Инфоурок Классному руководителю КонспектыТәуелсіз Қазақстан ел тірегі

Тәуелсіз Қазақстан ел тірегі

Скачать материал

Мақсаты:еліміздің тарихы туралы,сындарлы оқиғалар туралы танымдық маңызы бар мағлұмат беру.Оқушылардың өз еліне, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру,халқымыздың тегін,тарихын қастерлеу,өз елінің болашақ иесі екендігін ұғындыру.

Жүргізуші:Тәуелсіздік, ең алдымен , қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн.Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.

Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 23 жыл уақыт болыпты.

Қазақ елінің бір тудың астына жиылып,біртұтас ел болуды армандаған  ұлы ұлдары бар еді.Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды.Алаш ұлдарының арман тілегі іске аспай қалғанымен, ұлттық сананы оятуда қазақ тарихында рухани түрткі болды.
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және арқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі,осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандады,күтумен өтті.Иә, бұл күнді арман еткен халықтар қаншама! Бір кездері өз еліндегі саны 29 пайызға дейін құлдыраған халқымыздың саны қазіргі таңда артқан.Осының бәрі халқымыз 23 жылдығын салтанатты түрде атап өткелі отырған Тәуелсіздіктің арқасы.

1986 жылы желтоқсан айының 16 күні қазақ жастары  «Әр республикаға өзінің басшысы», «Қазақстан жасасын!», «Езу мен қанаусыз еркін, ерікті даму үшін!» деген сияқты қазақ, орыс тілдерінде жазылған жазбаларын жая ұстап,бейбіт шеруге шықты.Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын,әрі қаралы қасиетті күн еді.Бұл қасиетті күн Қайрат,Қайыргелді,Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні,өктемдік үні еді.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.Біздің алға қойған мақсатымыз-өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін,ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар.Әлемде егемен Қазақстан бар.Оның көп ұлтты,тату,ынтымақты халқы бар.Қуатты экономикасы,сенімді саяси жүйесі бар.Ең бастысы,бүгіннен нұрлы,бүгіннен жемісті болашағы бар» деген сөздері әрбір қазақстандықтың кеудесіне қуаныш пен шаттық әкеліп, жарқын болашаққа деген сенім ұялатады.

Құрметті ұстаздар,оқушылар! Біз бүгін тәрбие сағатымызды желтоқсан оқиғасына байланысты ой толғап, тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына өз үлесімізді қоспақпыз.Сіздерді 5 «А» сыныбы дайындаған  «Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби-музыкалық монтажымызды көруге шақырамыз.

Көрініс «Тәуелсіздік бізге оңайға келмеді»

Мұғалім: Алматы қаласы,Республика алаңы.Тәуелсіздік манументінің қасында әже мен немере.

(Әже терең күрсінеді).

Немере:Әже неге мұнша күрсінесіз? Неге күңіренесіз? Әже,маған Тәуелсіздіктің тарихынан шежіре айтып беріңізші?

Әже:Е,балам,бұл ескерткіш тақта 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарына арнап орнатылған еді.Иә,бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын да,жанын да берді.Бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап,ұрпақтан ұрпаққа табыс етті.

Немере:Әже,неге тоқтап қалдыңыз?Мен тыңдауға әзірмін,айта беріңіз.

Әже:Е,балам,қазақ даласы талай дүниелерді,қанды оқиғаларды бастан кешті ғой! (Слайдтан көрсету)

Иә,балам! Ол кезде біз өзің сияқты жап-жас бала едік.Фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады.Бұл халқымыз үшін ауыр кезең болды.Ол кездегі Жеңіс те бізге оңайлықпен келген жоқ.

Мұғалім:

Мамырдың 9-шы жұлдызында,
Бөленген кезде далам қырмызыға.
« Сүйінші,Жеңіс!» деген хабар келді,
Аңсаған бейбіт күнді жұртымызға,
Фашистік Германия тізе бүкті,
Елімнің қолын салған ырзығына.
Жауларды ордасында талқандаған,
Отаным алғыс айтты ұл-қызына.
Бірақ Жеңіс өздігінен келген жоқ,
Жау да оңай ала ғой деп берген жоқ,
Талай боздақ осы жолда жан кешті,
Ажал болып төбесінен тиген оқ.
Әсем қала,зәулім үйлер өртеніп,
Орындары болып жатты  қызыл шоқ.
Есіл ерлер қол-аяқтан айырылып,
Қалған жоқ па,домаланып болып доп.
Жеңіс келді,міне,осыдай жолменен,
Қала қайта тұрғызылды қолменен.
Байтақ далам жаңғырығып жанданды,
Сұм соғыстың салдарынан меңдеген.
Соғыс салған жарақат та емделіп,
Шаруам да алға қарай өрлеген.
Алдымызда 70 жылы Жеңістің,
Алынды асу,өттік талай белдерден!

Немере:Иә,әже,мен ол соғыста ерлік көрсеткен апа-ағаларымыз туралы білемін:Қасым Қайсенов,Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Талғат Бегелдинов,Мәншүк Мәметова,Әлия Молдағұлова,Рақымжан Қошқарбаев.

Әже:Е, балам,мұны білгенің жақсы еекен.Тыңда балам,осыдан 28 жыл бұрын дәл осы алаңда өз пікірлерін білуге шыққан жастардың бейбіт шеруі өтті.Бірақ, ол шерудің аяғы қанды алапат қырғынға айналды. Елі үшін елінің бостандығы үшін жанын,қанын берген аға-апаларыңның рухына тағзым етейік.

Міне,осындай еліміздің арманы 5 жылдан соң орындалды.1991 жылдың 16 желтоқсанында  «Егемен болмай ел болмас,тәуелсіз болмай тіл болмас» демекші, егеменді ел,тәуелсіз мемлекет болдық.

(Слайдтан «Желтоқсан оқиғасы» көрсету)

Немере:Әже,осы тақтаға қолымды қойып,арманымды айтсам,орындалатыны рас па?

Әже:Иә,құлыным, рас.Қане,балам,арманыңды айта ғой!

Немере:
Елімізде тек тыныштық орнасын,
Соғыс өрті жерімізді шалмасын.
Бейбітшілік,Тәелсіздік елдігін,
Ұрпағымыз мәңгі-бақи жалғасын!

Әже:Е,балапаным,тілегің қабыл болсын.Әумин! Біз көрген қиыншылықты енді сендерге бермесін.

ӘН: «Көк тудың желбірегені»  Орындайтын Бальуразова Динара

1-оқушы
Қазақпын деп мен бүгін,
Шырқайтұғын келді күн.
Елбасымыз бастаған,
Жасасын мәңгі елдігің.
Басымызға бас болсын,
Тәуелсіздік теңдігім.

2-оқушы
Бір ғасырдың жүгінде,
23 жылдық ерлігім.
Тағдырыма жазылған,
Тарылмасын кеңдігім.
Аман болсын Елбасы,
Арқалаған ел жүгін.

3-оқушы
Тәуелсіздік-бұл менің парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын елдігіңді ерлігіңмен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.

4-оқушы
Тәуелсіздік-арымдай аңсар әнім,
Тау-тасымдай аңсаған жан самалым.
Қазақтың қанына жат пиғылдарға,
Қамығып қара судай қарсы ағамын.

ӘН:Көктудың желбірегені

5-оқушы
Тойланып мың мереке ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтың ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

6-оқушы
Ішкі жау балағыңнан қақпасын деп,
Сыртқы жау пәле-жала жаппасын деп.
Мен әркез отырамын Тәуелсіздік,
Қадірін білмегеннен сақтасын деп.

7-оқушы
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
Егемендік деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

8-оқушы
Талай ұлтты өз ұлындай тең көрген,
Солармен бірге жүріп,бірге өнген.
Тәуелсізбіз,еркін елміз,азатпыз,
Өйткені біз қайсар рухты қазақпыз.

Қазақ биі «Балауса» орындайтын Қайырбай Меруерт

9-оқушы
23 жыл,23 жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк туменен бостандық.

10-оқушы
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың,
Отан үшін табандары тозбады.

Мұғалім:Балалар,еліміздің рәміздері қай жылы қабылданды,олар туралы не білеміз?

11-оқушы
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы,Елтаңбасы,Әнұраны қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

12-оқушы
Мөлдір бұлтсыз ашық аспан күмбезім,
Бейнеленген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны,
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Өрнексіз тұр қолтаңбасы дәуірдің,
Қадам бастық,артта қалды ауыр күн.
Қазағымның ұлттық қошқар мүйізі,
Әлі күнге көкейінде бауырдың.

Қыран құстай маңғазы да қырағы,
Болса екен деп бейбітшілік тұрағы.
Сондықтан да көк туымда қалықтап,
Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.

13-оқушы
Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.

Әрлі әуенің шартарапты шайқады,
Күштілігін бүкіл халық байқады.
Шабыт берген әнұранды әрқашан,
Маңғаз елім мақтанумен айтады.

14-оқушы
Өр қанатты сұңқардың,
Қанатымен шырқар кім?
Қазақстан Отаным,
Әлем білген атағын.

Жарқыраған әртаңда,
Мемлекеттік Елтаңба.
Халқымыздың бейнесін,
Кең таныта өрлесін.

15-оқушы
Қазақстан туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын бауырым,
Туған күнің құтты болсын алабым.

Байрағың биікте желбірей жайнасын,
Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын.
Уа,халқым қуаныш құтты боп жайнай бер,
Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын.

Хор: ӘНҰРАН

Мұғалім: 23 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, Тәуелсіздікке қол жеткіздік.Бұл-ғасырлар бойы біздің қазақ халқының аңсаған арманы еді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы,еліміз еңселі болсын!-деп тілей отырып,мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Айтатын елге сөзім бар,
Жақсыны көрер көзім бар.
Тәуелсіз елдің жемісін,
Тойлайтын міне кезің бар.

Тәуелсіздік,тәуелсіздік,
Ақ найзаның ұшымен,
Ақ білектің күшімен,
Келгендігін жас ұрпақ,
Ойлайтұғын күн бүгін.

Тәуелсіздік,тәуелсіздік,
Атамыздың арманы,
Бабамыздың ардағы,
Тәуелсіздік таңдарын,
Тойлайтұғын күн бүгін.

Мақтанатын күн бүгін,
Шаттанатын күн бүгін.
Ата-баба алдында ,
Ақталатын күн бүгін.
Мәңгі-бақи жүректе,
Сақталатын күн бүгін.

Бүкіл әлем мойын бұр,
Айтатұғын ойым дүр.
Халық болып тойлайтын,
Қазыналы тойың бұл.

Тәуелсіздік,тәуелсіздік,
Қыран құсы қалықтап,
Құт,қасиет,дарып бақ,
Арттан ерген сан ұрпақ,
Ту алатын күн бүгін.

Тәуелсіздік,тәуелсіздік,
Ұландары әр жүрек,
Көк байрағы желбіреп,
Барша халқы елжіреп,
Қуанатын күн бүгін!

Еліміздің ертеңі үшін еш аянбай еңбек етіп,оқу оқып,білімді игеру қажет.Қазақстанның болашағы сендер! Осымен «Тәуелсіздік Қазақстан» атты әдеби музыкалық монтажымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!

Құланды орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Тәуелсіз Қазақстан

Жарылғасова Шолпан

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіз Қазақстан ел тірегі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 666 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2015 2475
    • DOCX 24.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жарылгасова Шолпан Кенжегалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43477
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 143 человека

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе