Инфоурок Другое Другие методич. материалыТұйық етістік урок 6 класса

Тұйық етістік урок 6 класса

Скачать материал

Күні: 6.02.2012

Сыныбы: 6б

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік.

Сабақтың мақсаты: білімділік – тұйық етістікті меңгерту,түсінік қалыптастыру; дамытушылық – оқушыларға етістікті қайталата отырып,өткенді ұмытпауға дағдыландыру;тәрбиелік – жаттығу жұмыстары, мысалдар арқылы жаманнан жирненуге,жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:

1)Сөздік әдіс (әңгіме,түсіндіру,кітаппен жұмыс)

2)Көрнекілік әдіс (таблица)

Сабақтың көрнекілігі: Анықтама жазылған таблица

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру. а) оқушылармен амандасу ә)сыныпты түгендеу б)барлық зейіндерін сабаққа аударуларын талап ету.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Жаттығулар жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Зат есімдерше түрленіп,қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістік бір ғана –у жұрнағы арқылы жасалады. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жалғанады. Мысалы: бар-у,барғызба-у,ойла-у, ойна-у,қысқар-у,басқар-у,желбіре-у.көгер-у,кел-у,келтірме-у,қуыл-у т.б.

Тұйық етістік әрі заттық,әрі қимылдық мағынада қолданылады.

Заттық мағына

Қимылдық мағына

Көсеуді әперші (шоқты көсейтін құрал)

Отты көсеу керек

Сабаумен жүн сабайды

Малды басқа сабауға болмайды

Жасау –қызға жиналған дүние-мүлік

Нағыз домбыраны шебер жасау керек

Оюдың (ой-у) түр-түрімен таныстық

Ұлттық нақышты ескере ою қажет

IV. Оқулықпен жұмыс.

274-жаттығу. Тұйық етістіктерді теріп жазып,түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар.

Сыйламаушылық,сыйламау,ету,беру,сұрау.

275-жаттығу. Тұйық етістіктің астын сызып,сұрақ қойыңдар.

Атуға,үркітуге,сақтауды,кетуден,сақтау,ойлауында,пайымдауында,ұғынуына айыруына,көруден.

276-жаттығу.  Мәтіннен тұйық етістікті табыңдар. Зат есім болатын тұйық етістікке мысал келтіріңдер.

Жаратудың,қайнату,балқыту,жібіту,қыздыру,жону,қашау,егеу,күйдіру.

277-жаттығу. Тұйық етістіктің қандай мағынада (заттық немесе қимылдық) жұмсалып тұрғанын көрсетіңдер.

Оқу,тоқу,білу,болу,қызығу,қызғану,мақтау,мақтану.

V.Сабақты қорытындылау .

1)Тұйық етістік дегеніміз не?

2)Тұйық етістік жұрнағы қандай?

3)Заттық мағына мен қимылдық мағынаның айырмашылығы қандай?

VI. Үйге тапсырма

278-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жазыңдар,буынның түрін (ашық,тұйық,бітеу) көрсетіңдер.

279-жаттығу. Қыранның ұшу мәнеріне тән атаулар мен сөз тіркестерін естеріңе сақтаңдар және оларды мүмкіндігінше пайдалана отырып, «Қыран құсты қастерлеген халықпыз» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.

VII. Бағалау.

Қолданылған әдебиеттер:

1)Қазақ тілі (6 сынып)

2)Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.

 

 

 

Күні:06.02.2013

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі,септелуі,тәуелденуі.

Сабақтың мақсаты: білімділік – тұйық етістік туралы білімдерін толықтыру, тұйық етістіктің түрленуі,септелуі,тәуелденуін меңгерту; дамытушылық – оқушыларға етістікті қайталата отырып,өткенді ұмытпауға дағдыландыру; тәрбиелік – жаттығу жұмыстары,күнделікті өмірдегі мысалдар арқылы  адамдық қасиеттерді жоғары бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:

1)Сөздік әдіс (түсіндіру,кітаппен жұмыс)

2)Көрнекілік әдіс (сызба)

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу,сабақта жоқ оқушыларды түгендеу. Бүгінгі сабаққа оқушы назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

189-190 – жаттығулар жұмысы.

ІІІ.Жаңа сабақ. Тұйық етістік іс-әрекеттің атын білдіретіндіктен,зат есімдерше түрленеді: септеледі,тәуелденеді,бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса,одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады.

Тұйық етістіктің септелу үлгісі

А

бару,сөйлеу,айтуы,көрулері,келуім

І

барудың,сөйлеудің,айтуының,көрулерінің,келуімнің

Б

баруға,сөйлеуге,айтуына,көрулеріне,келуіме

Т

баруды,сөйлеуді,айтуын,көрулерін,келуімді

Ж

баруда,сөйлеуде,айтуында,көрулерінде,келуімде

Ш

барудан,сөйлеуден,айтуынан,көрулерінен,келуімнен

К

барумен,сөйлеумен,айтуымен,көрулерімен,келуіммен

 

 

Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі

І

келуім,келуіміз,келулеріміз

ІІ

келуің,келулерің

келуіңіз,келулеріңіз

ІІІ

келуі,келулері

 

IV.Оқулықпен жұмыс

1)Тапсырма. Ойлан да айт.

У дыбысына аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бола бере ме? Өлең жолдарындағы қарамен жазылған сөздерді қай сөз табына жатқызуға болады?

Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,

Тілеуі,жақындығы – бәрі сату.

Көкірегінде қаяу жоқ,қиянат жоқ,

Қажымас,қайта айнымас қайран тату. (Абай)

2) Жаю,тыю,түю,сүю деген сөздер қай сөз табына жатады?

191- жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар және абзац-абзац бойынша мазмұндаңдар. Мәтіндегі –у жұрнақты тұйық етістік пен зат есімді ажыратыңдар,тұлғасына талдау жасаңдар.

V.Сабақты қорытындылау

Есімдерше тәуелденіп,септеледі,

Бірақ жіктелмейді,көптеледі.

Есім мағынасында қолданыла береді.

Мұны кім айтып,дәлелдеп береді?

VI. Үйге тапсырма.

«Адамдарға сөзіңізбен ұнау үшін не істеу керек?» деген сұрақтың төңірегінде ойланып,түйген пікірлеріңді жазып шығыңдар.

VII.Бағалау

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тұйық етістік урок 6 класса"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 995 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 1339
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимова Мөлдір Сатыбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахимова Мөлдір Сатыбайқызы
    Рахимова Мөлдір Сатыбайқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6746
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 26 регионов

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе