Инфоурок Всеобщая история СтатьиТәуке хан - «Қазақ Ордасының Ликургі»

Тәуке хан - «Қазақ Ордасының Ликургі»

Скачать материал

Тақырыбы: Тәуке хан - «Қазақ Ордасының Ликургі»

Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған талай алып мемлекеттер болды. Бүгінгі Қазақстан – сол бабалардың заңды мұрагері. Көк Түріктер мен Алтын Орданың айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы – біздің еліміздің түп – тамыры.

Н.Ә. Назарбаев.

1. Хан және Қазақ хандығының саяси –экономикалық әлеуметтік қызметі.

2. Тәуке хан – саяси – экономикалық, әлеуметтік бағытты ұстанушы тұлға.

3. Тәуке хан «Қазақ ордасының Ликургі». «Жеті жарғы» заңдары.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Қазақ хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығындағы жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекет. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

Хан сөзі кеңестік дәуірде біздің ұғымызда қолында қанды қылышы бар, ақылы кем, өз бетімен іс тындыра алмайтындар болатын. Әділетсіз тақ үшін ғана өмір сүріп отырған, халықпен санастайтын, оның мүддесін қорғамайтын адам ретінде көрсетілді. Аузы дуалы билеріміз ханың қол шоқпары түрінде берілді. Ал қазақ байларына деген көзқарас тіпті ерекше болатын. Санамызда надан, қатыгез, адамгершіліктің қарапайым белгілерінен де жұрдай адамдар бейнесі қалыптасты. Хандық үкімет көшпелі өркениет елдеріндегі алғашқы мемлекеттік басқару жүйесі. Үкіметтің бұл басқару түрі алғаш ру-тайпа көсемдерінің іскерлігінен, ақыл- парасттылығынан, ел басқара білу қабілетінен туған. Ондай көрнекті адамдарды халық сайлаған. Алғашқы қазақ хандары- Жәнібек пен Керей. Хан өзінен кейінгі сұлтан,билердің көмегімен билік жүргізді. Қан(хан) – көне түрік мемлекеттерінде ел басшыларының атағы ретінде ең көп қолданылған қан(хан) сөзі түріктің төл деректерінен алғаш Орхон бойындағы Тоныкөк ескерткішінде кездеседі. Жалпы қағаннан(император) кейінгі дәрежені, яғни король мағынасын білдіреді.

Хандық үкіметтің басқару жүйесінің лауазымды тұлғасы – хан. Хандық билік тек мұрагерлік жолмен берліп, тек сұлтан атағы бар адам ғана хан тағына отырған.

Хан атану тек Шыңғыс тұқымдарына ғана берілген. Қазақ қоғамында Хан сайлауына ерекше мән берілген. Сайлауға сұлтандар, ұлысбектер, билер, ақсүйектер, беделді халық өкілдері қатысқан. Ертеден келе жатқан салт бойынша хан сайлайтын адамды ақ киізге отырғызып, ең беделді сұлтан- билер үщ рет көтеріп «Хан !Хан!Хан!» деп айғайлаған. Одан кейін сол киізді «тәбәрік» деп, бір жапырақтан бөлісіп алған.Ханның бес құқығы:1. Мемлекет жеріне билік жүргізу. 2. Соғыс жариялау, билік жасау 3. Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу. 4. Өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесу, тірі қалдыру. 5. Заң шыға,ру бұйрық беру. Ханның бес міндеті: 1. Елді сыртқы жаудан қорғау. 2. Әскерді басқару. 3. Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыру 4. Билермен кеңесу. 5. Қателікке жол бермеу. Хан бұл құқықтары мен міндеттерін « хан кеңесінде» өзінің кеңесшілері, әскербасылары арқылы жүзеге асырған. Хандықты билеуде құрылтай жиналысының маңызы зор. Құрылтай жиналысына Хан кеңесі құрамы Ұлысбек, сұлтандар, билер, бахадүрлер қатысты. Хан жағындағы билер кеңесі» басқару жүйесіндегі маңызды буын. Бұлар басты төрт қызметті атқарған. Әскербасылық, әкімшілік, билік, ақсүйектердің өкілдік қызметі.Ұлыс – қазақ хандығының басты саяси – экономикалық басқару жүйесі. Ұлысты Шыңғыс хан тұқымдары басқарған. Ұлыстың басқару жүйесінде сұлтандар – Шыңғыс хан тұқымдары. Қазақ хандығы – Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекттік құрылымдардың мұрагері, этникалық үдерістермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістермен экономикалық даму нәтижесі. 1465-1466 жылдары Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлектінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының негізін салушы алғашқы хандар- Жәнібек пен Керей.

Тәуке хан саяси – экономикалық, әлеуметтік бағытты ұстанушы тұлға.Тәуке ханның тарихи- саяси портреті: Әз Тәуке хан (1626-1718) Тәуке Салқам Жәңгір ханның баласы. Тәуке Қазақ хандығының ханы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Кунделен-тайшының қызы. Тәуке ханның билік еткен кезеңі 1680-1718 жылдар. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен даралаған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін алған кезде Тәуке ел ағасы жасында, ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болған. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңажолмен жүрді.

Тәукені өзге қазақ хандарының ерешелеп, оны шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытқан қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделді. Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы қиындаған кезде қырық жылға жуық ел биледі. Ел басқару ісін басшылыққа алды. Елді қорғайтын қарулы күш ұйымдастырды. Қазақ хандықтарының бірлігін сақтауға көп көңіл бөлді. Ханның басты еңбегі – Қазақ хандығының ішкі саяси ахуалын оңалту жолындағы еңбегі. Тәуке ханның заманында оның саясатына сәйкес тыныштық пен бейбітшілік орнады, дегенмен жаугершілік заманда, ел басына күн туған сәттерде ол өзінің қолбасшылық дарыны мен батырлығын да таныта білді. 1689 және 1702 жылдардағы ойрат-жоңғарларға жасалған жорықтар, сонан кейін 1711, 1712, 1714 жылдардағы жоңғарлардың қазақ даласына үш рет баса көктей басып кірулерін тоқтату арқылы хан көшпенділер даласында Батырхан атағына ие болған. Тәуке хан немесе Мұхамед Батырхан депте аталды. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа билігі жүргізгенінен көреміз..

Тәуке хан көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан. Тәуке хан саяси – экономикалық, әлеуметтік бағытты ұстанушы тұлға.Тәуке хан халық жадында күні бүгінге дейін асқан кемеңгер, дана ақыл иесі ретінде де сипатталады. Тәуке хан халық алдында үлкен беделге ие болып «әз Тәуке» атанған. Соған орай Тәуке ханның есіміне әз- данышпан сөзін жалғап, әз Тәуке деп атайды. Әз- Тәуке қазақ даласының ханы. Тәуке хан халық алдында үлкен беделге ие болып, «әз- Тәуке» танған.

Ақылы асқан әз Тәуке

Батыр да ханда, қара да өз заманының перзенті. Тәуке хан өз заманында қазақ , орыс, қытай, жоңғар және басқа шығыс халықтарының тарихнамасында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы тетіндеде елеулі орын алған. Ол өз елінің өмірінде көреген дипломат, қолбасшы реформатор және ұлттың бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды. Тегі жағынан алғанда ол – Есім ханның немересі, Тәуке хан тұсында қазақ ылғи қалмақпен қағысып тұрса да, өзге хандардың тұсында тыныс алмай жөңкілу, аттаныс, шабыншылыққа қарағанда сәл шабыншылығы аздау болып тіршілік жасайды. Бірігіп өмір сүрген: қазақ, қырғыз, қарақалпақтың ірі руларында билік жүргізген алты ірі бидің аты шығады.

Ұлы жүзде Төле би (Дулат Әлібек баласы), Орта жүзде – Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзде Әлім руынан Әйтекен би, қырғызда- Кәкім би, қарақалпақта – Сасық би, Қатаған – Жайнама, басқа рулардан тағы бір би. Тәуке хан сайланғаннан кейін қазақтың сол замандағы қоғамның ішкі және сыртқы саясатына ерекше көңіл бөліп, сол кездің өзінде халықаралық дәрежеге, биік деңгейіне көтеруіне күш салған. Ең әуелі жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру мақсатында көрші мемлекеттермен қарым- қатынас нығайтты. Тәуке ханның тұсында1678 жылы Бұхар хандығынан елшілерді қабылдаса, 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке Ресейге бес рет елшілік аттандырып, көршілік, достық қарым қатынасты сақтау туралы бітімдер жасасқан. Мұндай қадамдар жасаудағы мақсаты- қазақ қоғамы мен оның бай мәдениетін, терең тамырлы ұлттық батырлық қасиеттерін орыс патшасына танытып, екі ел арасындағы сауда қатынастарын жандандыру еді. Бір сөзбен айтқанда, ол қазақ елінің сол кездің өзінде барлық елдермен тең құқылық мәртебеде болуын талап еткен, отарлық саясаттың қандай түріне де үзілді – кесілді қарсы тұрған. Тіпті қазақ пен орыс халықтарының арасында қақтығыстар болып қалған жағжайдйң өзінде өз халқының ұлттық ар – намысын аяққа бастырмауға тырысқан. Тәуке ханның көрегендігі, ақылдылығы мен парасаттылығы оның әр ісінен – ақ анық байқалды. Бірде Тәуке хан өзінің айналасындағы қолбасшыларына тапсырма беріп отырып, әлгілердің тапқырлығын сынамақ болады да, әңгіме барысында былай дейді: - Мен мынаны білсем деймін. Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың ордасын күл - талқан ету үшін қазақ халқына не қажет? біршама ойланған серіктері әр түрлі пікір айтқан көрінеді. Сонда Тәуке хан:

- Бәрі дұрыс- ау, тоқ етерін айтатын болсақ, қазақ халқына құдайдың құтты күні және болашақта да ауызбірлік қажет. Ол еліміздің мәңгілік қаруы, күш- қуаты және жеңістеріміздің күре тамры, - деген екен. Тәуке ханның сол кездегі көрегендігі қазақ халқының бүгінгі қажетіне де жарағандай.

Тәуке хан қазақ тарихының төрінен орын алған хан. Бұған дейінгі жорықтардан әбден қажыған халық әз Тәуке тұсында орнаған тыныштықты пайдаанып, бейбіт өмірге кірісті . Тәуке хан қазақ руларының басын біріктіріп, оларды ірілендірді. Осылайша Байұлы, Әлімұлы, Жетіру бірікті. Ыдырап бара жатқан үш жүздің басын біріктіру үшін ол жүздердегі билікті исі қазаққа аты шыққан атақты билерге берді. Ұлы жүзге Төле би, Орта жүзге Қазыбек би, Кіші жүзге Әйтеке билік құрды. Тәуке хандық құрған алғашқы жылдары Ресей патшалығы оңтүстігі мен шығысына көз тікті, жерін молайтуға жанталасты.

Дәл осы кезде қазақ елінің іргесінен Жоңғар хандығы жамылсыз шабулынын үдетті. Оның үстіне Бұхар, Хиуа хандықтары, қалмақтар мен башқұрттар да дұшпандық әрекеттерін тоқтатқан жоқ еді. Сондықтанда әз -Тәуке шығысында Жоңғарлардан төнген қауіптің алдын алу үшін батысындағы Ресей патшалығымен қарым – қатынасты жақсартуға күш салды. Сауда- саттық қатынасын, елшілік байланыстарын жолға қойды. Сөйтіп әз Тәуке осындай қиын жылдары қазақ елінің сыртқы жағдайын нығайтуға көп еңбек етті.Шет ел басшыларымен, елшілерімен кездесулерде өзін де, елін де іргелі мемлекет, соның басшысыдәрежесінде көрсете білді, олармен иығын тең ұстады. Болжағыштығы мен көрегендігі елдің басына төніп келе жатқан қауіпті алдын ала сезуге мүмкіндік берді және содан құтылудың жолын қарастырды. Елдің ішінде өріс алған ру таласы, бас араздық, іштей арбасу, аяқтан шалу, өшіктіру, барымта сияқты алауыздықты тудыратын себептерді жоюға күш салды Бұл саладағы еңбегі де зая кеткен жоқ. Күншілдік, бақталастық, қызғаншақтық, арандату сияқты жаман әдеттер азайды. Халық шаруаға құлшынып, еңбек пен тірлікке икемделді. Ел басы қосылып, ұлдан ұлан өсіп, ұлт қадірі артты. Халық өз қасиетін сезіне бастады. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы — ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сонымен қатар сыртқы жағдайды да тұрақты ұстай білді.

Тарихшылар Тәуке ханды «Қазақ Ордасының Ликургі» деп жоғары бағалайды. «Ликург» деген бір кезде ежелгі Грекияда көне Спартаның ақылгөй Заңгері болған, сондықтан ақылды, көреген қайраткерлердің бәрін Еуропалық ғалымдардың «Ликург» деп атауы қалыптасып кеткен. Тәуке ханды бұлай сипттаған кейінгі зерттеуші Еуропалық ғалымдар. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген.

Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, ал сұлтандардың билігін шектеді. Билерден құралған «хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды. Жыл сайын күзге таман Ташкентке таяу «Күлтөбе» деген жерде құрылтай өткзіліп, үш жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп тұрған. Тәуке хан құрылтайда мемлекеттік мәселелерді талқылады.

«Күлтөбенің басында күнде жиын» деген қанатты сөз осыдан қалған ХҮІІ ғ. аяғы – ХҮІІІ ғ.басында «Жеті Жарғы» зағдар жинағы шығарылды. «Жарғы» сөзі әділ деген мағынаны білдіреді. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың заңдар жинағы.

Қанға қан алу,яғни біреуді өлтірсе, өлтірген адамды өлтіру немесе оны құн төлеумен ауыстыру. Ер адамның құны-1000 қой. Әйелдің құны – 500 қой. –Ұрлық, қарақшылық, зорлық – зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі. Жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады.

Адам денесіне зақым келтірсе, сол дене мүшесінің атқаратын қызметіне сәйкес құн төленеді(бас бармақ – 100 қой, шынашақ -20 қой).

Халықтың ханы, сұлтаны, пірі, хазіреті қастандықпен өлтірілсе, олардың әрқайысы үшін жеті адамның құнына тең құн төленеді.

Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (Ақсүйектің тұқымы деп) екі адамның құны төленді.

- Егер әйелі елін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі, егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екі қабат әйел жасаса жазадан босатылады.

Егер ері әйелін өлтірсе әйел құнын төлейді.

Ата- анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.

-Құда түсіп, құйрық бауыр жескен ақ баталы жесір кетсе, оған төленген қалың мал түгел жесір иесіне қайтарылып, оның үстіне қалың малсыз қыз беріледі немесе бір қыздың қалың малы төленеді.

Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса араздығы үшін айып салынады.

Жеті атадан аспай қан араластырғаны, яғни үйленгені үшін өлім жазасына кесіледі немесе ағайындар белгілеген жаза бұйырылады.

Құдайға тіл тигізген ( 7 адам куәлік берсе) адамды таспен атқылап өлтіреді. – Ұры: айыр түйе үшін – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлейді Оның үстіне үш тоғыз айыптың бірін ретіне қарай және төлеуі керек.

-Ата- анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлап, қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады. ал қыз қол аяғы байланып. анасының билігіне беріледі.

- Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады. – Дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі.

Егер айыпкер айбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады.

«Жеті жарғыда» қарасытырылған мәселелер бойынша жинақты толық қарастырып талдасақ, онда қазақ өмірінің басты-басты төмендегідей салалары қамтылған.

1.Жер дауы -көшпелі халық өмірінде жердің шешуші маңызы бар. Қыстау, жайлау , жайылым, қоныс мал баққан елдің атадан балаға қалдыратын еншісі. Жер тіршілік ортасы, туып өскен қасиетті тұрағы. Жер атамекен, кіндік – жұрт, Отан. Жерді – оны ата- бабасынан бері иеленіп келген халықтың келісімінсіз басқаға беруге сатуға болмайды. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу- үй ішіндегі тіршілікке, сол отбасындағы адамдардың өзара қатынасына байланысты. Әке мен бала, ене мен келін, үлкен менкіші арасындағы қарым- қатынас. Әсіресе үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге баса көңіл бөлінді. 3. Ұрлық - қарлық барымта. Ұрлық – қалық барымтаға кедергі қоюды көздейтін, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар. 4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Жарғының төртінші саласы – ел менел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы дау- жанжалды әділдікпен шешуді мақсат етеді. 5. Ұлтын жаудан қорғау.Бесінші топқа – ел бірлігін сақтауға, Отанын қорғауға, сыртқы жауға тойтарыс беруге, жасақ құруға, сардар. Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады.

сайлауға бағыттайтын баптар жатады. 6. Құн дауы. Жарғының келесі тармағы – құн дауына арналған. Айыр көмей, жез таңдай атақты үш төбеби «Қанға қан», «Қанды кек», «Ескіден келе жатқан жау» жау дегенде бірден ойға оралатын қатыгездікті жұмсартудың жолын қарастырған. Онсыз да өлімнің аз емес екенін, жаттан емес жақыннан жау іздемеу деген ізгі ниетпен өлім жазасын жұмсартып. құн төлеумен ауыстырған.

«Жеті жарғы» заңының саяси – әлеуметтік, тарихи маңызы зор болды. Қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады. Ру ішіндегі алауыздықтар, үш жүздің арасындағы қайшылықтар бәсеңдеді. Хандық биліктің заң жүзінде күшеюі ел бірлігін сақтауға өз үлесін қосты.

Тәуке хан – саяси – экономикалық, әлеуметтік бағытты ұстанушы тұлға екендігін қорытындылау.

Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айырықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудармағаны. Екіншісі – ішкі жағдайын реттеудегі саяси құқықтық тәртіпті орнатуы.

Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып – өргізетін, беділімен елдің бірлік берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды. Ақыл –ой парасат үстемдігін орнатты. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік берекесін кетірер ішкі дау жандалдарды, барымта – сарымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта іс- қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса – береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себептіде Тәуке хан ел билеген кезең – халық есінде «қой үстіне бозторғай жұмырқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.Тәуке билік тұсында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша хан тағында отырды. 1718 жылы қазақтың барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының соңғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет еді. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген алтын ғасыр ретінде қалды. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының күш- қуаты өсіп, бірлігі артты.

Әдебиеттер:1. Ә.Әбдіәкімұлы. Қазақстан тарихы. 2000 ж.

2.Д.Бабаев. Қазақстан тарихы. Алматы 1994 ж.

3. Т.Тұрлығұлов.Қазақ елінің қысқаша тарихы. Алматы 1996 ж.

4.Қазақ тарихы Ғылыми –әдістемелік журнал. 2009 ж. наурыз- көкек.

5.Қазақ тарихы Ғылыми –әдістемелік журнал. 2013 ж мамыр – маусым.

6. Егемен Қазақстан. Қазақ хандығына 550 жыл. №13 17 ақпан, 2015 жыл.





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуке хан - «Қазақ Ордасының Ликургі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 5068
    • DOCX 75.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Alkhanova Gauhargul Bazarkhanova. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Alkhanova Gauhargul Bazarkhanova
    Alkhanova Gauhargul Bazarkhanova
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43945
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 540 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека