Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Тәуке хан" (7 сынып)
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Тәуке хан" (7 сынып)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, «Жеті жарғы» заңдарымен қазақтың үш биі туралы мәліметтермен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық: Тәуке хан еңбектері туралы білімдерін одан ары дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Тәуке хан бейнесі арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сурет, сызба, карточка.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, баяндау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастаыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:

1. «Миға шабуыл» ойыны

- Тәуекел хан қайтыс болған соң, хандық билікті кім басқарады?

- Есімнің хан болуын кімдер қалаған?

- Есімге қарсы тұрған топтардың бірін ата.

- Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдайы қандай болды?

- Тұрсын хан қай қаланы астана етіп жариялады?

2. Карточкамен жұмыс.

1. карточка: 1. Бұқар хан Тәуекел хан тартып алған қандай жерлерді қайтарып алуды армандады?

2. Бұқар хандығы мен қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?

2. карточка: 1. Тұрсын ханды моғолдардың қай ханы қолдады?

2. Марғасқа жыраудың өлеңін жатқа айт.

3. карточка: 1. Есім хан ел билеуде қай ханның заң ережелерін ұтымды пайдалана білді?

2. Құрбанғали Халид Есім ханды қалай дәріптеген?

4. карточка: 1. Есім ханның ескі жолының қандай тарихи маңызы болды?

2. Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?

3. «Жылдар жырлайды» ойыны.


1598-1628ж


1603ж


1611ж


1613-1614ж


1627ж





Т










Ә















У







К





Е






Х









А










Н


  1. Есім хан қай қаланы өзіне астана етті?

  2. Есім хан моғолдың Шалыш пен Турфан қалаларын билеген қай ханмен одақтасты?

  3. Есім хан қалмақтарға қарсы қай жерге жорыққа аттанды?

  4. Есім хан қазақтың қай ханының інісі?

  5. Бір халықта екі хан, 1-шісі Тұрсын хан, 2-шісі қай хан?

  6. Есім хан өзінің хандық билігінің алғашқы кезінде қай ханмен бітім шартын жасасты?

  7. Әдеби деректерде Тұрсын ханды Есім ханды жазалаған, оны кімнің өлең жолдарынан оқуға болады?

  8. Есім хан қазақтың қай ханымен жауласты?


ІІІ. Жаңа білім беру.


Жоспары:

  1. Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

  2. Тәукенің хан тағына отыруы

  3. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы

  4. Жеті жарғы

  5. Ұлы билер


1.Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

Есім ханнан соң баласы Жәңгір 1628-1652 жылдары хан болды. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады. Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жері Орбұлаққа 1643 жылы баса көктеп кірді. Жәңгір көп қол жингға үлгермей 600 жауынгерімен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты. Осы шайқаста дұшпан әскері 10 мың адамынан айырылды.

Жоңғар әскерлері 1680 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға баса көктеп кіріп, бірнеше қазақ ұлыстарын талқандады, 9 қаланы басып алды. Олар: Сайрам, Ташкент, Шымкент т.б. Тәукенің хан болу қарсаңындағы елдің саяси жағдайы осындай ауыртпалықта еді.





2.Тәукенің хан тағына отыруы (1680-1715ж)

Тәуке жас кезінен билікке араласқан. Тәуке көреген, саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды.

Тәуке хан билігінің ерекшелігі:

  • Хандықтың бөлшектенуі тоқталып, бір орталыққа бағындырылды;

  • Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады:

  • «Жеті жарғы» заңын жасады;

Негізгі мақсаты:

  • Билердің көмегімен хан билігін нығайту;

  • Бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құру;

  • Билер кеңесін ішкі-сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды;

  • Билер кеңесі: Битөбеде (Түркістан маңында), Мартөбеде (Сайрам маңында), Күлтөбеде (Ангрен маңында) өткізілген;

  • Даулы мәселені шешуді билер сотына жүктеді:

  • Құрылтай Күлтөбеде өткізілді. Сұлтандар билігін шектеуге тырысты;

  • «Билер кеңесі» жергілікті атқарушы өкіметке айналды.

  • Тәуке ханның мақсатының арқасында Қазақ хандығының билігін

нығайтты.

  1. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы


Тәуке хан отырғанда елдің ішкі-сыртқы жағдайы өте шиеленісіп тұрды

Қазақ жүздері бір тұтас қазақ хандығын мойындағанымен, іс жүзінде Ұлы ханға бағынбау үрдісін ұстанды

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы

Тәуке хан көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қатынас орнатудыың жолдарын іздестірді

1681-1685жылдары Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше шабуыл жасады

Орта Азия мен

сауданы дамытты

1710 жыл үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресте бірлесу мақсатында Қарақұм жиынын өткізді








3.Жеті жарғы

Тәуке хан Қазақ хандығының тағына берік отырған кезде хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып,мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті.Сол мақсаттың түп қазығы –Ұлы жүзден Төле бидің,Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбектің,Кіші жүзден Әйтеке бидің қатысуымен «Жеті жарғы» дүниеге келді.


«Жеті жарғы» заңы (ХҮІІ ғ. мен ХҮІІІ ғ. басы) («жарғы» сөзі «әділдік» ұғымын білдірген)


Жеті жарғы бөлімдері

Мәні мен мазмұны

І Жер дауы

Қыстау, жайлау, жайылым, жерді иелену, көші-қон мәселелері, ата-бабасынан бері иленіп келген халықтың келісімінсіз басқаға бермеу, сатуға болмайтын туралы

ІІ Үй іші мен бала тәрбиелеу

Отбасы, үй ішіндегі тіршілікке байланысты адамдардың өзара қарым-қатынасы, әке мен бала, ене мен келін, үлкен мен кіші арасындағы қатынас. Үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған заңдар:

Некеге отырудың шарты – 13 жас. Екінші шарт – жұбайлардың 7 атаға дейінгі туыстық қатынаста болмауы;

Ата-анасы өз балаларын өлтіргені үшін жазаға тартылмайды;

Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары туыстарының қамқорлығына беріледі;

ІІІ Ұрлық, барымта

Ұрлыққа, барымтаға кедергі қою, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар:

Ұрлық үшін 3 тоғыз (27) төлеу, бұл жаза айбана деп (100 түйе-300 жылқыға немесе 1000 қойға тең) аталады;

ІҮ Бір халықпен басқару арасындағы дау

Ел мен ел, халық, ру арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешетін зандар:

13 жасқа толмаған балалар қылмыстық жауапқа тартылмаған.

Соттау құқығы ханның, билер мен ру басыларының қолында болды;

Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге өтелетін есенің бір бөлігі берілуге тиіс;

Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлеу;

Әйелді зорлағандарды өлім жазасына кесу;

Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бшлай істеуден бас тартса, қорлағаны үшін құн төлеу;

7 куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіру;

Ү Ұлтын жаудан қорғау

Отан қорғау, ел бірлігін сақтау, жасақ құру, сардар сайлауға бағыттайтын баптар жатады.

Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары халықтық істерді талқылау үшін күзде жиналуы қажет;

Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы боолмайды және оған жасы кішілер орын бермейді.

ҮІ Жесір дауы

Шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты тал ап ету, ерінен айырылған әйелдердің мәселелері туралы баптар.

ҮІІ Құн дауы

Кісі өлімі, адам денесіне зақым келтіру, «қанға-қан», «қанды кек», «ескіден келе жтқан жау» дегенде бірден ойға оралатын қатігездікті жұмсартудың жолын қарастырған, құн төлеумен белгіленетін заңдар:

Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу.

Құн төлеу мөлшері: ер кісі үшін 1000 қой, әйел үшін 500қой;

Дене мүшелерінің құны: бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой; Өлтірілген тазы мен бүркіт үшін иесі құл немесе күң талап етеді.


  1. Ұлы билер

Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне өз үлесін қосты.

  1. Төле би (1663-1756). Жамбыл обылысы, Шу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен хат танып сауатын ашқан, тарихи кітаптарды, аңыз-әңгімелерді көп оқыған. 15 жасынан-ақ ел билігіе араласып, өзінің ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Жас кезінен талай атақты абыз-билердің алдынан өтіп, батасын алған.

  2. Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764). Сырдария жағалауында бір ауылында туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Ол ел арасындағы айтылып жүрген мақал-мәтел, нақыл сөздерді, шешен, билердің ұтымды билік келісімдерін жадында сақтап өседі.

  3. Әйтеке би (1682-1766). Шын аты – Айтық. Кіші жүзден шыққын қазақтың атақты шешен биі. Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Әйтеке биге шешендік, тапқырлық өнер жас кезінен-ақ дарыған екен. Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орны ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт-дәстүрін сақтап қалуда аса зор еңбек сіңірді.

Қазіргі таңда билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы

билеріміздей болса, халқымыз да қандай өнегелі ел болар еді.


ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. 1. Дискуссиялық өрнек.


Сөйлем

Дұрыс

Қате

1

Тәуке хан 1680-1731 жылдары билік құрды


+

2

1710 жылы Қарақұм жиыны өткізілді

+


3

«жарғы» сөзі «әділдік» ұғымын білдірген

+


4

Билер кеңесі Түркістанда өткізілді


+

5

Тәуке хан ел билеуде билерге арқа сүйеді

+


6

Тәуке хан тұсында жасалған заң жинағы Қасқа жол деп аталды


+



2. Венн диаграммасы Бұрын:

Қазақ хандығы мемлекет басшысы – хан; «Жеті жарғы» (7 бөлім);

13 жас

Қазір:

ҚР Мемлекет басшысы – Президент;

ҚР Конституциясының бар (9 бөлім, 98 бап);

18 жас

Өзіне тән тілі, діні, салт-дәстрі, аумағы


- 1.Мемлекеттің атауы.

- 2.Мемлекет басшысы қалай аталады?

- 3.Заңнамалар жинағы қалай аталады?

- 4.Заңнамалар жинағының ішкі құрылымы.

- 5.Заң шығарушы орган.


Ү. Үй тапсырмасы. 41-параграфты мазмұндау, үш би туралы мәлімет әкелу.


ҮІ. Бағалау-қорытындылау.

Тәрбилік мазмұнын ашу. Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес, соңында қалдырған өнегелі үлгісімен, өрнекті ізімен, кемелді ісімен өлшенеді. (Мұрат Иман Жапар).



1. карточка: 1. Бұқар хан Тәуекел хан тартып алған қандай

жерлерді қайтарып алуды армандады?

2. Бұқар хандығы мен қазақ хандығының арасындағы

талас- тартыс немен аяқталды?





2. карточка: 1. Тұрсын ханды моғолдардың қай ханы қолдады?

2. Марғасқа жыраудың өлеңін жатқа айт.





3. карточка: 1. Есім хан ел билеуде қай ханның заң ережелерін

ұтымды пайдалана білді?

2. Құрбанғали Халид Есім ханды қалай дәріптеген?





4. карточка: 1. Есім ханның ескі жолының қандай тарихи маңызы

болды?

2. Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Есім ханнан соң баласы Жәңгір 1628-1652 жылдары хан болды. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады. Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жері Орбұлаққа 1643 жылы баса көктеп кірді. Жәңгір көп қол жингға үлгермей 600 жауынгерімен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты. Осы шайқаста дұшпан әскері 10 мың адамынан айырылды.

    Жоңғар әскерлері  1680 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға  баса көктеп кіріп, бірнеше қазақ ұлыстарын талқандады, 9 қаланы басып алды. Олар: Сайрам, Ташкент, Шымкент т.б. Тәукенің хан болу қарсаңындағы елдің саяси жағдайы осындай ауыртпалықта еді.

 

 

 

 

2.Тәукенің хан тағына отыруы (1680-1715ж)

 

    Тәуке жас кезінен билікке араласқан. Тәуке көреген, саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. 

Общая информация

Номер материала: 400048

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"