Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Тұйық етістік емлесі" 6 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Тұйық етістік емлесі" 6 сыныпқа арналған сабақ жоспары

библиотека
материалов

Күні: 12.02.2016 ж.

Сынып: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік емлесі
Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік. Оқушылардың етістік туралы білімдерін тереңдету, тұйық етістік, оның жасалуы мен мағынасы туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық. Ой - өрісін, танымын арттыру, өздігінен талдауға, ой қорытуға жаттықтыру;
3. Тәрбиелік. Аңғарымпаздыққа, белсенділікке баулу, өз - өзіне деген сенімін арттыру.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың түрі: оқыта үйрену
Әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, талдау, ойын, проблемалы ізденіс
Көрнекілігі: слайд, кесте, таратпа, мақал - мәтелдер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа назар аударту.

Прсихологиялық дайындық.


Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!


2. Үй тапсырмасын тексеру.
209 - жаттығулар.

ББҮ кестесі арқылы жұмыс.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады.

 




Оқушыларды топқа бөлу. Түстер арқылы.

Негізгі бөлім

Бірінші кезең «Білу». «Білімінді байқап көр»Тапсырма – сұрақтарға жауап беру.

«Олжалы бестік» ойыны арқылы.

Мықты болсаң, тауып көр - етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
Жүйрік болсаң, шауып көр - етіс нені білдіреді? Түрлерін ата.
Ойлы болсаң озып көр - есімше дегеніміз не? Тұлғаларын ата.
Алғыр болсаң, айтып көр - көсемшенің түрленуі дегенді қалай түсінесің?
Тапқыр болсаң, тауып көр - етістік дегеніміз не? Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Дайын болсаң, ашып көр - «Құттықтаймын, сен олжалы бестік алдың!»

Екінші кезең «Түсіну». (Жаңа сабақ)

Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, сабақ тақырыбын хабарлау.

Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, тек қимылдың атауын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік деп атаймыз. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына – у жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы, сөйле - у, сен - у, айт - у, мақтану, берілу, ойлау, белгілеу, жалықпау, айтпау.
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар - у, қайт - у, көр - у, кел - у.
2. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна - у, сөйле - у, барма - у, келме - у.
3. Дауысты ы, і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол,(у) дауысты дыбыс болып есептеледі.
Мысалы: оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, ері+у= еру.
4. Қатаң п, к, қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п
дыбысы б - ға қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады.
Мысалы: тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу.
5. й дыбысына біткен етістікке – у жұрнақ жалғанғанда екі дыбыс й+у ю дыбысына айналып кетеді.
Тұйық етістік есімдерше түрленеді, бірақ жіктелмейді

Үшінші кезең «Қолдану» Мәтінмен жұмыс.

І топ Мәтіннен есімшелерді тауып, тұйық етістікке айналдыр.

ІІ топ Мәтіннен көсемшелерді тауып, тұйық етістікке айналдыр

ІІІ топ Мәтіннен тұйық етістікті тауып, қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын жаз.

ІV топ Мәтіннен тұйық етістіктерге болымсыз, етіс жұрнақтарын жалға.

Төртінші кезең «Талдау». 209- жаттығу Морфологиялық, фонетикалық талдау

Тапсырма «Ой-Бәйге!» ойыны.

І топ. 3 минуттың ішінде құрамында тұйық етістігі бар жұмбақтар тауып жазыңдар

ІІ топ.2 минуттың ішінде құрамында тұйық етістігі бар мақал- мәтелдер тауып жазыңдар

ІІІ топ 3 минуттың ішінде құрамында 2 тұйық етістігі бар сөйлемдер құрап жазыңдар. Әр сөйлемде кемінде 8 сөз болсын.

ІV топ 3 минуттың ішінде тұйық етістікке аяқталған бірнеше сөйлем ойлап жазыңдар.

Бесінші кезең « Синтез» . Тұйық етістікке байланысты синквейн құрастырыңдар.

1 жол -зат есім. оқтау, байқау, көсеу, егеу

2 жол- екі сын есім.

3 жол-екі етістік.

4 жол- cиноним

5 жол –тұйық етістікке байланысты сөйлем.


Алтыншы кезең «Жинақтау» «Шығармашылық жұмыс»

І топ Әлихан Бөкейханұлына хат жазу

ІІ топ Әлихан Бөкейханұлы туралы эссе жазу.

ІІІ топ «Қарағанды қаласына-82 жыл» эссе

ІV топ «Қарағанды қаласына-82 жыл» класстер

ББҮ кестесін оқушылар топпен бірге талқылап түсініреді.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады.

 

 

 

 

 

 

Ережесін ,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын,түрлене ма?,емлесін,

Зат есімдерше түрленіп,қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіретін

етістіктің ерекше түрін тұйық етістік   дейміз.

Тұйық етістік бір ғана –у жұрнағы арқылы жасалады.  Етістіктің

негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына

жалғанады.Мысалы:бар-у,барғызба-у,ойла-у,ойна-у,қысқар-у,басқар-у,

желбіре-у,көгер-у,кел-у,келме-у,келтірме-у,қуыл-у,қуыс-у,қуыспа-у т.б

 

  Бағалау.  Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын (бағалау парағы арқылы)

Үй тапсырмасы. 212-213 жаттығу.






































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-469351

Похожие материалы