Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Туристік өнімді өткізудегі жарнамалық іс-әрекетті ұйымдастырудың теориялық аспектілері

Туристік өнімді өткізудегі жарнамалық іс-әрекетті ұйымдастырудың теориялық аспектілері

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Туристік өнімді өткізудегі жарнамалық іс-әрекетті ұйымдастырудың теориялық аспектілері


Зерттеу жұмысының өзектілігі:Туристік өнім дегеніміз – саяхат барысында туристің қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы. Туристік өнім үш элементтен тұрады: тур, қосымша туристік экскурсиялық қызметтер және тауарлар. Осының ішінде қосымша туристік экскурсиялық қызметтердің құрамы келесідей болады:

  • тағайындалған орын;

  • транспорт;

  • орналастыру;

  • трансфер;

  • міндетті экскурсиялық және мәдени бағдарламалар.

Кез келген туризм саласында жұмыс жасайтын кәсіпкер ұсынатын қызметінің бағасын белгілеуі қажет. Бұл өте маңызды болып табылады.

Баға - нарық реттеушісі. Ол тауардың нақты түрін өндіруге мүмкіндік береді немесе ол порцесті тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осындай процестермен белгілі бір өнімнің өндірісіне тікелей немесе жанама әсер етеді.

Туризм саласындағы баға саясаты жалпы баға қалыптастыру жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Баға – ол тұтынушының демалысы үшін төлеуге қабілетті ақша сомасы болып табылады. Сондықтан да, менің ойымша, егер фирма өзінің өніміне тым жоғары баға қоятын болса, онда ол фирма өз клиенттерінен айырылуы мүмкін. Ал егер фирма өзінің өніміне тым төмен баға қоятын болса, өз табысынан айырылуы мүмкін. Табысынан айырылатын болса, онда өз өмір сүруін тоқтатуға мәжбүр болады.

Сондықтан да туризм саласындағы баға қалыптастыру бәсекелестік нарықтағы өте маңызды фактор болып табылады. Баға көптеген критерийлерге байланысты қалыптасады. Туризм саласындағы баға: турфирманың географиялық орны, транспорттық қызмет көрсету формасы, көрсетілетін қызметтердің маусымдылығы және т.б. факторларға байланысты қалыптасады.

Туризм саласында туристік өнімді өткізуде жарнамадан айналып кету мүмкін емес. Себебі туристік өнімді өткізудің өкп ауқымы осы жарнамамен өтеді. Дегенмен, соңғы кезде туристік өнімді өткізу турасында бірде бір зерттеулер жоқтың қасы.

Осы қайшылықтың шешімін табу оны қалыптастырудың арнайы іс- шараларын жасау қажеттігін айқындаған зерттеу жұмысымның проблемасын анықтап, зерттеу жұмысының тақырыбын «Туристік өнімді өткізу» деп алуға негіз болды.

Жарнама бізді айнала қоршап тұр. Кейде ол біздің ашуымызға тиеді, кейде күлкімізді келтіреді, тіпті алдарқатады, бірақ оны көргеннен кейін қашанда санамызда бір айқын, бірдеңеге ұмтылдыратын бейне туындайтыны сөзсіз. Өзінің ұзақ та күрделі эволюциясынан өткен жарнама адам іс-әрекетінің түрлі салаларында, әсіресе туризмде кеңінен қолданылады.

Ең алдымен, жарнама дегеніміз – эмоциялық реңдегі көркем бейнеленген қысқаша ақпарат. Қазіргі таңда жарнама адамның серігіне айналып, оған күн сайын ықпал етеді, адам қоғамының өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл рөл бұқаралық ақпарат құралдарының аясымен, нарықтық іс-әрекеттермен шектелмейді. Әсіресе экономика мен қоғамдық өмір салаларындағы жарнаманың маңызы жоғары. Сондай-ақ білім беру мен эстетикалық рөлін де айта кеткен жөн болар.

Жарнаманың экономикалық рөлі қоғамдық өндірістің өсімінің, капитал салымдар көлемі мен жұмысшы орындарының санының артуы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ жарнама бәсекелестікке төтеп беріп, тауар өткізу нарықтарын кеңейтіп, қаржылардың айналымдылығын тездетеді, сол арқылы қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырады. Жалпы алғанда жарнаманың маңызы қайта өндіру заңынан көрінеді. Ол заң бойынша, тауарлар мен қызметтерді тұтынылатын мөлшерінен тым артық өндіретін экономикадағы жарнама екі негізгі міндетті орындайды:

-таңдау баламалары туралы ақпарат береді;

-компанияларға тұтынушылардың ақшасы үшін жарысудың тиімді құралын ұсынады.

Сондай-ақ жарнаманың қоғамдық рөлі де өлшеусіз. Жарнаманың күн сайын миллиардтаған әлеуетті сатып алушыларға ықпалы әр елде және бүкіл әлемде халықтың түрлі топтарының белгілі бір ой-сана мен мінез-құлық стандарттарын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Жарнаманың білімдік рөлін айтпай кетуге болмайды. Әсіресе туризм саласындағы жарнама шығармашылық іс-әрекеттің әртүрлі салаларындағы білімнің таралуына септігін тигізіп, тұтынушыларға белгілі бір практикалық дағдыларды меңгертеді. Жарнама жаңа, соны, бұрын-соңды сыналмаған нәрселердің бейімделуін тездетіп, өнеркәсіптің техникалық үдерісін екпіндетіп, адамзаттың барлығына бірдей жақсы өмірді ұсынады. Қазіргі нарықтық экономикадағы жарнаманың міндеттері –тауарлар мен қызметтерді өндірістен халыққа дейін жеткізу, тұтынушылардың жекелеген топтарының тауарлар мен қызметтерді тұтынуға қызығушылықтарын ояту мақсатында олардың әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға сұранысты қалыптастыру. Соңында қосарымыз, жарнаманың ең маңызды міндеті –пайданы ұлғайту.

Туристік нарық шекаралары туризмнің жаңа бастамаларының және тиісінше жаңа клиенттердің пайда болуына қарай шегініс жасап, кеңейіп отырады. Нарық мүддесін көздейтін жарнама аудиторияға өзінің құндылықтарын бағыштай отырып, бұқараның санасын қалыптастыра отырып, тапсырыс берушілердің өмір сүру кодекстері мен өміршеңдік көзқарастарын насихаттайды.

Сонымен нарықтық қатынастар жағдайында туристік қызметтердің өз жарнамалық нарығы қалыптаса бастауда.

Туристік қызметтер жарнамасы ең қызықты және ең әсерлі болғандықтан, тек жақсы эмоцияларды ғана туындатады, ал туристік саланың кәсіпкерлері мен басшылары туристік индустрия мен оның басты тауары –туристік өнімнің ерекшеліктеріне байланысты кейбір қиындықтарға тап болуда, атап айтсақ:

жақсыз сипаты. Коммуникациялық сигнал әлеуетті клиентке нақты фирманың қызметкерінен емес, делдал арқылы жеткізіледі;

әсерлілігін өлшеу тұрғысынан белгісіздігі. Туристік өнімнің сатылуы көбінесе жарнамаға тікелей қатысы жоқ, көбінесе субъективті сипаттағы, ресімдеуге көнбейтін бірқатар факторларға байланысты;

кешенділігі. Туристік өнімді тұтынғаннан кейін демалушының есінде көптеген факторлар қалады, тіпті бөлме тазалаушының, даяшының, қарсылаған тараптың өкілінің жүріс-тұрысына дейін.

көзге түсерлігі мен нанымдылығы. Туристік қызметтер саласы туристік қызығушылықты тудырған нысан туралы толық көрініс алу үшін көрнекі құралдардың қолданылуын талап етеді.

сезілмейтін және материалдық емес сипаты. Сатушы туристік нысанның артықшылықтарын ауызша ғана суреттеп бере алады, ал олардың шын мәніндегі көрінісін сатып алушы қызметке ие болғаннан кейін көреді, ал қызметтерге сатып алушы тек орындалғаннан кейін баға береді.

Осы ерекшеліктердің барлығы–клиенттердің көңілдері қайтып, күмән пайда болмас үшін туристік өнім мен туристік фирманың тиімді жарнамасын қалай ұйымдастыруға болады деген негізгі мәселені анықтап береді.

Осы жұмыстың мақсаты –қазіргі жағдайлардағы жарнамалық іс-әрекеттің маңыздылығын, оның «West travel» туристік фирмасындағы рөлі мен жетілу жолдарын көрсету.

Осы мақсатқа сай жұмыстың келесідей міндеттері бар:

- туризм индустриясындағы жарнаманың ерекшеліктерін зерттеу;

- «West travel» туристік фирмасының жалпы сипаттамасын және оны басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау;

-туристік фирманың іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштерін талдау;

- жарнамалық іс-әрекет пен оның туризмдегі рөлін зерделеу;

-жарнамалық тұжырымдаманы және оның «West travel» туристік фирмасындағы тиімділігін жетілдіру.

Зерттеудің мақсаты: Туристік өнімді өткізу және оны туристік фирмаларда қолдану шараларын іздеу. Бұл зертеу жұмысын облыстың туристік фирмаларында туристік өнімді өткізуге негіздеу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Жаңа туристік өнімді даярлау және өткізу туралы ақпарат жинақтау;

  2. Туристік өнімді өндіру мен өткізуді жасақтаудағы Интернет – технологиялардың мүмкіндіктерін зерттеу;

  3. Туризм саласындағы жарнама қызметтерінің арнайы сипаттамасын айқындау;

  4. Туристік өнімді өткізуде бренд жасақтау жолдарын қарастыру;

  5. West travel” туристік фирмасындағы туристік өнімді жасау мен өткізу құрылымдық сипаттарына талдау жасау.

Зерттеудің пәні: туризм маркетингі

Зерттеудің нысаны: «West travel» туристік фирмасы

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер «West travel» туристік фирмасында туристік өнімді өткізу шаралары ғылыми тұрғыда негізделіп, практикалық түрде іске асырылса, онда туристік агенттіктерге қойылып отырған жаңа талаптарға жауап береді, өйткені бұл зерттеу жұмысы оның құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу жұмысында алдыға қойылған міндеттерді шешу және болжамды тексеру үшін әдістер кешені қолданылды. Теориялық деңгейде талдау, синтездеу, жіктеу, жүйелеу, үлгілеу, тәжірибені қорыту әдістері; зерттеу нәтижелерін қорыту барысында математикалық-статистикалық әдістер пайдаланылды.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Туризм туралы заңы, ҚР Туристік қызмет туралы заңы, ҚР Президентінің туризмді 2020 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасы, зерттеу проблемасына қатысты ғалымдардың, зерттеушілердің, менеджерлердің еңбектері, оқу-әдістемелік кешендер.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:  туристік фирмаларда туристік өнімді өткізуді жетілдіру негіздері мен әдіснамасы.

Зерттеудің болжамы: туристік фирмаларда туристік өнімді өткізуде интернетті пайдалану және бренд қалыптастыру арқылы жақсы пайда табу.

Зерттеудің  практикалық маңыздылығы:

  • Туристік өнім туралы ақпарат алу үшін ;

  • Туристік фирмаларда туристік өнімді өткізуде қолдану ерекшеліктерін анықтау үшін ;

Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.



6


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров251
Номер материала ДВ-283337
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх