Инфоурок Другое КонспектыТуристік жорықтар өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Туристік жорықтар өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Скачать материал

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Жас туристер станциясының

қосымша білім беру педагогы

Изгалиева Динара Рафаиловна

 

 

 

Оқушылармен туристік жорықтар өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

 

   Қауіпсіздік ережелерін сақтау –туристік топ мүшелеріне қойылатын басты талап. Апатты жағдайда және жарақат алуды болдырмау үшін туристік жорықтың әрбір мүшесі төмендегідей талаптарды орындауға міндетті.

 Туристік жорықтар кезіндегі апатты және жарақат жағдайларында міндетті түрде төмендегі ережелерді орындау керек:

 Жорыққа әзірлік кезінде:

Туризм  техникасының сақтандыру әдіс және  жалпы шынығу дайындығы сабақтары мен жаттығуларына үнемі қатысуы, жол қозғалысы ережелерін, автомобиль және теміржол көліктерімен өту ережелерін оқып, қатаң сақтап отыру;

 Белгіленген маршрутты жан-жақты зерттеп, дәрігерлік байқаудан өтіп және жорыққа қатысуға дәрігерден рұқсат алу;

 -жорық үшін жеке және топтық құрал жабдықтарды мұқият әзірлеу;

Топ жетекшісінің  өкімін қолдау, маршруттың апатсыз өтуіне мүмкіндік туғызып тапсырмаларды шын көңілмен  орындау, болмашы жағдайдың өзінде де басшыға  баяндап отыру; топ қатарын тастап кетпей, қалып қоймай, қалып қойғандар туралы тез арада басшыға хабарлау; лагерьдің аумағын басшының рұқсатынсыз тастап кетпеу; белгісіз саңырауқұлақтарды, жеміс-жидектерді, су ішу тіртібін қатаң  сақтау; басшының рұқсатынсыз алау жақпайды, отты  өшірмей қалдырмайды, жанып тұрған шырпыны лақтырмау; ағаштарды, бұталарды шабуға жол бермеу, ағаш бұталарды шабу үшін лагерь  аумағында әдейі алаң жасау; сақтану және өзін-өзі сақтандыру ережелерін қатаң мұқият орындау; апат болған жағдайда жоғары моральдық рухты  салты қандылықты, сенімділікті сақтап, тез әрекет жасау, басшының бұйрығын орындау; жарылу қауіпі бар заттар табылған жағдайда, оған тимеу, басшыға хабарлау, қауіпті жерді қоршау;

Улы жәндіктердің шағуынан, күн өтуден, тамақтан уланудан, үсуден сақтандыру.

   Әдетте улы жәндіктер адамға өздері тиіспейді, бірінші шабуыл жасамайды. Шағып алу олардың қалыпты өмірін, тіршілігінің адамдардың бұзуының, ұялары мен мекендердің бүлдірудің, оларды ұстап алуға тырысудың т.б. нәтижесі болып табылады. Сондықтан шағып алудан сақтанудың негізгі шараларының бірі-улы жәндіктердің тіршілік жағдайы мен ортасын шамалап болса да білу. Өрмекші тәрізділердің шағуынан сақтану үшін жатар алдында шатырлармен қаптарды ұқыпты түрде қарап шығып, шатыр мен оның аузындағы барлық тесіктерді бітеп, киім мен аяқ киімдерді киер алдында қарап шығып, сілку қажет.

   Жыландар күндіз әдетте ескі ағаш түптерінде, шөп арасында, ағаш діндері мен тастар астында жасырынып жататындықтан, тексеру кезінде тайақты пайдалану қажет. Қалған карьерлер, тас үйінділері, құлаған үйшіктер ерекше сақтықты қажет етеді, өйткені оларды жыландар жиі ұялайды. Ұялы жыландар болатын аудандарда турист тығыз шалбар, биік аяқ киім (батпақты жерлерде резина етігін, тауларда тері аяқ киімдерді) алып жүру тиіс. Жорықтар алдында жыландардың түсін, т.б. ерекшеліктерін улы жыландарды шақпайтындарынан ажырату  үшін біліп  алу қажет.

 

 

      

   Туристік жорықтар кезінде күн өту нәтижесінде, жаздың басында, таулы аудандарда көктемде  ультракүлгін  сәулелердің күшеюі кезінде тері күю қаупі бар. Күн арқылы терінің  күюі кезінде  қызарған жерлерді ешкі сүтімен, одеколонмен және спиртпен  сүртеді. Көпіршіктер  пайда болған жағдайда кәдімгі термикалық күйік кездеріндегідей  шаралар қолданылады. Күннен күюден сақтану үшін жеңді, көйлек , екі жаны мен артына 2 қабат дәке тігілген жазғы шапка, күшті күн сәулесі кезінде көз үшін ойықтары бар дәке маскасын, жұқа, ашық түсті мақта матадан тігілген қолғаптар кию керек.

Жорықтарда сондай-ақ улану және ішек инфекциясы болуы мүмкін.

 Бұндайда құсқысы келіп, іші аурады, температура көтеріледі. Егер бұл 3 күн ішінде басылмасы энтеросептол  (2 таблеткадан күніне 4 рет)  қабылдайды. Іштің төменгі оң жағы қатты ауырса (аппендицит) ол жерге суық басып, ешқандай дәрі, сүйықтық, тамақ бермей жатқызып ең жақын медициналық пунктке жеткізу қажет.

 

Өртке қарсы қауіпсіздік және алау жанындағы

сақтық шаралары.

    Кім, бір кезде жорықта болса, сол дамылдау кезінде туристік костер алдында өткізген сағаттарды ешкашан ұмытпайды. Костер ұшқын шашып көңілді шырт алдайды, өзеннен салқын леп, судың шылпылы, күлкі естіледі. Қаранғы түседі, жаңадан бір қолтық қурай лап етеді де отырғандарды костер жарығымен бір минут шарпып жібереді тағы да қаранғылық. Костер алдында отырған қандай жақсы.

  Бірақта, алау жағу кезінде ең алдымен қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Басшының рұқсатынсыз алау жақпайды, отты өшірмей қалдырмайды, жанып тұрған шырпыны  лақтырмайды, ағаштарды, бұталарды шабуға жол бермейді, ағаш бұталарды шабу үшін лагерь аумағында әдейі алаң жасайды. Алаңның ортасына қастерді орналастырып, айналасы қазылады, ұшқын шашып өрт болмауы үшін аулақтау жерге су шашылады. Күрек, шелек т.б. керекті құралдарды дайындап қою керек.

  Жанып тұрған немесе отқа тамақ қойған кезде 100-150 м жердей аулақта ойнау керек. Оттан тамақ алар  кезде арнайы ілмек құралдарымен, ұзын сырық ағашпен алшақтау тұрып немесе арнайы қолға қолғап киіп алу керек. Отта тұрған суды қайнағанын,  қайнамағаның білу үшін саусағымызды тығып қарауға қатаң  тиым  салынады. Сөнуге қалған алауды үрлеуге болмайды себебі от лап етіп жанып бетімізді күйдіріп алуымыз мүмкін.

Суға шомылу кездегі қауіпсіздік.

  Су адам өмірінің қызметіне дәл қажетті компонент. Туристік жорықтар, экспедицияда, саяхатта суға шомылу ең қызықты да және ең қауіпті. Жауапты  басшыдан бұған айрықша көңіл бөлуді талап етеді. Жорықта, экспедицияда, саяхатты шомылу тек гигиеналық мақсаттарда ғана жүргізіледі.

-         Елді мекендерде немесе оған жақын жерде суға түсу қоршалған жағдайда, кезекшілік және құтқару орындары бар жағажайларда  өткізеді.

-         Егер арнаулы жабдықталған жағажай болмаған жағдайда, шомылатын жер қанализация суы құйылатын басқа да лас су көздері жоқ жерлер болуы керек.

-         Қайықтары бар туристер болған жағдайда топтағы шомылу кезінде суға түсуге арналған жерде күзет жүргізілуі тиіс.

-         Шомылу басшының рұқсатымен жүргізілуі тиіс.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Туристік жорықтар өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 036 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 15891
    • DOCX 90.9 кбайт
    • 205 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Изгалиева Динара Рафаиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Изгалиева Динара Рафаиловна
    Изгалиева Динара Рафаиловна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43544
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой