Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу, 2-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу, 2-сынып

библиотека
материалов



Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу, 2-сынып


Орта мерзімді жоспарды құруда ҚР 2012ж. 23-тамыздағы №1080 бұйрығымен бекітілген МЖМББС, 03.04.2013ж. №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасын, Әдебиеттік оқу, "Атамұра", 2-сынып оқулығын, мұғалімге арналған нұсқаулықты, бағдарламаны, он-лайн тапсырманы басшылыққа алдым.Осы пәнінің "Атадан қалған асыл мұра" тарауындағы төрт тізбектелген сабақтар топтамасын құруды жоспарладым. Жоспар құруда Бағдарламаның барлық жеті модулін ықпалдастыруды қарастырып, оны тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырдым.

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулін қолдануда оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуына, олардың өзара әңгімелесуіне, бір-бірінің пікірлерін тыңдауларына, ой қорытып, ортақ шешім қабылдауына жұптық, топтық оқыту нысанын көздеп, "Галерия", "Қар үйіндісі" әдістерін іске асыруды болжадым.Қолайлы оқу үшін оқушыларға кері байланыс пен мадақтау қажет екендігін ескеріп, сабақ соңында кері байланыс, рефлексия парақтарын қолдануды жөн көрдім.Оқушыларға рефлексия ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылып талдауға көмектеседі.

Сыни ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, іс-әрекеттерді түрлендіруге дайын болуға баулитындығын ескеріп, сабақтарымда "Қар үйіндісі, ассоциация, "Кубизм", "Мозайка", т.б. әдістерді қолдануды жоспарладым.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін іске асыруда бір оқушы басқа бір оқушының не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы бағалаудың негізгі сипаты екендігін ескере отырып, оқушының атқарған жұмысы бойынша критерийлер арқылы бағалау, "екі жұлдыз, бір ұсыныс" айту, "Бағдаршам" арқылы өзара және топты бағалау, "Бас бармақ", табыс критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау, смайликтер, мадақ сөздері, шапалақпен қолдау көрсету көзделді.Оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтайды.

АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретіндіктен, сабақ кезеңдерінде видеоролик, таныстырылым, аудио және видеоподкас, көңілді сергіту сәттерін қолдану жөн деп ойладым.

Талантты да дарынды оқушыларды оқытуда сапалы тапсырма беру үшін өз жоспарымды өзгертіп, балалар тобының аясын кеңейтуге, тапсырмалардың күрделенуін, табанды және жылдам жұмыс істеуді қалайтын оқушыларға бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасап, оқытуға жетекші болатын жоғары деңгейлі сұрақтар, кеңейтілген тапсырмалар, бес жолды өлең және арнайы білім беру қажеттілігі бар балаларға жеңіл тапсырмалар қолдануды жоспарладым.

Орта мерзімді жоспарды құру нәтижесін көзделген мақсатқа жету үшін жеті модульді өзара дұрыс ықпалдастыруда қиыншылықтар кездесті.Жоспар құруда осы жеті модульді, оның әдіс-тәсілдерін қолдануда барлық сабақ кезеңдерінде оқушылардың оқшауланып қалмайтындығын түсініп, өзімнің әдістемелік қоржыныма көп өзгерістер енгізілгенін байқадым.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақ қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.



Өтілу мерзімі

Сағат саны

Тарау/ сабақ тақырыбы, мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Барлық оқушылырды сабаққа тарту жұмысы, оқыту формасы

Үйрену барысын бағалау

Негізгі дерек көздер, құрал-жабдықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

ІІ тарау.

Атадан қалған асыл мұра. Мақсаты: Ата-бабамыздан қалған асыл мұраның мағынасын ұғындыру.

А. Ауыздан ауызға тарап, қазіргі кезге жеткен халық шығармаларының түрлерін біледі.

В. Жұмбақтарды, мақал - мәтелдерді, жаңылтпаштарды, өтірік өлеңдерді ажыратып сипаттайды.

С. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін күнделікті өмірмен байланыстырып, талдап, бағалайды.



Жаңа тәсілдер:

"Төрт түлік-малдың төресі" сөздері жазылған фигуралар, смайликтер, стикерлер, түрлі түсті таспалар арқылы топқа бөлу, "Ойлан, жұптас, бөліс", "Айналдыру" әдісі, "Тілек сандығы", "Галерея", "Нақты жауап" жоғарғы және төменгі деңгейлі сұрақтар;

СТО: "Қар үйіндісі", "Атадан қалған асыл мұра", "Сиыр" ассоциациясы, "Кубизм", "Мозайка", "Артығын тап!", "Ыстық орындық", "Серпілген сауал", Венн диаграммасы, "Де-Бононың алты қалпағы;

АКТ: "Қой" сөзжұмбағы визуалдандыру, "Қой", "Торы құлын", "Сиыр" аудиоподкастары, "Қой- төрт түлік малдың бірі","Түйе", "Ай мүйізді сиыр" таныстырылымы,

"Жылқы" видеоролигі, "Қошақаным", "Қара жорға", "Көңілді күн",

"Ботақаным-бөбегім" (сергіту сәттері).

Бірлесіп топтық ереже құрастыру, "Жылқы - ер қанаты" постер дайындау (топтық әңгіме), "Төрт түлік" маршруттық картасы, "Блоб ағашы", "Бес саусақ", "Бүгінгі күннің сөйлемі" рефлексия парақтарын толтыру, АББҚ бар балалар мен дарынды және талантты балаларға арналған деңгейлі тапсырмалар, синквейн: "Бес жолды өлең", бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекетке, «Нағыз» құзыреттілікті қалыптастыруға, білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдануға арналған кеңейтілген тапсырма;

Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық;



Суммативті: тест, бақылау жұмыс;

Формативті: Сенім білдіру, мадақтау, шапалақтау, "Бас бармақ", Блум пирамидасы, "Бағдаршам", рефлексия парақтары: "Блоб" ағашы, "Бес саусақ", "Бүгінгі күннің сөйлемі", кері байланыс парағы, табыс критериі арқылы өзін-өзі бағалау.

Әдебиеттік оқу, 2-сынып, Атамұра, 2013., Әдебиеттік оқу оқыту әдістемесі, 2-сынып, Атамұра, 2013., флипчарт, маркер, ноутбук, видеороликтер, түрлі түсті стақандар, түрлі түсті таспалар, жәшік, текше, аквариум, доп, таныстырылымдар, смайликтер, аудиоподкастар, стикерлер, мәуе ағашы, қалпақтар, қима қағаздар, сандық;

1

Төрт түлік туралы жырлар. Қой

Мақсаты: Төрт түліктің және қой малының ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту.



А. Төрт түліктің, қой малының ерекшеліктерін біліп түсінеді.

В. Төрт түлік мал мен қойдың пайдасы туралы әңгімелейді.

С. Қой малының пайдасы туралы қорытынды жасап, тұжырымдайды.



Жаңа тәсілдер:

"Төрт түлік-малдың төресі" сөздері жазылған фигуралар арқылы топқа бөлу, жоғарғы және төменгі деңгейлі сұрақтар;

СТО: "Қар үйіндісі", "Атадан қалған асыл мұра" ассоциациясы, "Кубизм" әдісі;

АКТ: "Қой" сөзжұмбағы визуалдандыру, "Қой" аудиоподкасы, "Қой- төрт түлік малдың бірі" таныстырылымы,

"Қошақаным" (сергіту сәті);

АББҚ бар балалар мен дарынды және талантты балаларға арналған деңгейлі тапсырмалар, бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекетке кеңейтілген тапсырма, рефлексия парағы "Блоб" ағашы

Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық;

Формативті: Сенім білдіру, мадақтау, шапалақтау, "Бас бармақ", "Бағдаршам", "Екі жұлдыз, бір ұсыныс", топ басшысының бағалауы, табыс критериі арқылы өзін-өзі бағалау.


Әдебиеттік оқу, 2-сынып, Атамұра, 2013., Әдебиеттік оқу оқыту әдістемесі, 2-сынып, Атамұра, 2013.,

ноутбук, әр түрлі фигуралар, презентация, "Атадан қалған асыл мұра" ассоциациясы, "Қой" аудиоподкасы, "Қой-төрт түлік малдың бірі" видеоролигі, "Қошақаным" бейнетаспасы, кеңейтілген тапсырмалар, "Блоб" ағашы рефлексия парағы, кері байланыс парағы, текше, түрлі түсті стақандар, стикер;

1

Торы құлын

Мақсаты: Жылқы малының пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.


А. Өлеңнің негізгі ойын анықтап, торы құлынның маңызын біліп түсінеді.

В. Торы құлынды сипаттап, оның пайдасын әңгімелеп, сызба құрастырады.

С. Торы құлынның қымызының шипалылығы, сәйгүліктігі, көлік ретінде қолданылу ерекшеліктері туралы қорытынды жасайды.

Жаңа тәсілдер: смайликтер арқылы топқа бөлу, "Ойлан, жұптас, бөліс", "Айналдыру" әдісі, жоғары, төмен дәрежелі сұрақтар;

СТО: "Мозайка", "Артығын тап!";

АКТ: "Жылқы" видеоролигі, "Торы құлын" аудиоподкас,

"Қара жорға" (сергіту сәті);



АББҚ бар және дарынды балаларға деңгейлі тапсырмалар, білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдануға кеңейтілген тапсырма,

"Жылқы - ер қанаты" тақырыбына постер дайындау (топтық әңгіме), кері байланыс парағы, ;

Оқыту формасы:

Жеке, жұптық, топтық.

Формативті: мадақтау, сенім білдіру, шапалақтау, "Бағдаршам"арқылы өзара бағалау, "Екі жұлдыз, бір ұсыныс", топ басшысының бағалауы, табыс критериі арқылы өзін-өзі бағалау.

"Әдебиеттік оқу", 2-сынып, Атамұра, 2013., "Әдебиеттік оқу" оқыту әдістемесі, 2-сынып, Атамұра, 2013., ноутбук, смайликтер, флипчарт, маркерлер, стикер, "Жылқы" видеоролигі, "Торы құлын" аудиоподкас, "Қара жорға" бейнетаспа, түсті стақандар;

1

Сиыр. Мақсаты: Сиыр малының берер пайдасын, ерекшелігін ұғындыру.



А. Өлеңдегі негізгі ойды түсініп, сиыр малынан алынатын тағамның пайдасын ұғады.

В. Сиыр малының көркем келбетін, қасиеттерін сипаттайды.

С. Сиырдың ерекшелігі мен берер пайдасы туралы өмірмен байланыстырып тұжырым жасайды.

Жаңа тәсілдер: "Тілек сандығы", сикерлер арқылы топқа бөлу, жоғары, төмен дәрежелі сұрақтар, "Галерея" әдісі;

СТО: "Ыстық орындық", "Сиыр" ассоциациясы, синквейн әдісі "Бес жолды өлең";

АКТ: "Сиыр" аудиоподкас, "Ай мүйізді сиыр" таныстырылымы, "Көңілді күн" (сергіту сәті);

АББҚ бар және дарынды балаларға деңгейлік тапсырма, «Нағыз» құзыреттілікті қалыптастыруға кеңейтілген тапсырма,

постер дайындау (топтық әңгіме),

І топ: сиыр суретін салып сипаттау,

ІІ топ: сиыр туралы мақал-мәтел, жаңылтпаш жазу,

ІІІ топ: сиырдың пайдасын жазу;

"Бес саусақ" рефлексия парағы;

Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық;

Формативті: сенім білдіру, шапалақтау, мадақтау, "Бас бармақ" өзара бағалау, "Бағдаршам", "Екі жұлдыз, бір ұсыныс", табыс критериі арқылы өзін-өзі бағалау.

"Әдебиеттік оқу", 2-сынып, Атамұра, 2013., "Әдебиеттік оқу" оқыту әдістемесі, 2-сынып, Атамұра, 2013., сандық, ноутбук, қима қағаздар, стиерлер, смайликтер, флипчарт, маркер, жәшік, "Ай мүйізді сиыр" таныстырылымы, "Сиыр" аудиоподкас, түсті стақандар, қағаз балықтар салынған аквариум;


1

Түйе Мақсаты: Түйенің ерекшелігі туралы түсінік беру.


А. Түйе малының еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсініп біледі.

В. Түйе малының ерекшеліктерін сипаттайды.

С. Түйе малының пайдасы туралы қорытынды жасайды.

Жаңа тәсілдер:

Түрлі-түсті таспалар арқылы топқа бөлу, "Нақты жауап" жоғарғы және төменгі деңгейлі сұрақтар.

СТО: "Серпілген сауал", Венн диаграммасы, "6 қалпақ;

АКТ: "Түйе" таныстырылымы

"Ботақаным-бөбегім" (сергіту сәті);

"Төрт түлік" маршруттық картасы, бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекетке

кеңейтілген тапсырма;

"Бүгінгі күннің сөйлемі" рефлексия парағы;

Оқыту формасы:

жеке, жұптық, үштік;

Формативті: сенім білдіру, мадақтау, шапалақтау, "Бағдаршам"арқылы өзара бағалау, "Екі жұлдыз, бір ұсыныс", "Блум" пирамидасы бойынша бағалау, табыс критериі арқылы өзін-өзі бағалау.

Әдебиеттік оқу, 2-сынып, Атамұра, 2013., Әдебиеттік оқу оқыту әдістемесі, 2-сынып, Атамұра, 2013., ноутбук, түрлі түсті таспалар, доп, қалпақтар, мәуе ағашы, стикерлер;


Краткое описание документа:

Орта мерзімді жоспарды құруда ҚР 2012ж. 23-тамыздағы №1080  бұйрығымен бекітілген  МЖМББС,  03.04.2013ж. №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасын, Әдебиеттік оқу, "Атамұра", 2-сынып оқулығын, мұғалімге арналған нұсқаулықты, бағдарламаны, он-лайн тапсырманы басшылыққа алдым.Осы пәнінің "Атадан қалған асыл мұра" тарауындағы төрт тізбектелген сабақтар топтамасын құруды жоспарладым. Жоспар құруда  Бағдарламаның барлық жеті модулін ықпалдастыруды қарастырып, оны тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырдым.

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулін қолдануда оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуына, олардың өзара әңгімелесуіне, бір-бірінің пікірлерін тыңдауларына, ой қорытып, ортақ шешім қабылдауына жұптық, топтық оқыту нысанын көздеп, "Галерия", "Қар үйіндісі" әдістерін іске асыруды болжадым.Қолайлы оқу үшін оқушыларға кері байланыс пен мадақтау қажет екендігін ескеріп, сабақ соңында кері байланыс, рефлексия парақтарын қолдануды жөн көрдім.Оқушыларға рефлексия ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылып талдауға көмектеседі.

 Сыни ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, іс-әрекеттерді түрлендіруге дайын болуға баулитындығын ескеріп, сабақтарымда "Қар үйіндісі, ассоциация, "Кубизм", "Мозайка", т.б. әдістерді қолдануды жоспарладым.

Автор
Дата добавления 15.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2076
Номер материала 302744
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх