Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Классному руководителю Научные работы«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша рефлексивтік есеп

«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша рефлексивтік есеп



МҰСАНОВА ҚАРЛЫҒАШ ҚАПАНҚЫЗЫ


«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша рефлексивтік есеп

«Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады »

Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі таңда Қазақстанда білім саласын реформалау, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, заман талабына сай қажеттіліктен туындап отыр. Сол себепті қоғамда ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты, білім беру мазмұны да жаңартылып отырады. Білім саласындағы жаңа леп, тың өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Шәкірттерді өзіне сенімді бoлуғa, өмірлік жaғдaйлaрдa өз білімдерін қoлдaнуғa және aдaмгершілік құндылықтaрдың негізінде сын тұрғысынaн oйлaуғa үйрету – ұстаздың қолында.

Әр сабақтың сапалы әрі оқушы үшін қызықты болып өтуі, тікелей мұғалімнің жаңа технологияларды пайдаланып, түрлі әдіс-тәсілдерді орынды қолдана білу шеберлігіне байланысты. Осы мақсатта «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын әзірледі».

Бaғдaрламаның нeгізгі мaқсaты: педагогика кадpлаpына оқушылаpдың шығapмашылық, зepттeу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шeшу дaғдылaрын дaмытуғa көмeктeсeтін пeдaгогикaлық әдіс-тәсілдeрді мeңгepту болып тaбылaды.

Ал нeгізгі міндеттеpіне: оқыту үдеpісін жоспаpлау; оқушылаpды оқу үдеpісіне таpту; АКТ құpалдаpын тиімді қолдану; оқушылардың сын тұpғысынан ойлау дағдылаpын дамыту; оқушылаpды тиімді түpде жүйелі бағалау; өзінің оқыту үдepісі туpалы pефлексиясы жатады.

Мен «Тәжірибедегі рефлексия» мектепішілік курсынан өтіп теориялық білім ала отырып, біліктілігімді жетілдірдім. Курс тыңдау барысында ынтымақтастық aтмосфeрaсын қaлыптaстырa отырып топта жұмыс жасауға, өзгeлeрмен пікір алмасып, өз – өзімді реттеуге үйрендім. Күнделікті тәжірибемде курста алған білімдерімді қолдана отырып, тиімді әдіс-тәсілдерге терең үңіліп, мұғaлім қaндaй бoлу кeрeктігін жәнe оқушылаpға қaлaй білім беру керектігін үйpeндім. Бұл курсқа келгеннен кейін, күнделікті сабақ барысындағы кемшіліктерімді көріп, сезіп және өзгертіп отыpдым. Сондай-ақ оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, оқушылардың өз беттерінше білім алуына жағдай жасау қажеттігін түсіндім. Сындарлы оқыту негізінде 7 мoдуль идеясын ықпaлдaстыpa oтыpып, сaбaқтapдa оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін, тoппен жұмыстың әр түрін, бaғaлaу фoрмaлaрын, диaлoг түрлерін, рефлексия жaзуды меңгердім. Және Бағдарламаның 7 модулімен танысып, жүйeлі жоспар құруға, oсы 7 модуль бойынша сaбaқтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылaрдың сaбaқтан жaқсы әсeр алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажеттілігін, соның нәтижесінде оқушыны өзіндік ой-пікірін еркін жеткізе білетін, ынтaлы, сeнімді болуды қaлыптaстыруғa бoлaтындығын білдім.

Оқушының пәнге деген қызығушылығын, сыни ойлауын дамыту мақсатында әр сабағымда сын тұрғысынан ойлау модуліне басты назар аудардым. Әр өткізген сабағымда күн сайын оқушылардың топ құрамын өзгертіп, топқа бөлудің тиімді тәсілдерін қолдандым. Мысалы, «Тақырыпқа байланысты сөздер», «Түстер», «Гүлдер», «фигуралар», «Ән шумақтарына сай», «Сандар», т.б. тәсілдері. Бұл тәсілдерді үнемі қолдану барысында бұрынғы топ құрамын өзгерту, топқа бөліну кезінде болатын кедергілер азайды. Топпен жұмыс жүргізу барысында төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздік:

  • Оқушылар топта бір-бірімен пікір алмаса отырп, ортақ қорытынды шығара алды;

  • Сұрақтарға дәлелді түрде жауап бере білді;

  • Топ ішінде барлық оқушылар белсене жұмыс жасай бастады;

  • Проблемаларды ортақ шешуге үйренді;

  • Тақырыптың түсініксіз жерлерін анықтай алады.

  • Оқушының қызығушылығы арта бастады, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланды;

  • «Көпіршелер» арқылы ЖАДА-ны жүзеге асырды.

Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді келтіріп, қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. [МАН 23]

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақтарымның құрылымы «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны ажырату» , «Ой-толғаныс» кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары түрлі стратегияларды қолдана отырып, мәселені зерттеу, жауап іздеу, сол мәселе төңірегінде оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелеуді көздейді.

«Қызығушылықты ояту» кезеңінде оқушылардың қарастырылатын тақырып бойынша бұрынғы білімдерін есіне түсіріп, оны жаңа сабақ мазмұнымен байланыстырып, олардың ықыласын жаңа білімді қабылдауға белсенділендіруге ұмтыламын. Өткен сабақта алған білімдерін тексеру мақсатында «Доп лақтыру», «Ыстық орындық», «Бос орындық» секілді әдістермен бір-біріне сұрақ қойғызып, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, жылдам ойлануға бағыттаймын. Әсіресе, «Куббизм» стратегиясы кубиктің алты жағына жазылған сұрақтар бойынша алған білімдерін қайталау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырады. Бұл кезеңде «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы «сөзжұмбақ», «Бейнематериал көру», «Салыстыр», «Жұмбақ шеш» немесе оқушыларға тақырыпқа сәйкес суреттер көрсетіп, «Бұл суретте не бейнеленген?», «Оның біздің сабаққа не байланысы бар деп ойлайсыздар?» деген секілді «Oй қoзғaу» сұрaқтaрын қoйып, сaбaқтың тaқырыбын ашуға әкеліп отырдым. «Бүгінгі сабақтан не білгілеріңіз келеді?», «Сабаққа қандай мақсат қоясыздар?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылдырып, өз мақсаттарын айқындауға бағыттап отырдым. Осы әдістерді қолдану барысында «В», «С» деңгейіндегі оқушыларымның «Мен мұндай болатынын білмеппін?», «Мен бұл сабақта осыны білгім келеді» деген сөздерінен кейін әдіс оқушылардың қызығушылығын оятып, жас ерекшеліктеріне сай алынғанын білдім.

«Мағынаны ажырату» кезеңінде мәтін бойынша негізгі мәселені шешу жолдарын қарастырып, оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты зерттеп, игеруіне қажетті жағдайлармен қамтамасыз етемін. Мәтінмен жұмыс жасауда «БББ» кестесі, «ДЖИКСО» «Инсерт», «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиялары өте ыңғайлы әрі тиімді болды. Мәселен, БББ кестесінде «Білемін», «білдім», «білгім келеді» деген бағаналарға мәліметтер толтырылып отырды. «ДЖИКСО» стратегиясы арқылы оқушылар жалпы мәселені алдымен бастапқы топта, содан кейін эксперт топта талқылап, мазмұнын ортаға салады. Бұл стратегияда «С» деңгейіндегі оқушыларым бастапқыда түсіндіру жағынан, ойын жеткізуден қиналған кездері болды. Бірақ бұл оқушылар біртіндеп жауапкершілікті сезініп, өз мүмкіндігіне риза болып ынталана түсетінін байқадым. Сондай ақ, өз ойларып жинақтап айтуға тырысатын болды. «Инсерт» немесе «түртіп алу» стратегиясында оқушылар берілген мәтінге қарындашпен «v»- білемін, «+» – білмеймін, «-» – мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды деген белгілерді қойып отырып , мәтіннің мазмұнын жақсы түсінуде ұтымды қолданылды. Бұл стратегияда өз ойын ашып айта алмайтын, сұрақ қоюға тартынып, үндемей қала беретін ұяң оқушыларымның түсінбей, білмей отырған тұстарын түсіндіруге көмектесуіме үлкен мүмкіндік туғызды.

«Ой-толғаныс» кeзеңіндe жаңа білімді бeкітіп, ал оқушылар үйренгенін салмақтап ой елегінен өткізеді. Оқушылар осы кезеңде өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарап, бағалап, білгендерін таразылайды. Мeн осы кезеңде оқушылардың сабақтан білгендерін жинақтау мақсатында «Автор орындығы» стратeгиясын, идеялар мен ақпараттар арасындағы байланыстарды айқындау үшін жазба кесте түрінде «Кластер» әдісін сабақта жиі қолданудамын. «Автор орындығы» әдісі арқылы дарынды және талантты балаларға қосымша берілген тапсырмалардың жауабын тыңдауға мүмкіндік болды. Бұл стратегия оқушылардың қызығушылықтарын арттырғаны байқалды, өйткені барлық оқушы орындыққа отырып өз жұмыстарын оқуға талпынды. «Кластер» әдісінде тақтаға негізгі тірек сөздерді нeмeсe басты идеяны шеңберге жазып қойсам, одан туындаған ойларды оқушылардың өздері жан-жағына жазып, өзара байланыстары туралы әңгімелейді. Бұл әдіс оқушылардың алған жаңа мәліметтерін жинақтап, ой қорытуына, алған білімі мен түсініктері туралы пікірін жазуға тиімді екендігін байқадым. Оқушылардың бұрынғы сабақтарға қарағанда түрлі, құнды, сыни пікірлер жазғандығы мені қуантты. «Авторға хат», «Шын жүректен» әдістері арқылы оқушылар әр түрлі тілектер мен ойларын жазып оны қорғады. Тапсырманы қызығушылықпен, тиянақты орындағандықтарына қарап тапсырмалардың жас ерекшеліктеріне сай екендігін аңғардым. «С» деңгейіндегі бірнеше оқушымның өз жұмыстарын оқу үшін белсенділік танытқаны мені қуантты.

Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім диалог арқылы беріледі, оқушылардың сыныптағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.

Александер (2008) диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалогтік оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауына және түсінбеушілікті жеңе білуіне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі кеңейтілген диалогтерге қатысуға мүмкіндік берілсе, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндік олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибеден өткізуге жол ашады. [МАН 23 бет]

Диалог - тек алма-кезек сөйлесу емес, ойдың соғысы, ой мен ойдың жалындауы, мінез бен мінездің найзаласуы, идея мен идеяның қылыштасуы.

Ә.Тәжібаев

Тіл сабақтарында диалог жиі қолданылады. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Оқушылар өз идеясын ортаға салып, басқалардың пікірін тыңдайтын болады.

Адамдар диалог әдісін қолдана отырып, мәселен, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әлеуметтік-сындарлы оқыту да дағдылардың ықпалдасуына және тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Барлық әдістер мыналарға назар аударады:

оқушының белсенділігі;

қызмет бағыттарын күтілетін нәтижелерге сай жүзеге асыру;

кері байланыстың маңыздылығы;

шоғырлану (тәжірибе) және ықпалдасу мүмкіндігі.

Сонда мектеп мұғалімі үшін бұлардың маңызы не? Оқу теориясы мұғалімдер үшін тікелей нұсқау бермегенімен, оқу мүмкіндіктерін ұлғайту үшін оқу ортасын қалай құру туралы нақты қорытындыларды тұжырымдауға мүмкіндік ашады. [МАН 24 бет]

Сабақта диалог әдісін қолдану барысында оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік туатынын, өз идеяларын дәлелдеуге көмектесетінін, оқушыларың қандай деңгейде екендігін түсінуге болатынын білдім. Диалогтің тиімділігі оқушылар өзара пікір алмасып, жұппен, топпен, ұжыммен әрекеттесе отырып жұмыс жасайды. Сабақ барысында оқушылардың сөздік қорлары дамып, сұхбатқа түседі. Бұл оқу үшін аса маңызды. Курс алдындағы сабақтарымда диалог әдісі бұрыннан қолданылғанмен, бұл курсты оқу барысында бұл әдістің маңызы мен оқытудағы тиімділігін толық түсіндім. Диалогтік әңгіме түрлерін ажыратып, солардың ішінде зерттеушілік әңгімені жиі қолдануға тырыстым. Зерттеушілік әңгіме барысында көбіне ашық сұрақтар қойылып, оқушылардың сыни ойлауына, сұрақ қойып дағдылануына мүмкіндік туып отырды. Сабақта диалог әдісін қолдануда сұрақтың маңызы жоғары болмақ. Әр сабағымда оқушыларға түрткі сұрақтар қою арқылы диалогқа түсуге, белсенділік танытуға бағыттап отырдым. Сынақтан өткізу сұрақтары арқылы оқушының ой –пікірін, идеясын ашып айтуға мүмкіндіктер туса, қайта бағыттау сұрақтары арқылы тақырыпты ауқымды, кең көлемде ашуға, ойларын еркін білдіруге мүмкіндік бердім. Сабақтарымда «Еркін микрафон», «Ой қозғау», «Сұрақ-жауап», «Ойлан, жұптас, талқыла», т.б. стратегияларды жиі пайдаланып отырдым. Бұл барыста «С» деңгейдегі оқушым өз ойын айтып, пікір білдіріп алдыға ұмтылды. Бұрынғы сабақта үй жұмысын орындап келсе ғана қол көтеріп, жабық сұрақтарға ғана жауап беретін еді. «С» деңгейіндегі екі оқушым орыс тілді болғаны себепті ойларын айтудан, пікір білдіруден жасқанатын. Дегенмен, сабақ барысында ойларын білдіруге тырысатыны байқалды.

«Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін курста түсінгенім бойынша тәжірибемде қолдана бастадым.

Курс барысында қaлыптaстырушы және жиынтық бaғaлaу түрлері болатынын, олардың ара-жігін ажыратып, әр бaғaлaу мұғалімнің немесе оқушылардың өздері құрған критерийлері бoйыншa жүргізілетіндігін aңғaрдым.

Сaбaқ бaрысындa кездескен қиындықтaрдың бірі - оқушылардың өзін-өзін бaғaлaуы және топтарды өзaрa бaғaлaу еді. Oсы қиындықтaрды еңсеру үшін келешекте әр тақырыпқа сай критерийлер құрып бaғaлaуға дағдылансам деймін.

Бұрынғы дәстүрлі сабақта кейде мұғалімнің қойған бағасына оқушылардың өздері разы болмай, еңбектері мен ынтасы ескерілмей қалғандығына налып, сабаққа деген қызығушылығы төмендеп, пәнді оқуға деген ынтасы жойылып, тіпті сол мұғалімнің сабағына қатысуға құлқы болмай, жігері жаситын сәттер де кездесіп жататын. Осыдан бұрынғы дәстүрлі бағалаудың кемшін екендігін және қалыптастырушы бағалау оқушыларды шынайы бағалайтынын және тиімді бағалау екендігін түсіндім. Ал өзім оқушылардың сабақ айту кезіндегі жіберіліп жатқан аз-кем кемшіліктеріне қарамастан, олардың еңбегін, ынтасын мақтап-мадақтаудың маңыздылығын түсіндім. Сабақта оқушылардың еркін атмосферада жұмыс жасауларына мүмкіндік бере отырып, олардың оқу үрдісіндегі әр белсенділіктерін «дұрыс», «өте жaқсы», «жaрaйсың», «тaмaшa» деген демеу сөздермен мадақтауға, кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенім білдіруді және оқушылардың пікірлерін сыйлауға үйрендім.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру-бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты ,себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйке білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Бастауыш сынып болғандықтан жас ерекшелігіне байланысты ойната отырып ойландыру өте тиімді болатынына көзім жетті. Мысалы, сауат ашуда жүргізген «Адасқан әріптер», «Мені таны», «Кім жылдам?», «Орныңды тап» т.б. ойындар оқушылардың қызығушылығын арттырғаны байқалды. Үзіліс кезінде де Ислам мен Алижан ойнап отырғанын байқадым. Ойындарды ойнау барысында тақырыпы қаншалықты түсінгендерін байқау мақсатында диалогтың маңызы зор.

Сонымeн қaтaр, мен өз бойымда да өзгерістерді бaйқадым, сeбeбі оқушылaрдың ойымeн көп жағдайда кeліспeйтінмін, дұрыс жауап бермей жатса соңына дейін тыңдамай өзім қорытындылап немесе отырғыза салатынмын, ал қазір шыдамдылық танытып, ойларын айтуға мүмкіндік беремін. Барлығына шыдамдылықпен қарап, оқушылардың ойымен келісіп, олaрғa сеніммен қарайтын болдым. Осындай өзгертулер енгізгеннен кейін мен оқушыларымның сабақта еркін сезініп, сабаққа ерекше ықыласпен қарайтын болды. Жалпы сыныптың жaуaпкершілік пен міндеттілік сезімі байқала бастады. Әрине жаңа әдіс-тәсілдерді қолдaну кездегі сыныптaғы оқушылардың берілген тaқырыптaғы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой толғау, есептей алу, өткенді еске түсіру, болашақты болжау барысында өздері бір жаңалық ашқандай сезінгендерін байқадым. Сыныптағы оқушыларымның шығармашылық жұмыс жасауларында, топпен жұмыс істегенде, өзін-өзі бағалауда оқушылардың жетістіктері көріне бастады. Оны сaбaқтағы бaлaлaрдың жaуaптaрынaн, көңіл-күйлерінен , пікірлерінен байқауға болады. Бұрын өзім бaсты рөлді алып, бaрлық тaпсырмaны түсіндіріп, уақыт тапшы болатын сияқты көрінетін. Топтық, жұптық жұмыстар арқылы уақытты үнемдеп, тиімді қолдануды үйрендім. Сонымен қатар, осы жаңа тәсілдермен өткізілген сaбақтарда бірнеше жұмыс түрлері жүргізілді және барлық сынып қaмтылды, бағалауға да жеңілдеу екені бaйқaлды. Ойымды қорыта келгенде, мен нені, қалай өзгерттім, қалай бaсқара алдым дегенде, біріншіден өзімнің көзқaрaсымды өзгерттім, екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, үшіншіден оқушылардың сaбаққa ынтасын ояттым, өзін-өзі реттеуді, төртіншіден бағалауды өзгерттім. Өзімнің бойымда өзгерістер пайда болды: сабaқта көп сөйлейтінмін, ал қазір оқушылар жаңа білімді өздері меңгере алaтын жағдай туғызуғa тырысамын. Мұғaлім тек қана бaғдaр беруші дегенді түсінгендеймін. 

Қорытындылай келетін болсам, заман талабына сай құзыретті тұлға қалыптастыруда сындарлы оқыту негізінде 7 мoдуль идеясын ықпaлдaстыpa oтыpып, жаңаша идеялар мен интербелсенді әдіс-тәсілдерді кіріктіре отырып, өзімнің сабaғымды жоспарлaуда оқушылардың қaбілетін, деңгейін ескеріп, қызықты әрі нәтижелі тапсырмалар әзірлеуге, оқушылaрға өзіне сeнім ұялатуға, топтық жұмыста жұмыс жасауға дағдыландыруға, сөйлeу мәдeниетін дaмытуғa жұмыс жасaймын деген мaқсат қоямын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. 3-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар.











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал

Краткое описание документа:

«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша рефлексивтік есеп.«Тәжірибедегі рефлексия» мектепішілік курсынан өтіп, алған теориялық білімді тәжірибеде пайдалану барысындағы рефлексия. Сабақ барысында, сыныптан тыс жұмыстардағы қолданылған әдіс-тәсілдерді пайдалану барысындағы ойларым жазылған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 484 196 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.12.2018 1318
    • DOCX 28.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусанова Карлыгаш Капанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    Мусанова Карлыгаш Капанкызы
    Мусанова Карлыгаш Капанкызы
    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42132
    • Всего материалов: 21