Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Тәуелсіздік тұғырым атты ашық тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәуелсіздік тұғырым атты ашық тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»

Сабақтың эпигрофы:

«Өзіңдікі - Елің де,

Өзіңдікі - Жерің де,

Өзіңді өзің еткен бақ -

Тәуелсіздік - төріңде!

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Отанын сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру

Өлеңді мәнерлеп оқуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: Әдеби - музыкалық бағдарлама.

Сабақтың әдіс тәсілі:

Сұрақ – жауап әдісі, өлеңдер оқу, ән айту.

Көрнекілігі:

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
... Күрделі кезеңнің күйбеңімен жүріп,
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының
тарихи маңызын толық дәрежеде
бағалап үлгерген жоқпыз.
(“Ғасырлар тоғысында” кітабынан)

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.


Мұғалім: Баяндама

Құрметті Ұстаздар , ата – аналар мен оқушылар!

Сіздерді сан ғасыр бұрын бабаларымыз аңсап өткен қасиетті де, қастерлі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

1986 жылғы Алматыдағы шерулер мен наразылық жиындар Шымкент, Талдықорған, Сарыөзек, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Талғар, Өскемен, Семей, тағы да басқа калаларда болды. Желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасы жетілген жаңа ірі қайсар буынның келгенін әйгіледі, шын мәнінде қайта құрудың алғашқы сынағы болды. Қазақ Республикасының 70 жыл уақыт аясында Орталықтың әкімші саясатынан іште періш боп қатқан ашу ызасы тұңғыш рет осы буынның мінезі арқылы сыртқа шықты және бұл қайта құру кезеңінің ұранына сай бүкіл Кеңес одағындағы жаңа демократиялық қозғалыстың басы болды. Оқиға нәтижесінде 8500 адам заңсыз ұсталып, 1722 кісі ауыр және жеңіл жарақат алса, 778 адам комсомол қатарынан шығарылып, 271 адам өз жұмыс орындарынан қуылды Бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге жатқызып қорлады, әйелдерді бұрымынан сүйреп, өлімше етіп соққылады. Тұтқындарды қызып тұрған радиаторға байлап жазалады. Үсірік атқан суықта мұздай су шашты. Өзге ұлт өкілдерін қазақ жастарының ереуіліне қарсы қойды. Өмір-өзен, толқындары сол кезден бізді алыстатып, бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол сол үш күнде дүниені дүр сілкіндірген Қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет! Арада қаншама жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алаған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп биіктей түсті. Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді.

Қайраттай қайратты жастың қанымен,

Ерболдай ердің ерлігімен,

Ләззаттай албырт арулардың үнімен,

Ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді!

1991 жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасын тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады. 1991 жылдың 17- желтоқсанында Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «1986 жылы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, жазықсыз жазаланған жастарды ақтау туралы» жарлыққа қол қойды. Осы күннен бастап 17- желтоқсан «Демократиялық жаңару күні» ретінде күнтізбеге енді Міне содан бері биыл 19 жыл көлемінде өз алдына желбіреген көк Туы астында бейбіт өмір сүріп жатқан елміз. Қазіргі күні көптеген мемлекеттерде елшіліктеріміз құрылған . Сондай – ақ дүние жүзіндегі әр түрлі халықаралық қоғамдастықтарға, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданып, экономика, саясат , спорт, мәдени қарым – қатынастарда еліміздің өз орны, ықпалы бар екенін байқатып келеміз.

Еуропа мен Солтүстік Америкадағы, Орталық Азия мен Кавказдағы 56 елді біріктіріп отырған Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Ұйымы 2010 жылдың желтоқсан айының 1-2 жұлдызында Астана қаласында бас қосты. Екі күндік саммитке 38 елдің президенттері мен үкімет басшылары, 7 елдің вице – премьерлері, 14 мемлекеттің сыртқы істер министлері және 60- тан астам халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен ЕҚЫҰ-ның серіктес мемлекеттерінің өкілдері келді. Қазір төрткүл дүние Астанаға көз тігіп отыр.

Азаттықты , бостандықты аңсаған қазақ жастарын қазірде іні- қарындастары жоғары бағалап , ерліктерін санасына сақтап, жадына жаттап өсуде.

Жалындаған жастық шақтарын еліміздің ұлттық намысына ту ғып байлап берген аға- әпкелеріміздің рухына бас иіп бір сәт еске алайық! Рахмет!


Хор: « Желтоқсан желі»

Өлеңі А.Асылбеков Әні Ә.Тінәлиев

Компьютермен презентация көрсету

1-жүргізуші :

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп , найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз! Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз!

Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады. Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған

« Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

2-жүргізуші:.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 19 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Тәуелсіздіктің таңы атып, мәңгілікке нұрын шаша берсін! Еліміздің мәртебесі биік болсын!

1-жүргізуші!
Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіздігіне деген халықтың жұмылған ерік-жігерін алғаш рет нақ осы көтеріліс білдіргеніне қарамастан, негізінен бұрынғысынша, яғни кеңестік замандағы күйінде қалып отыр. Желтоқсандықтар уақыт талабына лайықты үн қата білді. Осы уақытқа дейін біз оның қасіретін ғана сөз етіп келдік, ендігі жерде оның шынайы мәні, яғни осы оқиғадағы отансүйгіштік пен қаћармандық туралы айтатын кез келді.

Желтоқсанның күні қандай ызғарлы

Жүректерде жазылмайтын сыз қалды

От боп жанған қазағымның жастары,

Жалынымен ерітіпті мұздарды

2- жүргізуші

Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
«Түбін білмеген-тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?

Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,

Еркіндікті қашанда ел көксейтін

Қаныменен тарихтарда жазылып,

Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.
1 - жүргізуші:

Осыдан 24-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев,

Л. Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

2- жүргізуші:

Бұл алаңда бір ұрпақтың қаны бар

Ей болашақ

Сен бұл жерді танып ал,

Үміт жіпке қолын созған өркеннің

ерте үзілген өмірі бар, жаны бар

Айтам деген

Айтылмаған әні бар

Біліп жүргін

Тағзым еткін соларға

Кінәсізді кінәлауға болама!?

1- жүргізуші

Жалын жүрек жанып тұрған мұздарда

Қарсы келіп қаһарлы қыс ызғарға,

Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда

Намыс туын көтеріпті қыздар да.


1 оқушы Сәуле

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, ту болмады дегенге?!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған – деп, - Әнұран?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен – таңба?!

2 оқушы: Ербол

Көк аспандай кең пейілді көк түрік,

Бабалардан сіңген бізге тектілік.

Тәуелсіз ел – ту көтерді қазағым,

Көк тәңірді құдіретім деп біліп.

Өз Отаным, өз ошағым, өз бағым,

Қалаймын мен өзге елдерден озғанын.

Қолға ұстап азаттықтың көк туын

Егемен боп жұлдызға қол созғамын.

Жең ұшынан жалғасатын жемқорлық,

Тайсалмастан соққы беріп, сен қорға.

Жеңеміз біз жауынгердей қарулы,

Сыбайластар жүре алмайды ортаңда


3- оқушы Нұрбол

Жақсылыққа бұрып ойдың арнасын,

Игі ісіміз таба берсін жалғасын.

Сертіңді бер сенімменен зиялым,

Тонатпауға еліміздің олжасын.

Тәуелсіздік – ақиқатқа таразы,

Тәуелсіздік – жемқорлыққа наразы.

Тәуелсіздік – жақсылықтың жарғысы,

Жаңартатын қоғамдағы сананы.

Игілікке айналуда қанша ісім,

Тәуелсіздік - әділдіктің қамшысы.

Ластанбаса екен деймін қашанда,

Көлге құяр гауһар судың тамшысы.

4- оқушы Асанәлі
Желтоқсанда.
Алматыда, Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жатқан.
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Кім көріпті о заманда,бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде-үрей бәрі ұялады,
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман.
Бұрын көктің көкірегін тілгілеп,
Найзағайлар от билігін тұр билеп,
Ақ боранда құтырады ит деуші еді,
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
5- оқушы Ұлжалғас

Желтоқсанда шындақ жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Уақытымның талабында дөп келсе де ұраның.
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
"Нашақор" деп, "маскүнем" деп айыпталдың, ұланым!
6- оқушы
Жанымыз жомарт қазақпыз.
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні.
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,
Желтоқсан-болашағы елімнің.
Өгей қозы біз болдық елімізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге...
Күңірену, айқайдан құлақ тұнды,
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.
7 оқушы

Бұл тарих шындықтарды електейді,
Десең дағы керексіз, керек мейлі.
"Желтоқсан" деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.
Көлдей жасын көп төккен қазақ үшін,
Ұмыта алман, Желтоқсан, азап үшін.
Қанымен қыршынының тарихта енген
Шындықты айтар күніміз келді бүгін.
Естен кетпес аяусыз ұрғандары,
Қазаққа неше айла құрғандары.
Қайрат сында елімнің ұл-қыздары
Желтоқсанның кезіндегі құрбандары.
8- оқушы

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің ,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы

9- оқушы Нағашбек

«Өзіңдікі - Елің де,

Өзіңдікі - Жерің де,

Өзіңді өзің еткен бақ -

Тәуелсіздік - төріңде!

1- Диана

Құлан да болған бұл жерде,

Бұлан да болған бұл жерде

Құлан мен бұлан болмастай,

Лаң да болған бұл жерде

2

Ауыл да болған бұл жерде

Қауым да болған бұл жерде

Ауыл мен қауым қалмастай

Дауыл да болған бұл жерде

3

Базарлар болған бұл жерде

Мазарлар болған бұл жерде

Халықтың көрген түсіндей

Хазарлар болған бұл жерде!


4

Ғұндар да көшкен бұл жерде

Құмдар да көшкен бұл жерде

Қуанышпенен сыйыспай

Мұңдар да көшкен бұл жерде

5

Тоғайың көшкен бұл жерден

Ноғайың көшкен бұл жерден

Ноғайдың орнын сипалап

Ағайын көшкен бұл жерден

6

Шаңдағың көшкен бұл жерден

Қаңбағың көшкен бұл жерден

Қаңбақты қуып шаңдатып

Қалмағың көшкен бұл жерден

7

Күмбез де болған бұл жерде

Мың кез де болған бұл жерде

Күмбезді мың көз өртеген

Бір кездер болған бұл жерде

8

Азабың қалған бұл жерде,

Әз әнің қалған бұл жерде

Азабын қосып әз әнге,

Қазағың қалған бұл жерде


9 Нұрбақыт

Мен де қазақпын жаралған сүйек еттен,

Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен .

Халқымның қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

2- жүргізуші

Бар үмітін көкейінде сақтаған,

Елімменен қуанамын, мақтанам

Қиындықпен жеткен талай жеңіске,

Тәуелсіздік шежіресін ақтарам, - деп келесі кезекті Тәуелсіздік жылдар шежіресіне береміз.

  1. оқушы Диана

1991 жылғы желтоқсанның бірінде Қазақстанның Елбасшысын – Президентін сайлау болды.

Оның қорытындысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болып сайланды. Тұңғыш Президентті Тәуелсіз қазақстанның күрделі де түбегейлі істері күтіп тұрды.


2- оқушы

1991 жылы қазан айының бас кезінде Қазақстан Республикасында тағы да бір үлкен оқиға болды. Қазақ халқының батыр ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шегіп, жерге аман есен оралды.

3- оқушы 1991 жылы 10 желтоқсан - Советтік Социалистік Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы болып өзгерген күн.

4- оқушы

1991 жылы 16 желтоқсан - «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдаған күн

5-оқушы

1991 жылы 20 желтоқсан. Он бір Тәуелсіз мемлекеттердің басшылары ТМД құру туралы келісім шартқа қол қойды.

6 –оқушы

1992 жылы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған күн. Міне, осы бір қасиетті күннен бастап , біздің елімізді әлем тани бастады.

7- оқушы ( Гүлсамал, Рысбек, Нағашбек рәміздермен)

Әр елдің елдігін белгілейтін ұлттық белгілері бар.

Сол сияқты «Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, шекарасы, теңгесімен, діні, тілімен басқа елдермен терезесі тең, керегесі кең ел.»

1992 жыл 4 маусым - Еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданған күн.

8- оқушы

Елдің елдігі,

Ердің ерлігі - әнұран

Сезім биігі,

Төзім иығы - әнұран.

Әннің асылы,

Ұранның басымы - әнұран

9- оқушы

Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде

Тамылжытып төгіп нұр

Шаттық сыйлар көңілге.

Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жандарымыз жайдары

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп

Бала өседі талапты

10- оқушы

1996 жылы 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданған күн.

11 – оқушы

1997 жылы 11 қазан - Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Елбасы «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында : « Елімізді2030 жылы айналдыратын күш бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар», - деп біздерге мол сенім білдірді. Бұл сенімді ақтау - біздердің басты міндетіміз.

1. Хор : «Отаным»

2. Үсетай Диананың орындауынды «Әлия»

3. Жақыпбек Гүлсамалдың орындауында Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» өлеңі
Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен

Құрсағыма сыйдырдым даланы кең,

Пәк сәбимін бесікте уілдеген

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда

Шарықтасам, қыран боп шыңға, шықтым
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте.
Аңсаймын мен сенемін туады ертең.
"Қазақ болу" зор бақыт дер күн тіпті.

4. Көрініс:

2- жүргізуші

Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі № 21 камераға қамайды. (Күй ойнайды)
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!...
Қайрат: (Қайратты тергеуге әкеледі.)
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың,
Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім.
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім.
Тергеуші:
Түкірдім мен жырларыңа
Ит, не деген өткір едің,
Ине сұқтым тырнағыңа,
Өлердей ғып, тепкіледім.
Алдап-арбау тәсілімен,
Мойындата алмадым
Қайрат: Мойындата алмайсың.
Тергеуші:
Байқа, 87-бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп,
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең
Савицкиді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат
Бітер екен осы бір "Кеңес"қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Тергеуші

Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрі бір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз.
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
Қайрат:

Жалалы боп, катты батты жаныма,
Жазалаушы кагаз алдым колыма.
Жiгiттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазган екен мандайыма, сорыма.
Акетай-ау, пайгамбардай жасын бар,
Туа бермес сiз секiлдi асылдар.
Картайганда журегiндi жаралап,
Кесiр болды-ау, бiз секiлдi масылдар.
Айналайын, агалар мен женгелер,
Бул омiрде сiздерге кiм тен келер.
Сумiрейiп сот алдында отырган,
Бауырынды ендi кiмдер ескерер.
Оздерiне аман-саулык тiлеймiн,
Оздерiнмен бiрге болсын тiлегiм.
Оздерiне тiл ката алмай, достарым,
Кайгы-мунлы омiрiмдi бастадым.
Айналайын, карындасым, карагым,
Колда кiсен, мен айдауга барамын.
Кайгы шегiп, азап тарткан аганды,
Айтшы жаным, кандай жанга баладын?..
Айналайын, iнiшегiм, кулыным,
Сенi ойласан узiледi жулыным.
Сенiн ерке ак жузiндi коре алмай,
Кетiп барам мен айдауга, кулыным.
Кош болындар, агайын-туыс барiн де,
Кош болындар, жасыныз да, карiн де.
Карангылык баста турмас кашанда,
Бостандыкта кездесемiз алi де...
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.


2 жүргізуші Ал ол жерде "Қайрат өзін-өзі өлтірді" деп ресми жорамал хабар таратады.
Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко кінәлі. Ол алдында №21камераға бір күн бұрын әкелінген. К.Власенкомен (бұдан бұрын алты адамды өлтірген) бір камераға отырғызудың өзі де дәлел. Қайрат І988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.


Елім, елім, елім деп,
Ар-намысын сақтаған.
Бұйырғанда өлімге
Кірпігін де қақпаған.
Батыр бабаң Бауыржан
Қолдады ма, қарағым,
Желтоқсанның шыдадың
Толғағына, қарағым.
Арман, арман, арман көп.
Айтылар теңеу қалған жоқ
Қысқа ғұмыр сүрсең де,
Таң қалдырған қарағым!
Қазағыңды Қайрат деп,
Тамсандырған қарағым!
Мамық болсын қара жер,
Жатқан жерің жарық боп.
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,
Тәубе, тәубе, тәубе етем!

5. Кәрібай Ұлжалғастың орындауында «Ана туралы жыр»

6. Қазақ биі «Қара жорға»
7. Ән: «Қазақ жігіттері»

8. Ән: Елібай Сауленің орындауында « Қазақ қыздары»

9. Үсетай Диананың орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар

10. Хор «Отаным Қазақстан»




  1. жүргізуші

Тәуелсіздік - азаттықтың ақ таңы

Қазағымның ең бақытты шақтары

Жас өреннің еркіндікті аңсаған

Желтоқсанда мұзға жаққан оттары


Тәуелсіздік - бабалардың арманы

Даналардың жасампаздық жолдары

Қазақстан қасиетті мекен боп

Мәңгілікке бейбітшілік орнады


Тәуелсіздік – бодан болмау басқаға

Бұл үлкен сын үлкенге де , жасқа да

Тәуелсіздік - әлем білген еліміз

Тәуелсіздік – асқақтаған Астана


Еліміздің болашағы жастарда

Ғылым іздеп , қол созыңдар асқарға!

Тұра берсін мәңгілікке желбіреп ,

Қазағымның көк жалауы аспанда



Құрметті ата – аналар, ұстаздар мен оқушылар бүгінгі біздің «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық үлгілі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті . Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!


Краткое описание документа:

Сабақтың  тақырыбы:   «Тәуелсіздік  тұғырым»

Сабақтың   эпигрофы: 

 «Өзіңдікі  - Елің де,

Өзіңдікі  -    Жерің  де,

Өзіңді  өзің  еткен бақ  -

Тәуелсіздік  - төріңде!

 Сабақтың  мақсаты:

 Оқушыларды  Отанын  сүюге  баулу,  патриоттық    тәрбие  беру

Өлеңді  мәнерлеп   оқуға   баулу,   танымдық   қабілеттерін  дамыту

Сабақтың  түрі:   Әдеби  - музыкалық   бағдарлама.

Сабақтың  әдіс   тәсілі:  

                                  Сұрақ – жауап    әдісі,  өлеңдер  оқу,    ән  айту.

Көрнекілігі:

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
... Күрделі кезеңнің күйбеңімен жүріп,
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының
тарихи маңызын толық дәрежеде
бағалап үлгерген жоқпыз.
(“Ғасырлар тоғысында” кітабынан)

Сабақтың  барысы:     Ұйымдастыру  кезеңі

Қазақстан  Республикасының   Мемлекеттік  Әнұранын  орындау.

Автор
Дата добавления 23.11.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2233
Номер материала 149227
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх