Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Тұңғыш президентке тағзым" тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Тұңғыш президентке тағзым" тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Тәрбиелік шара


Тақырыбы: «Тұңғыш президентке тағзым»


Мақсаты:

Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағұлмат беру; тұлғалық тұғырын түсіндіру, елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып ел жандыққа, отансүйгіштікке,азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптастыру.


Көрнекілігі: Портреттер, шағын көрме, кітаптары, слайд, интерактивті тақта

Б а р ы с ы:

Ән ұран

Жүргізуші: Бабалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Қараңдаршы, біздің шеңберіміз қандай керемет! Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар.

(Жүректен жүрекке әдісін қолдану. Шеңбер бойымен кұрылған оқушылар өз тілектерін білдіреді)

Айкөркем: Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен

Бізге келсін куаныш нұр іздеген

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Жүргізуші: Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «егемен болмай ел болмас» деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси қартасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды.

Балалар енді сұрақтарға жауап беріңдер

Сұрақ жауап бөлімі бойынша пікір алмасу сәттін оздырамыз.

Көрініс. Елбасының дүние келуі.

(анасы кейіпі реттінде сахнада әйел адам қиналған түрін көрсеттеді)

Жүргізуші: Шынымен ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде анасы Райымбек бабаның басына барып зиярат етіп қайтқан түні түнде түс көреді. Түсінде буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түседі, су әуелі белінен, көкірегінен, содан соң мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді, тұңшығамын деп қорқады, бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады, аяғы теңіздің түбіне бір тиіп, бір тимейді. Келе жатып су түбінен мылтық тауып алады. Иығына мылтықты асынып алып, аршындай басып теңізді кешіп өтеді.

Осы түсін ағайындарына жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, құдай ұл береді сендерге » дейді. Шынында көп ұзамай анасы бойына бала біткенін сезе бастайды. Сөйтіп 1940 жылы 6 шідеде Алматы облысы Қакелең ауданының Шамалған ауылында осы елдің көшбасшысы өмірге келеді.

Бұл халқының бағына түған бүгінде әлем таныған көшбасшына айналған, қазақ деген қайсар халықтың президенті Нұрсұлтан Назарбаев еді.

Жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6шілдеде туған. Қазақстан Республикасының Президенті, экономика ғылымның докторы, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академеясының және Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының академигі, Белоруссия Ғылым академиясының Құрметті мүшесі, Әбунасыр әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Құрметті профессоры, М В Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы, дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы, Орталық Азия және қазақстан Халықтар достығы, қорының Құрметті төрағасы, Халқыаралық Аралды құтқару қорының президенті.


Көрініс. Таңертеңгі астың кезі

Айдос: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.

Анасы: ол қандай түс, балам?

Айдос: мына Алакелдінің жотасына бір кап мұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам, менің классым да, мектебімде, мектептегі балалар да, осы Шамалаған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы каптың үстінен қарап отырып көрдім.

Анасы: Балам, сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген-жақсы нәрсе. Алла тілуіңді берсін, балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.

Анасы баласына ақ батасын беріпті

Айбол: Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша, ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым –қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы- біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.

Батыр:Тәуелсіздік халқымыздың талай ғасырлардан бергі ата-бабаларымыздың ежелден көксеген арманы болғаны- тарихи шындық. Сондықтан бұл тирихи шындықты әрбір қазақ жүрегімен түсінетіні хақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміз үшін сарабдал басшылығымен жасап келе жатқан зор еңбегін қазақ халқы жақсы біледі. Тіпті өзімізді былай қойғанда әлемнің көптеген озық елдерінің басшылары осы тарихи шындықты мойындап, қазақ елін құрметтейтінін көріп отырмыз.

Қасым: Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі көрген жақсылығымыз, дербес Қазақстан мемлекетінің куттануы мен абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев жаһанның жаңа кезіңінде қазақ елінің жаңа дәуірін, ұлт рухының шарықтап қайта өркендеп өркениетке ұмытылуын кемеңгерлікпен ұйымдастыра білді.

Мархаба: Елбасы қазақ елінің әлемдіқ бәсеке дәрежесіндегі даму жарыс ына батыл аралысып, қиын да күрделі, ауыр да абыройлы жолын ғасырлар тоғысында бастады және мың салалы мемлекеттік істі адастырмай дұрыс жолға қоя білді. Бұл –қазақ халқының маңдайына біткен бақыты мен мақтанышы, елдің бүгінгі жарқын өмір сүруіне жасалып отырған нақты кепілі.

«Үшқоңыр » әні орындалады


Әдеби монтаж

Жамал: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бірге ашығарсың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Алғадай: Халықтың мұңы мұңдайтының да, халықтың жыры жырлар жыр.

Көкіреггінде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жүр.

Соңыңа ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

Сұлтан : Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілсің сен жіберген.

Салтанат: Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі, баланың тілі, сөйлей білсің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

Саған сенбесек кімге сенеміз осынау жердің бетінде.....

Қазақ биі орындалады

«Нұр аға » әні орындалады

Мархаба: Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

Елбасы-Назарбаев егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

Нұр ағам өзі салған нұр қаланың,

Сәулеті бағын ашты бұл даланың!

Азаттық, Елбасыны, Астананы

Белгілі «Бәйтеректе»жырлағаным!

«Бәйтерек» бірулерге ұнамайды,

«Билікті мақтадың» деп кінәлайды.

Жырласам Елбасыны айып па екен,

Көтерген төбесіне ұлы Абайды!

Толғанай:Елбасы-төбеңдегі бақ жұлдызың,

Қаратты өз ауызна жердің жүзін.

Сұңғыла саясатпен сара тіліп,

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын.

Көп ұлтты Қазақстан ерді Ұлыға,

Ұрпаққа ер еңбегі- мәңгі мұра!

Бір жерге барлық діннің басын қосып,

Әлемнің ықпал етті тағдырына.

Тудырған қайталанбас алып тұлға,

Қазақтай бақыты зор халықтың да.

Самғайды алтын топшы Самұрығы

Қанатын болашаққа қағып тура

Айсезім:Ел мен Ердің ақ тілегі бір екен,

Елі- дархан, Ері-жайсаң, дүр екен.

Қиын өткел, тар жол, тайғақ кешуден,

Қазақ көшін қыр асырған-Нұрекең!

Алып дала туған дана ұл екен,

Арманы асқақ, мақсаты ұлы екен!

Қала салған, егін еккен, мал баққан

Дәулетті елдің нар тұлғасы-Нұрекең!

Даласында достық іздеп жүр екен,

Дуалы ауыз, басқан ізі гүл екен.

Өз халқының кең пейілі сияқты,

Күллі әлемді құшаққа алған- Нұрекең!

Жерұйығым! Жампозыңды жыр етем,

Аты да оның, заты да оның нұр екен!

Темірқазық – адастырмас Алашты,

Дана басшы, дара басшы- Нұрекең!

Кластермен жұмыстанып оқушылар алған мәліметтеріне сүйініп толтырады.


«Елім менің» Ән орындалады

Жүргізуші: Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік

Оқушылар кезегімен оқып шығады


Оқушылар «Эссе » орындайды

Қорытынды







Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Тұңғыш президентке тағзым»

 

Мақсаты:

Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағұлмат беру; тұлғалық тұғырын түсіндіру, елбасымыздың ерен  еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете  отырып ел жандыққа, отансүйгіштікке,азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін  еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптастыру.

 

Көрнекілігі: Портреттер,  шағын көрме, кітаптары, слайд, интерактивті тақта

 

Б  а   р   ы   с   ы:

   Ән ұран

Жүргізуші:  Бабалар, ортаға шеңбер құрып   тұра қалайық. Қараңдаршы,  біздің шеңберіміз қандай керемет! Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар.

(Жүректен жүрекке әдісін қолдану. Шеңбер бойымен кұрылған  оқушылар өз тілектерін білдіреді)       

Автор
Дата добавления 28.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров252
Номер материала 345722
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх