Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәуелсіздік деп соғар жүрегім
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәуелсіздік деп соғар жүрегім

библиотека
материалов

Өлеңті орта мектебі ККМ









http://el.kz/media/images/tiny_images/98dfbad0bdbc0ecdc290237479b39830.jpg



Тақырыбы:

«ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАР ЖҮРЕГІМ» өлеңдер байқауының сценарийі

























Жауаптылар: Мужукбаева Г.Е.

Бимжанова А.К.

Шаку А.















2015 – 2016 оқу жылы



«ТӘУЕЛСІЗДІГІМ ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ»

өлеңдер байқауы сценарийі

Мақсаты: Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай жұлдызды жиырма күн аясында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында балаларды білімін кеңейту. Еліміздің 24 жыл ішінде қол жеткізген толымды табыстарын балалардың өнері арқылы паш ету, шығармашылық қасиеттерін дамыту, мерекелік көңіл - күй сыйлау. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздгінің 24 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІГІМ ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ» өлеңдер байқауына қош келдіңіздер. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.

Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам?
Гимніміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні «Менің Қазақстаным!»
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.

Өлеңдер байқауын ашу үшін құттықтау сөз кезегін мектеп директорының әскери – патриотық тәрбие ісінің орынбасары Сахаба Заманбекке береміз.

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Бүгінгі өлең байқауымыздың әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Сахаба Заманбек – мектеп директорының әскери – патриотық тәрбие ісінің орынбасары;

Узденова Татьяна Анатольевна – балалармен жасөспірімдер ұйымының координаты;

Әбілқайыров Абылайхан Қайратұлы – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Би шашу: қазақ биі.

Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны, ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі.

Осыдан 24 жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ  халқының аңсаған арманы еді.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді. «Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды  да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Алдырыңызда Кенжебаев Данияр «Қайрат Рұсқылбековтың ақтық сөзі» өлеңімен қарсы алыңыздар.

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі

Отан деген от басынан басталар,

Отбасыма от салмасын басқалар.

Отан деген қасиетті, киелі,

Отан десем оянады асқақ ар!

Қайрат Әлімқұловтың «Тәуелсіздік алған күн» өлеңімен алдарыңызда Макашева Наргиз. 

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Алдарыңызда Баймұратұлы Бекарыс Мұқағали Мақатаевтың «Жүрексің» өлеңімен.

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

«Тәуелсіздік қасиетті ұғым, ұлы сөз» өлеңімен Ерланбекқызы Қарақатты қарсы алыңыздар.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Нұрболатқызы Нұрдана «Тәуелсіздік _______________________________________________________________________ » қарсы алыңыздар.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Алдарыңызда Қуанияқызы Таңнұр ________________________________________________________________________

Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың

Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

Отан деген оранып от құшаққа,

Кәусарыңа шөліңді қандырамын.

Алдарыңызда Семенов Даниль Мұзафар Әлімбаевтың «Отчизна» өлеңімен.

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 

Алдарыңызда Әбдірахманұлы Елдос Шөмішбай Сариевтің «Тәуелсіздік монументі» өлеңімен.

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.

Мұзафар Әлімбаевтың «Моя Родина - Казахстан» өлеңімен Тоқсанбаева Аминаны қарсы алыңыздар.

Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар ата жолы салтым бар.
Кең даламдай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ.
Алдарыңызда Узденов Расул Сайлау Байболсынның «Қазақ тілі» өлеңімен.

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен қазақпын» өлеңімен Жакулова Елдананы қарсы алыңыздар.

Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащы!!!

Сәбит Дөнентаевтың «Заман кімдікі» өлеңімен Айтуған Сұңғатты қарсы алыңыздар.

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік.
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ..

Алдарыңызда Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңімен Октябрь Гүлден.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
«Тәуелсіздік тұғырым» атты өз шығармашылығымен алдарыңызда Сейсенбай Еркегүл.

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі!

Алдарыңызда Дүйсек Ақторғын Қайрат Әлімқұловтың «Тәуелсіздік алған күн» өлеңімен.

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім, тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Алдарыңызда өз шығармашылығымен Секенова Аяулы «Тәуелсіздік таңы» өлеңімен қабыл алыңыздар.
Азат елім ата берсін ақ таңың,

Шаттық арнап аллаһ өзі қолдасын.

Бейбітшілік жалауында ту етіп,

Ғасырларға бостандығың жалғассын.

«Менің Қазақстаным» өлеңімен Радовня Никитаны қарсы алыңыздар.

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!

Тұманбай Молдағалиевтің «Тәуелсіздік» өлеңімен Хабайн Нұрқожаны қарсы алыңыздар.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира,
Құрбаны болған жаланың.

Алдарыңызда Нұрболат Шуақ Жұмаш Кенбаевтың «Желтоқсан» өлеңімен.

Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров197
Номер материала ДВ-393775
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх