Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Рабочие программы / "Тәуелсіз елім жасасын!" 9-сынып

"Тәуелсіз елім жасасын!" 9-сынып

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Б.Қ.О,Казталов ауданы

К.Меңдалиев атындағы

ОЖББ мектеп жанындағы

"Өнер"сыныптары,"Дәстүрлі ән"

сыныбының оқытушысы А.Қ.Бултанов

Сабақ тақырыбы:"Тәуелсіз елім жасасын!"

Тәуелсіздікті аңсаған жырауларымыздың бірі-Қашаған.

Сабақ мақсаты:Оқушы сабақ барысында тек ән салып қана қоймай,сол шығарма арқылы ұлтымыздың неше ғасырдан бері аңсаған азаттығын сезіне білуі.Ұлтжандылыққа,ақындылыққа, шешендікке баулу.Білім мен өнерді ұштастырып оқушының санасында бір-бірімен байланыстырып ,біріктіру.

Білімділігі:Оқушы сабақ барысында тарихтан,қазақ әдебиетінен де көптеген мағұлматтармен таныс болады.Терме-жырладың күрделі құрылымы,олардың терең мағыналарына өз бетінше түсініп,сарапқа салуға үйреніп білімі толығады.

Сауаттылығы:Оқушы термелерді айтып,оның ауыспалы қағыстарын игереді.Ақындыққа,өлең шығаруға талпынады.

Тәрбиелік мәні:Тәуелсіздік туралы түсіндіре отырып,ата-бабалардың асыл сөздерін оқушы санасына құю.

Көрнекілігі:Домбыра түрлері,СD,MP-3,суреттер,кітаптар,музыкалық таспалар,Оразова Аиданың жетістіктері диплом,грамоталар,алғыс хаттар т.б.

Пәнаралық байланыс:Сольфеджио,Вокал,Тарих,Қазақ әдебиеті.

Сабақ барысы:

1)Оқушымен амандасу.

Сәлемдесудің түрлері:-Ассалаумағалейкүм!

-Сәлеметсіз бе?

-Есенсізбе?

-Амансызба?

2)Дауыс жаттықтыру( концертмейстер Н.Хамзаұлы.)

а)ммммммм.......(кеңсірік,мұрын қуыстарын қыздыру)

ә)аааааааааа.......(тамақ,тыныс алу жолдарын ашу)

б)ооооооооо........(ауыз қуыстарын,жақты,тілді жұмыс жасату)

3)Оң және сол қолды аспапты ойнап қыздыру.

1-жаттығу. ^ ^V ^ ^V(төмен,төмен-жоғары)

2-жаттығу. ^ VV ^ VV(төмен,жоғары-жоғары)

3-жаттығу. Ля(1)-Ля диез(2),Си(3)-До(4), кері қарай До(4)-Си(3),Си бемоль(2),Ля(1)

4)Өткен тақырыптарға шолу(әндер,термелердің кейбір жерлерінен тоқтала сұрау,2-дауыста ұстазбен қосылып ән салу).

а)Батыс мектебі. халық әні"Ақ Айша"

ә)Маңғыстау мектебі. "Тастемір"әні

б)А.Қоразбаев" Әгугай домбыра"-дуэт.

5)Сабақтың тақырыбы:"Тәуелсіз елім жасасын!"

а)Тәуелсіздік тарихына қысқаша тоқталу.

ә)Азат елді аңсаған ата-бабаларымыз.(ақын,жырау,би,төре,хандарымыз)

б)Тәуелсіз еліміздің 2015 жылдағы басты мереке,мейрамдары.

в)А.Бултанов "Тәуелсіз елім жасасын!"орын:Оразова.А

6)«Қашаған – жүйрік жырау, елдің тілі» . І. Жансүгіров

Қашаған жырау." Той бастар".

а)Жыраудың өмірбаяны.

ә)Шығармашылығы ,жыр-термелері.

б)"Той бастар"-термесін Е.Емілдің орындауында тыңдату.

в)Терменің 1,2 бөлімдерін үйрету.

7)Сергіту сәті: Ұйқасын тап!

(ақындық өнерге баулу)

а)Ата-бабам тілегі

Бар қазақтың жүрегі

Көк байрағым,көк туым,

Тәуелсіздік................(терегі, тірегі,білегі,сүреді,жүреді)

ә)Болашаққа бүлдіршінде сенім мың

Тәуелсіздік көгімізден көріндің

Бақыттымын Қазақстан-Отаным!

Мен ұланы егеменді .......(тегімнің,көлімнің,елімнің,төгілдім)

8)Сабақты қортындылау:сабақты бекіту,оқушыны бағалау,үй тапсырмасы.

а)бекіту:

1. Қашаған Күржіманұлы қашан,қай жерде өмірге келді және қайтыс болған жылы? (1841 жылы қазіргі Түркімен Республикасының,Ташауыз облысы Мырзабасы ауылында.1929 жылы Маңғыстау түбігендігі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.)


2. Ол қандай мемлекеттерде болды? Кіммен кездесті? (Қашаған Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді мекендерде болып; Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман ақын-күйшілермен кездесті.)


3. Қашаған өз өлеңдерінде не туралы жазды? (өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяуысыз әшкерелеп, адамгершілік, ізгелік қасиеттерді дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын жырлайды.) 


4. “Той бастар” термесінің негізгі ойы қандай?неге немесе кімге арналған? «Тойбастар»қазақтың ұлттық салт-дәстүріндегі әртүрлі мазмұнды тойларды мадақтайтын мағыналы арнау-құттықтау сарынды терме.Ұзатылып келген қыздың ата-анасына,жұптасу-үйлену тойындағы халыққа, келінге,ата-бабалық дәстүрге арналған.


5. Қандай өлең-толғау,дастандарын білесің? («Бұл өмірдің мысалы», «Бұл дүниеде не жетім?»өлеңдері,«Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали»толғау-дастандары)


6. Осы жылда Қашағанға неше жасқа толды? (174 жасқа)


7. Қазақстанның қай қаласында Қашаған жыраудың ескерткіші орналасқан? (Маңғыстау1991ж. Ақынның 150 жылдығына орай кесенесі,2009 Ақтау қаласында мүсіні орнатылды.)

ә)оқушыны бағалау:

Сабақ өз дәрежесінде өтті,сұрақтарға толықтай жауап берілді.

Бағасы:....................

б)үй тапсырмасы:

Той бастар термесінің 1,2 бөлімдерін үйден жаттап,аспапта ойнап пысықтап келу.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Бұл сабақтың мақсаты: оқушылардың сабақ барысында  тек ән салып қана қоймай ,сол шығарма  арқылы ұлтымыздың неше ғасырдан бері аңсаған  азаттығын сезіне білуі.Ұлтжандылыққа,ақындылыққа, шешендікке баулу. Білім  мен  өнерді ұштастырып оқушының санасында бір-бірімен байланыстырып, біріктіру.

Білімділігі: Оқушы сабақ  барысында тарихтан ,қазақ әдебиетінен де көптеген  мағлұматтармен таныс болады. Терме- жырлаудың   күрделі құрылымы , олардың терең  мағыналарына өз бетінше  түсініп,сарапқа салуға үйреніп білімі толығады. Тәуелсіздік туралы  түсіндіре отырып, ата-бабалардың асыл сөздерін оқушы санасына құю.

Автор
Дата добавления 08.05.2015
Раздел Музыка
Подраздел Рабочие программы
Просмотров333
Номер материала 517571
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх