Инфоурок Физика Другие методич. материалыТәжірибелік эксперименттік жұмыстың есебі

Тәжірибелік эксперименттік жұмыстың есебі

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Оқыту үшін және оқуды бағалау модулі арқылы оқушылардың өмірлік тәжірибеде мәні бар есептерді шешу қабілеттерін дамыту»

тақырыбы бойынша зерттеу бағдарламасының

орындалуы туралы

 

 

 

 

 

 

 

Физика пәні мұғалімі:

Рахымжанова Асем Даулетхановна

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

1-кезең Іздену кезеңі. 2015-2016 оқу жылы

Қыркүйек айы: Оқыту үшін және оқуды бағалау модулі туралы білімімді кеңейтіп, оқып үйрену

Оқыту үшін және оқуды бағалау модулі туралы білімімді кеңейтіп, оқып үйрену мақсатында «Ынта» тобы құрамында коучинг сабақтарға қатыстым. Осы оқып-білгендерімді сабақ өткізу барыстарында қолданудамын.

Қазан айы: Оқушыларға сабақтарда алған білімдерін есеп шығаруда қолдануға үйрету.

Мен сабақ беретін 7 «а», «б», 8 «а», «б», 9 «а» сыныптарында бағдарлама бойынша қазан айынан бастап қана  есеп шығаруға  арналған тақырыптар беріледі. Ең бірінші есеп шығарудың төмендегі алгоритмі таныстырылады:

Физикалық  есеп шығарудың жалпы жоспары

1.     Есептің шартын анықтау

2.     Осы шарттарды әріптік белгілермен жазу

3.     Барлық шамалардың өлшем бірліктерін SI жүйесіне келтіру

4.     Есепке тиісті сызбаларды, суретті және сұлбаларды орындау

5.     Есептің шартына байланысты жүретін физикалық процестерді талдау және осы процестер бағынатын заңдарды анықтап, есеп шығарудың жоспарын құру

6.     Физикалық заңдарға сәйкес теңдеулер жүйесін құру және оларды ізделінетін шамаға байланысты шешу

7.     Есептің жалпы түрде алынған шешімін талдау

8.     Шамалардың өлшем бірліктері арқылы есептің шешімін тексеру

9.     Формуладағы шамалардың орнына олардың сан мәндерін қойып, есептеулер арқылы жауабын табу

10.          Алынған нәтиженің орындылығы мен сенімділігін бағалау. 

Қараша айы: Есептер шығаруда формулаларды қолдану бойынша жадынама жасау.

Физика пәнінен есеп шығару – оқу үрдісінен бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, оқушылардың физикалық құбылыстарды оқып –үйренуіне, ойлау қабілетін дамытуға, білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде маңызы зор.

Есептер шығару физикалық заңдарды оқып- үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді болуына, физика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде табаңдылыққа, өзіндік жұмыс істеу, өз бетімен білім алу дағдысына ие болуға көмектеседі. Есептер шығаруды мына жағдайларда қолданады:

а) проблемалық ситуация туғызуда;

ә) жаңа  мәлімет беруде;

б) практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда;

в) білімін(нақтылығын және тереңдігін) тексеруге;

г) бекітуге, материалды қайталауға;

д) техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін түіндіруде;

е) оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруде.

Желтоқсан айы: Оқушылардың есеп шығару дағдыларының қалыптасуы бойынша кескін жұмысы арқылы байқау, сараптама жасау

Физика есептерінің оқу үрдісін  ұйымдастыруда алатын орны ерекше. Оқушыларға есептерді шығартып үйретудің мынандай тәсілдерін беруге болады.

1.     Мұғалім есепті оқып, талдау жасап, әр түрлі сұрақтар беру арқьшы сыныпты есеп шығаруга жұмылдыра отырып, тақтаға есепті өзі жазып, берілгенін жазып көрсетеді. Мұндай тәсіл жаңа сабақты түсіндіріп болғаннаи кейін қолданылады. Мұғалім орташа қиындықтағы есепті таңдап алғаны дұрыс.

2.     Есепке талдау жасап талқылау мұғалімнің басшылығымен бүкіл сынып болып талқыланып, одан кейін бір оқушыны тақтаға Ішығарьп, қалғандары орындарында шығару. Мұнда тақтаға орташа оқитын оқушыны шығарғаны дұрыс. Себебі жақсы оқитын оқушы есепті тез шығарады да, қалғандары оғанг ілесе алмайды, ал нашары тіптен шығара алмайды.

3.     Мұғалім қандай есепті шығару керектігін айтады, оқушылар оны өзінше орындайды. Мұнда мұғалімнің әр есептің түріне қарай кететін қателерге кеңес беріп отырғаны жөн. Мұнда оқушыларға әр деңгейдегі есеп карочкаларын жасап, өздік жұмысты сол арқылы орындаса да болады.

Бұл үш тәсілден басқа есепті шығаруды сыныптан тыс уақытта физикаға қызығатын оқушылардың есеп шығару үйірмесін ұйымдастыру арқылы шығаруға болады.

Бағдарлама бойынша практикалық сабақтарда сапалық есептерді шығару кезінде оқушылардың есеп шығару қабілеті байқалады. Тоқсандық қорытынды бойынша сол оқушылар «4» және «5» бағалармен бағаланды.

Қаңтар айы: Өзін-өзі, бірін-бірі нақты бағалауды үйрету. Коучинг тобы.

Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды. Халықаралық бакалавриат мектептеріндегі бағалаудың басты функциясы білім алу ағымының ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау үрдісі болып табылады. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Жалпы бағалау екіге бөлінеді: Оқыту үшін бағалау (формативтік)-ОүБ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын қандай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі Оқуды бағалау (суммативті) -тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған,бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық (суммативті) мақсат арасындағы айырмашылық 1960 ж жылдардан бастап белгіленген,бірақ,берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүО) болып табылады.

Ақпан айы: Әріптестердің сабақтарына қатысу арқылы іс-тәжірибемді толықтыру.

Өз бірлестігім бойынша тәжірибелі ұстаздардың және жас мұғалімдер мен үш деңгейлі бағдарлама бойынша оқып келген мұғалімдердің сабақтарына қатысып іс-тәжірибе жинап, сонымен қатар үйренгендерімді сабақта қолдандым. 

Наурыз айы: Жеті модульді ықпалдастыру бойынша тиімді әдіс-тәсілдердің жинақтамасын жасау.

         XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық,тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев:  «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады», -деген болатын.  Ал қазақтың заңгер жазушысы Мұхтар Әуезов былай деген екен «Халық пен халықты теңеретін-білім» деп айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу - біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы жайлы айтатын болсақ, бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі анық.
         Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену. Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. 
Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады.  Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастайды.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, "миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік "Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.
         Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

1.                 Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп береді. Мұғалімдер, өз кезегінде,  өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
Диалог бойынша оқыту
Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді. Зерттеушілік әңгіме барысында бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, бірлескен түсінік қалыптасады
Өз идеясын ортаға салып, басқалардың пікірін тыңдайтын болады. Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын болады.
Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады.  Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-коонференция өткізгенде «көшбасшы» анықталады.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.  Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр. Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. 
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі. 
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. 
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Коучингта үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолдандым.. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты орын алған өзгерістерге тоқталғым келеді.

Сыныпқа ынтымақтастық Топқа бөлу
атмосфераны қалыптастыру кезеңі

Топ ережесін құру Посетрді қорғау


Оқушылар өзін - өзі бағалауда  Рефлекция
7-модулді сабағымда әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын, қызығушылықтарын ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды. 
Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.
Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады.. 
7 модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз


 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1 .Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3 деңгей 
2. Портал материалдары 
3.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 3-деңгей
4.К. Дайрабаев, А. Дайрабаева Педагогика негіздері 
5.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы 2013
6.Мирсеитова С.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.-1998 


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәжірибелік эксперименттік жұмыстың есебі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2016 1728
    • DOCX 78.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахымжанова Асем Даулетхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6222
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 541 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 132 человека

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека