Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Т.Жаңаевтың «Соңғы жеті шақырым» әңгімесінен көрініс

Т.Жаңаевтың «Соңғы жеті шақырым» әңгімесінен көрініс


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мен жерлесіміз Т.Жаңаевтың «Соңғы жеті шақырым» әңгімесі мен Жұмекен Нәжімеденовтің «Домбыра мен көсеу» атты повестерінен үзінділерді, қазақтың салт-дәстүрі «Сырға салу» қойылымын сахналап,оқушыларым облыстық байқаудан 3-орын селолық байқаудан 1-орын, бас жүлде иелендік. Республикалық жазушылар Одағының мүшесі Т.Жаңаев өзінің әңгімесін сахналағандары үшін алғысын білдіріп мектеп ұжымына хат жолдады. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасын да оқушыларға лайықтап,ықшамдап дайындаған едім.

Аталған төрт сахналық қойылымның жүрісін ұсынып отырмын. Сондай-ақ, «Соңғы жеті шақырым» қойылымының электрондық нұсқасын да дайындадым.Алматы қаласындағы авторға естелік ретінде беріп жібердім.

hello_html_38870f02.gif

Қойылым кездерінен көрініс

hello_html_m9bad1a5.gif

hello_html_6a001a87.gif

Қойылымдар үшін алған марапаттарымыз

Соңғы жеті шақырым

Тәжібай Жаңаев

(сахналық қойылым)


Соғыс кезіндегі бомбаның жарылысы,ұрыс –соғыс дауысы беріледі.

Сахна безендірілген: поровоз түйдек-түйдек қоңыр қошқыл түтінін бұдақтата сар даланы көктей өрлеп жүйткіп келеді. Онымен бірге солдат сағынышы да бетегелі белден асып,құс қанатын байлап ұшады.

Кален ақ қатырма жағасын ауыстырып,белбеуінің доғасын ,тіпті гимнастеркасының ілгектеріне дейін жалтыратып тазалады. Етігінің иін қандырып майлап,қоныштарын гармошкалап қойды. «Гелефе» шалбарының қалтасына қолын салып,әлдене есіне түскендей мырс етті.

Солдаттың монологы:Старшина Солодовников шабуыл алдында әрбір солдаттың сақал-мұртын тексеріп,ілгек-түймелерін шығатын еді («мырс етіп күліп қояды).Өте батыл,ержүректілігіне қоса елгезек,мейірбанды кәдімгі орыс адамы еді ғой. Мені де екі рет ажалдан құтқарды емес пе... Бірінде,Ржевтің түбінде неміс авиациясының кезекті бір шабуылынан соң, топырақ үйіндісінің астында қалған жерімнен қазып алды. (біраз ойланып,өткенді еске алып тұрады). Ал,екіншісі,қай жер еді. (сәл ойланып) Берлин түбіндегі бір неміс деревнясы ұрыста болған екен-ау.Өзінің аты қалай еді соның, Геренқоп дейтін бе еді? Фашистердің ең соңғы күшін топтастырып,қатты қарсылық көрсете үздік-создық ұрыстар жүргізіліп,лажсыздан кейін шегініп бара жатқан кез еді. Алға жылжыған танктердің артынан еріп,бір траншеядан шығып,екіншісіне секіріп түсіп,нөсердей жауған оқтың астында алға ұмтылдым.Аяқ басқан сайын ор,окоп,үйілген топырақтар.Түнгі деревня көшесіне еніп,үй-үйлі тасалап,әрбәр метр үшін қызу ұрыстарға араласып кеттім.Айнала лаулаған өрт,үй,қора отқа оранған. «Уралап алға жүгірген солдаттардың саны сиреп,арты қорғаныс ұрысқа көшті.Қаным қайнап,алға ұмтыла бергенімде екі ұзын тұра жерден шыққандай маған тап берді.Тақап келгенін теуіп қалғанымда,екіншісі ұмар-жұмар кеңірдегімнен қос қолдап ұстап алып сығып жіберер емес.Автоматым қолымнан ұшып кетті ,қынындағы қанжарды алуға да шамам келмей қалды.Серпініс жасап қимылдағаныммен, құрсау қол жіберер емес.Тап сол сәтте старшина Солодовников та жетіп үлгеріп,үстіндегі фашисті ң қос мүйізді темір каскаксынан бір ұрып өткенде,анау сеспей қатты.Екіншісінде солай....

Солай мені Солодовников екі рет ажалдан құтқарған еді «Қызыл жұлдыз» орденін,гвардиялық значогін,, «Ерлігі үшін» медалін ,жеті белгіні тақты( тағы да ойға шомылды)..Енді міне біраз емделіп,туған еліме бет алып келемін.Кең жазира далам біреуге белгісіз болғанмен,оның әрбір жырасы,барлықь ой-шұңқыры өзіме аян.Жазда ел жайлауға көшкенде сол тұстағы Қоскөлге жетуге асығатынбыз..... Сондағы достарым бұл күнде қайда екен?....Шетінен тепсе темір үзетін марқасқа жігіт болып өсіп еді-ау.Желді күнгі қаңбақтай соғыс оларды қай қиырға жіберді екен?!Майданнан тірі қайтса ,ендігі үйлі-баранды ,қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болған да шығар Ал,бәрінен кеш қалған мен шығармын осы..... «Көп бейнеттің бір зейнеті болады» деген осы-ау. Бұдан артық бақыт бар ма! 41-дің күзіне майданға аттанғаннан табаны күректей бес жыл толып,осы көктемде алтыншы жылға толады.Быртық қара Алпан,шойқара Мұқан,салпы ерін Өтеш,тыраш Жалғас,тақуа-Қоныс ,тай-құлындай бірге тебіскен достар едік қой шіркін..... Қазір қайда екен? Елге аман –сау оралса игі еді. (көзінен ыстық жас шығып ,көкірегі қарс айырылады).Каленнің ойын жолсерік бөліп жіберд:

-Жолдас гвардец,сіздің түсетін бекетіңіз жақындап қалды.Алдын-ала қамданбасаңыз,аз тұрады. (Мұрты шиыршық атып күліп) Қалай қатты сағындыңыз ба?

-Әрине! –деп Кален шалдың ойын бірден түсінді.

-Келін бе,әлде қалыңдық па?

-О,не дегеніңіз,ағасы,баламның үлкені сегізде,кішісі іште қалған-ды,енді,міне,аман-есен болса бестен асады.

-Өй-дөйт,деген-ай! (шал мәз болып күледі) Міне,елің ,қарағым,шімияңа аман-есен қосыл

(Кален шалмен қоштасады)

(Өзіне таныс қоңыр жел ескенде,жан-дүниесі толқып өтті.Айналасына қарап біраз тұрады.Көзіне ыстық жас келеді.Кален зат дорбасын қасына қойып,таспадай созылған рельске қарап біраз тұрды.Айнала тып-тыныш.Өзін қарсы алған адам да жоқ.Поездың дауысы,гудогы алыстап барады)

Мені күтіп алмақ түгел,мында тірі жан бар ма өзі-деп орнынан қозғала береді.

Осы кезде артқы жағынан аяғын тырп-тырп басып,қолындағы ұзын темірмен қос рельсті алма-кезек тықылдатып ұрып,домаланған қара торы қияқ мұртты кісі Каленге қарай келе жатты.

-Армысыз,ағайын!

- Бармыз,шырағым!- деп екеуі де тез-тез амандық сұрасқан соң, ақбөтшік:

- Шырағым,танымай тұрмын,қай үжымшардың баласы едің?-деп таңырқай қарады.

- «Қызыл әскердікімін».

- Е-е,онда танымадым.Мен мынау «Қызыл Октябрьденмін» .Әйтенуір аман сау елге оралғаның жақсы болған. (өкшесін көтеріп,жан-жағына қарап) Жүн тапсырушы бүгін оралуы керек.Соған ілесіп ауылыңа жетерсің.Байқаймын аяғыңды сылтып басып тұрсың ғой. (Каленнің омырауында тағылған ордендерге қарап) ауылың жеті шақырым ғой.Қазір жабағы жүн тапсырып жұрттың қолы тимей жүр.,осы стансадағы қатын-қалаштың бәрі сонда.Түс әлетінде кіреші осы түстан өтеді.Әй,селектр соғып жаптыр,барайын,аман-сау тұр,туысқан,-деп станция үйіне қарай бет алды.

Осы кезде үстінде адамы жоқ бос арба келе жатты.Кален аяғын сылти басып,алдын кес-кетей алдынан шықты. Арба «Қызыл әскер»ұжымшарының жолына бұрыла түсіп тоқтап,үстінен басында қызыл әскердің фуражкасы бар кішкентай бала секіріп түсті.Фуражкасының күнқағар жағы жартылай сынып қалған,бір құлағы шығып,бір құлағы фуражкадан көрінбейді, тек жұлдызы ғана жылтырайды.Үстінде түсі өңген сары бөз көйлек,оның да омырауы жыртылған, тізесінен аса киген дамбалының да өң-түсі көрінбейді, белін тұсаумен шарт байлап алған. Тәлтиіп Каленге қарап тұрып қалды.8-9 жасар бала екен. Кален тізесін бүгіп алдына отыра бергенде,бала үлкен адамша қолын беріп:

Салаумалейкум,-деп қолын беріп амандасты.

Әлейкімүссәлем,балақай. «Қызыл әскерге» барасың ба?-деп Кален баланың қолын алды.

Иә

-Атың кім?

-Нияз

Кімнің баласысың?

Қызыл әскер Шанайдың баласымын.

Тоқта,тоқта,сырнайшы Шанай ма?

Иә-иә

Е-е,мына қызыл бөрешкі Шанайдікі екен ғой,-деп Кален қуанып кетеді.Ай,бауырым-ай, тірі келген екенсің ғой.

Бірақ баланың еңсесі төмен түсіп:

Жо- жоқ,бұны нағашым Тегісбай сыйлады.

А-а, Шанай оралды ма?

Көкем,көкем ... 43 жылы Ыржыптың түбінде ....-,деп бала біраз төмен қарап тұрды да ,еңіреп қоя берді. Өксігін баса алмай ,солқылдап жылады. Көкірегін қарыс айырып шыққан зар-мұң ,шемен боп қатқан іштегі шері ,әкеге деген сағынышы,жетімдік пен қиыншылық бәрі-бәрі солдатқа айтқан шағымдай көпке дейін көз жасын тия алмады.Кален баланы бауырына қысып,кекілін сыйпап жұбатып жатыр.

Жылама,айналайын. Сен жігітсің.Ерт адамға күйректік жарамайды. «Болмасқа болаттай бол»деген ғой,-деп үлкен адамға сөйлегендей толқып тұрғанын білдірмей баланы жұбатты.Бала өксігін басып,бөрешкісін қағып ,басына киіп жатып

Ағай,сіз кімнің папасысыз?-деп мұрнын бір тартып,тесірейе қарайды.

Есенбектің.Сосын .... екіншісі мен кеткенде әлі тумаған болатын.

Сәтбектің!-деп жұлып алғандай айқайлап жіберді.Алақай,Есенбек пен Сәтбек қуанатын болды ғой,ал-а-қ-ай !(дауыстап)Қайтадан көзін сүртіп:

Жоқ,Есенбек пен Сәтбектің папасы емессіз.Одан да қарақағаз келді.Былтыр оның жылын берді.Жо-оқ,ағай алдап тұрсыз.-деді.

О не дегенің мен Есенбек ,иә, Сәтбектің де папасымын.Көріп тұрсың ғой,тірімін,міне.Мен Кален ағаңмын. Өзі кеткенде дүниеге келмеген ұлының атын қайталап: (Сәтбек,Сәтбек» деп күбірледі.

Бала сенерін де сенбесінде білмей аңырап тұр.

Кален шинелін шешіп,зат дорбасын ашты да ,Ниязға әдемі бір қызыл сырнай ұсынды

.-Мә,балам,ала ғой.

Сырнайды бала әрлі-берлоі сипап қарап.

-Менің көкемнің аршадан ойып істеген сыбызғысы әлі тұр.Аздап ойнай білемін,-деді бала

-Е,әкең Шанайға тартсаң өнерлі боларсың,Ниязжан,оның отырған жері базарлы еді ғой,шіркін...

Баланың көңілін қобалжытпайын деп әңгімені басқаға бұрып кетті.Солдат зат дорбасынан бөлке нан,колбаса, бір құты тәтті сүтті шығарып,ақжайманың үстіне қойды.Нияздың көзі ішіп-жеп барады,аузынан сілекейі де ағып кетті. Кален белдігіндегі қынынан пышағын алып,нан мен колбасадан бір-бір кесіп балаға ұсынды.Нан мен колбасаны қомағайлана жеген балаға қарап аяп кетті.Не айтарын ұмытып та қалды.

-Есенбек екеуміз жүн тасудамыз.Бүгін ол Сәтбекпен қозы бағып жүр.Ертең менің кезегім,-деп Нияз ұртын толтыра шайнайды.

-Сәтбек қандай өсті ме?,-деп елжірей сұрайды Кален.

Әй,ол әлі кішкентай,кіре тартуға жібермейді оны.Есенбек екеуміз ғана барамыз,-деп мұрнын тартып қояды.

Ақжайма үстіндегі бөлке нанды,колбасаны, сүтті балаға ұсынып еді,Нияз:

-Осының бәрі ме?-деп таңырқай қарады.

-Ала ғой,ұялма,үйдегі інілеріңе апар,-деді Кален.

Ырдуын арбаға сүйеніп,аяғын сылти басып Кален келеді.

Нияз:

-Кален аға,соғыстан бес-алты кісі аман-есен оралды.Соның ішінде менің Тегісбай нағашымның омырауы толған орден,үсті-басы сап-сары ,соғыста әпсер болған екен. Ал... қарақағаз келмеген үй жоқ...Басқарманың баласы Есенбек екеумізді сабап 10 асығымызды тартып алды.

Нияз қолына сыбызғыны алып мұңды әуен ойнай бастады.Баланың жанарынан жас домалап түсе берді. Календі де ойға шомылдырды.

-Құланды ойы түгілі, бүкіл Сарыбелге атышулы сыбызғышы Шанайдың өзі болмағанымен,көзі осы екен-ау...

-Көптен көкемнің сыбызғысын тартқан жоқ едім,-деп дамбалының ышқырына сыбызғыны тыға салды.

-Әкесін сағынған ғой,айналайын.Өнерлі екенсің,өркенің өссін,балам! Өнерлі жігіт бол!Нағыз Шанайдың өзіндей тартады екенсің.,-деп басынан сипады.

-Анау көрінген- жаңадан қонған пішеншілер қосы.Тегісбай нағашым сонда бригад,-деп мақтанып қойды. Одан әрі Қоңырсайдағы біздің ауыл ,қой қырқу бөнкіті.Кален аға,Есенбек пен Сәтбектен сүйінші сұрайыншы.Нұржамал апам тек өзіме береді сүйіншіні.

-Бара ғой,Ниязжан,бара ғой,сүйіншіңді өзің ал,балам.

Алақай,алақай,сүйінші,сүйінші,-деп айқайлаған Нияз дауысы кең даланы жаңғырықтырды. «Алақай,алақай Кален ағам келеді,алақай!» -деген дауысы даланы шарлап, барған сайын алыстап барады.


«Соғыстан қайтқан солдаттар» әніорындалып жатады.

Сахнаға екі ұлын ертіп Нұржамал шығады.

Нұржамал: - Сұм соғыс,қарғыс атқыр сұм соғыс. Сағына күткен жарымнан да айвырдың.Кален әскерге кеткелі міне,аттай алты жыл болды.Үш рет қарақағаз келіп, былтыр марқұм әкелеріңнің жылын да бердік.Енді міне, екіә құлынымды құшақтап өзім ғана түрмын. Бұл соғыс кімді жылатып,кімді жер жастандырмады?...

Сәбек:-Шеше, әкем қайда,қашан келеді? –Нұржамал:-

Пішеншілер ауылы кеш оралған жалғыз солдатты көргенде өшкені жанып,өлгені тіріліп келгендей қарсы алды.Ауыл адамдары тұгел жиылды.Үйді-үйден немерелерін ерткен кемпірлер де,қырда мал жайып жүрген малшылар да шұбырып келіп жатты.

Бірінші кемпір.Жарығым,Каленжан,аман-есенсің бе,құлыным? Өңім бе,әлде түсім бе ,құдай-ау.Сарғайып жолыңа қарап күнім батып,таңым атпады-ау,құлыным.Бұл соғыс қан жұтқызды ғой .Жалғыздан да,жардан да айырылдық.Қаншама үйдің шаңырағы құлады.Е,Каленжан,құлыным-ай!

Екінші кемпір: Жарығым,Кален ,біздің Шәпиден не хабар бар?Қарақағазды құшақтап,немеремді сүйеу қып ,әлі де сенбей Шәпиімнің жолына қарап отырмын ғой,құлыным.Көрмедің бе,Шәпиімді?

Үшінші кемпір: Шоқшарды көрдің бе?Сұм соғыс,.Ең болмаса бір ауыз сөзін айтшы,балам

Балалар: -көкемді көрдің бе? Қайдан көрдің? Не деді?

-Бірауыз көкемнің хабарын айтшы.

Кален Тегісбаймен құшақтасып біраз тұрды. Ауыл адамдарымен амандасты.Календі киіз үйге кіргізді.

-Япырай,енді қайтті?-деді бір әйел

-әй,өңкей шуылдақтар мұрша берің амандасып алайық,-деп қабағын шытып,қатқыл дауыстады етікші Тәжімағанбет.

-Кален аға, көкемді көрдің бе?-деп тағы да бір бала сұрайды

(Баланы бауырына басып,жұбатады да,бір топ адам Каленмен бірге үйге кірп, отырады.)

Тегісбай:-иә,Каленжан,аман-есен ауылға келгесін болды ғой.

Тәжімағанбет:-Сұм соғыс кімді жылатпады десеңші.. Каленжан,жарақатың әлі ауырады ма?

Тегісбай:-Әй,мына ауылдың келіндері қайда? Каленге ақ әкеліңдер.

(Осы кезде сумақтаған екі келін келіп дастархан жайып,ақ ұсынады. Біреуінің құлағы естімейді.)

Саңырау әйел:-Бағила,Календі тірі келеді деп кім ойлаған? Енді,ана Нұржамал не істейді? Ойбай-ау оны атастырып қойды емес пе?

Бағила:- Ойбай,жайла. Кален естіп қалар

Кален:- Не дейді?! Не деп кетті?! Аттастырғаны несі?! Тәжімағанбет ағасы, не болып жатыр өзі,түсіндірсеңші?!

Тәжімағанбет:- Иә,Каленжан, өзіңнен өлді деп үш қайтара қара қағаз келді.Былтыр сенің туған-туыстарың,Нұржамал келін жылыңды берді.Нұржамалға да оңай тимеді.Шиіттей уақ балалар.Сұм соғыста қыспаққа алды.Сонан ауыл ақсақалдары болып сондай шешімге келген едік Енді,міне,бір қуанатыны өзің аман-есен елге оралдың.Сенің орныңды ешкім баспақ емес.Әйелің,балаң өзіңдікі емес пе,шырағым.

Кален:-Жооқ,жо-оқ.! Не болып кетті?!Бұлай болады деп ойладым ба? Бұны білгенде сол жақта қала беретін едім ғой.6 жыл қан кешіп,өліммен белдесіп,аяғымнан жарақат алып,госпитльда емделіп,туған жердің топырағы мен жар құшағын сағынып келгендегі түрім осы ма?Әй...! Сорлы басым-ай! Жоқ,мен кетем,мен үшін енді бәрі бір,кетем... (жылайды)

Тәжімағанбет: -Жә,болды енді!Жалғыз сенің басыңдағы қайғы емес, барлық жұрттың басында бар зауал іс. Ақылға кел! Сабаңа түс! Ашу деген ағын су батасың да кетесің,ақыл деген жел қайық өтесің де шығасың.Ақылға кел,қарағым!

Әкең марқұм өте ақылды,сабырлы адам еді.Әкеңе тартсаң өзің бір шешімге келер деп отырмыз.

Ауыл әйелдері: -Иә,Каленжан,ақылға кел,бала-шағаң бар ғой.Оларды кімге тастайсың? Сабыр ет.

(Осы кезде Сәтбек сырттан жүгіріп кіреді)

Сәтбек:-Әкем қайда,әкем?! (айналасына қарап іздейді)

Әйелдер:-Әне,шырағым әкең.Бара ғой,құлыным-ай(жылайды).

Сәтбек:-Әкеееее!Әкееее!

(әке мен бала біраз құшақтасып,сағыныса көріседі).

Сәтбек: -Әке,үйге жүрші.Сізді анам күтіп отыр.Жүрші,әке,жүрші.Біз сізді көп күттік.Жүрші,әке. (бала жылап,әкесінің қолынан тартып,сыртқа ұмтылады. Сахнада әке мен бала құшақтасып сыртқа шығады да артынан ауыл адамдары еріп кетеді.)

Сәтбек: -Әке,ана қарашы Есенбек ағам да келіп тұр,келіп тұр

(үшеуі құшақтасып біраз тұрады.Екі бала әкелерінің екі жағынан ұстап,сахнадан алып кетеді)

Сахна. Нұржамал Календі тағатсыздана күтіп,енді не болар екен деп мазасы қашады. Жылап тұр.Екі бала әкелерін жетектеп сахнаға алып шығады.

-Әке,әне анашым сізді күтіп тұр.Жүрші...

-Анашым,айттық қой әкеміз келеді деп.Міне,әкем аман-есен елге оралды.Әкешім,әке. Әне,анашым.

(Нұржамал жылап,Каленнің аяғына жығылып жылайды,кешірім сұрайды.Каленнің құшағы ашылғанша жылап отырады.Кален демеп тұрғызып,екі ұлы мен жарын құшақтап тұрғанда сахна жабылады)

Соңы.

Нәтижесінде, жазушыға дайындаған дискімді жеткізіп, хатын да алған едік.

img024


Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров95
Номер материала ДВ-572905
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх