Инфоурок Начальные классы Конспекты«Тәуелсіздік таңы атты!» (Тәрбие сағаты)

«Тәуелсіздік таңы атты!» (Тәрбие сағаты)

Скачать материал

Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы атты!»

Мақсаты:

Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы

ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

Мндеттері:Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

(Боран, дауысы).

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Мұғалім сөзі

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

1-оқушы Ернар

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2-оқушы Жансұлу.

Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға

Ата-баба аруағына сыйынып.

3-оқушы. Айбар

«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп, бір түнде

Қайғыға халық батқан күн.

4-оқушы. Мағжан

Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).

-Желтоқсан желі өлеңі орындайтын,

__________________________________________________________

5-оқушы Аян

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.

-Мың рет естігенше бір рет көр демекші назарымызды интнрбелсенді тақтаға бұрайық.

6-оқушы Елнара

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла ақиқатты жақтады.

Назарбаев атамды жұрт қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген атақты.

7-оқушы Аянат

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым,

8-оқушы

Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

9-оқушы

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

10-оқушы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)

Хор Атамекен.

11-оқушы Үміт

Астана біздің сәніміз,

Білім біздің нәріміз

Азат елдің тірегі

Болайықшы бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

Тәуелсіздіктің шыңы

1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.

4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.

6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.

8.2000ж. Мәдениет жылы.

9.2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.

12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.

18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

Хормен Қазақстан Туымен тұғырлы,

Елтаңбасы мен Еңселі.

12-оқушы Мейіржан

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.

13-оқушы Ернар

Желдей еркін, түздей кең қандай азат,

Мен қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын

Жетер сан жыл шеккені азап.

14-оқушы Темірлан

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп елінің.

15-оқушы Камила

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

16-оқушы Елнара

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

17-оқушы Мағжан

Қуанбас ем күлмес ем,

Отан снеі сүймесем

Сенің арқаң гүлденсем

Анам да сен, үй де сен.

18-оқушы Аружан

О, Отаным сен маған,

Өмір бердің шуақты,

Білек бердің талмаған

Жүрек бердің қуатты.

Сол қуатпен от қоссам,
Өзіңнің бір шоғың боп,

Керек етіп оқтасаң

Атылам бір оғың боп.

19-оқушы Қайрат

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік кезді жек көрдік.

20-оқушы Мерей

Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен жүрмін туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.

21-оқушы Рахман

Елім барда, мен де бармын өмірде,

Жұлдызың боп жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.

22-оқушы Зарина

Елім бар да мен бақытты ұланмын.

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.

Мұғалім сөзі

Халқымыздың егемендік жолында құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

Әділдікті қолдаймыз Гюзель

Жазықсызды қорғаймыз

Құрбандарды ақтауға

Жаратылған жандаймыз.

Ашылмаған шындықтың, Артықбай Асель

Іздеп жүрсіз жауабын,

Неше түрлі сұмдықтың

Біліп обал сауабын.

Қайратты жан екенсізСабина

Ақтатқан батыр Қайратты

Желтоқсанда қазақ та,

Сіздей ермен ардақты.

Көрініс Күй «Детство»

«Мейіржанның хаты»

-Мейіржан сен не жазып отырсың?

-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атама хат жазып отырмын.

-М-м-м.

Құрметті Нұрсұлтан ата!

Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді

ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады.

Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі. Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы беделіңіз, дүние жүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата! «Бала

болашағымыз» деп өзіңіз айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз. Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол. «Тәуелсіздігіміздің 22жылы құтты болсын»!

Мұғалім сөзі

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

Хор Егемен Қазақстан 3 а сынып оқушылары

Желтоқсанға қатысқан «Желтоқсан қаһармандарына» сөз кезегі беріледі.

Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.

Егемен-Қазақстан.

Көз жетпес далам, ел жетпес елім

Арнайды әнін жауынгер ұлың

Жау шапса саған, жас жаным құрбан

Отаным менің, О, елім менің.

Қайырмасы 2 рет:

Қазақтың елі, қазақтың жері

Береке қонған ұлы Отан.

Асқар тауларың, өзен көлдерің

Жаныма қымбат Ұлы Отан.

Сұңқары биік самғаған елім,

Қанатын көкке қомдаған елім

Кел достар, қане, шырқайық бірге

Бостандық әнін,

Қайырмасы.

азаттық әнін

Қайырмасы.

Елім еңселі, егемен елім

Таулардың ұзақ, төрімен келем,

Бостандық үшін жаңылма сарбаз

Сен үшін елім, сен үшін жерім.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Тәуелсіздік таңы атты!» (Тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:

Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы

ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

Мндеттері:Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

(Боран, дауысы).

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2015 5572
    • DOCX 28.1 кбайт
    • 33 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимбетова Куралай Назаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алимбетова Куралай Назаровна
    Алимбетова Куралай Назаровна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16977
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 199 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе