Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Түйе мүсінін сомдау 3 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Түйе мүсінін сомдау 3 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Түйе мүсінін сомдау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейту. Үй жануары түйе туралы түсінік беріп, таныстыру.
Дамытушылығы: сұрақтар арқылы оқушылардың дүние танымын, шығармашылық қабілетін байқау, дамыту.
Тәрбиелігі: мүсін өнерінің айрықша туындыларын көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: іскерлікпен дағлықыты қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, топпен жұмыс, түсіндіру
Көрнекілігі: түйенің, Бурабайдың фото суреттері, Х.Наурызбаев туындылары
Керекті құралдар: саз балшық, тақтайша, сүлгі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ә) Бір-біріне көмек беру, көмекке шақыру, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тақырыпқа байланысты топқа сұрақтар қойып жауап алу.
• Мүсін өнері дегеніміз не? (Мүсін өнері-көркем өнердің бір түрі)
• Анималистік жанр дегенді қалай түсінеміз? (Анималистік жанр-латынша жануар, хайуанаттар дүниесін бейнелеу өнері)
• Сомдау дегенді қалай түсінесіңдер? (Сомдау орыс сөзінен алғанда лепка-мүсіндік шығармаларды саз, балауыз, ермексаз секілді жұмсақ материалдан жапсырмалау арқылы сомдау әдісі)
 
• Стека дегенді қалай түсінесіңдер? (Стека саз балшық, пластелин секілді жұмсақ материалдармен жұмыс істеу үшін ағаштан, металдан, сүйектен жасалған жұмыс)
 
• Композиция дегеніміз не? (Композиция дегеніміз-ойлап табу деген мағынаны білдіреді)
• Мүсіндеудің негізгі обьектісі? (Мүсіндеудің негізгі обьектісі-адам)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мүсіндеу-көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетіледі. Мүсіндеудің негізгі обьектісі-адам. Мүсін - бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде адамдарды да, хайуанаттарды да түрлі заттарды да бейнелейді.
 
Мүсінді «скульптура» деп те атайды, ол латынның - Sculptura деген сөзі «қашап жасау» деген ұғымды білдіреді. Мүсіндеудің негізгі обектісі – адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер осы мүсін өнері болды.
 
Кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма мүсін деп аталады. Мүсін бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсін қатты немесе пластик материалдардан жасалады. Мысалы; ағаш, түрлі тастар, саз балшықтар, металл, пластилин т.б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрету үшін оқушыларға ең ыңғайлысы - саз балшық және пластилин. Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсіннің формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы.
Оқушылар мүсінмен айналысқанда қолданатын басты құралдары: тақтайша, карказ, қалақша т.б. Мүсін - өнерінде, тарихта қайталанбас туындылар өмірге келген. Мысалы: Алтын адам, Мысыр перғауындары, Микиланджеланың «Давид» мүсіні т.б көптеген мүсін түрлері дамыған. Қазақ мүсін өнерін дамытуға алғашқы қазақ мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаевтың еңбегі зор.
 
Мүсіндеудің түрлері: жұмыр мүсіндеу және рельеф. Жұмыр мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Мүсін өнерінің тұрақты орнына байланысты маска немесе бас, дене, жартылай фигура, статуя түрінде болуы мүмкін. Ал рельеф мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі. Біз оны әр түрлі тиянақшалардан кездестіре аламыз. Рельеф-тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтың бетіндегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді. Денелер фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан көбірек шығып тұрса, горельеф деп аталады. Мүсіндеу техникасына жабыстыру, ою, шабу, шекіме, металдан құю жатады. Мүсін шығармалары кескіндемедегі сияқты қондырғылар, монументтік және сәндік болып бөлінеді.
Мүсінші үшін саз балшықтың аса құнды қасиеті-оның ырыққа көнгіштігі. Мүсін жасайтын саз балшықтың сапасын жақсарту оған үпілмәлік майын, крахмал желімін қосу әдісі қолданылады. Сұр-жасыл, сұрғылт-ақшыл, күміс, саз балшықтар жұмыс істеуге мейлінше қолайлы.
Қазақ мүсін өнерін дамытуда алғашқы қазақ мүсіншісі Хакімжан Наурызбаевтың еңбегі зор.

Ал балалар! Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Түйе мүсінін сомдау». Түйе ол өте қасиетті төрт түлігіміздің бірі. Мінсең көлік, шөлге шыдамды, ертеректе алыс жолға түйемен баратын болған. Сүтінен шұбат жасап, жүнінен жіп иіріп, шұлық тоқып, көрпеде тігіп жатады.
 

Екі топқа түйенің фото суретін құрастырып жарыстыру.


Тәжірбиелік жұмыс:
Қауіпсіздік ережесін есте сақта!
-Ермек сазды ауызға салмау.
-Жұмыс орнынды таза ұстау.
-Жұмыс аяқталған соң қолды жуу.
-Орамал қолдану.
Үлгімен таныстыру
ІV.Сарамандық жұмыс
• Саз балшықпен жұмыс жасау техникасының ерекшелігін түсіндіру.
• Сурет бойынша түйенің анатомиясын таныстыру.
• Түйенің мүсінін жасау жолдарын көрсету.
«Толықтыруды қажет ететін тест»
1. Мүсін өнерінің бір түрі станокты
 
2. Оқушылар үшін мүсін жасауға ыңғайлысы пластилин болып табылады
3. Табиғат көрінісін қас-қағым сәтте бейнелеу этюд деп аталады
 
4. Бейнелеу өнерінде табиғат көріністерін бейнелейтін көркем шығарманы
 
пейзаж дейміз
 
Қорытындылау.
І топ
Жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады? (Анималист)
ІІ топ
Жұмыр мүсін деп нені айтамыз? (Жұмыр мүсінді жан жағынан қарауға болады)
Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып, баға қою.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-550952

Похожие материалы