Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

Ермекбаева Кенжегул Несиптаевна,

тарих пәнінің мұғалімі

Сабақ

Күні: 27.04.13

Сынып:hello_html_m37944aaf.gif

Барлық оқушы саны:

Қатысқан оқушы

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар,оқулық. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7- сынып.


Тақырып:

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы


Жалпы мақсаты:

Оқушыларға Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы жайында мәлімет алу арқылы білімдерін толықтыру. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдары және жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері бойынша жаңа білімді меңгерту. Тарихи танымдылығы мен саяси сауаттылықтарын арттыру, хандар мен билердің ұлағатты істерін үлгі ете отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Ресурстары:

оқулық,интерактивті тақта,карта,флипчарт,

Әдісі-тәсілдері:

тәсілі: жекелей,жұптық, топпен

Әдісі: сыни тұғыдан ойлау,АКТ, диалог, ДЖИГСО, сұрақ-жауап, инсерт

Оқыту нәтижелері:

  • Хронологиялық кесте құрастырады;

  • Тарихи оқиғаларға сипаттама беріп, талдай жасай алады;

  • Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады;

  • Тақырып бойынша теориялық талдау жасайды;

  • Тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі жайында мәлімет бере алады;

  • Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;

  • Өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйренеді;

  • Картамен жұмыс жасай алады;

Түйінді идеялар:

Салқам Жәңгір және «Орбұлақ шайқасы». Тәуке хан тұсындағы Қазақ мемлекетінің дамуы.»Жеті жарғы». Қазақтың ұлы билері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Дереккөздер:

Оқулық хрестоматия, ,электрондық оқулық, қосымша мәліметтер, интернет материалдары

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Модульдар

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу

Жылулық шеңбері: «Жүректен жүрекке» ұстаз өзі бірінші тілек білдіреді.

Одан кейін алақандары арқылы жылулықтарын жеткізіп сабақтарына сәттілік тілейді.

«Хандар», «Билер», «Батырлар», «Күйшілер» топтарына бөлінеді.









Үй тапсырмасы

Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап,білім ,білік дағдыларын анықтап кері байланысқ шығады

Жан – жақты білімдерін тексеру:

«Уақыт шеңбері»

(Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды)

Оқушылар сұрағына дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша береді

Диалогтік оқыту

Жаңа тақырып






Қызығушылығын ояту

Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру үшін ой қозғайтын сұрақтар береді. жаңа

сабақтың тақырыбымен таныстырып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып анықтайды

Слайдқа назар аударады.

«Сыртқы жаудан қорғайды, қолбасшылық етеді;

келіссөздер жүргізеді;

қылмыскерді жазалайды;

заңдар шығарады сияқты құқықтар мен міндеттерді кім атқарады?» сұрағына жауап береді.

Мұғалімнің мадақтауы



Сыни тұрғыдан ойлау




Мағынаны ажырату


Әр топқа жаңа тақырып бойынша тапсырмалар үлестіріледі:

1 топ-«Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы»

2 топ-«Тәукенің хан тағына отыруы»

3 топ- «Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы»

4 топ- «Жеті жарғы»

ЖИГСО әдісі бойынша оқушылар оқулық мәтінімен танысып,сарапшылар тобында жұппен және топпен талдайды.Бастапқы топтарына келіп, түсіндіреді



Топ басшыларының бағалауы

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер



Сергіту сәтін өткізу.


«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!» ойыны бойынша сергіп, демалады.



Үйден дайындап әкелген тапсырмаларды сұрау

«Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би» тақырыбында дайындаған слайдтарын оқушылар қорғайды



Талантты және дарынды балаларды оқыту. АКТ

Ой толғаныс

Сабақ барысында меңгерген білімдерін пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс жасау үшін тапсырма береді.

«Орбұлақ шайқасы»,

«Тәуке хан», «Жеті Жарғы», «Ұлы билер» тақырыбында постер құрастырып, қорғайды.


«Екі жұлдыз,

бір тілек»

әдісі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Деңгейлік тапсырмалар тарату:

Төменгі деңгей сұрақтары:

1.1628-1652 жж. хан тағына отырған Есім ханның баласы?

2.Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас?

3. Тәуке ханның билік құрған жылдары?

4.Тәуке ханның тұсындағы астана?

5.Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

Орта деңгей сұрақтары:

1.Орбұлақ шайқасына сипаттама бер /уақыты, себебі, барысы, нәтижесі

Жоғарғы деңгей сұрақтары:

1.«Билер сөзі-даналық көзі» тақырыбында эссе жазу

Деңгейлік тапсырмаларды орындайды, орындап үлгермеген тапсырмаларды үйден аяқтайды

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Бағалау

Оқушылардың үй тапсырмасына жауаптарын, топ басшыларының бағалауын және деңгейлік тапсырмаларды аяқтаған оқушылардың жауаптарын негізінде бағалау

рефлексия

Сабақ жайлы өз ой пікірлерін А3 форматты бетіне стикер жабсырады(қағазға сабақтан алған әсерін жазады)


Үйге тапсырма

П. 42-43 оқуға.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Қосымша әдебиеттерден «Жеті жарғы» заңы туралы дерек жинау.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров429
Номер материала ДВ-340920
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх