Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Научные работы / «Тәй – тәй» технологиясын балабақшада оқу- тәрбие үрдісіне енгізу» Әдістемелік құрал Құрастырғандар: «Алтын сақа» балабақша тәрбиешілері Мустаханова Е.С., Дюсекеева С.А.

«Тәй – тәй» технологиясын балабақшада оқу- тәрбие үрдісіне енгізу» Әдістемелік құрал Құрастырғандар: «Алтын сақа» балабақша тәрбиешілері Мустаханова Е.С., Дюсекеева С.А.

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Дошкольное образование

Название документа Мустаханова методичка.doc

Поделитесь материалом с коллегами:



«Қрағанды қаласының білім бөлімі» ММ

«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК


hello_html_m6c14f95d.gifhello_html_m6c14f95d.gifhello_html_m7dadf60.gifhello_html_m7dadf60.gifӘдістемелік құрал


Тақырыбы: « «Тәй – тәй» технологиясын балабақшада оқу- тәрбие үрдісіне енгізу»

hello_html_4a555ebf.png














Құрастырғандар: «Таңшолпан» балабақшасының директоры Ильясова А.К. , «Алтын сақа» балабақша тәрбиешілері Мустаханова Е.С., Дюсекеева С.А.




Қарағанды қаласы

«Тәй – тәй» технологиясын балабақшада оқу- тәрбие үрдісіне енгізу




Құрастырушылар: ««Таңшолпан» балабақшасының директоры Ильясова А.К., «Алтын сақа» балабақша тәрбиешілері Мустаханова Е.С.,

Дюсекеева С.А.


Редакциялаған: Оспанова Ж.К., Бапахова Р.Ж., Александровская Н.И.


«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК- ның әдістемелік кеңесінде ұсынылды 2014 жылғы 14 мамыр № 4 хаттама











Рецензет: Қарағанды қаласының мектепке дейінгі білім бөлімінің әдіскері Қожахметова Н.К.








Әдістемелік құрал мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.












Мазмұны


  1. Түсінік хат ……………………………………………………………4-5


  1. Мақсат пен міндеттері……………………………………………….6-7


  1. Тәй – тәй» технологиясының негізгі қағидалары…………………8-10


  1. Технология арқылы мектеп жасына дейінгі баланың дербестігін дамыту........................………………………………………………..11-12


  1. Кестелер ………………………………………………………….....13-16


  1. «Тәй-тәй» технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тиімділігі..............................................................................................17-19

  2. Ата- аналармен жұмыс……………………………………………20-21


  1. Ритингтер мен семинарлар…………………………………………22-23


  1. Қорытынды……………………………………………………….....24-25


  1. Қолданылған әдебиеттер…………………………………………........26


  1. Қосымша..............................................................................................27-43











Түсінік хат


«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен

бір жаңалық болу керек»

Жүсіпбек Аймауытов


Қазақстан Республикасының егемендігі, ондағы туындап жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер, Республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескеретін қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатының жүзеге асырылуын және жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта құруды талап етуде.

Қазіргі уақытта дамуында проблемалары бар балалар саны артып отырғаны шындық. Тұлғаға бағытталған білім беру логикасы ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларды жеке дамыту траекториясын құруды көздейді. Инклюзивті білім беру – ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.

Инклюзивті білім беру – бұл балалардың арасын бөлетін тосқауылдарды жоюға; барлық балаларды жалпы білім беру процесіне толық қосуға; жасына, жынысына, ұлтына және дініне, дамуда кейін қалуына немесе экономикалық жағдайына қарамастан отбасының белсенді қатысуымен, түзету-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктеріне және баланы бейімдеуге емес, ортаны баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес атаулы әлеуметтік қолдау көрсетуге, яғни білім берудің парапар жолын құруға бағытталған мемлекет саясаты.

Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуы, жан – жақты дамуы үшін жағдай жасалуымен оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз етіледі.

Тәй-Тәй” технологиясы стандарты балаларға бағдарланған педагогтардың оқу үрдісін баланың даму деңгейіне, жеке бас қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, сонымен қатар әртүрлі түсініктер мен ұғымдарға сәйкестендіре бағыттап, іске асыра алатын оқу мекемелерін құруға әсерін тигізу мақсатымен дайындалған. Оқу орындарына, педагогтарға арналған стандарттар барлық балалар үшін сапалы білім алу жағдайын қалыптастыруға бағытталған жеке тұлғалардың, оқу орындарының, қоғамдастықтардың күш салысуларын қажет етеді. “Тәй-Тәй” технологиясының инклюзивті оқыту тұжырымдамасын сипаттай отырып, стандарт барлық балалар мен олардың жанұяларының технологияға қатысуларын қамтамасыз етеді, сонымен қатар кейбір дамуында мүмкіндігі шектелген, ерекше мұқтаждықты қажет етуші балалардың қызығушылықтарына қажетті жағдайды тудырады.

Тәй-Тәй” технологиясы инклюзивті оқытудан жанұялардың, жалпы қоғамның, мектептердің көп ұтатындығына сенімді. Бұл ұйғарым стандарттың негізінде жатыр және осы құжаттың басынан бастап соңына дейінгі көрсетілген мысалдарда сипатталған.

“Тәй-Тәй” технологиясы бойынша жұмыс жасаушы педагогтар оқу орындарына арналған стандарттар педагогтар, оқу орындағы қызметкерлер, жанұялар, қоғамдастық мүшелерінің балаларға сапалы білім, тәрбие берудегі жұмыстарына көмек болатын жоспарлау құралы. Сонымен қатар стандартқа негізделген бақылауларды тіркеуге арналған балалар мекемесінің ағымдағы жағдайын және оқыту тәжірибесінің жағдайын бағалау үшін қолдануға болатын бағалау парағы ретінде жасалған үлгі ұсынылады.

Оқу мекемелеріне арналған технология келесі аймақтарды қамтиды:

  • Педагогтар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынас пен іс-әрекет

  • Отбасының ат салысуы

  • Білім беру мекемесінде балаға арналған жұмыстарды жоспарлау

  • Мағыналы оқуды қамтамасыз ететін оқыту әдістері

  • Оқыту ортасы

  • Денсаулық және қауіпсіздік жағдайы

Педагогтарға арналған стандарттар келесі аймақтарды қамтиды:

  • Жекешелендіру

  • Оқыту ортасы

  • Отбасының ат салысуы

  • Мағыналы оқуды қамтамасыз ететін оқыту әдістері

  • Жоспарлау және бағалау

Білім берудің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне жету үшін оқушылардың өздерінің қызығушылығы мен қабілеттерін ескере отырып, білім беруді қамтамасыз ету ұсынылған.

Ерте диагностиканы ұйымдастыру және дамуда мүмкіншілігі шектеулі балаларға түзету-педагогикалық қолдау көрсету.

Жалпы білім беру процесіне кіріктірілген баланы міндетті түрде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.

Әр бала үшін мүмкін болатын және пайдалы кіріктіру түрін анықтау.

Өзінің тілін, дінін, дәстүрін, әдет – ғұрпын біліп, өз елін, туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.

Егер бала өмірінің бастауы дұрыс болмаса, онда оған өзінің құдіретін толығымен шындыққа айналдыру қиынға түседі. Нерв жүйесі жөніндегі ғылым бізге мынаны дәлелдейді: баланың ой-өрісін, парасаттылығын, жеке өмірі, әлеуметтік тәртібі қалыптасу үшін баланы ерте сәбилік жастан бастап тәрбиелеу өте маңызды болып табылады. Осы түсінік арқылы мамандар, администраторлар, тәрбиешілер ерте сәбилік жастан бүкіл әлемде шаттықты, бақытты және қауіпсіздікті де құра алады.

Әлеуметтік әділдік үшін білім беру:

- Жеке құрылымын дамыту жайындағы тұжырым;

- Педагогикалық іскерлігі мен дағдылары, тәрбиелеу мен білім беруде қолданатын әдіс-тәсілдері туралы тұжырым;

- Өзара жеке қарым-қатынас әрі байланыс орнату;

- Айналадағы ортада, әлемде болып жатқан құбылыстармен тікелей байланыс жасау жөніндегі тұжырым;

Қамтамасыз етеді:

- әртүрлі нәрселерге шыдамдылық таныту;

- айналадағы адамдарға және өмірдің жаңа тәжірибесіне әрқашан дайын болу;

- рефлексия - өмір бойы оқу, одан шығатын нәтиже - кәсіби өсу;

- сезімдік мойындау - әр түрлілікті байқауға қабілетті болу;

- қиындықтар мен қатты ширығуды жеңу үшін өзіне өзі күле білуді, юморлық (әзілшіл﴿ сезімін ояту;

Білім беру ісінің жаңартылуы бұл ең алдымен барлық деңгей бойынша балаға деген көзқарастың өзгертілуі. өйткені бала өзіндік ішкі құрылымы бар тіршілік иесі.

Балалардың психикалық ерекшеліктері мен қабілеттері әрқашан айқын көріне бермейді, сондықтан да олардың танымдық мүмкіншіліктерін, бейімділіктерін және қызығушылықтарын диагностикалау аса қажет болып табылады.

Мақсаты:

Балабақшаның оқу – тәрбие үрдісінде
«Тәй – тәй» педагогикалық технологиясын қолдана отырып инклюзивті білім беруде балалардың жан жақты дамуы мен құзіреттілігін қалыптастырып өмірге және мектепке даярлауға биімдеу.

Міндеттері:

  1. ISSA стандартына шолу

  2. «Тәй – тәй» технологиясын зерделеу.

  3. «Тәй – тәй» технологиясын балабақшада жүзеге асыру үлгілерін қарастыру.

  4. Қазақстан халқының ұлттық дәстүрі негізінде «Тәй-тәй» технологиясына сүйене отырып салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыру.

  5. Мектепке дейінгі жастаға баланың шығармашылық потенциалын дамыту.

  6. Танымдық қызығушылығын белсендіру.

  7. Қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықаралық дәстүрлер мен салттарды, өз өзін ұстау ережелері, нормалары, адамдардың позитивті әлеуметтік іс-әрекеті үрдісінде балалардың құндылық бағытын қалыптастыру.

  8. Өзіндік дамуы үшін қажетті жағдай жасау, мектеп жасына дейінгі балалардың даму қабілеті.

  9. Мектеп жасына дейінгі баланың дербестігін қолдау және дамыту.

  10. «Тәй-тәй» технологиясы арқылы дамыған бала тұлғасының моделі.



Күтілетін нәтиже

Жаңа технологияны қолдана отырып, оқыту әдіс-тәсілдер жүйесі анықталды.

  • Балаларды дамытуда ойын іс-шаралары ұйымдастырылды.

  • Ойын арқылы баланың психикасында сапалы өзгерістер туды (баланың зейіні, ойлауы, қиялдау қабілеті).

  • Отбасымен бірлесе отырып, ойын арқылы баланың шығармашылық ойлау қабілеті бағаланды.

  • Оқу-тәрбие процесін жаңаша ұйымдастырылды.

- Ата-аналардың психологиялық және методикалық дайындығы

- Балабақшаға бармайтын балалармен жұмыс жасау

- Ұстаздар мен ата-аналардың өзара бірлесіп жұмыс жасауы

- Жергілікті бірлестіктерді қатыстыру

- Жаңа технологияны қолдана отырып, Қазқстан халқының ұлттық дәстүрі негізінде салауатты өмір салты құндылықтары анықталады.

-Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық потенциялдары ұйымдастырылады.

-Танымдық қызығушылық белсенділіктері артады.

-Мектеп жасына дейінгі баланың даму қабілеті бағаланады.

-Технология арқылы дамыған бала тұлғасының моделі анықталады.














«Тәй – тәй» технологиясының негізгі қағидалары


Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, жаңа стратегиялық бағдарлар жедел ақпараттанулар мен қарқынды даму білім беруге қойылатын талаптар да өзгертілді.
Елімізде білім берудің өзіндік, ұлттық үлгісі қалыптасуына
байланысты жаңа технологиялар еңгізілуде. Қазақстанның әлемнің бәсекеге ең қабілетті отыз елі қатарына ену стартегиясы мен әлеуметтік-экономикалық жаңартудың жаңа кезеңі білім беру жүйесін одан әрі дамтыу қажеттігін анықтайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде өзгермелі өмірге табысты бейімделуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасайды. Алдыңғы қатарлы ғалымдардың көпжылдық зерттеулері адам интеллектісінің, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуында мектепке дейінгі жас кезеңінің маңызды болып табылатындығын дәлелдеп берді.

Дер кезінде берілген мектепке дейінгі білім әрбір бала үшін қандай маңызды болса, елдің өркендеуі үшін де сондай құнды. Мектепке дейінгі балаларды дамыту мәселесін ұлттық дамудың стратегиясы тығыз байланыста және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатынын ескерсек, қолданыстағы мектепке дейінгі инклюзивті білім берудің мемлекеттік стандартын жаңарту қажеттігі туындайды.

Мектепке дейінгі білім берудің мемлекттік стандарты балабақшадағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне қойылатын талаптар жүйесінен тұрады. Стандарт педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ережелерін көрсетеді, оған қатысушылардың орны мен рөлін анықтайды, мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы және қауымдастықпен қатынастар жүйесін реттейді.

Мектепке дейінгі жастағыларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартын құру мен енгізудің объективтік қажеттілігі келесі факторлармен анықталады:

  • еліміздің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге даярлығы;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау мен дамытудағы, балаларды мектепке дейінгі біліммен барынша толық қамтудағы, балалары үй жағдайында тәрбиеленіп жатқан отбасыларына көмек көрсетудегі қажеттілік;

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іріктеуде бірізділікті талап ететін мектепке дейінгі білім беру формаларының вариативтілігі;

  • балалардың негізгі құзыреттіліктерін жас және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырудың қажеттілігі;

баланы толыққанды тәрбиемен қамтамасыз ету үшін, ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерісіне тартудың жолдарын анықтау және серіктестік механизмдерін іздестіруде мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығын жетілдіру.

Дүние жүзі елдерінің көкейіндегі негізгі мәселе – келесі ұрпаққа мықты негіз қалдыру үшін балаларды ерте жастан сапалы біліммен қамтамасыз ету.

Неліктен бұл маңызды?

Егер бала өмірінің бастауы дұрыс болмаса, онда оған өзінің құдіретін толығымен шындыққа айналдыру қиынға түседі. Нерв жүйесі жөніндегі ғылым бізге мынаны дәлелдейді: баланың ой-өрісін, парасаттылығын, жеке өмірі, әлеуметтік тәртібі қалыптасу үшін баланы ерте сәбилік жастан бастап тәрбиелеу өте маңызды болып табылады. Осы түсінік арқылы мамандар, администраторлар, тәрбиешілер ерте сәбилік жастан бүкіл әлемде шаттықты, бақытты және қауіпсіздікті де құра алады.

Әлеуметтік әділдік үшін білім беру:

- Жеке құрылымын дамыту жайындағы тұжырым;

- Педагогикалық іскерлігі мен дағдылары, тәрбиелеу мен білім беруде қолданатын әдіс-тәсілдері туралы тұжырым;

- Өзара жеке қарым-қатынас әрі байланыс орнату;

- Айналадағы ортада, әлемде болып жатқан құбылыстармен тікелей байланыс жасау жөніндегі тұжырым;

Қамтамасыз етеді:

- әртүрлі нәрселерге шыдамдылық таныту;

- айналадағы адамдарға және өмірдің жаңа тәжірибесіне әрқашан дайын болу;

- рефлексия - өмір бойы оқу, одан шығатын нәтиже - кәсіби өсу;

- сезімдік мойындау - әр түрлілікті байқауға қабілетті болу;

- қиындықтар мен қатты ширығуды жеңу үшін өзіне өзі күле білуді, юморлық (әзілшіл﴿ сезімін ояту;


Әлеуметтік әділдік үшін білім беруде отбасыларын, ата-аналарды бірлестіктерге жұмылдыру:

- балаларды іскерлік пен дағдыға үйрету;

- мектепке түсуге қалай дайындау керектігін үйрету, бала мен ата-ананың бір - біріне қолдау көрсетуіне, өз құқығын және баланың ықыласын, ынтасын қорғау;

- моральдық қолдау;

- дағдарыстан шығатын жолды табу үшін проблемаларды шеше білу;

теңбе - тең бағалауды жүзеге асыру;

- позитивті бағалау стратегиясын қамтамасыз ету;

Балаларға не үйретеді?

- өзіндік ерекшелігін, қабілетін дамытады;

- интеллектілік, эмоциалық сезім, әлеуметтік кемелдену;

- ой-өрісінің шоғырлануын, логикалық ойлауын, пайда болған және болып жатқан оқиға арасындағы байланысты орнату;

- тыңдауға, әңгімелесуге, ести білуге қажеттіліктерін арттыру;

- ретпен тәртіпке келтіру;

Педагогтарға: шығармашылық күш-қуат, кәсіби шеберлік

Ата-аналарға: баланы тәрбиелеуде және оқытуда білетін мәліметтері артады, балада ата-анасына деген сыйластық пайда болады.

Әкімшілікке: әлеуметтік әділеттілік, кәсібилік, икемділік

Үкіметке: конструкциялылық, білім беру институттарына, жергілікті бірлестіктерге деген сыйластық, жетістікке жету.

Әлеуметтік әділдік үшін білім берудің жүзеге асуы:

- Когнитивті, эмоционалды, әлеуметтік дамуға бағытталған орта

- Стереотиптің жоқтығы

- Ана тілінің дамуы

- Жан-жақты әрі шебер ұстаз

- Барлық балалардың білім алу жолдарын игеруі

Жасалған қадамдар:

- Кіші орталықтар

- Ата-аналарға арналған мәлімет беруші орындар

- Отбасылық қор орталықтары

- Ата-аналарға арналған бөлмелер, кітапханалар, өзара әйел жиындары
























Технология арқылы мектеп жасына дейінгі баланың дербестігін қолдау және дамыту.


Оқу барысында балалар мен отбасыларына жоғарғы деңгейде білім беруге талпындырушы мектепке дейінгі және төменгі жастағы мектеп балаларымен жұмыс жасаушы маман – педагогтардың жұмыстарына көмек ретінде қолданылатын ұсыныстарға “Тәй-Тәй” технологиясымен жұмыс жасайтын педагогтардың стандарттары үлкен қызмет атқарады. Стандарттар “Тәй-Тәй” технологиясының мақсаттары мен философиясын қолдаушы педагогтардың жұмысына берілуін, қарым – қатынасын, маңызды білімділігі мен әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Барлық аймақтарда стандарттар баланың ерекшеліктері мен олардың дамуын есепке алатындай қылып балалардың оқуын бағыттаушы және белсендіруші балаға бағытталған оқу тәжірибесін іске асыруға талпынады. Стандарттарды іске асыру жалпы алғанда ұзақ мерзімді аспектілерде оқу тәжірибесін өзгертуді талап етуі мүмкін, дегенмен тіпті тек кейбір стандаттарды “қару ретінде” қолдануға болса да, бұл педагогты өз жұмысына кішігірім, бірақ тиімді өзгерістер енгізудегі барлық деңгейде жігерлендіре алады.

Стандарттың бір бөлігі болып табылатын көрсеткіштер тізімі жеке педагогтар тәжірибе жүзінде іске асырған және жетістікке жетуге талпындырушы стандарттарды бекітуге көмектеседі.

Стандарттың барлық талаптарын игерген “Тәй-Тәй” технологиясымен жұмыс жасайтын тәжірибелі педагогтар балалардың білім сапасын түбегейлі көтеруге және қоғамның болашағына әсер етуге шамасы жетеді.

Жекешелендіру.

Стандарт: Педагогтар өз білімдерін балалардың дамуына қатысты қолданады, сонымен қатар өзінің балалар мен олардың отбасына өзара қарым-қатынасын әр топтың/сыныптың өзіндік бағалау, әр баланың шамалық мүмкіндіктерін, айрықша талаптарын есепке алу үшін қолданады.

Балалар бір-бірінен бойы, ойлау қабілеті, тілі, әлеуметтік дағдыларының өзгешеліктерімен , жеке және мәдени ерекшеліктерімен, сонымен қоса оқу және даму аймақтарындағы ерекше талаптармен бір-бірінен айрықшаланады. Тәжірибелі педагогтар балалардың даму және оқу үрдісін жақсы түсінеді, өздерінің айналысатын әр баланың ерекшеліктерін біледі және өзі қызмет көрсететін отбасыларының мәдениетімен, тұрғылықтары, тарихымен танысады. Педагогтар әр баламен тұрақты, жағымды өзара байланыс жасаудың арқасында тәрбиелеу үрдісі кезінде өзіне қажетті әр тәрбиеленушінің сабаққа және өзінің жеке басына қатысты көптеген бірегей сапалы жақтарын ашады. Педагогтар бұл өзгешеліктің бар болуға құқықты екендігін мойындай,бағалай отырып, сынып ортасын сәйкестендіре бейімдейді.

Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқытуды ресурстық қамтамасыз ету – мектепке дейінгі білімнің жалпы білім беретін технологиялары мен бастауыш мектептер технологияларының сабақтастығын қамтамасыз етуге тиіс. Балаларды мектепалды даярлауды енгізудің қажеттігін ескере отырып, оқу құралдары, балалар кітаптары әзірленуге әрі жасалуға тиіс.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны жан – жақты қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Баланың тілін дамыту процесі күн тәртібінен еш уақытта түсіп көрмеген – бұл қазіргі кезде оқу – тәрбие ісіндегі басты мәселенің бірі болып отыр.

«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адал білімді болады» - деген Абай сөзін ұмытпай, әр кез жадымызда сақтап, тәжірибемізге басшылық етуіміз қажет.

Бала тілін, ақыл – ойын, қиялын ұштап дамыту үшін ауыз әдебиетінің орны ерекше: ертегі, мақал – мәтел, жұмбақ – жаңылтпаштар оқу, тіл сабақтарында жөнімен қолданылып, пайдаланылса нұр үстіне нұр болар еді.

Сонымен қатар, оқудың жаңаша әдіс – тәсілдерін де ұтымды пайдаланған абзал. Мысалы: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «Тәй – тәй» технологиясы, «Қараевтың технологиясы» «Өзін – өзін тану» әдіс – тәсілдері арқылы баланың тілін, ақыл – ойын, санасын, танымын, шығармашылық қабілетін, интелектуалдық іскерлігін дамытуға маңызы зор болып табылады. Төменде өзім сабағыма пайдаланып жүрген тірек – сызбалар, жаңаша оқыту технологияларына байланысты әр түрлі көрнекіліктер, тест жұмыстарының нәтижелері көрсетілген.

hello_html_22fd8abd.gifhello_html_m7f4bdf0e.gifhello_html_m92f1a7c.gif


hello_html_m6d20d662.gifhello_html_m377c82d7.gifhello_html_m37329807.gif

hello_html_46ede0f9.gif

hello_html_m7ceda1cc.gif


hello_html_3d9e735.gif

hello_html_1c89eb7f.gif

hello_html_d77359b.gifhello_html_1d18e41c.gif

hello_html_16c4387f.gif

hello_html_m66ba685e.gif

hello_html_7454cac7.gifhello_html_m49f98881.gif

hello_html_53cd635c.gifhello_html_m6e2b88b0.gifhello_html_7678d4f5.gifhello_html_42ace277.gif


hello_html_m1200a610.gifhello_html_1c0ba1eb.gif



hello_html_6280b8a8.gif

hello_html_2656e8aa.gifhello_html_352c0d2.gif




hello_html_5f33cbad.gif

hello_html_m6d1f994e.gifhello_html_4690f159.gifhello_html_m5ea5db9a.gifhello_html_ceca712.gifhello_html_m51a1dfce.gifhello_html_m61ea5237.gif


hello_html_4f319f10.gifhello_html_m24b730e1.gif



hello_html_m4ede7297.gifhello_html_m3cd7fc83.gif




hello_html_29ce54a0.gif



hello_html_46cffd55.gif





hello_html_m50b11147.gif


Сюжеттік-рольдік ойындар бұрышы


Жолдастық

Жауапкершілік

Өнерпаздық

Тұрақтылық

Образға кіре білу

Ықыласы

Ынтасы

Ұқыптылық

Топтық

Достық

Ұйымшылдық

Қарым-қатынас

hello_html_m2e67617e.gifhello_html_238693db.gifhello_html_6b568b02.gifhello_html_m7b88dcca.gifhello_html_434b7695.gifhello_html_7de7803e.gifhello_html_6de12c88.gifhello_html_7382511.gifhello_html_m18d7b38b.gifhello_html_411925b2.gifhello_html_42f83c97.gifhello_html_m19fd9ba2.gifhello_html_m7e6f71d7.gifhello_html_m7908d591.gifhello_html_2f143a95.gifhello_html_7228a17f.gifhello_html_m3588be3b.gifhello_html_7228a17f.gifhello_html_68bbe51.gifhello_html_m22513de0.gifhello_html_519c2c3e.gif

Балалардың топқа бейімделу әдіс-тәсілдері

Баланың бейімделу түрлері

Аз уақытта шиеленіссіз бейімделген бала

Бейімделуі кешеуілдеген бала

Жыл соңына дейін бейімделген бала

Мінезі

Мінезі

Алаңдаушы, шие леніске жақын, өз әрекетін бақылайтын

Өзіне сенімдігі жоқ, алаңдаушы, эмоцианалды дискомфорт сезінетін, танымдық қызығушылығы

Психодиагностикалық жаттығулар

«Кездесу» (қарым-қатынас қабілеттерін ұйымдастыру) «Шеңберді бұзып кір» (өзін-өзі сенуге, жасқанша қтықты жеңуге тәрбиелеу.

«Жүректі тыңдаймыз» (сезім-талдық, серігін түсінуді тәрбиелеу). «Серіктесе отырып сурет салу» (тұлғалық қатынас тәрбиелеу)

Эмоцияны, сезімді оқу мақсаты адам жүзіндегі сезімді анықтау, түсіну (ашу, таң қалу, қорқыныш, көңілді

hello_html_38562258.gifhello_html_m2fe659ab.gifhello_html_m532008b8.gifhello_html_28ac889e.gifhello_html_m3ea4c5a9.gifhello_html_m65fe4e62.gifhello_html_m65fe4e62.gifhello_html_m1d64b855.gifhello_html_m42c532d8.gifhello_html_m42c532d8.gifhello_html_30d43a83.gifhello_html_1d6b0431.gifhello_html_m20206f2d.gifhello_html_732c3876.gifhello_html_m756a41e.gifhello_html_4a78dd91.gif











Мінезі




Адал, көпшіл, эмоцианалды, интелекті














«Тәй-тәй» технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тиімділігі

«Тәй-тәй» технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тиімділігі өте зор.  «Тәй-тәй» технологиясының негізгі мақсаты әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру.

Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне отбасы белсенді қатысады. Ата-аналар жалпы ашық есік күндері өнер орталығына қатысып, өткізілген әртүрлі тақырыпқа сай табиғи материалдардан заттық мазмұнды және сәндік сурет салу,немесе сәндік бұйымдар жасауға жетекшілік етеді. Алдын ала дайындық жұмыстар жүргізіліп табиғи материал қалдықтарын жинауға көмектеседі. Ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіледі. Өнер орталығында балалардың қабылдауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, зейінін дамытуға,дербестігімен жауапкершілігін қалыптастыру, ұсақ саусақ қозғалыстарын, ептіліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Алтын күз апталығына орай ұйымдастырылған «Ертегі ата-ана көзімен» атты тәрбиелік шарада ата-ана мен балалар бірлесе күзгі өнім әртүрлі көкөністерден ертегі кейіпкерлерін жасады.  Ата-аналар өз балаларының алғашқы ұстаздары мен адвокаттары. Балабақшадағы балалардан коммуникативтік тілдік құзіреттілікті меңгерген, ана тілі мен ұлтаралық тілді меңгеруге мүмкіндігі бар, ересектермен және құрдастарымен еркін қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыруда ата-анамен тәрбиешілердің бірлесе жұмыстануының маңызы зор.

«Тәй-тәй» технологиясы бойынша ата-аналар берілген білімді үйде бекітіп, толықтыруға көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игертуге пайдаланады. Мұнда ата-аналардың қатысы қандай түрде болмасын қолдау табады: олар тәрбиешіге сабақ үстінде көмектесуі мүмкін; ата-аналар алқасы салмақты шешімдер қабылдауға белсенді қатысады; олар балаларының жақсы жақтары мен көмек қажет ететін әлсіз жақтары туралы мәліметтер бере алады. Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне және әріптестік қарым-қатынас орнату үшін бірлесе күш жұмсауында.

«Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыстануда тәрбиешінің қызметі   «Тәй-тәй» технологиясымен  жұмыс істейтін топтардағы тәрбиешілер мәлімет беруші емес, бағыттап, танымдық процесті жеңілдетеді. Ол біліктілікті ынталандырып, оқуға деген жауапкершілікті бөліседі; ол топтағы ортаның қауіпсіздігін жоспарлайды. Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды,  әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.

«Тәй-тәй» технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде   балаға өз бетімен жұмыстануға жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін  таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Қызықты, әрі икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды) жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды шағын топтарда өткізу тиімді. Осындай көзқараспен оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына игі әсер етеді.   Орта қауіпсіз, жайлы, қолайлы, орта көп қызметті, вариативті іс-әрекет өзгеруіне байланысты өзгере алатын алғашқы дүниетанымдық мағлұмат бере алатын орта болуы тиіс.

Дамыту орталары заттар мен ойыншықтарды балалардың еркін қолдана алуын, тілінің, танымдық, эстетикалық дамуын, баланың ізденімпаздық қабілетінің дамуын,     технологиясымен жұмыс жасайтын топтардағы ахуалдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік беруін қамтамасыз етуі керек.

Оқу іс –әрекеттеріне қолайлы көркем әдебиет, құм және су, ғылым , өнер, ойын және оқу- жазу орталықтары жұмыс жасайды.

Көркем әдебиет орталығында жасына лайықты көркем әдебиет шығармаларын оқып беріп,оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетуге,мақал-мәтел оқу,жұмбақ жасыру арқылы балалардың тілін ширатып,көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып,адамгершілік сапалары игертіледі.Мазмұнды суреттер арқылы жүйелі сөйлеп құрап,сөйлеуге үйретіледі.

Құм мен су орталығында сезім қабілеттері дамиды,кеңістік және көлемдік өлшеу түсініктері қалыптасады,ірі және майда қозғалыстары жетіледі.

Ғылым орталығында Баланың табиғатқа деген сүйіспеншілік,қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсаты көзделеді.Жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығы әртүрлі зерттеу,іс-тәжірибе жүргізу,бақылау жұмыстары арқылы артады.

Ойын орталығында желілі-рольдермен танысуға мүмкіндік беріліп,әлеуметтік дамуы мен қатар қарым-қатынас ептіліктері де ойын үстінде дамиды.

Оқу- жазу орталықтарында математикалық ұғымдар мен геометриялық пішіндерді ұғынуға,сандарды ауызша есептеп,есептер шығаруға және өз тарапынан есептер құрастыруға үйренеді.Жәнеде заттардың кеңістікте орналасу бағытын,уақытты бағдарлауға,заттардың түр түсіне ,пішініне,көлеміне қарай салыстыруға,ажырата білуге үйретіледі.

Орталықтардағы жинақталған материалдар балалардың белсенділігін ынталандырады, олардың барлық бес сезімін ашып, қолдануға итермелейді. Тәжірибе жасап, зерттеп, жаңалықтар аша отырып, балалар өз «болжамдарының» дұрыстығын тексереді, білімді өзіндік жеке тәсілмен игереді. Дәл осындай әдіспен балалар мәселе қойып, оны шешуге, сын тұрғысынан ойлауға, таңдау жасауға және түсініктер қалыптастыруға үйренеді. Еш уақытта кіші жастағы балаларды өздерін қызықтырмайтын тапсырмаларды орындатуға,  тақырыптарды оқып үйренуге мәжбүрлеуге болмайды. Топтың ішкі көрінісі балаға орталықтар мен материалдарды таңдауға мол мүмкіндік беретіндей жағдайда ұйымдастырылуы тиіс.

Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, немесе жеке жазып беруге болады. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:

- табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар; - тұрмыстық – түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары.жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар. Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.                                                                                                                                     «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім салаларына байланысты балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті педагог-тәрбиешінің  шығармашылық  ізденісі арқылы, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда педагогтар жаңашыл тәсілдерді пайдалануы жақсы нәтижелер көрсетуде.

















Ата-анамен жұмыс


Баланың алғашқы ұстазы – ата-анасы. Яғни, тәрбие және оқыту үрдісіне отбасыларды қатыстыру - «Тәй-тәй» технологиясының негізгі бөлігі болып табылады.

Ұстаздар балаларға жоғарғы деңгейде көмек көрсету және олардың дамуы мен оқуы кезінде пайда болған қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін ата-аналармен әріптестік қарым-қатынас жасайды. Тәжірибесі мол ұстаз үшін баланың оқуына ата-анасының және отбасының басқа да мүшелерінің араласуы өте маңызды. Осындай ұстаздар өз оқушыларының отбасыларын өз жұмысындағы әріптестері қатарына жатқызады. Олар оқушының оқуындағы өзгерістер туралы ата-аналарды хабардар ету үшін және оған көмектесуге баланың ата-аналарымен жиі кездесіп, олармен әртүрлі жағдайда арласып отырады. Ұстаздардың алдында тұрған міндеттерін орындауға өздерінің қол ұшын беру мақсатымен ата-аналарды мектепке дейінгі балалар тобымен жұмыс үрдісіне өз үлесін қосуға, сонымен қатар балалармен өз ойларын, әуестігі және мәдени әдет-ғұрып, ерекше ой қабілетін бөлісуге шақырады. Ұстаздар отбасыларына баланың үй-тұрмыс жағдайындағы оқуына және дамуына көмектеседі. Сонымен қатар олар баланың жеке бас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ата-анаға қажетті көмек көрсетеді. Осы технологиямен жұмыс жасайтын балабақшаларда ата-аналарға арналған бөлме орналасқан, онда осы технология туралы мәліметтермен және жасөспірім психологиясымен, көптеген кітаптармен, түрлі материалдармен танысып, ойыншықтар мен әдістемелік материалдарды алып пайдалануларына мүмкіндік жасалған. Әрі осы бөлмеде ата-аналар мен ұстаздар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен алмасуға, жиналыстар өткізуге, кофе ішуге де мүмкіндіктері бар.

Осылайша, ата-аналар мен ұстаздар серіктестік қарым-қатынас құру арқылы түрлі ұсыныстар айтылатын кеңестер ұйымдастырылады. «Тәй-тәй» технологиясы отбасылардан, тәрбиешілерден және жергілікті қызмет өкілдерінен тұратын ынталы топ құруды мақсат етеді.

Балабақша мен отбасы арасындағы өзара байланыс қалай болу керек?


Баланың жеке басының қалыптасы, азамат юолуы көп фактор жағдайында іске асырылады. Бұл оның іс- әрекет аумағын кеңейтеді. Қазақстан Республикасының білім жүйесін ғылыми басқару үрдісіне қалыптастыру қажеттігі келелі мәселелер қатарына: мектеп, балабақша, ата- аналардың өзара қарым- қатынас мәселесін ұсынады.

Мектеп, балабақша жұмыстарының қорытындысы бұл мәселенің, тек біржақты «Ата- ана- мектеп» екендігіне куә болады. Олар тек ата- аналарды мектептің, балабақшаның материалдық базасын нығайтуға көмек көрсету мақсатында тартады.

Ата- аналарды балабақша, мектеп өміріне қатыстыру жаңа заман жағдайында үйлесімді шешуді таап етуде. Бұл мәселені нәтижелі шешуде бізге «Тәй- тәй» технологиясы арқау болады. Бұл технологияның үлкен айырмашылығы оған отбасының қатысып, атсалысуы болып табылады.

Тәй- тәй технологиясына қатыса отырып балабақша ата- аналары:

hello_html_m4d466bb7.pngөз талаптарын көрсете отырып, балабақшамен келісім шартқа қол қояды;

hello_html_m4d466bb7.pngОқу- тәрбие үрдісіне емін- еркін арласуға мүмкіндік алады;

hello_html_m4d466bb7.pngТүрлі шараларға қатысп, өз бастамаларын іске асыра алады;

hello_html_m4d466bb7.pngЕң негізгі өздерінің «Менің жанұям» атты өз ассоцацияларын құруға мүмкіндік туады.

Балабақша ұжымы және ата- аналарының қатысуымен және ата- аналардың қоғамдық қорының бастауымен ұйымдастырылып өткізілетін іс- шаралар:

hello_html_m4d466bb7.pngАта- аналар конференциялары;

hello_html_m4d466bb7.pngАта- аналардың қатысуымен өтетін сенбіліктер;

hello_html_m4d466bb7.pngТүрлі табиғат өлкесіне саяхат, жорықтары;

hello_html_m4d466bb7.pngҚала көлеміндегі жазғы және қысқы «Тәй- тәй» спартакиадалары;

hello_html_m4d466bb7.pngСазды думан бағдарламалары.

«Менің жанұям» ассоцациясы тек балабақша көлемінде ғана емес, балабақша маңайындағы шағын аула тұрғындарымен де игі істер жүргізеді.

Олар:

hello_html_m4d466bb7.pngТұрмысы нашар отбасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап күндізгі «Жұма» қамқорлық үйін ашу;

hello_html_m4d466bb7.png«Достық» жанұя кеңес клубын ашу;

hello_html_m4d466bb7.pngБалабақша балаларына және шағын ауладағы бастауыш сынып оқушыларына арнап, «Кішкентай әлем» аты блалар театырн құру.

Осындай жүргізілетін жұмыстар құрылып, жүргізілсе біздің балабақша балаларына, ата- аналарға, балабақша ұжымына, жалпы қоғамға көптеген өзгерістер енгізе алады.

Мысалы:

hello_html_m4d466bb7.pngҚала, Республика көлемінде жарияланып өткізілетін акцияларға қатысып отырады.

hello_html_m4d466bb7.pngАта- аналардың бала тәрбиесіне деген көзқкрксы жаңаша өзгеріп, жауапкершіліктерін артырады.

hello_html_m4d466bb7.pngБалабақша бүлдіршіндері өзін қоршаған ортада емін- еркін ұстап, өз ойларын ашық жеткізе алады.

hello_html_m4d466bb7.pngПедагогтарымыз оқу- тәрбие үрдісін түбегейлі жаңаша ұйымдастырып, шығармашылықтарын жан- жақты көрсете алады.

hello_html_m4d466bb7.pngПедагог бүлдіршіндермен өздерін бір деңгейде сезініп, тең ұстайды.

hello_html_m4d466bb7.pngМүмкіндігі шектеулі балалар болса, олар өздерінің ден сау құрбыларымен теңдей білім алып, тәрбиелеу дәрежесіне жетеді.

hello_html_m4d466bb7.pngОсының нәтижесінде бізді қоршаған ортамыздың бізге деген көзқарастары өзгереді.

Осындай әдістемелік құралды ұсына отырып, өзіміздің іс- тәжірибемізді әріптестерімізбен бөлісеміз.


Реитингтер мен семинарлар


«Тәй-тәй» технологиясының негізі берік демократиялық принципте жатыр. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне арналған технология секілді бастауыш мектепке де тән технология балаларды белсенді азамат болуға, демократиялық қоғам құндылықтарын сыйлауға тәрбиелейді. Мұғалімдер балаларға өз таңдауларын жасауға және таңдаған шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Демократиялық принциппен ұйымдасқан топтағы балаларды өз ойларын жеткізуге, көрсетуге түрткі жасайды. Сұрақтар мен пікірталастарды тек қуаттайды. «Тәй-тәй » технологиясының ең басты мақсаты өзара сыйластықты, жауапкершілікті, үлкендер сияқты балалардан да шынайылықты, зейінділік, ынта-жігер болып табылады. Үлкендер саналы түрде осы сапаларды балалармен қарым-қатынас барысында қолданады. Ал бұл сапалар мінез-құлық тәрбиесінің негізін қалай отырып, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне арналған «Тәй-тәй » технологиясы үшін де, бастауыш мектепке де маңызды.

«Тәй-тәй» технологиясы өзінің үлгісін өңдегеннен кейін жауап ретінде бірқатар өзгерістерді қоғам өмірінде айғақ көрінеді. Күнделікті болып жатқан ақпараттарға назар аударсақ, білім жүйесінің өзгеруіне деген қажеттілік айқындалып келеді, дәстүрлі білім беру институттарының рөлінің өзгеруі, сонымен қатар ақыл-ой функциясының соңғы ашылулары.

«Тәй-тәй» технологиясының авторларының идеясына сүйенсек, балалар айналасындағы қоршаған ортада өзара байланыстың бар екенін білу үшін тәрбиенің жаңа үлгісін құрастыру . .Бұл құжатты дайындау барысында көптеген ғалымдардың жұмыстары қолданылды:психологиялық тану жағынан жұмыс жасайтын мамандар, ақыл-ой дамуын зерттеушілер, социология ғылымының мамандары және педагогтар. Бұл технологияны құру барысында авторлар ең жақсыларын бір жерге біріктіруді мақсат етіп қойған.

«Тәй-тәй» технологиясының көз жеткізіп отырғаны, оқу барысын ішінара тарту арқылы балалар одан әрі дамиды. Мұқият ойластырылған білім беру ортасы балалардың әлемді зерттеуіне, ынтасын көрсетіп, шығармашылық өнерлерін көрсетулеріне жағдай туғызады. Білім беру ортасын құру үшін және балалардың құрал-жабдықтарын дайындап беру үшін, олардың дамуына жағдай жасау үшін педагогтар басқа мектептердегі, балабақшалардағы қызметтестерімен жұмыс істеу барысында өз білімдерін пайдалананады.

«Тәй-тәй»технологиясы балдырғандарды оқыту мен тәрбиелеу принциптерін іске асыру барысында демократияның іс-тәжірибелерінің дамуына жол тауып отыр, себебі мұндай оқыту балалар мен ата-аналарғдың таңдауларын іске асыруға және мықты жақтарды қолдап, басқа адамдардың қажеттіліктеріне сыйластықпен қарауға, жеке адам даралығын бағалауға мүмкіндік жасайды. Дәл осы ортада тәжірибенің жемісі айқын көрінер, яғни, осындай сыныптар мен топтардың оқуы мен тәрбиесі балалардың ынтасына бағытталған. Осындай сыныптар мен топтардағы балаларға жеке-жеке қамқорлықпен қараса, онда балаларды ең жақсы деген әдіс-тәсілдермен оқыту жемісті болады.

«Тәй-тәй» технологиясы бойынша өткізілетін тренинг, семинарлардың басты принциптері:

баланы даму деңгейіне қарай оқыту;тікелей балаға бағытталған оқыту;отбасының қатысуы;демократия тәжірибесі;Бір ғана семестрге арналған курстар әрі оқу материалдары тікелей балаға бағытталған оқытуда мектеп алды және бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайды. «Тәй-тәй» технологиясы жоғарғы оқу орындарының, институттардың оқытушыларына біліктіліктерін көтеру үшін оқытудың принциптерімен және әдіс-тәсілдерімен таныстырады, сонымен қатар оларға практикалық жұмыстардың интерактивті әдістер арқылы оқытуы үшін семинарлар ұйымдастырады.

Балаға бағытталған оқу жоспарларын жасау.Мектептер мен отбасыларының қызметтес болуы.Кіші жастағы балаларды жекелеп оқыту.Ойын арқылы оқыту.Балабақшалардағы қолданбалы зерттеулер.Балабақша ішіндегі топтарда,сыныптарда өткізілген зерттеулер.Арнайы мұқтаж балаларды қамту.Сәбилер мен балаларға қамқорлық .Студенттерге- болашақ мұғалімдерге нәтижелі технологияның педагогикалық тәжірибесін құру.















Қорытынды

Бүгінде балабақша жалпыға міндетті үш қадам бойынша жұмыс жасап келеді. «Тәй-Тәй» технологиясы енгізіліп,ондағы орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында,еркін ойнауға,өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктержасау. Жалпы алғанда «Тәй-Тәй» технологияся баланы жан-жақты дамыту және ата-анамен тығыз байланыс орнату секілді екі бағытта жұмыс жасайды. Ең негізгісі ата-аналардың  оқыту процесіне еркін қатысуларына жағдай жасалады.

 «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс істейтін біздер үшін адам болу дегеніміз –  бала тәрбиелеуде қайталанбайтын жеке қабілеттің, өзіндік көзқарасының, қызығушылық мүмкіндігінің болуы. 

Балабақшадағы оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой – тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу, ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс.

Оқу үрдісіндегі таным әрекеті оқу, үйрену арқылы жүзеге асады. Бала белгісізден белгіліге, білімсіздіктен білімділікке, таным жүйесіне талпынады. Таным әрекетінің оқушының жалпы дамуы және жеке тұлғаның қалыптасуы үшін маңызы зор. Таным әрекетінің ой – сана үрдісінің бәрі дамиды. Білімді меңгеру үшін, тек оларды есте сақтап қалу емес, салыстыру, жүйелеу, анықтау, жалпылау, талдау сияқты жұмыстар жүргізілу керек.

Қазақ тілінен білім беруде тақырыптың мазмұнына қарай білім беру, тәрбие беру және жеке тұлғаны ақыл – ой жағынан пайдалы білім беру игерудің дамыту жағы көзделеді. Бұл кезде мұғалім сабақ үстінде білімді қабылдау қабілеті, ақыл, ес, сөйлеу, ойлау, ерекшеліктеріне тікелей әсер етіп оқушыны дамыта оқытуда әр түрлі әдіс – тәсілдермен жұмыс жүргізіледі.

Тілді оқытудың, оның ішінде ана тілін оқытудың көптеген ерекшеліктері бар. Оны танып – білуіміз әлі де жеткіліксіз болып жатыр.

Сондықтан қазіргі қойылып отырған басты міндет – дамыта отырып оқыту, баланы қабілетіне қарай мүмкін және міндетті деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасау.

Ал, мектепке дейінгі балаларға білім беру қарапайымнан күрделіге қарай сатыланған білім беру жүйесінде жүргізіледі.

Білім: құндылық, жүйе, үрдіс арқылы берілсе ғана сапа болады.

Ал, нәтижеге жету үшін, оқыту мен оқу процесі қатар жүруі керек. Оқу процесімен ғана сапаға жетеміз. Сапа арқылы ғана мұғалімнің де, баланың да рейтингісі шығады. Бәсекеге қабілеттілік білім, жаттанды біліммен ғана шектелмей, оның өмірде пайдалы жағын, баланың таным қабілетін оятатын жағын беру қажет.

Білім беруде бес білім беру саласының байланысын әрдайым назарға алып отыру қажет.

 Жоғарыда айтылғанды  қорытындылай келе, педагогикалық ұжым атқарған жұмыстардың іске асып жатқанын көреміз. Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесіне, оқытуына жағдай жасауда «Тәй-тәй» технологиясының  тиімділігін алынған нәтижелер дәлелдейді. «Тәй-тәй» технологиясы педагогикалық ұжымға оқытудың жеке тұлғаға бағыттау қағидаттарын  арқау етуге мүмкіндік жасады. Мұндай оқыту жеке тұлғаның білімін, зейінін, қабілетін және негізгі бақылау міндеттемесін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін, белсенділігін, біліктілігін, тілдік, әлеуметтік еркіндігін, мінез-құлқын, өздік ойлау қабілетін және өзін-өзі бағалауының қалыптасуына мүмкіншілік жасайды. Бақшада балалардың әр күнін мазмұнды әрі жайлы, қуанышты өткізуге мүмкіндіктері бар. 


























Қолданған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы. Егеменді Қазақстан. 2007ж. 15 тамыз.

  2. Мемлекеттің білім аласындағы саясатының тұжырымдасы. Алматы 1995ж Адамбаев Б. Халық даналығы. - Алматы: Мектеп, 1976. -1596.

  3. Адамгершілікке тәрбиелеуәліппесі // Ред.басқарған И.А.Каиров, О.С.Богданова.- Алматы:Мектеп, 1988.- 345 б.

  4. Аймауытұлы Ж. Психология.-Алматы:Рауан,1993.-312 б.

  5. Арамавичюте В. Нравственное воспитание учащихся средних учебных заведений: Учеб.пособие.- Вильнюс: Изд-во Вильнюс. Ун-та, 1989 - 89 с.

  6. Әл-Фараби. Философиялық трактатгар.-Алматы: Ғылым, 1973.- 215 б.

  7. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі. -Алматы: Санат, 1995. - 350 б.

  8. Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы: Ана тілі, 1992.-160 б.

  9. Казақ совет энциклопедиясы. — Алматы, 1972. — 112-6.

  10. Қалиев С.Қ. Қазақтың халықтық тәлім - тәрбиесінің ғылыми - педагогикалық негіздері. - пед.ғыл.докт..баяндама.-Алматы,1996.-656.

11. Сүлейменова Р.А. Әлеуметтік түзету-педагогикалық қолдау мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау жолы ретінде. - «Арнаулы білім алуға қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу мәселелері» республикалық семинарының материалдары. - Алматы, 22 ақпан, 2002.

12. Ткачева В.В. Технологии психологической помощи семьям детей с отклонениями в развитии. АСТ «Астрель», 2007.















Қосымша


Белсенділік орталығында балалардың жұмысы.

Апталық тақырып: «Киіз үй»

Ересектер тобы


Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киіз үйімен таныстырып, оның қалай, неден жасалатыны жайында толық мағлұмат беру. Балалардың ұлттық мұраларға және ұлттық өнерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Білімділік міндеті: Балаларға киіз үй туралы толық түсінік беру. Халық педагогикасы мен ұштастыру, әдет- ғұрыпымен таныстыру, киіз үйдің ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық міндеті: Балалардың ой- өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, мінез- құлқын қазақтың әдет- ғұрып, салт- дәстүріне үйлесімді қалыптасуын дамыту. Шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік міндеті: Балалардың бойына ұлттық, имандылық- инабаттылық тәрбие беру. Еәбекті сүюге, үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу.

Қолданылатын әдіс- тәсіл: Сұрақ- жауап, ойын, суретті көрініс, әңгімелеу.

Көрнекілік құралдар: Киіз үйдің суреті, жабдықтары, бөліктері, үй жануарларының суреттері, малдың жүндері, үй жиһаздары, альбом, буклеттер.

Алдын- ала ата- аналармен жұмыс: Апталық тақырыпқа сай материалдар жинауға көмектесу, оқу әрекетінің мақсатымен таныстыру, ассистент болуға шақыру. Үйде балаларына осы тақырып бойынша жұмыстар жүргізу.


















Апталық жоспар


Белсенділік орталықтары

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Тәңертеңгілік жиын

Ойын: «Сақина тастамақ»

Балаларды жаңа тақырыппен таныстыру, киіз үйдің ерекшеліктеріне тоқталу

Ойын: «Хан талапай» Киіз үйдің бөліктерімен таныстыру. бөліктердің мықты ағаштардан жасалатынын түсіндірп, көрсету.

Ойын: «Кестелі орамал» Киіз үйдің жабдықтарымен таныстыру. туырлық, түндік, бау, арқан, үзік, ши.

Ойын: «Қамшы сабы кімде» Киіз үйдің сәндік бұйымдарымен таныстыру. Киіз, кілем, қамш, добыра, кебеже, сандық.


Ойын: «Киіз үй» Балалардың осы аптадағы білімдерін пысықтау.

Оқу- жазу

Киізүйдің ерекшеігі мен қасетін түсіндіру

«Уық», «Кереге», «Сықырлауық», «Шаңырақ» тақырыптарында өлең жолдарын жаттату.

«Жайлауда» сурет бойынша әңгіме. Шығармашылығын байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Қазақ халқының тұрмысында пайдалнатын бұйымдар туралы әңгімелесу. Жеке кітаппен жұмыс.

Зергер әже қонақта. Рольдік ойын.

Сюжетті- рольді ойындар

«Бесікке салу» ойыны

«Жайлауда» ойыны төрт түлік малдарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сүттен жасалған тағамдар дайындау. Құрт, ірімшік дайындау

Ұлттық бұйым

«Дүкен» ойыны


Құрылыс

Киіз үйді құрастыру. Пішіндерден үй құрастыру арқылы геометриялық пішіндерді айыра білуге үйрету.

Сандық, кебеже құрастыру. Сандық белгілерімен жұмыс.

Блоктардан үй жиһаздарын құрастыру.



Үстел- үсті ойындары


Қиынды суреттерден «Киіз үйді» құрастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Киіз үйдің бөліктерін құрастыру. Оларды атауға, қанша,нешеу ұғымдарын қалыптастыру.



Зерттеу



Төрт түлік малдардың жүндерінен жасалатын заттарды зерттеу.

Ою- өрнектің атын атап айырмашылығын зерттеу


Құм мен су

«Жайлау» ойыны


Құммен суды пайдалану арқылы саусақпен әр түрлі бейнелерді салу



Өнер

Киіз үйдің суретін салу

Керегені мүсіндеу

Ұжымдық жұмыс «Жайлау» көрінісін салу.

Түс киізге ою- өрнек жапсыру


Топпен өткізілетін уақыт

Ән сабағы


Ән сабағы



Басқа да оқу іс- әрекеттері


Дене тәрбиесі

Бір орыннан ұзындыққа секіру

Валеология

Тақырыбы: «Таза ауа емге дауа».

Дене тәрбиесі




Қорытынды:

Апталық жоспар бойынша балалар немен танысты, не үйренді?



hello_html_m3d051889.gifбалалар киіз үйдің жасау жабдықтары туралы толық түсінік алды


hello_html_2460fc7.gifБелсенді сөздік қорына «Уық», «Шаңырақ», «Сықырлауық» т.б. сөздерін қосты.


hello_html_m60b3e3b2.gifhello_html_m5654e6c0.jpgҚазақтың ұлттық әдеп- ғұрыпымен, имандылық- инабаттылыққа тәрбиеленеді.


hello_html_3d1d8dc2.gifОйындар арқылы тиым сөздер, мақал- мәтелдер, жұмбақтар үйретіледі.


hello_html_m5c5253c6.gifКиі үйдің суретін салып, керегені мүсіндеп, кереге уықты ағаштан жасап, түс киізге ою- өрнек жапсырады, төрт- түлік

малдың жүндерінің айырмашылығын зерттеді.


hello_html_66a87c56.gifҚұрылыс блоктарынан үй, үй жиһаздарын құрастырып үйренді

hello_html_5817e71.jpghello_html_f8a1c25.jpg





Тәбие көзі – халықта

Ата- аналармен бірге өткізілген мереке


Ата- аналардың қатысуымен өткізілген бұл мереке, балаларға салт- дәстүрімізді көрсетіп, тойлайтын «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз» мерекесі.

Мерекеде балаларға қазақ халқының ұлтық тағамдары жайлы және олардың жасалу жолдары, ол тағамдардың адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар екені жайлы әжелеріміз айтып беретін болады. Ал балалар Наурыз мерекесінежәне Нарыз көжеге арнап әндерін айтып, билерін билеп, өлең жолдарын оқитын болады.



Кең зал ішінде көңілді әуен төгіліп тұр. Зал ішінде жартылай ашық киіз үй.

Оның іші жасау жабдықтарымен ерекше сәнді.ортада аласа үстел, оның үстінде әжелеріміз дайындап әкелген ұлттық тағамдар, ыдыс- аяқтар. Керегеге қазақтың ұлттық киімдері тымақ, камзол т.б. ілінген.



Бала

Көктем жетті көл көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.

Көңілді орта толы мол дастархан,

Ұлы мейрам – наурызға шақырамыз.

Тәрбиеші:

Наурыз – қазақтың жаңа жылды қарсы алуға арналған ұлттық мейрамы. Наурызды қазақтардан басқа Орта Азия және Күн Шығыс жұрттарының көбі тойлайды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері қазақ халқы бұл мерекені айрықша өткізіп келеді. Бұл күні наурыздың 22-ші жұлдызында күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем жетіп, мал төлдеп, көк шығып бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі. Сондықтан да наурыз қазақша жыл басы саналады. Наурыз күні құтты болсын!

Уа, жарандар, жарандар!

Көңілің бар алаңдар.

Атаң менен анаң бар,

Үлкен кіші ағаң бар

Наурыз тойы басталды

Бәрің бері қараңдар.



Аманбысың, армысың, халқым менің,

Ақтарған кең даламның алтын кенін.

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақты наурыз тойы, салтың елім.

Ал, халайық, тұрмайық,

Ортамызды ашайық.

Ырыс тілек бұл жылға,

Көктем әнін шырқайық.

Ән: «Көктем».

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі – деп Абай атамыз айтқандай, көктемде табиғат анасы қысқы ұйқысынан оянады.

Құрметті апайлар, ата-аналар, балалар, міне, көктем де келді. Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні, жыл басы – наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Жыл басы наурыз баршамызға жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін дейміз. Ата-бабамыздың салтында кез-келген той-домалық ойын-күлкісіз, думансыз өтпегені белгілі. Олай болса, «Құлыншақ» тобының балалары мената- аналары өткізгелі отырған «Наурызым жаңа күнім» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер

Залға жүгіріп Алдаркөсе бала кіреді

Тәрбиеші:

Сәлеметсіңбе Алдаркөсе, төрлетіңіз.

Алдаркөсе:

Рахмет, сәлеметсіңдерме балалар! Мен ең танымал, көңілді Алдаркөсе боламын. Мен тек көңілді мерекелерді, әсіресе жаңа жылымыз Әз Наурызды ұнатамын.

Тәрбиеші:

Қош келдіңіз біздің тойымызға Алдаркөсе. Қандай тамаша ашық, көңілді күн бүгін. Осы көңілді күнімізді, бүгінгі тойымызды мына балалардың ата- аналары мен әжелері бірігіп, тойлап өткізгелі отырмыз. Әз наурыз, жаңа күнімізде халқымыз салт- дәстүрлерді, оның ішінде, шілдехана, бесіке салу, тұсау кесеу, тағысын тағы салт дәсүрлерімізді тойлаған. Ауыл- ауылға қонаққа барып дүрілдетіп тойлаға екен.ал, бүгінгі біздің Әз Наурызымыз сол тойда дастарханға қойылатын қазақ халқының ұлттық тағамдарына байланысты болады.

Алдаркөсе:

Ой, сұмдық-ай қаншама халық жиналған! Наурыз құтты болсын!

Ақ мол болсын!!

Тәрбиеші:

Алдаркөсе, Қандай жақсы болды келгеніңіз. Сізге бір сұрақ қойсам болама? Осы Ұлыстың ұлы күні әз наурызда дайындалтын тағамды білесізбе?

Алдаркөсе: Әрине, білемін, ол Наурыз көже. Сіздер дайындадыңыздар ма? Сол тамақты іші көдім біақ қалай дайынаатынын білмеппін.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыз, дәл таптыңыз. Наурыз көже және басқа да ұлттық тағамдар жөнінде сәл кейінірек айтатын боламыз. Ал қазір біздің балалар мен ата- аналарымыз мерекемізге байланысты өлең жолдарын оқып, би билеп, өзіңізбен бірге ұлттық ойындарды ойнайық.

Кел наурыз той-думан мерекем,

Нығайта бер, ынтымақ, берекні.

Сен арқылы танылсын қазағымның,

Дархан жүрек дариядай ел екені –

Наурыз тойы

Бүгін күн, түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді,

Наурыз тойы салтымыз.

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеді.

Ай, жұлдыздай алғаның,

Ала түйе сойғаның.

Беу жиылған ағайын,

Құтты болсын наурызың.

Құтты болсын наурыз,

Деп бастадым тойымды.

Шырқатыңдар ән мен биді,

Қыздырыңдар ойында.

Би: «Көктем гүлі ». /қыздыр/

Ойын: «Қыз қуу»

Тәрбиеші: Алдар көсе, біздің Қазақстан Республикамызда әр ұлт өкілдері тұрады, әр ұлттың өз ұлттық ойындары, ұлттық киімдері, салт- дәстүрі, ұлттық тағамдары бар. Бұның бәрін біздің мемлекетте тұрғандықтан, олар өздері тойлап, бәрін көрсете алады. Ал біздің қазақ халқының ұлттық тағамдары барма? Сіз білесіз бе?

Алдар көсе: Әрине білемін, қазы, қарта, жал-жая тағысын- тағы солай емеспа а, балалар!

Тәрбиеші: Иә, дұрыс, бірақ олар жеңсік (деликатес) тағамдар ғой. Сіздің жауабыңыз толық болу үшін, біз ортаға балалардың әжелерін шақырайық.





Менің әжем, ақ әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Шаршамайтын дана әжем

(Әжелер шуылдасып залға кіреді).

Тәрбиеші:

Құрметті әжелер қош келдіңіздер, төрлетіңіздер. Сіздердің келген құрметтеріңізге мына немерелеріңіз ән, би, өлең жолдарын дайындап отыр, тыңдап тамашалаңыздар.

Жания:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу-маржан шашайық!

Қонақтарды тамсандырып,

Өнерден шашу шашайық!

Би: «Көкпар » /ұлдар/

Ойын: «Кетті, кетті орамал»

Ән: «Досыма» Самирдің орындауында

Тәрбиеші: Үлкеннен үйрен, кішіге үйрет деген дана сөз бар емеспе. Міне, сіздер білетіндеріңізді ортаға салыңыздар, біздер үйреніп, тәлім-тәрбие алайық. Мына алдарыңыздағы дайындап әкелген тағамдарыңызды таныстырып, ол қалай, неден жасалғанын, адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар сол жөнінде айтып кетсеңіздер.

Ал, әжесі сіз бүгінгі мерекемізге арнайы пісіріп дайындайтын Наурыз көже жайлы айтып ол қалай, неден жасалғанын, адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар, біз өзі болжамшыл халықпыз ғой, не себептен бұл тамақтар қосылады сол жөнінде айтып, көрсетіп жіберсеңіз жақсы болар еді.

Әжелерге сөз беріледі

Қазақтардың айналысатын шаруашылық түрлері мен тұрақ- жайлары ғана емес, ет,сүт тағамдарынан тұратын күнделікті қорегі де олардың өмір сүру тәсілдеріне байланысты болды

Қазақтар әдетте тамаққа жылқы, қой, ешкі, түйе етін пайдаланған, кейінірек дастарқан мәзіріне сиыр еті де енді. Ет тағамдары құндылықтарына байланысты әр түрге бөлінді. Қазақ халқының сүйікті асы жылқы еті болғандықтан, одан жасалатын тағамдар жоғары бағаланды. Ет негізінен пісіру арқылы дайындалды, сондай- ақ ет өнімдерін мұздату, кептіру және қақтауға аса зор мән берілді. Қақталған ет тағамдарна жылқы етінен жасалатын шұжық, қазы, жал, жая, қарта, қой етінен дайындалатын жөргем, бұжы, т.б. жатқызуға болады.

Пісірілген етті салатын астау көлемі 30- 40 сантиметрдей ұзынша кеспек ағаштан ұңғылап жасаған. Ет тағамдары үшін табақ та пайдаланылған, ол, әдете көлемі кіші, дөңгелек тәрелке пішіндес болып келеді.

Дәстүрлі ет тағамдарының құрамында адам ағзасына қажетті қоректік заттардың барлығы дерлік қамтлады, ол жоғары колориялығымен, жұғымдылығымен, диеталық қасиетімен ерекшеленеді.

Сандаған ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысу тәжірибесі сүт өнімдерінің мол түрлерін дайындауды меңгеріп, пайдалануға мүмкіндік туғызды. Бұлар негізінде мал төлдеп, ақ көбейген көктем мен жаз мезгілінде қолднылды, сонымен біге олардн ма сүті азайып, суалатын қыс маусымын арнап түрлі таамдар дайындалды. Қзақтар тамаққа қой, түйе, ешкі сүтін, кейінірексиыр сүтін пайдаланды. Халқымыз сүтті тамаққа жаңа сауылған күйінде қолданбай, бие сүтінен- қымыз, түйе сүтінен- шұбат ашытып, түрлі сусындар жасады. Емдік қасиеті жоғары қымыз туберкулез сырқатының бірден- бір еміне айналды. Қазіргі медицина деректері бойынша 1 литр бие немесе түйе сүтін және одан жасалған ашымал сусындар бір тәулік ішінде адам ағзасына қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді. Қой, сондай- ақ сиыр сүтінен ұйытылған айран мен қатық та жаздыгүні аптап ыстыққа шөліңді басып, сусыныңды қандыруға жақсы. Ұлттық тағамдардың ішінде құрт пен ірімшіктің де маңызы зор.

Қазақ халқы тамаққа қолданған өсімдік тектес өнімдерді екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне даладан теріп, жиналатын жабайы өсімдіктер- сарымсақ, жуа, рауғаш, т.б. жатса, екіншісі- егіншілік өнімдері. Дәнді дақылдардың ішіндегі ең көнесі әрі бағалсы- тары, одан талқан жасау күні бүгінге дейін ұмытыла қойған жоқ. Нан түрлері, бауырсақ, шелпек, көмбе және таба нан, жаппа, күлше нан пісірген.

Қазақ халқының жан дүниесінің байлығы мен ізгілігі оның дарқан дастарқанынан, ашық- жарқын мінезі мен мейірбан көңілін айқын танылады.

Наурыз көже- бұл көже өте дәмді әрі, құнарлы. Себебі, 7 түрлі тағамнан жасалады. Бірінші- сүр жылқының еті пісіріледі, тары, арпа, күріш тұзды суға пісіріледі, айран, қымыз бәрі пісірілген ет сорпасына қосылып, бір қайнатылады, етті ұсақтап турап, қатты құртты ұсатып қосады. Жеті нәрлі тағамды осылайша қосып наурыз көже дайындайды. Молшылыққа, бірлікке татулыққа тілек білдіріп көжеден барлық туыс- жарандар, көрші- қолаңдар бәрі осы тілекті қолдап, тілеп ауыз тиеді.

Алдар көсе: керемет мен білмейтін көп нәрсе бар екен, енді бәрін біліп алдым. Қане наурыз көже ішейік.

Тәрбиеші: Тұра тұр Алдаркөсе, мына дайын болған Наурыз көженің құрметіне біздің балалар әндерін шырқап, билерін билеп берсін

Ән : «Наурыз»

Би: «Домбыра»

Ойын: «Теңге жинау.

Әже: Ал, халайық, тойға жиналған қауым мына алдарыңызда дайындалған Наурыз көжеге баршаңызды шақырамыз. Дәм ауыз тиіңіздер.

Тәрбиеші: құттықтап ертеңгілікті аяқтайды








hello_html_58725bf2.jpg«Тәй - тәй» технологиясы бойынша

ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттері


Білім беру саласы: Таным, шығармашылық
Бөлімдері: Қоршаған орта, сурет
Тақырыбы: «Таза ауа», «Ағаштардың суретін салу»
Мақсаты: Балаларға таза ауаның денсаулық

үшін маңызы зор екенін түсіндіру.

Білімділік міндеті: Ауаның қасиетін тәжірибе арқылы таныстыру.

Дамытушылық міндеті: Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік міндеті:Табиғатты қорғай білуге, ауаны ластамауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд (табиғат көріністері, ағаштар, завод, фабрика, машина, ұшақтар суреттері. Тәжірибеге стакандар, доп, шарлар, су, шырағдан Құрастыруға түрлі - түсті қағаздар сурет салуға картоп бастырмасы, ақ қағаз, субояқ, электронды оқулық, үлгі сурет
Қос тілділік компонент: Ауа - воздух, ағаш - дерево
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбер
Балаларды шеңберге жинап, бүгінгі күнмен сәлемдесу.
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды
Неткен ашық бүгін күн,
Қайырлы күн, қайырлы!
Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар, сендер білесіңдер ме? Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен күнделікті кездесіп отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады. Бұл не?
Бүгін біз «Таза ауа» тақырыбымен танысамыз.
Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. Ал ауа болмаса айнала қандай күйге түсер еді? Бір уақыт мұрындарыңды қысып, едім алмай көріңдерші.
Қанша уақыт шыдай аласың?
- Бізге не жетпейді?
Яғни, біз ауамен дем аламыз. Ауа тірі табиғат үшін өте қажет. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі қауіптен сақтайды.
- Қане, бәріміз слайдқа қарайықшы. Біздің табиғатымыз өте керемет. Сулары, таулары, ағаштары, жері қандай тамаша, қандай сұлу. Табиғаттың маңызды бір бөлшегі ағаштар. Айтыңдаршы ағаштардың адамға қандай пайдасы бар?
- Жарайсыңдар балалар, ағаштар көлеңке болып қана қоймай ауаны тазартып тұрады екен. Ауаны нелер ластап жатыр? Міне, қараңдаршы үлкен қалалық жерлерде қағаз, машина, әртүрлі бұйымдар шығаратын фабрика, заводтар көп, олардың мұржаларынан шыққан улы газдар, аспанда ұшып жатқан ұшақтар, зымырандар, көшедегі көптеген машиналардан шыққан түтіндер ауаны ластап жатыр. Ал ағаштар осы улы газдарды, түтіндерді бойына сіңіріп алып, бізге таза ауаны жіберіп тұрады екен. Сондықтан ағаштарға қамқорлық жасап, оларды сындырмай көп өсіруіміз керек.
Ғажайып сәт:
Орман ханшайымы келеді. Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен орман ханшайымымын. Орманда ағаштардың түрлері көп, одан тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар жасайды. Сондықтан ағаштарды қорғап, қамқор болуымыз керек. Мен сендерге бірнеше тапсырма алып келдім. Мен алып келген тапсырманы орындасаңдар орманды қорғағандарың деп біліңдер. Балалар, тапсырмамды орындайсыңдар ма?
Тапсырмаларды жақсы орындасаңдар, менің сендерге сыйлығым бар.
- Балалар, ауа туралы бұдан да көп мағлұмат алу үшін таңдаған орталықтарда жұмыс жасайсыңдар. Бүгін біз ғылым, өнер, құрылыс орталықтарында жұмыс жасаймыз. Ғылым орталығында тәжірибелер жасап, ауа қасиеттері мен танысамыз. Өнер орталығында ағаштардың суретін картоппен бастырмалау әдісі арқылы саламыз. Құрылыс орталығында «Қызғалдақ» гүлін түрлі - түсті қағаздан құрастырып, ішіне үрлеп ауа жіберу арқылы жасап үйренеміз.
Белгілерді тарату.
Ғылым орталығында:
Тәжірибелер жасап көрсету.
І тәжірибе:
Екі шырағданды алып, жағып, біреуін стаканмен жауып, екіншісін ашық қалдырамыз. Қай шырағдан бұрын сөнеді?
Енді салыстырамыз, дәлелдейміз. Нәтижесінде ашық шырағдан жана береді. Стаканмен жабылғаны ауа жоқтықтан сөніп қалады.
ІІ тәжірибе:
Қалай ойлайсыңдар алдарыңдағы стаканда бір нәрсе бар ма?
Қазір біз оны тексереміз. Стаканды тік ұстап суға баяу түсіреміз. Не болды? Неге су стаканға кірмейді? Суға кіруге не бөгет жасайды? Себебі стаканда ауа бар, сол ауа суды жібермейді. Ал енді стаканды қиғаш ұстап, суға түсіреміз. Не болды? Стаканға су кірді, суда көпіршіктер пайда болды. Қайдан? (Ауа стаканнан шығады, оның орнын су алады)
Қорытынды: өйткені, ауа түссіз, мөлдір. Топта мөлдір заттарға не жатады?
ІІІ тәжірибе:
Доптың екі бүйірін қыссаң, қабысып ішіне кіреді. Қысқан кезде ауа сығылады. Жіберіп қалсаң, серпіліп қайтадан өз орнына келеді. Неліктен? Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа.
ІV тәжірибе:
Шарды үрлейміз де ауа сиқыршыны ұстап аламыз. Балалар, қазір біз ауаны естиміз, шардағы ауаны шығарамыз. Енді фольганы ерінімізге жақындатып үрлейміз. Не естідіңдер? Біз ауаны жұтқанда фольга дірілдейді, ауа да дірілдейді. Сол кезде дыбыс шығады. Қорытынды: ауа дірілдегенде дыбыс шығады.
Өнер орталығында:
Табиғаттың маңызды бір бөлшегі ағаштардың суретін картоппен бастырмалау әдісі арқылы салу.
Салу жолын көрсетіп, түсіндіру.
Құрылыс орталығында:
«Қызғалдақ» гүлін түрлі - түсті қағаздан құрастырып, ішіне үрлеп ауа жіберу арқылы жасаймыз.
Жасалу жолдарын көрсетіп, бағыт - бағдар беру.
Сергіту сәті:
Таза ауада дем алып,
Шынығамыз жаттығып
Айналаны қорғаймыз,
Күл - қоқыстан тазартып.
Жұмбақ жасыру:
1. Біз оны көрмейміз, онсыз өмір сүрмейміз. Бұл не?
2. Ауызы жоқ, сыңғырлайды, күледі, Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ.
3. Көзге ілінбейді, жұтсаң білінбейді.
4. Таңмен көзін ашады,
әлемге нұрын шашады.
10 - 15 минуттан соң орталықтарға ауысу
Рефлексивті-түзетушілік

Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларға мадақтау айтып, сұрақ қойып балалардан жауап алып, қорытындылау

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Ауасыз тіршілік жоқ, жел - ауаның қозғалысы екенін білді.
Қандай түсініктерді игерді: Балалар ауаның қасиеттерімен танысу үшін тәжірибе жасауға талаптан.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Табиғаттың маңызды бір бөлшегі ағаштардың суретін салып, гүлдің бейнесін құрастыра білді.



«Тәй- тәй» технологиясын оқу іс әрекеті кезінде қолдану

Балалардың орталықтардағы іс- әрекеттері


hello_html_m43f1f11e.jpghello_html_m6cd18c0d.jpg

Орталықтар Өз еріктерімен

орталықтарды таңдауы












hello_html_745f879.jpghello_html_334f3b7.jpg











Ғылым орталығы





hello_html_m598ea0d3.jpghello_html_138a464a.jpg

«Өнер» орталығы










Ғылым орталығы



«Тәй- тәй» технологиясын қолданып, ата- аналардың қатысуымен өткен ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінен көрініс

hello_html_58725bf2.jpg




Жалпы орталықтардан көрініс


















hello_html_26f36839.jpghello_html_m5d7e5a45.jpg

Ата- аналар балалармен «Өнер»

орталығында







Ата- ана балалармен «Ғылым»

орталығында



hello_html_495ea128.jpg



Балалар оқу- жазу орталығында





hello_html_m29144537.pngБалалардың ойын орталығындағы сюжетті рольді оыйндарды ойнау сәттері


hello_html_354b22a3.png













«Цирк» сюжетті рольді ойыннан

көрініс






hello_html_4bcac43.png


«Бесікке салу» сюжетті рөлді ойыны




«Алуа» тігін салоны «Жанар май құю»

hello_html_m64e90735.pngстанциясы

hello_html_m1040af47.png

«Теңізшілер» с.р. ойыны

hello_html_m14d85898.png «Теледидар» с.р. ойыны

hello_html_2dedf7d0.png



«Қыс қызығы»

( денсаулық күні)

Шат көңіл адамдар,

Ақ көңіл адамдар!

Денсаулық- зор байлық,

Жансаулық- мол байлық,- дей келе,

Құрметті ата-аналар бүгін, «Мұрагер» тобы балаларымен өтетін, денсаулық күніне арналған «Қыс қызығы» атты қызықты жарысымызды сіздермен бірге өткізуге шешім қабылдадық.

Спорттық ойында,

Күш берер бойыңа.

Спортта ем болар,

Жаттықсаң ем қонар.



деп, бүгінгі денсаулық күніне арналған «Қыс қызығы» атты дене шынықтыру жарысымызды бастайық.

  1. Бой сергіту жаттығулары

  2. Екі топқа бөліну

  3. бірнеше қызықты жарыстар

  4. Қыс пен аққаланың келуі

Бой сергіту жаттығулары:

Жай жүру, жанымен жүру, артымен жүру. Мойын, қол, дене, бел, аяқ бұлшық еттеріне жаттығу жасау.



Екі топқа бөліну:

Бірінші топқа «Қояндар» деген ат берілді.

Екінші топқа «Тышқандар» деген ат берілді.

  1. Екі топтың басқарушылары жүгіріп отырып мәредегі туды алып, сол жердегі шаңғыны киіп жарыса алып келеді. Келесі жарыскер шаңғымен барып туды, шаңғыны орынына қадап, жүгіріп келеді, осылайша жарыскерлер біткенше жарысады.

  2. Ойын: «Мергендер»

hello_html_597b7fc9.jpgОйынның шарты: екі топтың арасында ұзынынан тізіп қойған доптарды қармен атқылап, қарсы топтар бір-бірлеріне көбірек доп енгізу. Қай топта доп көбірек сол топтың жеңілгені.

















3.Шанамен жарыс.

Ойынның шарты: ата-аналар таяқтың көмегімен шанамен сырғанау, ал, балалар бір- бірлерін шанаға отырғызып, жарысу.

4. Эстафета: «Туды тезірек ал»

Эстафета шарты: Жіпті үшбұрыштап тартып, әр кім өз туын тез алу керек.

hello_html_m5ae9df3b.jpghello_html_m130f1a52.jpg















5. Шаңғы жарысы:

Бірінші, екі топтың ата-аналары шаңғымен жарысады.



Екінші, балалар шаңғының бір сыңарын киіп жарысады.

  1. Қыс пен аққала келеді:

Қонақтармен амандасу.

Балаларға сұрақ қою.

  • Бұл не жиылыс?

  • Қыста немен шұғылданасыңдар?

  • Біз қыста шана, шаңғы және коньки

тебеміз, хоккей ойнаймыз, қар атысып,

аққала жасаймыз.

Қыс пен аққала:

  • Ал сендердің бізбен ойнағыларың келе ме?

Балалар:

  • Иә, ойнағымыз келеді.

  • Олай болса ойынның аты «арқан тартыс».

Екі топқа бөлініп, «арқан тартыс» ойынын ойнайды.

Жеңіске жеткен топты белгілеу, құттықтап марапаттау.

Жүргізуші:

  • Балаларды, қонақтарды, ата-аналарды топқа ыстық шайға шақырады.










«Ұлттық салт- дәстүрім- асыл мұрам»

hello_html_m3e73b139.jpgТақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық тағамдары»


Залға Алдаркөсе кірді

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе Алдаркөсе, төрлетіңіз.

Алдаркөсе:

Рахмет, сәлеметсіңдерме балалар! Мен ең танымал,

көңілді Алдаркөсе боламын. Мен тек көңілді

мерекелерді, әсіресе қазақ халқының салт- дәстүрлерін ұнатамын.

Тhello_html_m72fff51a.jpgәрбиеші:

Қош келдіңіз Алдаркөсе. Қандай

тамаша ашық, көңілді күн бүгін.

Осы көңілді күнімізді, көңілді

шеңбермен бастсақ деймін.

Келіңіз қосылыңыз.


-балалар біз биыл қандй үлкен

мерекелерді атап, тойлап жатырмыз?

- жауап

- балалар сендер Қазақстан

халқы ассамблеясы дегенді

қалай түсінесіңдер?

- міне балалар біздің мемлекетімізде көп ұлт өкілдері тұрады. Біз олармен тату- тәтті бақытты, бір үйдің баласындай өмір сүріп жатырмыз. Бұл әр ұлтың өздерінің ұлтық тағамдары, киімдрі, ойындары, салт- дәстүрлері бар. Қазақстан Республиксында тұратын әр ұлт өкілдері өз ұлтық салт- дәстүрлерін сақтап қолдана отырып, біздің қазақ халқының салт- дәстүрін де білу керек. Неге деп ойлайсыңдар?

Себебі олар ҚР тұрады.

Балалар өткен «Ұлттық салт- дәстүрім- асыл мұрам» вариативтік оқу іс- әрекетінде қандай тақырып болды кімнің есіне түседі екен.

Қазақ халқының ұлттық ойындары.

Бүгнгі тақырыпты айтпас бұрын мен сендерге жұмбақтар жасырамын, шешуінен бүгінгі тақырыпты анықтайтын боламз.

Жұмбақ:

1. Табаға салып жапқаным не?

2. Күбіге құйып піскенім не?

3. Әжем уыстап сығып

Далада кептірген

Қатты әрі дәмді

Дәмін кім бар жеп көрген

Бұл жауаптарды бір сөзбен қалай айтамыз? Тағамдар. Қандай тағамдар?

Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі ОӘ тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық тағамдары»

Ал, Алдар көсе бізге ұлттық тағамдар жайлы не айтасыз, әңгімелеп беріңізші.

Әңгімелеу.

Қазақ халқы айналысатын шаруашылық түрлері мен тұрақ- жайлары ғана емес, ет,сүт тағамдарынан тұратын күнделікті қорегі де олардың өмір сүру тәсілдеріне байланысты болды

Қазақ халқы әдетте тамаққа жылқы, қой, ешкі, түйе етін пайдаланған, кейінірек дастарқан мәзіріне сиыр еті де енді. Ет тағамдары құндылықтарына байланысты әр түрге бөлінді. Қазақ халқының сүйікті асы жылқы еті болғандықтан, одан жасалатын тағамдар жоғары бағаланды. Ет негізінен пісіру арқылы дайындалды, сондай- ақ ет өнімдерін мұздату, кептіру және қақтауға аса зор мән берілді. Қақталған ет тағамдарна жылқы етінен жасалатын шұжық, қазы, жал, жая, қарта, қой етінен дайындалатын жөргем, бұжы, т.б. жатқызуға болады.

Дәстүрлі ет тағамдарының құрамында адам ағзасына қажетті қоректік заттардың барлығы дерлік қамтлады, ол жоғары колориялығымен, жұғымдылығымен, диеталық қасиетімен ерекшеленеді.

Сандаған ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысу тәжірибесі сүт өнімдерінің мол түрлерін дайындауды меңгеріп, пайдалануға мүмкіндік туғызды. Бұлар негізінде мал төлдеп, ақ көбейген көктем мен жаз мезгілінде қолднылды, сонымен біге олардан да сүті азайып, суалатын қыс маусымын арнап түрлі тағамдар дайындалды. Қазақтар тамаққа қой, түйе, ешкі сүтін, кейінірексиыр сүтін пайдаланды. Халқымыз сүтті тамаққа жаңа сауылған күйінде қолданбай, бие сүтінен- қымыз, түйе сүтінен- шұбат ашытып, түрлі сусындар жасады. Емдік қасиеті жоғары болған. Қой, сондай- ақ сиыр сүтінен ұйытылған айран мен қатық та жаздыгүні аптап ыстыққа шөліңді басып, сусыныңды қандыруға жақсы. Ұлттық тағамдардың ішінде құрт пен ірімшіктің де маңызы зор.

Қазақ халқының жан дүниесінің байлығы мен ізгілігі оның дарқан дастарқанынан, ашық- жарқын мінезі мен мейірбан көңілін айқын танылады.

Рахмет Алдаркөсе

-Балалар қазақ халқыны ұлттық тағамдарын атңдаршы.

- Аналарың үйде қандай тағамды көп жасайды?

-Сендер ол тағамдарды жақсы көресіңдер ма?

Біздің бүгінгі айтқандарымызды толықтыруға ортамызға әжелеріміз, аналарымыз келеді. Аналарға сөз бермес бұрын біз бойымызды жазып би билеп, ойын ойнап, көңілімізді көтеріп Самирдің айтқан әнін тыңдайық.

Жhello_html_m341cb04b.jpgания:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу-маржан шашайық!

Қонақтарды тамсандырып,

Өнерден шашу шашайық!

Би: «Көкпар » /ұлдар/

Ойын: «Кетті, кетті орамал»

Ән: Самир

hello_html_m673be792.jpgТәрбиеші: Үлкеннен үйрен, кішіге үйрет деген дана сөз бар емеспе. Міне, сіздер білетіндеріңізді ортаға салыңыздар, біздер үйреніп, тәлім-тәрбие алайық. Мына алдарыңыздағы дайындап әкелген тағамдарыңызды таныстырып, ол қалай, неден жасалғанын, адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар сол жөнінде айтып кетсеңіздер.

Ал, әжесі сіз бүгінгі мерекемізге

арнайы пісіріп дайындайтын

Наурыз көже жайлы айтып ол

қалай, неден жасалғанын, адам

ағзасына қаншалықты пайдасы бар,

біз өзі болжамшыл халықпыз ғой,

не себептен бұл тамақтар

қосылады сол жөнінде айтып,

көрсетіп жіберсеңіз жақсы болар

еді.

Әжелерге сөз беріледі

Алдар көсе: керемет мен білмейтін көп нәрсе бар екен, енді бәрін біліп алдым. Қане наурыз көже ішейік.

Тәрбиеші: Тұра тұр Алдаркөсе, мына дайын болған Наурыз көженің құрметіне біздің балалар әндерін шырқап, билерін билеп берсін

Ән : «Наурыз»

Би: «Домбыра»

Қорытынды

Міне тағамдар туралы көп нәрсе білдік.

Балалар сонымен тағамдардың қандай түрлері болады екен?

- Еттен, сүттен, ұннан жасалатн тағам түрлері болады

- Олай болса бір ойын ойнап көрейік. Үш опқа бөлінесіңдер.

Алдарыңда тағамдар, бұларды топтастырып, тауып қою керек. Мысалы: Еттен жасалған тағамдарды 1 топ балалары, сүттен жасалған тағамдарды 2 топ балалары, ұннан жасалған тағамдарды топтастырып бір- бір мақал- мәтел, нақыл сөздер айтасыңдар.

Ас атасы- нан

Нан қасиетті дәм

Тар бардың талқаны бар.

Құрт- майы бардың рақаты бар.

Тыйым сөздер:

Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

Нанды бір қолмен үзбе.

Нанды аяққа баспа.

Қазақ халқының ұлттық тағамдарына байланысты осы уақытқа дейін өлең жолдарын жаттағанбыз, қане естеріңе түсіріп, айтып беріңдерші.


Балалар бүгінгі оқу әрекеті сендерге ұнады ма? Көңілдеріңнен шықтыма. Маған да ұнады, сендердің оқу іс- әрекетіне белсенді қатысқандарың менің көңілімнен шықты, сендерге көп- көп рахмет.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 12.08.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Научные работы
Просмотров326
Номер материала ДБ-155351
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх