Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары», 9 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары», 9 сынып

библиотека
материалов

Начало формы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары».
Типі: « Атажұрт» интеллектуалдық тарихи – танымдық ойын.
Өткізілетін орны: Акт зал

Өткізілетін уақыты:________________
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тарих сабағынан ҚР - сы туралы алған білімдері бойынша қайталау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
Тәрбиелілік: оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыру.
Әдісі: дәстүрлі емес.
Құралдары, көрнекіліктері: интерактивті тақта, шарлар, суреттер;
Қатысушы: 9 «ә» және 9 «б» сыныптары оқушылары ( «Бәйтерек» және «Дарын» топтары).

Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(интерактивті тақтамен жұмыс)
А) Мұғалімнің сөзі: ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Б) Ойынның кезеңдерімен таныстыру
І кезең: « Қанат қақты». Топ басшыларының сайысы. 2 мин ішінде 20 сұраққа жауап беру
ІІ кезең: « Самғау». Ұпайы көп топ бастайды, қосымша көмек беріледі. 3 минутта 3 сұрақ беріледі.
ІІІ кезең: «Шарықтау». Жанкүйерлер сайысы.
ІV кезең: «Шырқау».
V кезең: «Жерұйық». Алтын қоржыннан асықтарды алып, сұрақтарға жауап беру керек.
ІІ. Жүргізуші сөзі: Сәлемдесу, топтармен таныстыру.
ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІҮ. Ойынды бастау.
V. Қорытындылау: Әділқазылар алқасына сөз беру.
VІ.
Жеңісбекова Зәуре «Ленинградтық өренім!»
VІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

ІІ. Жүргізуші сөзі: - Армысыздар, қадірменді білім алушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. 2015 жыл Ұлы жеңістің 70 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жыл мерекелерін атап өтуге арналмақ. Сондықтанда осындай айтулы мерей тойларға орай « Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбы аясында

« Атажұрт» интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі, туған жердің шежіресі өседі. Менің елім Қазақстан – Отаным, болашағы бізбен бірге өседі,- деп ХХІ ғасырдың талантты жастары – екі топтың ойыншыларымен таныстырайық:
І топ – «Бәйтерек» тобы. Топ басшысы –
ІІ топ –« Дарын» тобы. Топ басшысы –


ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру
- Қара қылды қақ жарған әдіп бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырайық.
1.
2.
3.
ІV. Ойынды бастау
- Ал, іске сәт,- дей отырып, ойынымызды бастаймыз.
І кезең – «Қанат қақты» деп аталады. Топ басшылары сайысы.
І топ басшысына сұрақтар:
1. Ең қадірлі адам (Ана)
2. А. Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдары (1873 – 1938ж )
3. А. Құнанбаевтың шын аты. (Ибрахим)
4. «Қазақ» апталық газетінің редакторын ата. (А. Байтұрсынов).
5. Тұңғыш президентіміз. (Н. Ә. Назарбаев).
6. Бүркітті баптайтын адам. (Бүркітші, құсбегі)
7. Соғыста ерлік көрсеткен адам (Батыр)
8. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)
9. «Пайғамбар» сөзі қандай мағына береді?. (Алланың жердегі өкілі)
10. ҚР - сы БҰҰ - ға қашан мүше болды?. (1992 - ші жылы)
11. Мұсылманның қасиетті айы, күні, түні. (Рамазан, Жұма, Қыдыр)
12. 37 санының жартысы. (18, 5)
13.Шығыс Қазақстан облысында қанша қала бар? (10)
14. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
15. Парламенттің Жоғарғы палатасы (Сенат)
16. Үйдегі ең қасиетті нәрсе не болды? (Ошақ)
17. Павлодар қаласының бұрыңғы аты? (Кереку)
18. Қазақ хандығын құрған кім? (Керей, Жәнібек)
19. «Жеті Жарғы» қай ханның тұсында жазылды? (Тәуке хан)
20. Ұлы жұт жылдарын ата? (1931 - 1933 жылдар)

ІІ - топ басшысына берілетін сұрақтар:
1. 1 жылда неше күн бар? (365 күн)
2. Төл тенгеміз қашан айналымға енді? (1993 ж. 15 қараша)
3. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтің туған жері (Алматы обл. Қарасай батыр \ ауд. Шамалған ауылы)
4. Еліміздің тәуелсіздік алған күн (1991 ж. 16 желтоқсан)
6. Парламенттің төменгі палатасы (Мәжіліс)
7. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж. маусым)
8. Қазақ хандығының ХУШ ғ. астанасы (Түркістан)
9.Шығыс Қазақстан облысының әкімі кім? (Даниал Ахметов)
10. А. Байтұрсынов кім? (Ағартушы, т. б.)
11. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде? (Түркістан)
12. ҚР - да қанша облыс бар? (14)
13. ҚР - ның рәміздерін ата. (Ту, елтаңба, әнұран)
14. ҚР - ның әнұраның авторларын ата. (Ш. Қалдаяқов, Нәжімеденов, Назарбаев)
15.
Абылай ханның лақап аты. (Сабалақ)
16. Парламент деген не, неше палатадан тұрады? (Заң шығарушы орган, 2 палата)

17. Алматы қаласы бұрын қалай аталған? (Верный)
18. 21 санының жартысы қандай? (10, 5)
19. Жоңғар мемлекетінің билеушісі (қонтайшы)
20. «Алжир» терминінің мағынасын түсіндір. (Акм. лагерь жен изм - в Родины)

ІІ кезең – « Самғау»
І топ - «Бәйтерек» тобына берілетін сұрақтар:
1. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы, автон - қ қазақ үкіметінде басшысы болған. Бұл тарихи тұлғаны атаңыз? (Ә. Бөкейханов)
2. 1932 ж. жазылған «Бесеудің хаты» кімге арналады және авторы кім? (Голощекинге, авт - ры: Ғ. Мүсірепов, Ғатауллин, Даулетқалиев, Қуанышев, Алтынбеков)
3. Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. 1853 ж. оқуды бітііріп корнет офицерлік атағын алып, Б. Сібір г - губ - ң жанынан төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрді. 1856 ж. Ыстықкөлдің топографиялық суретін тусірді. Осы тарихи тұлға кім?(Ш. Уалиханов)

ІІ топ - «Дарын»тобына берілетін сұрақтар:
1. 1890 жылы Қызылорда каласында дуниеге келген, Ташкент гимназиясын, Петербург Унив - ң заң фак - н тамамдаған. Ағылшын, француз, орыс, поляк тілдерін меңгерген. 1917 жылы құрылған Түркістан авт - ң М. Тынышбаевтан кейінгі президенті болған.
1941 ж. Түркістан лег - да болған кезінде Берлинде қайтыс болды (М. Шоқай)
2. 1925 - 1926 ж. «Ж. Голощекин, менің ойымша, осы жазбада көрсетілген, бірден – бір саясат»,- деп жазған мемлекет басшысы кім. 1937 - 1938 ж. қуғын - сүргінді ұйымд – шы кім?. (И. В. Сталин).
3. 1946 ж. маусым айында КСРО ҒА - ның Қазақ филиал - ң негізінде Қазақ АКСР ҒА -сы құрылды. Акад - ның тұңғыш президенті, Кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымд – шы ғалым кім? (Қ. И. Сатбаев)

ІІІ кезең –«Шарықтау»
1. Ресейдің отарлау саясатына шек қою, патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату, қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандарының езгісінен азат ету. Бұл адам 1841 ж. бұл адам хандық билікті қалпына келтіріп, хан атанып, феод – қ мемлекет құрды. Бұл көтеріліс кай жылы болды және кім басқарды? (К. Қасымұлы, 1837 - 1847 ж.)
2. 1979 ж маусымның 16 - сы күні қазақ жастарының бір тобы қала орталығындағы Ленин атындағы алаңға жиналды. Қолдарында «Қазақстан бөлінбейді», т. б. жазулары бар транспоранттар болды. Олар республиканың жоғарғы билік органының халықпен санаспай, үй ішінен уй тігуінің ешбір заңға сай еместігі айтылды. Бұл оқиға қай калада болды және оның себебі неде?.(Целиноградта. Неміс автономиясын құру жөнінде)

ІV кезең – «Шырқау»
Бөлімдер
І бөлім: «Сандар сөйлейді»
1916 ж. 1941 – 1945 ж. 1986 ж.
ІІ бөлім: «Адам аттары»
М. Мәметова Ә. Молдағұлова Б. Момышұлы
ІІІ бөлім: «Терминдермен жұмыс» Революция Азамат соғысы Демография

V кезең – «Жерұйық»
1. Парсы патшасы Кирді талқандаған сақтардың әйел патшасы кім?. (Томирис)
2. К. Қасымұлы көтерілісін жазғаны үшін айыпталған тарихшы кім және ол неше жылға бас бостандығынан айырылды? (Е. Бекмаханов, 25 жыл)
3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», деген сөз кімнің сөзі? (Төле би)
4. Кіші жүздегі патша үкіметінің отарлау саясатына карсы ұлт - азаттық күрестің ең ірісі қайсы? (С.Датұлы.)
5. Олар: « Қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады», - деп қауіптенеді.
«Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,- деп жазды олар 1916 ж. Мұны жазған кімдер? (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов)
6. 1931 - 1933 ж. республ - ң қанша тұрғыны аштықтан қырылды, қандай атпен тарихқа енді? (6, 2 млн.---- 2, 1 млн. «Ұлы жұт»)
7. 1916 ж. ұлт - азаттық қозғалыстың басталуына не себеп болды? (1916 ж. шыққан патша Жарлығы)
8. І дүние жүзілік соғысқа барлығы қанша ел, адам қатысты? (38 мемлекет, 74 мың адам қатысты)
9. «Ленинградтық өренім!» өлеңі кімдікі? (Ж. Жабаев)
10. М. Әуезовті бүкіл әлемге танытқан шығармасы. («Абай жолы» эпопеясы)

V. Қорытындылау. Әділ қазылар алқасына сөз беру.
- «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты қайталауға арналған «Атажұрт» интеллектуалдық тарихи - танымдық ойынымызды қорытындылаймыз. Топтардың ұпай сандарын есептеп шығарып, атап айтамыз. Ерекше жауап берген оқушыларды атайық.
VI. Жеңісбекова Зәуре «Ленинградтық өренім!»

VIІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Қазақ елі туралы білмеген жер шарының түкпір - түкпірі тек тәуелсіздігін алған соң ғана танып білуде. Тәуелсіздіктің тірегі білім. Дана халқымыз: « Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады»,- деп баяғыда айтқан. Қиялына қанат біткен ойы ұшқыр, білімді жастар болатындарыңа сенемін.
Өткенім бар, өкініш жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгілейік,
Орындалсын аңсаған асыл арман, - дей отырып, елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда»,- деген аталық сезімін ақтай біліңіздер демекпін. – Назарларыңызға көп рахмет!



Тарих пәні мұғалімі: Әзімханова Шырын Сыдыққызы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары».
Типі: « Атажұрт» интеллектуалдық тарихи – танымдық ойын.
Өткізілетін орны: Акт зал


Білімділік: оқушылардың тарих сабағынан ҚР - сы туралы алған білімдері бойынша қайталау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
Тәрбиелілік: оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыру.
Әдісі: дәстүрлі емес.
Құралдары, көрнекіліктері: интерактивті тақта, шарлар, суреттер;
Қатысушы: 9 «ә» және 9 «б» сыныптары оқушылары ( «Бәйтерек» және «Дарын» топтары).

Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(интерактивті тақтамен жұмыс)
А) Мұғалімнің сөзі: ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Б) Ойынның кезеңдерімен таныстыру
І кезең: « Қанат қақты». Топ басшыларының сайысы. 2 мин ішінде 20 сұраққа жауап беру
ІІ кезең: « Самғау». Ұпайы көп топ бастайды, қосымша көмек беріледі. 3 минутта 3 сұрақ беріледі.
ІІІ кезең: «Шарықтау». Жанкүйерлер сайысы.
ІV кезең: «Шырқау».
V кезең: «Жерұйық». Алтын қоржыннан асықтарды алып, сұрақтарға жауап беру керек.
ІІ. Жүргізуші сөзі: Сәлемдесу, топтармен таныстыру.
ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІҮ. Ойынды бастау.
V. Қорытындылау: Әділқазылар алқасына сөз беру.
VІ.
Жеңісбекова Зәуре «Ленинградтық өренім!»
VІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Автор
Дата добавления 14.02.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров510
Номер материала 387415
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх