Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Тұздар гидролизі 9 класс

Тұздар гидролизі 9 класс


библиотека
материалов



Тұздар гидролизі. Биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы. рН туралы түсінік (сутектік көрсеткіште). №1 көрсетілім (тұздардың суда еруі және рН шкаласын қолданып, тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткішін рН әмбебап индикаторымен анықтау;). №2 зертханалық жұмыс (Тұздар гидролизі). (1 сағат).

Сілтеме:

Оқулық 9 сынып «Химия» Алматы «Мектеп» 2013.

Жалпы мақсаты:

Тұздардың гидролизі туралы түсініп, әр түрлі тұздар ерітінділерінің ортасын анықтау.

Міндеттері:

1.Заттардың суда еруі тек физикалық процесс қана емес, еріген заттың сумен әрекеттесуімен қатар жүретін химиялық процесс екендігі туралы ұғымдарын тереңдету;

2.Тұздар гидролизінің теңдеулерін құру дағдысын қалыптастыру;

3.Әртүрлі тұз ерітінділерінің ортасын болжап айта білуге үйрену.

Оқу нәтижесі:

Оқушылар өз бетінше ізденуге, өз ойын ашық айтуға және еркін пікір алмасуға үйренеді.

Түйінді идеялар:

Бейтарап ерітінді. Сілтілік ерітінді. Қышқылдық ерітінді. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұзы. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар. Сутектік көрсеткіш. Тұздар гидролизінің биосферадағы маңызы.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар

Ас тұзы (қатты); мыс (ІІ) сульфаты (қатты); натрий хлориді, натрий карбонаты, алюминий сульфаты ерітінділері; су; қызыл және көк лакмус қағаздары; сынауықтар; тамызғыштар.

Тапсырма көздері:

  1. Сынауықтағы ас тұзының судағы ерітіндісін қадағалап, реакция теңдеуін жазыңдар: NaСІ + Н2О =

  2. Енді мыс (ІІ) сульфатының тұздағы ерітндісін қадағалап, реакция теңдеуін жазыңдар СuSO4 + Н2О =

  3. Берілген екі тұздың судағы ерітіндісінде қандай айырмашылық бар?

Тақырыпты ашу.

Жұптық жұмыс.

Жаттығулар:

Деңгейлік тапсырмалар, №2 зертханалық жұмыс тапсырмалары.

Топтық жұмыс

Сергіту сәті:

Топқа бөлу арқылы сергіту.

Топтық жұмыс.

Оқуға арналған тапсырмалар:

§12 оқу, 56-57 беттердегі №1-7 тапсырмалар.

Сабақ жүрісі

І. Амандасып, сынып реттілігін тексеру.


ІІ.Өткенді қайталау сұрақтары:

1. Қандай иондар катиондар деп, қандай иондар аниондар деп аталады? («+», «-»)

2. Ерітіндіде сутек катионының бар екені қалай анықталады? (Н+ , а) + лакмус = ерітінді қызарады; ә) + металл = Н2↑).

3. Ерітіндіде гидроксид аниондарының бар екенін қалай анықтайды? (ОН- , + фенолфталеин = таңқурай түсті).


ІІІ. Тапсырма. Тақырыпты ашу. Жұптық жұмыс. Көрсетілім көрсетіледі, соған қарап оқушылар жұмысты қорытындылап, жауап береді.

  1. Сынауықтағы ас тұзының судағы ерітіндісін қадағалап, реакция теңдеуін жазыңдар: NaСІ + Н2О =

  2. Енді мыс (ІІ) сульфатының тұздағы ерітндісін қадағалап, реакция теңдеуін жазыңдар СuSO4 + Н2О =

  3. Берілген екі тұздың судағы ерітіндісінде қандай айырмашылық бар?


ІV. Сыныпты 3 топқа бөлу. (Формулалары келтірілген заттар арқылы кластарға жіктеледі). 1-қосымша.

1-топ: «Қышқылдар»

2-топ: «Негіздер»

3-топ: «Тұздар»


V. Әр топ алдарына таратылған жоспарға қарап отырып, «Тұздар гидролизі» туралы түсінік береді. 2-қосымша.


VІ. Тақырыпты қорытындылау үшін көрсетілім көрсетіледі:

1 көрсетілім «Тұздардың суда еруі және рН шкаласын қолданып, тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткішін рН әмбебап индикаторымен анықтау»


VІІ. Топқа бөліну арқылу сергіту (өз қалаулары бойынша 5 топқа топтасады).


VІІІ.Топтық жұмыс деңгейлік тапсырмалар және №2 зертханалық жұмыс тапсырмалары 3-қосымша


Бағалау. (критериалды, яғни жалпы сабақ барысы бойынша және орындаған зертханалық жүмыстары бойынша бағалану). 4-қосымша.


Үйге тапсырма.


Рефлексия.

1-қосымша.

СаСІ2


HF

NaCI

HBr

Na2CO3


НNO3


KNO3

H2SO4


AgNO3

KOH


CuSO4

LiOH

CaSO4


Ba(OH)2


НСІ


Fe(OH)3

Н2СО3


АІСІ3

H3PO4

НІ


2-қосымша. «Тұздар гидролизі» тақырыбына жоспар:

  1. Бейтарап ерітінді.

  2. Сілтілік ерітінді.

  3. Қышқылдық ерітінді.

  4. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұзы.

  5. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы.

  6. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар.

  7. Сутектік көрсеткіш.

  8. Тұздар гидролизінің биосферадағы маңызы.

3-қосымша.

А-деңгейлік тапсырма.

Төменде келтірілген топтардың қайсысында барлық тұздар түгелімен гидролизге ұшырайды?

1) Na2SO4, KCI, Fe(NO3)2;

2) AI2(SO4)3, NaCI, Zn(NO3)2;

3) K2S, Mg(NO3)2, CaCI2;

4) Na2CO3, AICI3, K3PO4;

В-деңгейлік тапсырма.

Мына тұздардың:

А) натрий сульфиді (Na2S);

Ә) калий силикаты (К2SіО3);

Б) темір (ІІ) хлориді (ҒеСІ2)

Гидролиздену реакцияларының бірінші сатысын жазып, ерітіндінің ортасын анықтаңдар.


С-деңгейлік тапсырма.

2-зертханалық жұмыс «Тұздар гидролизі»

Тәжірибенің орындалуы. Сынауықтарға 1 мл-ден тұз ерітінділерін: натрий хлоридін, натрий карбонатын және алюминий хлоридін құйыңдар. Әрбір ерітіндіден тамызғанда лакмус қағаздарының түсі қалай өзгеретінін бақылаңдар. Тұз ерітінділерінің ортасын анықтаңдар. Жүретін тұздар гидролизінің реакция теңдеулерін жазыңдар. Бақылау нәтижелерін кестеге түсіріңдер.


4-қосымша. Бағалау.

1-ші бағалау парағы. Оқушылар өздерін критериалды бағалайды.

Бағалаупарағы. _____________________________________________________________________

Үй тапсырмасының орныдалуы

(сұрақ-жауап)

Мүлдем жауап таба алмауы

1


Жартылай жауап таба алуы

2

Барлығына жауап таба алуы

3



Барлығы:


11-12 балл – 5

8-10 балл – 4

4-7 балл – 3

0-3 балл – 2



2-ші бағалау парағы. Оқушыларды мұғалім бақылап жүріп, критериалды бағалау. (жасаған зертханалық жұмыстары бойынша).

Тексеруге арналған элементтер-

ге қойылатын ұпай

Орындал-

ған тапсырма-ға қойыла-

тын ұпай



1

Лабораториялық құралдарды қолдана отырып берілген тапсырма бойынша эксперимент жүргізу.








Қауіпсіздік техникасының ережесін сақтай отырып жұмысты жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарды таңдап алу, жұмыс орнын дайындау;





6 б

Құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалана отырып, ұсынылған тапсырмадағы химиялық заттарға зерттеу жүргізу;



Лакмус қағаздары арқылы тұздардың ортасын анықтау;



Жұмыс орнын тазарту;

Тәжірибе жүргізу арқылы алынған нәтижелерді өз бетінше жүйелеп қорытынды шығара алу;



Орындалған жұмыстың қорытындысын өз бетінше кестетүсіре алуы;

Жалпы ұпай саны: 6





















Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-011062

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG