Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Туыстық атаулардың мән-мағынасын оқушыларға түсіндіру. Шешендікпен тапқырлыққа тәрбиелей отырып, логикалық ойды дамыту

Туыстық атаулардың мән-мағынасын оқушыларға түсіндіру. Шешендікпен тапқырлыққа тәрбиелей отырып, логикалық ойды дамыту

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Туыстық атаулар

Түрі: танымдық сабақ

Мақсаты: Оқушылардың дүние танымдық көзқарасын арттыру.Озық ойлылыққа тәрбиелеу.Туыстық атаулар жайлы түсініктерін тереңдету.

Жүру барысы:

Сөз жұмбақ. Келе жатқан жолаушыларға жол шетінде қой жайып тұрған қойшы жігіт:

-Ойпырмай, мынау аттың жорғасын-ай,

Жігіттің қыздан болған жолдасын-ай,- деп қағытқан екен.Сонда жолаушы қыз іркілместен:

-Ау, жігіт-ау, жігіт!

Байқап сөйле сен жігіт!

Біздің шешеміздің шешесі

Бұл жігіттің қайын енесі болады.

Тапсаң, тауып айт,

Таппасаң ел-жұртыңды жиып айт!-деп, жөніне кете барады.


Сұрақ. Берілген ойдағы тұспалдап айтылған кім? Жолаушылар кімдер?

Жауабы.Әкесі мен қызы.

2. Үш әйел жолаушылап келеді.Үшеуінің анасы бір әйел болып есептеледі.

Сұрақ. Жолаушылар кімдер? Туыстық ұғымның мәніне қарай түсіндіру.

Жауабы. Нағашы әжесі, оның қызы, жиені.

3. Алма, Еркемай, Балжан, Болат, Қайрат – бір от басының адамдары.Төртеуі өздерінің туыстығын былай деп түсіндіреді:

- Болат – менің әкемнің інісі (ағасы)

- Еркемай – менің енем.

- Қайрат – күйеу баламның ағасы (інісі)

- Алма – ағамның (інімнің) әйелі.

Сұрақ.

1.Айтылған ой кімдікі?

2. Отбасындағы адамдардың туыстығын ажырату.

Ескерту: Айтылған ой өз атынан не туысқандық жағынан айтылуы мүмкін деп есептелсін.

Жауабы. Балжанның ойы

Ата-тегін білу қазақ дәстүрінде кемел мұрат, үлкен парыз саналады. Халықтың қанға сіңген сол қасиетін ұрпаққа ұлағат қылу, әркімнің өз тегін біле жүруіне жол сілтеу

- бұл төрелік белгісі.

Жеті ата – ұрпақ көшінің үзілмеуін жалғастыратын үғым. Бұлар: әке, ата, бала. немере, шөбере, шөпшек, немене,туажат. Жеті атаның ғұмыры 200 жылға созылған.Баланың жеті атасын білуі дегеніміз – өз әкесінен бастап, жетінші атасына өзінің кім болатыны, әрі олар балаға кім болып келетіндігін ажыратуы.

Таратып көрелік:

Әке – бала Үлкен ата - шөпшек

Ата – немере Баба - немене

Үлкен ата – шөбере Ұлы баба - туажат

Арғы баба – жүрежат



Туыстық атаулар


Сөзжұмбақ.

  1. Екі әкесі, екі баласы орманнан үш қоян ұстап алды. Бөліскен кезде әрқайсысына бір қоян тиеді.

Сұрақ: Неліктен бұлай? Туысқандар кімдер?

Жауабы: Екі әке, екі бала, ал отбасындағы орнына қарай атасы, баласы, немересі.

Шешуі:

  1. Екі анасы, екі қызы, әжесі, немересі (жиені), барлығы үш-ақ адам.

Сұрақ: бұлар кімдер?

Жауабы: нағашы әжесі, оның қызы, жиені.


Бір шалдың 4 ұлы, 12 немересі, 30 шөбересі, 4 шөпшегі, 7 неменесі бар.

Сұрақ: осы атаулар жиынтығы қандай ұғымды білдіреді?

Жауабы: жылдың төрт мезгілі, 12 ай, 30 күн, 4 апта, 7 күн, әулет, жыл.


Сөзжұмбақ «Туыстық атаулар»


Көлденеңінен:

1.Ағайынды адамдардың әйелдері; 2. Бірге туған апалы – сіңлілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық атау; 3.Әйел адамның жасы кіші туыстары; 4.Құда-құдағайларға киім түрінде берілетін сыйлық; 5.Қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық әкелері; 6. Күйеу мен қалыңдықтың аталары; 7. Ата-ана үшін баласының әйелі.






























Шарты: арнайы торкөзден бөлу амалының нәтижесін алуға болады.

Жауаптары: 1. Абысын; 2. Бөле; 3. Балдыз; 4. Киіт; 5. Қайын; лдшл

Шешуі: «Бөлінді» деген сөз.


«Ал қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымың мен бесігіңді түзе!»

М.Әуезов.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.08.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров40
Номер материала ДБ-152860
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх