Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Презентации / Творческо-исследовательская работа: Сакура

Творческо-исследовательская работа: Сакура

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Технология

Название документа #U0417#U0435#U0440#U0442#U0435#U0443 #U0436#U04b1#U043c#U044b#U0441.ppt

Шығармашылық зерттеу жұмысы Тақырыбы: «Сакура ағашы» Орындаған:Сарман А Қабыл...
Мақсаты Ғаламтордан көптеген бисерден жасалған ағаш түрлерін көріп тамсанаты...
Бонсай Бонсай-бұл карлик ағашын өсіру өнері.Бойы бірқарыс ағаштар бөлмеге ер...
 Бонсай түрлері Теккан Хокидати
 Бонсай түрлері Сокан Неагари
 Бонсай түрлері Сожу Хан-кенгай
Сакура  Сакура – ағашы – Жапон халқының символы болып саналады. Сакура мамыр...
Жапониядағы әрбiр мекеме, ұжым ағаш саясына жайғасып, арнайы әзiрленген тағам...
Сакура туралы аңыз Сакура туралы мынандай аңыз да бар. Сакура атты қария Хот...
 Сакура ағашының гүлдеуі
 Сакура ағашының гүлдеуі
САКУРА – МЫЗҒЫМАС ДОСТЫҚ БЕЛГІСІ Жапон елі мен қазақ халқының достық қарым-қа...
МЫҢ ЖАРЫМ ЖЫЛДЫҚ САКУРА Жуандығы 10 метр болатын кәрі ағаш Орталық Жапониядағ...
Моншақтың тарихы Біздің ағашымыз моншақтан жасалғандықтан моншақ тарихына то...
Моншақтың сонау ерте замандарда қолданыста болғандығын қазба жұмыстары нәтиже...
Жаңа сөздер: Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік. Стекулярус -...
Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабты...
Әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл...
 Бисердің түрлері
Бисерден жасалынған бұйымдар
 Бисерден жасалған ағаштар
Қауіпсіздік ережелер 1. Сымды, бисерді, моншақты ауызға салуға болмайды 2.Сы...
Технологиялық карта Қажетті заттар : Акрил бояулары, қайшы, сым, моншақтар,...
 Жапырақ жасау технологиясы Қарама-қарсы тоқу /параллельді тоқу/
 Гүл жасау схемасы
 Жұмыс барысында
Төменде көрсетілгендей бірнеше жапырақ, гүл жасаймыз.
 Ағашты жинау және бояу
 Жұмыс нәтижесі
 Назар аударғандарыңызға рахмет
1 из 30

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Шығармашылық зерттеу жұмысы Тақырыбы: «Сакура ағашы» Орындаған:Сарман А Қабыл
Описание слайда:

Шығармашылық зерттеу жұмысы Тақырыбы: «Сакура ағашы» Орындаған:Сарман А Қабылдаған:Алимбекова Ж.У

№ слайда 2 Мақсаты Ғаламтордан көптеген бисерден жасалған ағаш түрлерін көріп тамсанаты
Описание слайда:

Мақсаты Ғаламтордан көптеген бисерден жасалған ағаш түрлерін көріп тамсанатын едім. Бірақ оны жасау үшін көп уақыт қажет және көзге зиян келтіреді. Сондықтан ұстазым Жанар Усербаевна екеуміз ақылдасып моншақтан гүлдеген бонсай ағашын жасауға белбудық .

№ слайда 3 Бонсай Бонсай-бұл карлик ағашын өсіру өнері.Бойы бірқарыс ағаштар бөлмеге ер
Описание слайда:

Бонсай Бонсай-бұл карлик ағашын өсіру өнері.Бойы бірқарыс ағаштар бөлмеге ерекше сән береді.Бұл өнер мың жыл алдын өзінің даму үрдісін Қытайдан бастап Жапонияға келгенде өрістетті. Бонсай өнері жапондықтардың табиғатқа деген ерекше сүйіспеншілігін білдіреді.

№ слайда 4  Бонсай түрлері Теккан Хокидати
Описание слайда:

Бонсай түрлері Теккан Хокидати

№ слайда 5  Бонсай түрлері Сокан Неагари
Описание слайда:

Бонсай түрлері Сокан Неагари

№ слайда 6  Бонсай түрлері Сожу Хан-кенгай
Описание слайда:

Бонсай түрлері Сожу Хан-кенгай

№ слайда 7 Сакура  Сакура – ағашы – Жапон халқының символы болып саналады. Сакура мамыр
Описание слайда:

Сакура  Сакура – ағашы – Жапон халқының символы болып саналады. Сакура мамыр қарсаңында гүлдеп шыға келді. Ол “ханами” деген дәстүрге айналыпты. Бұл сөздің мағынасы мынадай екен «хана»- гүлге, ми – қарау. сакураның гүлдеуі – жапондар үшін жаңарудың туы мен ұраны іспетті. Бізде жаңару айы Наурыз саналса, жапондарда ол сәуір айына тұспа - тұс келеді.

№ слайда 8 Жапониядағы әрбiр мекеме, ұжым ағаш саясына жайғасып, арнайы әзiрленген тағам
Описание слайда:

Жапониядағы әрбiр мекеме, ұжым ағаш саясына жайғасып, арнайы әзiрленген тағамдардан дәм татып, сакэ деп аталатын сусынды iшедi. Балаларға сакура гүлінің пішініндей мочи сияқты тәтті тоқаштар, кәмпиттер үлестіріледі. Бүлдіршіндер сакура туралы өлеңдер айтып, би билейді. Туысқандар бір-бірін сакурачяға (сакура шайына) шақырып, сакурагаю деп аталатын тағам әзірлейді.

№ слайда 9 Сакура туралы аңыз Сакура туралы мынандай аңыз да бар. Сакура атты қария Хот
Описание слайда:

Сакура туралы аңыз Сакура туралы мынандай аңыз да бар. Сакура атты қария Хотта деген байдың қаталдығы туралы Сегун өлкесінің басшысына шағым айтып келеді. Бірақ басшы жалаң сөзге сенбейді. Сол кезде Сакура балаларын шақыртып, әлгі байдың қамшымен тіліп тастаған арқасын көрсетеді. Сегун болса қатыгез Хоттаның сазайын береді, бірақ ыза - кегін ішіне бүгіп қалған ол кейін Сакураны балаларымен бірге қолына түсіріп, шие ағашының діңгегіне байлап, таяқтың астына алады. Қашан көз жұмғанша... Міне, содан бері, дейді жапон аңызы, Сакура мен бейкүнә балалардың қаны бойына сіңіп қалған шие ағаштары қызғылтым түсті бояуға малынып гүлдей бастайды. 

№ слайда 10  Сакура ағашының гүлдеуі
Описание слайда:

Сакура ағашының гүлдеуі

№ слайда 11  Сакура ағашының гүлдеуі
Описание слайда:

Сакура ағашының гүлдеуі

№ слайда 12 САКУРА – МЫЗҒЫМАС ДОСТЫҚ БЕЛГІСІ Жапон елі мен қазақ халқының достық қарым-қа
Описание слайда:

САКУРА – МЫЗҒЫМАС ДОСТЫҚ БЕЛГІСІ Жапон елі мен қазақ халқының достық қарым-қатынасында сакураның өз орны бар. 2009 жылдан бері Күншығыс елі Алматы мен Астанаға 577 түп сакураны сыйға тартыпты. Осыдан үш жыл бұрын Жапонияның ұлттық символы саналатын 186 түп жапон ағашы елордаға жіберілді. 2011 жылы тігілген 100 сакура Ақорда аумағы мен Президент бағына ажар қосты.

№ слайда 13 МЫҢ ЖАРЫМ ЖЫЛДЫҚ САКУРА Жуандығы 10 метр болатын кәрі ағаш Орталық Жапониядағ
Описание слайда:

МЫҢ ЖАРЫМ ЖЫЛДЫҚ САКУРА Жуандығы 10 метр болатын кәрі ағаш Орталық Жапониядағы Гифу префектурасының Мотосу шаһарында 1500 жылдан бері жұпар шашып тұр. Кәрі ағашқа қамқорлығын қашанда аямайтын жапондар 1949 жылы бұтақтары жерге салбырап, құлау алдында тұрған ағаштың тамырына жабайы жас сакураның тамырын қосқан.

№ слайда 14 Моншақтың тарихы Біздің ағашымыз моншақтан жасалғандықтан моншақ тарихына то
Описание слайда:

Моншақтың тарихы Біздің ағашымыз моншақтан жасалғандықтан моншақ тарихына тоқтала кетейік Моншақ сөзі екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған. Сөздің алғашқы буыны “мон” көне түрік тіліндегі бойун (бойын), “Мойын” – дене мүшесінің атауы екендігі аңғарылады. Ал сөздің екінші сыңары көне түрік тілінде “Чағ”, “Чек” мағынасындағы сөздер қазіргі ұғымымызда байлау етістігі орнына жұмсалған, яғни Моншақ сөзінің мағынасы “мойынға байлау” екендігі сөзсіз..

№ слайда 15 Моншақтың сонау ерте замандарда қолданыста болғандығын қазба жұмыстары нәтиже
Описание слайда:

Моншақтың сонау ерте замандарда қолданыста болғандығын қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әшекей бұйымдары дәлелдейді. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан, Ежелгі Египетте шыныдан, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда, т.б. жерлерде шыныдан, асыл тастардан жасалды

№ слайда 16 Жаңа сөздер: Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік. Стекулярус -
Описание слайда:

Жаңа сөздер: Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік. Стекулярус - ұзындығы 3мм түтікше тәріздес сумоншақтың түрі. Фурнитура - қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, композиция) Композиция - бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру

№ слайда 17 Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабты
Описание слайда:

Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты .

№ слайда 18 Әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл
Описание слайда:

Әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнарсе таппаған олар кемедегі силитраның (натрий қосындылары) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан силитра еріп өзен құмына араласып сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайма әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

№ слайда 19  Бисердің түрлері
Описание слайда:

Бисердің түрлері

№ слайда 20 Бисерден жасалынған бұйымдар
Описание слайда:

Бисерден жасалынған бұйымдар

№ слайда 21  Бисерден жасалған ағаштар
Описание слайда:

Бисерден жасалған ағаштар

№ слайда 22 Қауіпсіздік ережелер 1. Сымды, бисерді, моншақты ауызға салуға болмайды 2.Сы
Описание слайда:

Қауіпсіздік ережелер 1. Сымды, бисерді, моншақты ауызға салуға болмайды 2.Сымды қайшымен қию қажет. 3.Сымды көзге жақындатпау қажет. 4.Қайшыны келесі адамға жүзін кері қаратып ұсынады

№ слайда 23 Технологиялық карта Қажетті заттар : Акрил бояулары, қайшы, сым, моншақтар,
Описание слайда:

Технологиялық карта Қажетті заттар : Акрил бояулары, қайшы, сым, моншақтар, созылмалы мата /бұтақты орауға/,лейкопластырь.

№ слайда 24  Жапырақ жасау технологиясы Қарама-қарсы тоқу /параллельді тоқу/
Описание слайда:

Жапырақ жасау технологиясы Қарама-қарсы тоқу /параллельді тоқу/

№ слайда 25  Гүл жасау схемасы
Описание слайда:

Гүл жасау схемасы

№ слайда 26  Жұмыс барысында
Описание слайда:

Жұмыс барысында

№ слайда 27 Төменде көрсетілгендей бірнеше жапырақ, гүл жасаймыз.
Описание слайда:

Төменде көрсетілгендей бірнеше жапырақ, гүл жасаймыз.

№ слайда 28  Ағашты жинау және бояу
Описание слайда:

Ағашты жинау және бояу

№ слайда 29  Жұмыс нәтижесі
Описание слайда:

Жұмыс нәтижесі

№ слайда 30  Назар аударғандарыңызға рахмет
Описание слайда:

Назар аударғандарыңызға рахмет

Название документа #U0437#U0435#U0440#U0442#U0442#U0435#U0443 #U0436#U04b1#U043c#U044b#U0441 #U0441#U0430#U043a#U0443#U0440#U0430.doc

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасы

Оңтүстік Қазақстан Облысы

Шардара қаласы

М.Горький атындағы жалпы орта мектебі






Шығармашылық-зерттеу жұмысы


Тақырыбы: Сакура


















Орындаған 6 Ә сынып оқушысы

Сарманова Алина


Жетекшісі: М.Горький атындағы

Жалпы орта мектебінің технология

Пәні мұғалімі

Алимбекова Ж.У.


Пікір беруші: М.Горький атындағы

Жалпы орта мектебінің технология

Пәні мұғалімі Портнова Л.Т.




Абстаркт




Сарманова Алинаның шығармашылық-зерттеу жұмысы қол шеберлігін ерекше көрсеткен. Әсем бұйым жасай отырып жапон халқының табиғатқа деген махаббатын, көзқарасын ерекше көрсеткен.Зерттеу жүргізе отырып бонсай техникасында моншақтан әсем сакура ағашын қолдан жасаған.


Шығармашылық-зерттеу жұмысы төменгі бөліктерден тұрады:

1/Кіріспе бөлім

2/Негізгі бөлім

а/бонсай ағашы

б/сакура ағашы

в/моншақтың шығу тарихы

3/Сарамандық бөлім

4/Қорытынды
























1





Абстракт



Данная творческо-исследовательская работа выполненная Сармановой Алиной затрагивает тему исследования культуры страны Восходящего Солнца т.е. Японии.

Трогательное отношение японцев к природе. Наряду с исследованием ученица изготовила из бусин дерево сакура в технике бонсай.


Творческо-исследовательская работа состоит из нижеследующих частей:

1/Введение

2/Основная часть

а/сведения о бонсай

б/ сведения о сакуре

в/история происхождения бусин

3/ Практическая часть

4/Заключительная часть

5/ Использованная литература






















2





Abstrakt









































3


Аннотация


1/Шығармашылық-зерттеу жұмысының мақсаты:

Сакура ағашымен тереңірек танысып, әсемдікке тәрбие беру, моншақтан қол бұйымдарын жасауды үйрету.


2/Зерттеу гипотезасы:



3/Зерттеу кезендері:


4/Эксперимент әдістемесі:



Технология пәні мұғалімі: Портнова Л.Т.





























4


Мазмұны:


1/Абстракт-----------------------------------------------


2/Кіріспе бөлім:-------------------------------------------5-7 бет


3/Негізгі бөлім:-------------------------------------------8


1Бонсай ағашы.---------------------------------------8-11


2Сакура ағашы.---------------------------------------12-


3Моншақтың шығу тарихы------------------------


4/ Сарамандық бөлім:-----------------------------------


5/Қорытынды бөлім:------------------------------------


6/ Пайдаланылған әдебиеттер-------------------------



























Кіріспе бөлім

Бағыты: технология, биология, тарих


Зерттеу өзектілігі: Қолдан әсем заттар жасап үйрену.


Зерттеу объектісі: моншақтан жасалған сакура, бонсай ағашы,


Зерттеу болжамы: қолөнер бұйымдары, бөлмеге сән беретін


Зерттеу мақсатым:

-жапон елінің мәдениетін зерттеу,

-сакура, бонсай атты ағаштардың жапондықтардың ерекше құрметтеуін терең меңгеру,

- бөлмеге сән беретін сакура ағашын моншақтан жасау.


Зерттеу міндеттерім:

-жапон халқының мәдениетіндегі бонсай, сакура тарихымен танысу;

-моншақтың шығу тарихымен танысу;

-моншақтан сакура ағашын жасау.



Біз өз мәдениетіміздіңқұндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің

Қазақстан халқына жолдауынан.



Адазат әрқашанда әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған. Ата-бабаларымыз ұрпаққа мәдени мұра етіп көптеген қолөнер түрлерін қалдырған. Атадан балаға, баладан немереге мәдени құндылықтар берілген. Қоршаған ортаны ою-өрнекпен әсемдеп, өздерін сұлулыққа, әсемдікке бөлеген. Ата-бабаларымыздың мұрасы ұмытылып кетпес үшін келесі ұрпаққа жету үшін технология сабағында көптеген қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарымен, тарихымен танысамыз.Ол- кілем, кесте, гобелен , бізбен, ілмекпен тоқу, ою-өрнек әлемімен танысу, қлттқ киім-кешек тігу т.б.

Сонымен қатар біз алғада ұмтылуымыз керек, жаңашыл технологиялармен танысып, жаңа тәсілде қолөнер бұйымдарын жасау. Мысалы, квиллинг, коллаж, жапсырмалау, моншақтан, бисерден бұйымдар жасау т. б.

Сакура деген тақырыпта мен өз зерттеуімді жүргізе отырып,бүгінде жапонның ұлы ақыны Мацуо Башио: «Табиғатпен үйлесiм тауып, жылдың

5

төрт мезгiлiнен сұлулықты көре бiлген адамға ғана рухани кемелдiк пен жан

көркемдiгi тән», – деп жазса, осыдан үлгi алған жапон халқының туған жерiн қастерлеп, қоршаған ортаны мейлiнше қамқорлыққа алатыны аңызға айналған. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Жұмысысымды жасай отырып Жапон елінің көптеген жақсы қасиеттерімен, қолөнер бұйымдарымен, тарихымен таныстым. Жапон халқының маған ұнаған қасиеттері, ол өз салт-дәстүрлерін құрметтеу, үлкендерді сыйлау, табиғатты, қоршаған ортаны аялау, сонымен қатар жапондықтар техника даму жағынан алда келе жатқан мемлекеттердің бірі.

«Адам табиғаттың әміршісі емес, оның бір бөлшегі. Сондықтан қоршаған ортаға құрметпен қарап, өсімдік атаулыны аялау керек» деген жапон танымындағы ұғымды ұлт болмысының әр қыры көрсетіп тұр. Жапон табиғатты ерекше қастер тұтатыны байқалады. Император әулетінің де символы – ежелден қасиетті саналатын хризантема гүлі. Өсімдіктер әлемін киелі санау бағзыдан бастау алып, бүгінгі заманға дейін жалғасын тапқан.

«Гүлдiң ұлысы – Сакура, жiгiттің төресi – самурай» деген мақал бар. «Сакураның тарихы – самурайдың тарихы» деген нақылдың да мәнi ерекше.

.Жапония – жер бетіндегі табиғаты бұзылмаған күйі сақталған санаулы елдің бірі. Жерінің 70 пайызы таза орманды алқап саналады. Қазакстанның ұлан байтақ жерін сол деңгейге жеткізсе,елімнің табиғаты одан сайын әсемденіп көркейер еді.Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.

Бұл орайда жерлес ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаев: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз.

Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс.

6

Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы -түрлі заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Ұлттық парктер, қорықтар санын молайту. Әрі «Қызыл кітапқа» енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру.Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады.





















7


Негізгі бөлім


3.1 Бонсай ағашы


Бонсай стилі Тан династиясының дәурінде Қытай елінде пайда болған. Бонсай сөзі қытай тілінен аударғанда /тостағанда өсірген/ деген мағынаны білдіреді

Ертеден қалған аңыз бойынша, бір император өз империясының кішкентай макетін ағаштар, таулар, өзендер, қалаларымен жасауға бүйырады. Сол себептен кішкентай ағаштар өсіріледі.

Бұл өнер Жапон еліне VI ғасырда будда монахтарымен әкелінген екен.Бойы кішкентай ағаштармен монахтар шіркеулерді, үйлерін сәндеген. Буддистердің ойынша бонсай өсірген адам құдайға теңеледі деген сенім болған.

Бүгінгі күнде кәдімгі қарапайым ағаштардың тамырын, бүтақтарын қырқу арқылы бонсай өсіріледі.

Бонсайдың бірінші көрмесі Токио қаласында 1914 жылы өткізілген.XXI ғасырда бонсай туралы 1200 астам кітап 26 тілде жазылған.




  Бонсай – бұл өнер, ағаштың гүл өсетін құмырада өсуі. Бұл Хэйан өнері өзінің даму үрдісін Қытайдан Жапонияға келгенде өрістетті. 

 Оның жас сабақтарын кеседі, жапырақтарын сыммен орайды, содан соң кеседі. Сондай-ақ, ағаштың тамырларын кесіп, топырақтарын ауыстырады.
Бонсай өсімдігінің уақыт тіршілігі ағаштың тұқымына және күтімге байланысты. Кейбір ағаштар он, жиырма, отыз, тіпті

жылдар тіршілік етуі мүмкін. Бірақ арасында бірнеше жүз жылдықтар тіршілік ететін түрлері де бар.
Бұл өнердің ерекшелігі – табиғаттың бір бөлігін үйде сақтап, онымен рахаттану. Міне бонсайдың басты күші, ерекшелігі осында.            
 Бірнеше он жылдықтар бұрын, бонсай – кәрі адамдардың айналысатын өнер түрі болған, ал қазір барлығы бонсаймен айналысуды ұнатады. Оның ішінде жастар, егде адамдар, ер мен әйел адамдар да бар.

Бонсайдың бірнеше түрлері болады /1,2,3 суреттер/




8






3.2 Сакура ағашы

Сакура – ағашы – Жапон халқының символы болып саналады. Сакура мамыр қарсаңында гүлдеп шыға келеді. Жапон елінде де сакура гүлдегенде тіпті үкімет үйіндегілер де орталық бақтарына барып, халықпен бірге жаңадан жапырақ жайған гүлдерді сүйсіне тамашалайды екен. Ол “ханами” деген дәстүрге айналыпты. Бұл сөздің мағынасы мынадай екен «хана»- гүлге, ми – қарау. Арнайы мереке ретінде аталып өтілетін бұл іс - шараға құрметті қонақ ретінде шетел дипломаттары мен журналистер де шақырылады - мыс. Өйткені, сакураның гүлдеуі – жапондар үшін жаңарудың туы мен ұраны іспетті. Бізде жаңару айы Наурыз саналса, жапондарда ол сәуір айына тұспа - тұс келеді. Сондықтан жапондықтардың барлығы, мейлі ол мемлекеттік қызметші болсын, мейлі кәсіпкер болсын, мейлі қарапайым жұмысшы отбасы болсын осы аймен бірге табалдырықтарынан бақыттың аттауын тілейді.

Сакура туралы мынандай аңыз да бар дейді. Сакура атты қария Хотта деген байдың қаталдығы туралы Сегун өлкесінің басшысына шағым айтып келеді. Бірақ басшы жалаң сөзге сенбейді. Сол кезде Сакура балаларын шақыртып, әлгі байдың ұрдажықтары дырау қамшымен тіліп - тіліп тастаған арқасын көрсетеді. Сегун болса қатыгез Хоттаның сазайын береді, бірақ ыза - кегін ішіне бүгіп қалған ол кейін Сакураны балаларымен бірге қолына түсіріп, шие ағашының діңгегіне байлап, таяқтың астына алады. Қашан көз жұмғанша... Міне, содан бері, дейді жапон аңызы, Сакура мен бейкүнә балалардың қаны бойына сіңіп қалған шие ағаштары қызғылтым түсті бояуға малынып гүлдей бастайды . /4-5 суреттер/


Сакураның гүлдеу кезеңін тамашалауға тіпті саяхатшылар да келген. Әдетте ағаш наурыз айының соңында гүлдей бастап, шамамен екі апта бойы гүлдеп тұрады екен. Жапондықтар сакураның гүлі неғұрлым көп болады, соғұрлым мол бақыт әкелетініне сенеді.








 

9

САКУРА ГҮЛДЕГЕНДЕ…

Күншығыс елі – Жапонияда наурыз айының басынан мамырдың ортасына дейін гүлдейтін сакура қасиетті ағаш саналады. Сакура ең алдымен елдің оңтүстік префектураларында бүр жарады. Содан соң, Хоншю аралында гүлдейді. Мамырдың басында солтүстік аймақтардың тұрғындары сакураның гүлдегенін көреді.

Сакура гүлдеген соң үш-төрт күн өткенде күлтелері түсіп қалады. Сондықтан жапондар бұл ағаштың гүлдеуін айлар бойы күтіп, манкай (күлтелерін толық ашқан кез) уақытында барынша мерекелеп қалуға тырысады. Бұл кезде Жапониядағы әрбiр мекеме, ұжым ағаш саясына жайғасып, арнайы әзiрленген тағамдардан дәм татып, сакэ деп аталатын сусынды iшедi. Балаларға сакура гүлінің пішініндей мочи сияқты тәтті тоқаштар, кәмпиттер үлестіріледі. Бүлдіршіндер сакура туралы өлеңдер айтып, би билейді. Туысқандар бір-бірін сакурачяға (сакура шайына) шақырып, сакурагаю деп аталатын тағам әзірлейді.


САКУРА – ГҮЛДЕНГЕН ӨМІР

Жапонияда табиғи бақтарды, ағаштарды қорғауға арналған арнайы заң қабылданған. Әсіресе, 10-15 ғасырлық тарихы бар кәрі ағаштардың күтімі ерекше. Мыңжылдық тарихы бар сакураның бiрi Фукушима префектурасында өсіп тұр. Жергілікті халық бұл ағашты Такидзакура деп атайды. Жапониядағы ең көне, ең алып үш сакураның бiрi ретiнде белгiлi. Жалпы жапондар табиғатқа үлкен құрметпен қарайтын халық. Бұл елде ағаштың бұтағын сындыру, гүлiн жұлу сияқты әрекеттерді көрмейсіз. Сондықтан сакура бақтары Жапонияның әр аймағында құлпырып тұр. Ал олардың қызыққа толы тарихы туралы көптеген кітаптар жазылған.

Маруяма тауындағы сакура бағы ХIХ ғасырдың соңындағы соғыстан кейiн қурап қалған екен. Сайноу Тоуэмон деген кісі жаңадан көшеттер отырғызып, бақтың қайта гүлдеуi үшiн барын аямаған. Халық оны «Сакура шырақшысы» деп атап кеткен. Жапонияда сакурамен байланысты 90-ға жуық жер-су атауы бар. Тіпті, Коношима қаласындағы дүниежүзiндегi ең үлкен жанартаудың бiрi Сакурадзима деп аталады. Нара префектурасындағы қала мен Осаканың солтүстiк-шығысындағы елдi мекенді Сакураи (сакура құдығы) дейді. Сакурадаймон – Ұлы сакура қақпасы, Сакура университетi, Сакурагава өзенi, Сакурашинмачи қаласы мен Сакурадзака деп аталатын бiрнеше асу бар.






10





САКУРАНЫҢ ТАРИХЫ – САМУРАЙДЫҢ ТАРИХЫ

Өмiр бойы сакураны жырлап өткен самурайдың бiрi – Хиджиката Тошидзоу (1835-1869). Оның «Тойотама хайкушю» деген жыр жинағындағы 41 хайкудың (жапон жыры) 30-ы көктем гүлiне арналыпты. Тоу, Хэйан, Камакура әулеттері билік құрған тұста самурай саймандарынан сакура оюын жиi кездестiремiз. Хирошимадағы Ицукушима ғибадатханасында салмағы 30 келi болатын «Код-закурагаваодошийорой» деп аталатын самурайдың сауыт-сайманы сақтаулы. Онда кес-теленген сакура гүлдері алтынмен бедерленіпті.

«Сурет галереясы» деп танылған үңгiрлер ұзақ уақыт кiсi көзiнен жасырын сақталған. Ежелгі дәуір қолбасшысы Тойо-тама Хидэйоши жалғыз ұлына арнап жасатқан Киотодағы «Чишякуиннiң» галереясының тұтас қабырғасында алып сакура бейнеленген. Ертедегi Момояма кезеңiнде қабырғаға салынған «Сакурадзу» көздің жауын алардай. Тұтас қабырға алтын фольгамен қапталған, ал сакураның аппақ гүлдерi таза күмiспен бедерленген.

Момояма дәуiрiндегi Каноуми Цунобу (1565-1608) деген атақты қылқалам иесiнің аты да тарихта сакурамен сақталған. Оның туындыларын Токиодағы Санторий мұражайынан тама-шалауға болады. Ежелгi жапон суретшiлерi өз туындылары арқылы сакура – гүлденген өмiр, сакура – өркендеген тiршiлiк, сакура – жұмақ деген идеяны бейнелеген.


МЫҢ ЖАРЫМ ЖЫЛДЫҚ САКУРА

Жуандығы 10 метр болатын кәрі ағаш Орталық Жапониядағы Гифу пре-фектурасының Мотосу шаһарында 1500 жылдан бері жұпар шашып тұр. Кәрі ағашқа қамқорлығын қашанда аямайтын жапондар 1949 жылы бұтақтары жерге салбырап, құлау алдында тұрған ағаштың тамырына жабайы жас сакураның тамырын қосқан. Қайта бой түзеп, көктем туа ақшыл-қызғылт гүлдерін ашатын сакура аяқ астынан соққан тайфуннан қисайып қалады. Уно Чйо деген табиғат жанашыры жерге салбыраған бұтақтарға ағаш тіреуіштер қойған. Он бірінші орамға 1500 жылдық тарихы бар сакураны жаһандық жылынумен байланыстыратын тұжырымдарын жазбақ./6 сурет/


САКУРА – МЫЗҒЫМАС ДОСТЫҚ БЕЛГІСІ

Жапон елі мен қазақ халқының достық қарым-қатынасында сакураның өз орны бар. 2009 жылдан бері Күншығыс елі Алматы мен Астанаға 577 түп сакураны сыйға тартыпты. Осыдан үш жыл бұрын Жапонияның ұлттық символы саналатын 186 түп жапон ағашы елордаға жіберілді. 2011 жылы тігілген 100 сакура Ақорда аумағы мен Президент бағына ажар қосты. Алқызыл гүлдері көздің жауын алатын 190 түп сакура 2009 жылдың сәуір айында Алматыға отырғызылды. Бір жыл өткенде тағы 55 сакура Алматыдағы Президент резиденциясына сыйға тартылды. Оған қоса мұхит асып келген 45 жапон ағашы Алматы әкімдігіне арнайы тапсырылды./7 сурет/

11




Өміріңізде бір рет болсын сакураның гүлдегенін көрген болсаңыз, сізге қызыға да қызғана қарауға болады. Өйткені, Жапон елінде әйел затының жастығының және әдемілігінің, махаббат пен сұлулықтың нышаны ретінде де қаралатын сакураның гүлденген кездегі кереметін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Сакура немесе шие (вишня)- декаративті ағаш. Гүлі ақ, ақшыл күлгін түсті болады. Сакураның жылдық гүл жаруы негізінен 1 аптаны құрайды екен. Гүлі мен жапырағын тамаққа да пайдалануға болады. Сакура Мэйдзи заманында әскери оқу орнында оқитындардың бас киімінде бейнеленсе, қазіргі күнде полиция және қарулы күштер гербінде бейнеленіп жүр. /8 сурет/



Жалпы сакураның гүлдену мейрамы наурыз айының жиырма жетінші жұлдызында тойланса, ақпан айында Тайвань жерінде сакураға арналған Cherry Blossom Festival атты халықаралық дәрежедегі фестиваль өтеді. /9 сурет



Іс-шараның өткізіліп келе жатқанына он екі жылдан астам уақыт болды және қатысушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Осы мерекеге қатыспауды кешірілмес ағаттық санайтын әрбір турист алдын ала билет сатып алуы керек.

Гүлденген шие бағы күндіз Барби қуыршақтардың алқызыл әлеміне ұқсап тұрса, кеш батысымен ғажайып әрі жұмбақ күйге енеді. Саябақта әртүрлі шырақтар жағылып, сезімді тербейтін әдемі әуендер ойнап тұрады. Дәл осы сәтте бақ ішінен қол ұстасып жүрген мыңдаған ғашықтарды көруге болады.















12


3.4 Моншақтың шығу тарихы


Моншақ — мойынға тағатын әшекей бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі-түсті, пішіні әр түрлі (шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Асыл тастардан, басқа да бағалы заттардан жасалынады. Моншақ сөзі екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған. Сөздің алғашқы буыны “мон” көне түрік тіліндегі бойун (бойын), богін, “Мойын” – дене мүшесінің атауы екендігі аңғарылады. Ал сөздің екінші сыңары жәй жасаушы жұрнақ қана емес. Көне түрік тілінде “Чағ”, “Чек” мағынасындағы сөздер қазіргі ұғымымызда байлау етістігі орнына жұмсалған, яғни Моншақ сөзінің әу бастағы алғашқы мағынасы “мойынға байлау” екендігі сөзсіз. Моншақтың сонау ерте замандарда қолданыста болғандығын қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әшекей бұйымдары дәлелдейді. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан, Ежелгі Египетте шыныдан, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда, т.б. жерлерде шыныдан, асыл тастардан жасалды.

Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ домалақ, әртүрлі хрусталь, шыны, металл, кирамикалық материалдан жасалады .

Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнарсе таппаған олар кемедегі силитраның (натрий қосындылары) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан силитра еріп өзен құмына араласып сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайма әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпесиер жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен. Әйнектің ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, ыдыс-аяқтар б.з.д Ivғасыр ескерткіштерінен табылған. Ең алғашқы бисер атауы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра немесе бусер» деген сөзінен шыққан, жалған маржан. Бисерді ең көп шығаратын елдер Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан.





13




Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.

Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.

Бисермен тоқу өнері соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі түсті жұмыстар жасауға болады. Қазіргі кезде биссердің түрлері мол және кез келген оқушы сатып алуға мүмкіндік бар болғандықтан, технология сабағында қыздарға көп нәрсені үйретуге болады. Бұл өнер арқылы қыздар өздеріне қажетті бұйымдар жасаумен бірге өмірде қажетті қасиеттерді бойына сіңіреді бастаған ісін аяқтау, Эстетикалық талғам ойындағы суретті бейнені бисермен кестелеу еңбек ету. Бисер өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдамдылықты фантазиямен шеберлікті талап етеді. Олардың өлшемдері, түстері сан алуан, сондықтан жасалатын бұйымға байланысты бисердің мөлшеріне қарай түс үйлесімділігін ескеріп ұтымды таңдай білу керек. Бисермен жұмыс кезінде құрал саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын ыңғайлап алу, әсіресе ол жерде биссерді қалай орналастыруды ойлау қажет. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15минут үзіліс жасау керекhello_html_m72075ea7.jpg



14



Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Эмиль Галле және Тифанни секілді модерн стилінің суретшілері шынының су моншаққа көңіл бөлген болатын. Өткен ғасырдың 20 - жылдары су моншақ әйел адамдардың киімдерін әшекейлеуде сәнгерлерде үлкен қолданысқа ие болды. XX ғасыр бойы су моншақтан, сурет ірі, жарық жерге 3 су моншақтан бекітіледі тігілген моншақтар көлденеңінен моншақпен сауда тоқтаған жоқ. Жақында су моншаққа деген қызығушылық бүкіл әлемде болды. Су моншақпен тігу шығармашылықтың бір түріне айналды. Қазіргі күнде нағыз үлкен су моншақ шығаратын жер – Жапония, Тайвань, Чехия. Тайвандық су моншақ – сапасыз, өз түрін, түсін де тез жоғалтады да, тез сынады, тесігі инеге кірмейді.. Чехиялық су моншағы өте қажет, бағасы да, сапасы да көңілден шығады. Чех су моншағын әр түрлі нәрсеге қолданады. Өте сапалы саналатын су моншақ – Жапон су моншағы. Жапон су моншағы Чех су моншағынан үлкендеу, ортасының тесігі де үлкен, бағасы да, сапасы да адамдарға қажет


Су моншақпен сәнді жұмыстар көне заманнан да басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Су моншақ ертеде тау хрустальі мен анық тастардан даярланған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастап жатады. Шыны, моншақ жасайтын, шеберлерді, қатаң ұстап, оларды ешкіммен араластырмады. Басқа мемлекеттерде бәсекелестері болмауын қалады. Әйгілі саяхатшы Марко Полоның әкесі бисер жасау шебері болыпты. Марео Поло өзінің сапарынан оралғанда су моншақ жасау кәсібінен байыған мемлекетті көріп таңданған. Орта Азия мен қазақ халқының сәнді тұрмысында моншақ, маржандау әдісі ертеден белгілі болған. Өте әдемі, көздің жауын алатын, жылтыраған нәзік зат – моншақты барлық ұлттардың қолөнер іскер шеберлері тіккен. /10 сурет/


15

Онда маржандау әдісімен әйел баласының сырға, білезік, сақина, алқа, өңіржиек, сияқты заттарын толықтыру үшін, ұлттық киімдер, кимешек, жақтауы, қамзол, тақия, аяқкиімдерді, ат - әбзелдерін безендірген. Қазіргі сәнгерлерде су моншақтарды киімді және аксессуарларды әшекейлеу үшін қолданады. Валентин Юлдашкин көйлектерді тегіс аса керемет су моншақпен кестелейді. /11 сурет/




Ресейде - бисер, Қазақстан мен Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарих өте ардан басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген. Моншақ ертеде тау хрусталі мен анық тастардан даярлаған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастары жатады. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ тимейтін сәнді зат ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерден және әсем асыл тастардан әшекейлеген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайда сақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмеге көп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен тастар үгіліп қалуы мүмкін.

/12 сурет/

hello_html_0.gif














16



4. Сарамандық бөлім

Керекті құрал – жабдықтар:
• Моншақ түрлері;
• Диаметрі 3 мм болатын сым;
• Сызғыш, қайшы;
• Қалың сым;
• Мулине жіп;
• Гипс немесе алебастр;
• ПВА желімі;
• Қоңыр, ақ, жасыл түсті гуашь;
• Изолент.


. Бисермен тоқу технологиясы: Паралель тоқу; Дөңгелек тоқу; Инемен тоқу; Ілгекпен тоқу; Қауіпсіздік ережелері 1. Сымды, бисерді ауызға салуға болмайды 2. Сымды қайшымен қияды 3. Сымды көзге жақын ұстамайды.
Технологиялық карта 1. 3 сумоншақ өткізіп, 1 бисерді қалдырып, 2 бисерден сыммен қарсы өту. 2. Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу.. 3. Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 4. Сымның басына 5 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 5. Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. /керісінше, кескін кішірейеді/ 6. Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу.

Бисердің түс ерекшелігіне көңіл бөлеміз, яғни гүлді қызыл түс қылып, ал гүлдің жапырақтарына жасыл түс алайық.

Жаңа сөздер:
Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.
Стекулярус - ұзындығы 3мм түтікше тәріздес сумоншақтың түрі.
Фурнитура - қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, композиция)
Композиция - бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру







17

Жұмыс орнын ұйымдастыру: Моншақпен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе ол жер моншақты орналастыруға ыңғайлы болуы керек. Терең емес (5-10мм) тәрелкеге салған ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Моншакпен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соқтырады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.

Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
1. Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек;
2. Жұмыс киімін кию;
3. Құралдарды тексеру;
4. Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді қосып араластырып аламыз;
5. 60 - 70 см ұзындықтағы жұқа сымды аламыз;
6 Сымның бір шетінен 10 см қалдырып ораймыз (төменде көрсетілген суретке қарап отырып жасаймыз)
7. Сымның бір шетін түйіндеп, екінші шетінен бисер өткіземіз де, сымның шетін түйіндеп қоямыз;
8. Дайын сымның екінші шетіне 5 дана бисерді енгіземіз де сымды біртіндеп оруды бастаймыз; Бір гүл үшін осындай бисердің 5 данасы қажет;
9. Дайын бұтақтардың бір - біріне біріктіріп жіппен орап, изолентпен ораймыз да гүлдің бір бұтағын дайындаймыз;
10. Дайын болған гүлдерді қалың сымға біріктіріп, тал бұтағына ұқсастырып сымды майыстырамыз да изолентпен ораймыз;
11. Дайын ағашты арнайы ыдысқа саламыз, ол үшін бізге гипспен ПВА желімге кішкене су қосып араластырып ыдысқа құямыз да, үстіне ағашты саламыз;
12. Осы ағашымыз 2 тәулік бойы тұру керек;
13. Гипс кепкеннен соң гуашпен бояймыз;
14. Эстетикалық талғаммен ағашымызды түрлендіреміз.










18





Қорытынды


Жұмысысымды жасай отырып Жапон елінің көптеген жақсы қасиеттерімен, қолөнер бұйымдарымен, тарихымен таныстым. Жапон халқының маған ұнаған қасиеттері, ол өз салт-дәстүрлерін құрметтеу, үлкендерді сыйлау, табиғатты, қоршаған ортаны аялау, сонымен қатар жапондықтар техника даму жағынан алда келе жатқан халықтардың бірі.

Жалпы жапон халқының табиғатқа деген ерекше көзқарасын зерттеу барысында бонсай, икебана өнерімен, көптеген аңыздармен таныстым,. Жапондықтардың табиғатқа деген сүйіспеншілік қасиетін біз де бойымызға сіңірсек жақсы болады деген шешімге келдім.Өйткені табиғат-анамызды қорғамасақ өзіміз яғни адамзат зардап шегіп өалады.

Қолөнерге тоқтала кетсек, менің жасаған сакура ағашымды сыйлық ретінде өзіңе қымбат адамға ұсынуға болады. Бұл бұйым адамға жағымды әсер, қуаныш сыйлайтынына күманым жоқ.

Адам денсаулығы ең қымбат байлық болып табылады,сол себебті көзге зиян келмес үшін бүл ағаш моншақтан жасалған болатын.

Осы тақырыпты зерттей отырып, бәріне мынандай кеңес берер едім: табиғатымызды, қоршаған ортамызды әрқашан аялап , өз денсаулығымызды қадірлеп жүрейік.





















19





Қолданылған әдебиеттер:

1/

2/Мектептегі технология-Технология в школе











































Приложение

1 сурет



Бонсай бірнеше түрлерге бөлінеді. Бонсай түрлері төменде көрсетілген

hello_html_1a583aff.jpg

Теккан

hello_html_m616ee801.jpg

Мойоги

hello_html_67e13e5e.jpg

Фукинагаси

hello_html_6e392aef.jpg

Сякан

hello_html_m732761fc.jpg

Сокан

hello_html_m237700e.jpg

Хокидати

hello_html_m77b2fc96.jpg

Есуэуэ

hello_html_67c26cc8.jpg

Бундзинги

hello_html_m512d8cf6.jpg

Кенгай

hello_html_68f48b9.jpg

Ханкенгай

hello_html_13faeb5e.jpg

Неагари

hello_html_7521ce4f.jpg


Икада

hello_html_m5203766.jpg

Таримики

hello_html_3965b7a.jpg

Банкон

hello_html_m7b8b28f5.jpg

Сожу




3 сурет

















4 сурет


hello_html_2009239d.jpg







5 сурет


hello_html_19c1f76c.jpg






7 сурет


hello_html_5abea9cc.jpg




8 сурет

hello_html_5eafdf17.jpg











9 сурет

hello_html_m35e00464.jpg











10 сурет

hello_html_m2f637075.jpg






11 сурет



hello_html_370a43ea.jpg



12 сурет

hello_html_5131a970.jpg


hello_html_m1d01aae8.png



hello_html_1668c2df.jpg



hello_html_4f5cc772.jpg



hello_html_m73be0eb3.jpghello_html_534fdfd4.pnghello_html_534fdfd4.png

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Краткое описание документа:

Работу проводила с ученицей 7 класса Сарман Алиной. Очень старательная и любознательная девочка. К работе подходит с творческой изюминкой. Всегда находится в поиске и часто удивляет креативностью. Работу выполнила за 1 месяц. Получился очень красивый предмет для интерьера, который радует глаз и доставляет эстетическое удовольствие. девочка обладает огромным терпением и работоспособностью, поэтому ей не было трудно выполнить эту работу с помощью скручивания бусинок проволокой. В ходе работы Алина глубоко исследовала культуру и быт Японии.

Автор
Дата добавления 28.04.2015
Раздел Технология
Подраздел Презентации
Просмотров1134
Номер материала 257470
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх