Инфоурок Всеобщая история КонспектыТың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті 9 сынып

Тың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті 9 сынып

Скачать материал

Қазақстан тарихы 9 сынып 
Тақырыбы: Тың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті. 

Мақсаты: 1. Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу 
себебін тауып, 1954 жылы ауыл шаруашылығын интенсивті 
дамыту мақсатында қабылданған тың игеру саясатының мәнін, 
мақсатын, маңызын ашу, екі жақты пікір білдіру арқылы тарихи 
оқиғаға тиісті баға беру. 

2. Оқушылардың өз ойын еркін айтуға. өз көзқарасын нақты 
дәлелдер арқылы дәлелдеуге, жүйелі сұрақ қоя білуге 
қалыптастыру. 

3. Оқушыларды бірігіп ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу. Топпен 
жұмыс жасауға, өзге адамдардың сөзін тыңдауға дағдыландыру. 

Сабақтың түрі: алған білімді жүйелеу 
Сабақтың әдісі: пікір-сайыс 
Көрнекілігі: карта, кестелер 

Сабақтың барысы: 
«Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру және оның нәтижелері мен салдары» деген тақырып алдын-ала жан-жақты талданып, оқушыларға сол кездегі саясаттың мақсаты, мәні түсіндіріледі. Сынып оқушыларын екі топқа (жақтаушы, даттаушы) бөліп, тың игеру саясатының нәтижелері (бірінші топ) және салдары (екінші топ) туралы материалды жүйелеп, кейс құру тапсырмасы берілді. Пікір-сайысқа екі топтан үш оқушыдан алты оқушы қатысады, қалған оқушылар төрелік жасайды, сабақ соңында қорытынды пікір айтады. 
І. Қызығушылықты ояту: 
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар ауыл шаруашылығы үшін ауыр болды. КСРО-ның еуропалық бөлігін қамтыған қатты қуаңшылыққа байланысты елді астықпен, мал өнімдерімен қамтамасыз етуде Шығыс аудандарға. Соның ішінде Қазақстанға үміт артылды. Ол жылдары Қазақстанның егіншілік мәдениеті мейлінше төмен болды. 
Ауыл шаруашылығының артта қалуының негізгі себептерінің бірі- оның материалдық –техникалық жағынан жеткілікті қамтамасыз етілмеуінде еді. Кеңес мемлекеті ауыр индустияны өркендетуге баса көңіл бөліп, ауыл шаруашылығына жеткілікті назар аудармады. Мұның салдары ауыл шаруашылығы мәселелерін интенсивті әдістермен шешуге – тың жерлерді кең ауқымда игеруге алып келді. 
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктемінде қабылданды. Мына кестеде тың және тыңайған жерлерді игеру саясатының жағымды, жағымсыз жақтары көрсетілген.


ІІ. Мағынаны тану. 
Жақтаушы топ. 
Критерий: «Тың жерлерді игеру Қазақстанды әлемдегі ірі астық өндіруші мемлекеттің біріне айналдырды». 
1- аргумент: Тың жерлерді игеру нәтижесінде астық өнімі көбейді. Дәлел: Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 млн га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып, тың игеру Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүзеге асырылды. Бұл түстік облыстары еді. 1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га- ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды. Қазақстан тың игерудің нәтижесінде 
2- аргумент: Тың жерлерді игеру республика экономикасының дамуына белгісіз дәрежеде оңды әсер етті. Дәлел: Ауылмен салыстырғанда қала тұрғындарының саны өсті, 1959 жылы үлес салмағы 44% жетті. Қала тұрғындарының бұлай өсуіне өнеркәсіптің, көлік түрлерінің, ғылым мен мәдениеттің жедел қарқынмен дамуы тікелей себеп болды. Ауыл тұрғындарының белгілі бір бөлігінің қалаға ауысуы. Осы жылдары Қазақстан картасында 15 қала, 86 қала тәріздес поселке пайда болды. Тың астығын тасу үшін мыңдаған шақырым темір жолдар, тас жолдар салынды. 
Даттаушы топ. 
Критерий: «Қазақстанның жер үшін сыздаған жүрегін түсіну керек – ол әдеттегідей жеке меншік иесінің күйзелісі емес, нағыз патриоттың күйзелісі» жазушы И.Щеголихин 
1- аргумент: Тың жерлерді игергу кезінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы өте ауыр жағдайға душар етті. Дәлел: Топырақ эрозиясы күшейді. Жердің құнары (гумус қабаты) желге ұшты. Жайылым жерге егіс егіп тастағандықтан мал жайылатын жер өрісі тарылды. Осының салдарынан мал саны кеміді. Ақмола облысында 19 көлдің суы тартылды. Аққу-қаздар жойылды. Өлкенің ауа райы бұзылды. Экологиялық тепе-теңдікті бұзу өте ауыр жағдайға душар етті. 
2- аргумент: Тың жерлерді игергу республиканың демографиялық ескерілмеді. Дәлел: Тың игеру кезінде республикаға көшіп келушілер саны қисапсыз көп болды. 1954 жылдан 1962 жылға дейін 2 млн жуық адам келді. 1954-55 жылдары Қазақстанға 0,5 млн адам қоныс аударды. Осының бәрі елдің байырғы тұрғындары –қазақ халқы мен басқа халық өкілдері арасында сан жағынан алшақтық туғызды. 1959 жылғы санақтың қорытындылары бойынша, қазақтар сан жағынан өз республикасы тұрғындарының үштен бірінен де аз немесе 30% ғана болды . ал 1879 жылы қазақстар Қазақстанды мекендеушілердің 85% тең еді. 
ІІІ. Ой-толғаныс. Пікір-сайыстың қорытындысын алдымен төрешілер шығарады. Бақылап отырған оқушылар да өз пікірлерін білдіреді. 
Сабақты бекіту кезінде оқушыларға тест сұрақтары беріледі, оқушылардан жауап алынады. 
Тапсырмалар:

1. Тың тыңайған жерлерді игеру – 1954 ж. қаңтар-наурыз пленумы

2. Кестені толтыру

Тың игерудің кезеңдері

Жоспарыл жыртылатын жер

 

 

3. Сызбанұсқамен жұмыс

 

 

 

 


1. 1950 жылдардағы ауыл шаруашылығы қандай жолмен дамыды? 
а) қарқынды 
ә) экстенсивті 
б) нарықтық 
в) қайта құру 
2. Тың игеру қарсаңында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болып кім сайланды? 
а) Брежнев 
ә) Қонаев 
б) Пономарев 
в) Жүнісбаев 
3. Тың игеру байланысты 1954 жылы Қазақстанда қанша жер жыртылды? 
а) 4,3 млн ға 
ә) 6,5 млн ға 
б) 7,6 млн ға 
4. 1956 жылы Қазақстан тыңынан қанша астық жиналды? 
а) 10 млн т 
ә) 16 млн т 
б) 18 млн т 
в) 20 млн т 
5. Тың және тыңайған жерді игерудің қандай келеңсіздіктері болды? 
а) Жердің құнарлы қабаты желге ұшты 
ә) Топырақ эрозиясы күшейді 
6. Тың игеру Қазақстанның қай облыстарында жүзеге асты? 
а) Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар 
ә) Алматы, Талдықорған, Семей, Онтүстік Қазақстан 
б) Қызылорда, Шымкент 

7. Тың және тыңайған жерді игерудің екі жылға арналған жоспары қанша жылда орындалды? 
а) 2 жылда 
ә) 1 жылда 
б) 3 жылда 
в) 5 жылда 
8. Тың игеру кезінде Қазақстанға қанша адам тұрақты тұру үшін көшіп келді? 
а) 1 млн 
ә) 1,5 млн 
б) 2 млн 
в) 3 млн 
9. Халықаралық аукциондар мен жәрмеңкелерге қаракөл терісін өндіруден қатысқан Мойынқұмдық шопан? 
а) Ш.Берсиев 
ә) Ж.Қуанышбаев 
б) Ким Ман Сан 
в) С.Бүркітбаев 
10. 1965 жылы республикада мал саны қанша болды? 
а) 32 млн 
ә) 34 млн 
б) 39 млн 
в) 42 млн 
11. 1959 жылы республика тұрғындары арасындағы қазақ халқының үлес салмағы қандай болды? 
а) 30% 
ә) 42% 
б) 56% 
в) 85% 
Оқушылардың білімін бағалап мұғалім өзі қорытынды жасайды.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті 9 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу себебін тауып, 1954 жылы ауыл шаруашылығын интенсивті дамыту мақсатында қабылданған тың игеру саясатының мәнін, мақсатын, маңызын ашу, екі жақты пікір білдіру арқылы тарихи 
оқиғаға тиісті баға беру. 

«Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру және оның нәтижелері мен салдары» деген тақырып алдын-ала жан-жақты талданып, оқушыларға сол кездегі саясаттың мақсаты, мәні түсіндіріледі. Сынып оқушыларын екі топқа (жақтаушы, даттаушы) бөліп, тың игеру саясатының нәтижелері (бірінші топ) және салдары (екінші топ) туралы материалды жүйелеп, кейс құру тапсырмасы берілді. Пікір-сайысқа екі топтан үш оқушыдан алты оқушы қатысады, қалған оқушылар төрелік жасайды, сабақ соңында қорытынды пікір айтады. 


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2015 3042
    • DOCX 36 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Даиров Руслан Назымбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Даиров Руслан Назымбекович
    Даиров Руслан Назымбекович
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13969
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 683 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 372 человека

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 159 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек