Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Turbo Paskal программасы (8 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Turbo Paskal программасы (8 сынып)

библиотека
материалов


Пән аты: Информатика

Сынып: 7 «А», 7 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру;

Дамытушылығы: ақпараттық Программалау тілдері, Паскаль тілі, алфавиті туралы ақпарат беру. 

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Жаңа сабақты түсіндіру

3. Практикалық жұмыс

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма


Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль бағдарламау тілі, XVІІ ғасырда өмір сүрген француз ғалым- философы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр. Осы тілді құрастырушы Швейцариядағы жоғарғы политехникалық мектептің  инфроматикалық институтының профессоры  Никлаус Вирт болып табылады. Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.

Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.

Паскаль тілінің негізгі элементтері

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.

Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

Тілдің алфавиті

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.

Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

  • атаулар (идентификатор);

  • цифрлар;

  • айыру белгілері;

  • арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.

Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амал белгілері:

(+) – қосу; (-) –азайту;

(*) – көбейту; (/) – бөлу.

DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;

MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;

Логикалық амал белгілері:

AND – және (логикалық көбейту) операциясы;

OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;

NOT емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

XOR – арифметикалық немесе амалы;

SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;

SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;

Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.

Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте);(нүктелі үтір) ; ` (апостроф); (;); [;] ; {;}.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), < (кіші), >(үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).

Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.

Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.

Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал эллипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбалар жазылады.

Тілдің қарапайым объектілері

Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуын керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады.

1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real деп жазылады.

Мысалы: Бүтін сандар: +4, -100, 15743,0 т.б. Нақты сандар: 2.65, 0.5, -0.856, -6.0.

2. Атау – идентификатор (identification – объектің белгілі бір символдар тіркесін сәйкестігін бекіту) программаны және прграммадағы тұрақтыларды, типтерді айнымалаларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталанатын сандар мен әріптердің тізбегіне тұратын атау.Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т.б.

3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында бірден сандық мен берсек де немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркстік (integer, real, boolean, cha string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар – true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.

Мысалы: x = 25; y = -0.5; z = 4E15; g = 9.8; pi = 3.14 т.б.

4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта ір түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімнде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.










Практикалық жұмыс:

  1. Тапсырма

y=5x+2 өрнегінің мәнін есептеу бағдарламасын құру

program ornek;

var X:integer; Y:real;

begin readln (X);

Y:=5*X+2;

writeln (‘Y=’,Y:2:4);

readln end.


2-тапсырма.

Дененің массасы мен үдеуі бойынша күшті есептеу бағдарламасын құру. Есептеу формуласы F=m*a

program kysh; программа тақырыбы var M:integer; айнымалыларды сипаттау , типі бүтін F,A:real; типі нақты begin writeln(‘massa men ydey manderin engiz’); readln(M,A); айнымалыларды енгізу

F:=M*A ; меншіктеу writeln(‘kysh F=’,F:16:4); күшті шығару readln end.


3-тапсырма.

Ұлы Отан соғысы қай жылы болғанын анықтайтын бағдарлама құру.

program esep1;

var X:integer;

begin read(X);

if X=1941 then write(‘Ұлы Отан соғысы басталған’)

else write(‘дұрыс емес ’);

end.


Сергіту сәті: Интерактивті тақтада көрсетіледі.


Сабақты бекіту сұрақтары

  • Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?

  • Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?

  • Өрнек дегеніміз не?

  • Идентификатор дегеніміз не?




Үйге тапсырма: 50 беттегі түйінді жазып келу.

52 беттегі өзіңді тексерді үйден орындап келу.

















  1. Тапсырма

y=5x+2 өрнегінің мәнін есептеу бағдарламасын құру

program ornek;

var X:integer; Y:real;

begin readln (X);

Y:=5*X+2;

writeln (‘Y=’,Y:2:4);

readln end.


2-тапсырма.

Дененің массасы мен үдеуі бойынша күшті есептеу бағдарламасын құру. Есептеу формуласы F=m*a

program kysh; программа тақырыбы var M:integer; айнымалыларды сипаттау , типі бүтін F,A:real; типі нақты begin writeln(‘massa men ydey manderin engiz’); readln(M,A); айнымалыларды енгізу F:=M*A ; меншіктеу writeln(‘kysh F=’,F:16:4); күшті шығару readln end.


3-тапсырма.

Ұлы Отан соғысы қай жылы болғанын анықтайтын бағдарлама құру.

program esep1;

var X:integer;

begin read(X);

if X=1941 then write(‘Ұлы Отан соғысы басталған’)

else write(‘дұрыс емес ’);

end.


  1. Тапсырма

y =5x+2 өрнегінің мәнін есептеу бағдарламасын құру

program ornek;

var X:integer; Y:real;

begin readln (X);

Y:=5*X+2;

writeln (‘Y=’,Y:2:4);

readln end.


2-тапсырма.

Дененің массасы мен үдеуі бойынша күшті есептеу бағдарламасын құру. Есептеу формуласы F=m*a

program kysh; программа тақырыбы var M:integer; айнымалыларды сипаттау , типі бүтін F,A:real; типі нақты begin writeln(‘massa men ydey manderin engiz’); readln(M,A); айнымалыларды енгізу F:=M*A ; меншіктеу writeln(‘kysh F=’,F:16:4); күшті шығару readln end.


3-тапсырма.

Ұлы Отан соғысы қай жылы болғанын анықтайтын бағдарлама құру.

program esep1;

var X:integer;

begin read(X);

if X=1941 then write(‘Ұлы Отан соғысы басталған’)

else write(‘дұрыс емес ’);

end.



Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров178
Номер материала ДВ-566019
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх