 Қанатты құс – қос арғымақ

 Екі жақтан көмкерген

 

Альбина:

Әнұраным, жанұраным

 Айтар әнім сөйлер сөзім

 Мәңгі бақи шырқалады

 Республика Әнұраны

 

2-жүргізуші:  Хор:

 

1-жүргізуші:  Есілдің жағасына қонған қалам,

                          Жүрегі қазақымның болған қалам

                         Күн санап ертегідей өскен қалам,

                         Жайнашы, жайнай берші нұрлы Астанам! –келесі өлең жолдарын елордасы-Астанаға арналады.

 

Манарбек:

Арайлы таң Астанам,

Тек өзіңмен мақтанам.

 «Бәйтерек» пен «Ақорда»

 Жас та болса, бас қала

 

Гүлрайхан:

Бабалардың көзіндей

 Даналардың сөзіндей

 Ту ұстаған Астанам

 Әсем қалам, бас қалам!

 

Мәди

Астанама қарашы,

Елімнің жас қаласы.

Неткен ұлы, неткен кең,

 Қазағымның даласы!

 

Алтын адам: Менің кішкентай бүлдіршіндерім сендер өте білімді, өнерлі, ақылды балаларсыңдар! Қазақстанның ұрапқтары осындай болса, біздің еліміз әрқашанда жайнап өсе береді. Мен оған өте қуаныштымын. Енді менің кететін уақытым да жақындап қалды. Кетер алдында батамды беріп кетейін!

Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!

Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

Қазақстан әрқашан да жасай берсін!

 

Сау болыңдар!

 

Балалар: Сау болыңыз!

 

2-жүргізуші:

Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы жолында жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай білімді де, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлт жанды ұрпақ, отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық.

 Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін!

1-жүргізуші

           Мен –қазақпын мың өліп, мың тірілген,                                                                                                                            

             Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

             Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

             Қуанғанда күлкіммен күн түрілген.

             Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

            Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

            Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске

            Айта бергім келеді, айта бергім –деген өлең жолдарымен бүгінгі «Айгөлек» шғын орталығының бүлдіршіндері  дайындаған «Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз.

1,2-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әмір

Отан – елдің анасы

 Отан – жердің анасы

 Бақытты ғой, дәл мендей

 Тәуелсіз ел баласы?!

Әмір: Қазақстанның астанасы-Астана қаласы.  Ол өте әдемі қала. Астанада көптеген биік ғимараттар бар.

Әмір

Ақ ниетті – алтын күн

 Асқақ арман – қыраны

 Жалауы бұл - халқымның

 Мәртебесі, мақтаны

Әмір:

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз 

Көптен күтіп сағынған.

 

Альбина

Бар байлықтың басында

 Туған Отан тұр биік

 Пейілі үшін қазақтың

 Маңдайынан нұр сүйіп

Альбина: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бар. Әнұран, елтаңба және ту. Ту аспанымыз ашық болсын деп көк түспен бейнеленген. Оюлары, қыран құсы, күннің көзі алтын түспен бейнеленген. 

Альбина:

Әнұраным, жанұраным

 Айтар әнім сөйлер сөзім

 Мәңгі бақи шырқалады

 Республика Әнұраны

Альбина

Таяғы бар қолында

Қар борайды соңында

Қандай сыйлық бар екен

Арқалаған қабында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рамазан

Тыныш менің, отаным

 Ырыс менің, Отаным

 Ардақтайтын отанын

 Мен Отаншыл баламын

Рамазан: Еліміздің президенті бар. Оның аты –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.  Ол Қазақстанды көркейту үшін көп жұмыс істейді.

Рамазан

Тәуелсіздік жолында

 Талай – талай тер төккен

Билігім өз қолымда

 Еркіндігім – Елтаңба

Рамазан:

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

Адикенов Алтынбек

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын

 

Назерке

Жалғыз отан өзіңсің

 Жүрегімнің түбінде

 Оттай ыстық сезімсің

 Күнім – Отан, күлімде! 

  Назерке

Қараңдар  мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық  думанға,

Аяз ата келіпті.

 Балауса:

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Тақпақ айтқан балаға

Кәмпиттерін беріп тұр

 

Алтынбек

 Отан деген – атамекен,                         

 Отан деген – туған жер.

 Отан – ана, Отан – үлкен,

 Қазақстан – туған ел.

Сәрсенбек Алтынбек

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

 

Мадияр

Ел даласын егін жапқан,

 Бар баласы бақыт тапқан

 Менің жерім, туған елім –

 Күн сәулелі Қазақстан.

Мадияр: Елтаңбада шаңырақ, қанатты тұлпарлар, жұлдыз бейнеленген.  Астында Қазақстан деген жазуы бар. Әнұранды біз баріміз жатқа білеміз және айта атамыз.

Мадияр

Құт, береке – шаңырақ

 Орын алған ол төрден

 Қанатты құс – қос арғымақ

 Екі жақтан көмкерген

Мадияр

Борандатып аққарлатып,

Аяз ата келіп тұр.

Ақ көңілмен, пәк көңілмен

Бізге сәлем беріп тұр.

 

Карима

Көкке тиген асқар тауы,

 Жасыл киген бақша бауы

 Менің жерім, туған елім –

 Күн сәулелі Қазақстан.

Карима: Қазақстан Республикасы- тәуелсіз мемлекет.  Қазақстанда қазақтар, орыстар, қырғыздыр, өзбектер және тағы басқа ұлттар тұрады. Олар бәрі тату тұрады.

Карима

Көк аспандай көкпеңбек

 Қазақстан жалауы

 Көк емес ол тектен – тек

 Елдің ашық қабағы

Карима

Сақалы ақ, мұрны қызыл

Жылы екен жүзі де.

Кірпігі ақ, ерні қызыл

Мейірімді екен көзі де

 

 

Манарбек:

Арайлы таң Астанам,

Тек өзіңмен мақтанам.

 «Бәйтерек» пен «Ақорда»

 Жас та болса, бас қала

Манарбек

Келді міне жаңа жыл,                          

Қарсы  алайық, бәріміз.                        

Күліп, ойнап,би  билеп                          

Ән  салайық  бәріміз.                            

 

Гүлрайхан:

Бабалардың көзіндей

 Даналардың сөзіндей

 Ту ұстаған Астанам

 Әсем қалам, бас қалам!

Гүлрайхан

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

 

 

Мәди

Астанама қарашы,

Елімнің жас қаласы.

Неткен ұлы, неткен кең,

 Қазағымның даласы!

Мәди

Келіңдер, келіңдер                             

Тақпақ айтып  беріңдер                          

Жомарт Аяз атадан                               

Сыйлық алып көріңдер!                         

 

Алтын адам: Армысың қазақ елім, армысың қазақ халқым, армысың қазағымының ұрпақтары!

Алтын Адам:  Балалар мен Алтын адаммын! Сендерде қазақ елінің тәуелсіздігіне орай іс-шара өткізіліп тұрғанын естіп,  ерте заманнан келіп қалдым.   Қазақ елі, қазақ жері туралы не білесіңдер?

Алтын адам: Менің кішкентай бүлдіршіндерім сендер өте білімді, өнерлі, ақылды балаларсыңдар! Қазақстанның ұрапқтары осындай болса, біздің еліміз әрқашанда жайнап өсе береді. Мен оған өте қуаныштымын. Енді менің кететін уақытым да жақындап қалды. Кетер алдында батамды беріп кетейін!

Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!

Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

Қазақстан әрқашан да жасай берсін!

 

Сау болыңдар!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіздік-көптен күткен бақытым! (ашық тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 273 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2016 1156
    • DOCX 31.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адикенова Алия Сейтхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адикенова Алия Сейтхановна
    Адикенова Алия Сейтхановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19097
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Система воспитательной работы с одаренными детьми в школе-интернат

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Осуществление и реализация комплексных мер в организациях дошкольного образования по профилактике и предупреждению детского дорожно-транспортного травматизма

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек