Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тәжірибе алмасу: "Балабақшада дене бітімінің жан-жақты дамыуна жағдайлар туғызу"

Тәжірибе алмасу: "Балабақшада дене бітімінің жан-жақты дамыуна жағдайлар туғызу"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Балабақшада дене бітімінің

жан-жақты дамыуна жағдайлар туғызу»


ХХI-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімімен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағы бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, дененің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабіле тінашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буының дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек. Сондай-ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл-дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс-әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне, дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы-дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл-әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан-жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді. Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын-сауықтар) өткізуге тиіспіс. Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті балаларды қимылға үйретудің негізгі қалыбы болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына 2 рет өткізіледі. Оқу іс-әрекет мынадай құрылымда өтіледі. Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру түрлері, секіру жаттығулары, сапқа тұру орындалады. Жүру, жүгіру түрлері кезектесіп тұруы керек 3-4 минут. Негізгі бөлімде жалпы жетілдіруші жаттығулар орындалып, негізгі қимылға дайындық жұмысы жүргізіледі 3 негізгі қимыл жоспарланады. Оның 2-уі бұрынғы жаттығулар қайталанса, 1- жаттығулар жанадан жоспарланады. Жаңа оқй іс-әрекет тақырыбы жылдық жоспардан алынады. Негізгі бөлімге 16-18 минут. Күнтізбелік жоспарда әр аптада 2 сағаттан алынған, жыл басына 72 сағат өткізілуі тиіс. Дене шынықтыру негізгі оқу іс-әрекеті болғандықтан ертеңгілік мезгілде өткізіледі. Дене шынықтыру өткізілетін орын ауа-райы жылы кезде ауада, қыс мезгілдерінде залда өтіледі. Дене шынықтыру басталардан бұрын залдың едені сүртіліп, құрал-жабдықтар дайындалады. Негізгі бөлімнің бір бөлшегі қимылдық ойын. Қорытынды бөлімде де қимыл қозғалысы аздау ойын жоспарланады. Жалпы жетілдіруші жаттығу жасарда тәрбиеші негізгі қалыпқа көп көңіл бөлуі керек. Егер өзгермей көбіне тіке тұрып жасаса, балаларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан әр түрлі жағдайда (тұрып, отырып, жатып) жасайтын жаттығулар жоспарлау қажет. Жалпы жетілдіруші жаттығулар үшін (жалаушылар, доптар, кубтар, секіргіштер, құрсаулар, таяқтар) пайдаланылады. Сонымен қатар үлкен көлемдегі құрсаулар, арқай гимнастикалық орындықтар пайдаланылады. Балалар негізгі қалыпқа дұрыс тұрулары керек, жаттығулардың жасалу техникасын дұрыс сақтаулары керек, тәрбиешінің нұсқауы мен қимылдап, барлық бала бірдей қимылдаулары керек. Балаларға таныс жаттығуларды тәрбиеші көрсетпей-ақ ауызша да айтуға болады, ал қимылдау жаттығуларды тәрбиеші көрсетеді, сосын балалар жасайды. Оқу іс-әрекет қызықтырақ өтсін десе жаттығуды жақсы орындайтын бір баланы алға шығарып, тәрбиеші нұсқау беріп тұрады. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде балалардың ақыл-ой тәрбиесі ғана жетілмейді, адамгершілік қасиеттер де қалыптасады, балалар ойын кезінде рольдерге бөліседі, ұйымдастырушылық қабілеттері жетіледі, жарыс кезінде өздерін ұстау қабілеттері дамиды. Допты лақтырып, қағып алу, допты бір-біріне лақтыру, ұзындыққа секіру, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп мініп түсу; гимнастикалық скамейка үстінде тепе-теңдікті сақтап жүруге үйретеміз. Дене шынықтырудан үйренген қимыл-әрекеттер кезінде, спорттық шараларда жетілдіріледі. Дене шынықтыруды өткізген кезде балалардың қулап жарақат алмауын көп қадағалауымыз керек. Бала организміндегі мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін таза ауадағы дене шынықтыруға көп көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене тәрбиесінің құрамы бағдарламалық материалдардан құралады. Таза ауадағы дене шынықтыру 5-бөлікке бөлінген жүгіруден, жеке және топталған әдістерден тұратын ерекше қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен эстафеталардан тұратын қимыл-қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі. Таза ауадағы дене шынықтыруда балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірін –бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет.




Таза ауадағыдене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық жағдайға сай жабдықтануы керек. Біздің балабақшада әр түрлі өрмелеуге арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған скамейкалар бар. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті балабақша медбикесінен аламыз. Егерде операция жасалған немесе бір жері қатты ауыратын бала болса, ол бала тәрбиеші көмекшісімен бірге болып, жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып, тексеріп тұрады. Балалардың нервтік жүйесіне жүрекке бұлшық еттің қатаюына, қан айналымының жақсаруына әсер ететін жаттығулар түрін таңдауға көмектеседі. Дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың киімдерінің жүріп-тұруына ыңғайлы болуын қадағалаймыз. Қыстың ашақ күндері жеңіл спорттық киіммен жүргіземіз, көбіне серуеннің аяғын да өткізгеніміз дұрыс, себебі балалар терлеп, тез салқын тиюі мүмкін. Күзгі, қысқы мезгілде таза ауадағы дене шынықтыру кезінде өлең айтуға, ауызбен айтатын ойындар ойнауға болмайды, себебі баланың тыныс алу жолдарына салқын тиюі мүмкін, сондықтан мұрынмен демалуына көңіл бөлеміз. Әрбір жаңа оқу жылында балаларға бөлек-бөлек дәптер бастап, балалардың өсіп- жетілуіне, олардың денсаулығын жазып өткізілетін шынықтыру шаралары көктемнен бастап ертеңгілік жаттығуларды таза ауада өткізуден бастадады. Киімдерін де бірте-бірте жеңілдетіп, жаз айларында тек қана іш киіммен, жалаң аяқ жүруге дейін жеткіземіз. Жалпақ табандылықты болдырмау мақсатында ұсақ тастардың, тігілген қақпақшалар, тікенек жаймалар үстімен жалан аяқ жүргіземіз. Түс мезгілінде топ бөлмесіне кіргенде сумен шынықтыру жүргізіледі. Су температурасын бірте-бірте төмендетіп, аяқтарын салқын сумен шаю, тізеден төмен қарай жуудан соң құрғақ орамалмен сәл қыздырғанға дейін сүртіндіреміз. Түскі ұйқыдан соң 1-2 апта құрғақ ысқылау таза фланельматадан аяқ-қол дене мүшелерін қызарғанша ысқылауға көшеміз. Ылғалды ысқылау 1-2 минут созылады. Балалар қолғапты қолдарына киіп, су (350-360) құйылған табақшаны айнала тұрып, қолғаптарын суға малып, әбден сығып, қол, иық, кеуде, аяқты ысқылайды (алма-кезек) қолғаптарын шешіп, бір-бірінің арқасын ысқылау керек. Бұдан соң құрғақ орамалмен сүртінеді. Балалардың қимыл іс-әрекетін жетілдіру тек дене шынықтыру оқу іс-әрекетімен ғана шектелмейді бос уақытта балалардың қимыл іс-әрекетіне көп көңіл аударуымыз керек. Тәрбиеші балалармен түрлі ойын, жаттығу өткізеді. Серуен кезінде де түрлі жаттығу, ойындар ойнайды. Тәрбиеші көп қозғалмайтын балаларға ерекше көңіл аударып, ойынға үнемі қатыстырып отыруы тиіс. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қажеттілігін, басты байлық денсаулық екенін түсіндіру, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Дұрыс тамақтанудың, таза жүрудің адам денсаулығы үшін маңызды екенін түсіндіру. Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, салауаттты өмір салтын сақтап, өмір сүруге дағдыландыру. Топта тәрбиеші жай қимылдайтын, әлжуаз балалармен үнемі жеке жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Келген кезде орнынан қозғалмайтын, мінезі өте ауыр баланы жаттығуларды жеке дара жасату, тамақ жаттату, биге қосу арқылы қозғалысқа түсіп, жаттығуларды да жасап, биді де билейтін дәреге жетті анасының қуанышында шек болмау үшін. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата-ананың тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағ әр баланың отбасылық жағдайын, ондағы тәрбие бағытым біліп, ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасанды ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін береді. Отбасында тәрбие міндеттеріне. Баланың дене, танымдық дамуына жағдай жасау, балаларды өзіне-өзі қызмет етуге, жақындарына көмектесуге үйрету, баланың бейімі, қызығушылығын дамытуға, тілдік-қатынастық дамуына жан-жақты дамуына жағдай жасауға міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ата-аналардың балабақша мен байланыс дұрыс жолға қоюға жұмыстар жүргіземіз. Балабақшада дене шынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіруне, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды әдетке айналдырушы, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі спорттық ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, қызығушылық тануын ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз. Неғұрлым ерте жатып, уақытымен таңертеңгілік тамағын ішіп, серуенге шығып ойнаған, жылы сөз, мақтау естіген , спортпен шұғылданған, шыныққан бала әрқашан да ауруға төтеп беретін, жігерлі, ақылды болып өседі. Бала денсаулығы жақсы, шыныққан, көңіл-күйінің жоғары, ынталы болуы үлкендерге, яғни ата-ана, тәрбиешіге, қоршаған ортаға байланысты. Іс әрекеті, технологияны ертеңгілі бойжазу. Сөз соңында Н.Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының балабақшасының, барша елдің, халықтың міндеті» екені еске саламын.


Д.Ж.Бейбитова әдіскер

МҚКК №1 сәбилер-бақшасы

Павлодар қ


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-461464
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>