Инфоурок Химия Другие методич. материалыТәжірибелік сабақты ұйымдастыруда «Химия және биология негіздері» пәні бойынша әдістемелік нұсқаулық

Тәжірибелік сабақты ұйымдастыруда «Химия және биология негіздері» пәні бойынша әдістемелік нұсқаулық

Скачать материал

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

КМҚК «БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік сабақты ұйымдастыруда

«Химия және биология негіздері» пәні бойынша

колледждің барлық мамандықтарының

оқытушылары мен оқушыларына арналған

әдістемелік нұсқаулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Тақырыбы

Бет

1

Кіріспе

3

2

Практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: Элементтердің қосылыстардағы массалық үлесіне қатысты және қосылыстағы элементтердің массалық үлесіне арқылы заттың молекулалық формулаларын құрастыру.

4

3

Практикалық жұмыс №2 Тақырыбы: Заттың ерітіндідегі концентрациясын табуына эксперименталдық есеп шығару

7

4

Практикалық жұмыс №3 Тақырыбы: «Металдар» тақырыбы бойынша  эксперименттік есептер шығару.

9

5

Практикалық жұмыс №4

Тақырыбы: «Бейметалдар» тақырыбына эксперименталдық есептер шығару.

11

6

Практикалық жұмыс №5

Тақырыбы: Көмірсутектердің изомерлерінің құрылымдық формуласын құрастыру.

12

7

Практикалық жұмыс №6

Тақырыбы:  Генетикадан есеп шығару.

14

8

Қолданылған әдебиеттер

15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жаңа өмір ағыны болашақ мамандарды даярлағанда, олардың ойлау қабілеттіліктерінің жоғары болуын, тиімді шешімдер қабылдауын, жобалау, өз іс-әрекеттерін дұрыс бағыттай білуін талап етеді.

Ойлау, жүйелеу қабілеттіліктерін дамыту тек қана сарамандық жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана іске асады. Есеп шығару мен ойлау қабілеттілігін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар төзімділікті, тиянақтылықты, өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастырады.

Бұл нұсқауда есептер шығарудың алгоритмі, өздік жұмыстарға арналған есептер және экспериментті есептер түрлері берілген.

Қосымша көмек ретінде көп тараған элементтердің атомдық массалары, кейбір заттардың молекулалық массалары берілген.

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс №1

 

Тақырыбы: Элементтердің қосылыстардағы массалық үлесіне қатысты және қосылыстағы элементтердің массалық үлесіне арқылы заттың молекулалық формулаларын құрастыру.

Мақсаты: Қосылыстар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу арқылы зат құрамының саналы және сандық мөлшерін анықтау жән қосылыстағы элементтердің массалық үлесіне сәйкес заттардың формулаларын табуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау: Элементтердің қосылыстардағы массалық үлесін табуға арналған есептер шығаруда элементтердің атомдық массасы берілген жүйені пайдалану қажет, және де есептің реттік шешілуінің алгоритімін пайдалану керек.

Тапсырмаға ұқсас есептерді шығару үшін атомдық массалары көрсетілген кестені пайдалану қажет. Есептің берілгенін дұрыстап оқып, алгоритм және есепті шығару үлгісін пайдаланып берілген есептерді шығарыңдар.

Алгоритм.№1

  1. Берілген (АВ) затының салыстырмалы молекулалық массасын табу қажет.
  2. Мына формуланы пайдаланып

Аr (A)

Mr (AB)

                               

                                                 ω =                · 100 %   

         

          (АВ) (А) затындағы  элементінің массалық үлесін табу.

 

  1. Жоғарыда берілген формуланы пайдаланып (АВ)затындағы (В) элементінің массалық үлесін табу.
  2. Элементтер массалық үлестерінің қосындысы арқылы есептің дұрыс шыққанын тексеру қажет. [ω(А) + ω(В) = 100% ω (АВ)]

 

Мысал: Көміртегі оксидінің  (IV) элементтер құрамын анықта.

 

Шешуі:

1) Көміртегі оксидінің (IV) салыстырмалы молекулалық массасын анықта

       Mr (CO2) = 12 + 16 · 2 = 44

2) Көміртегі оксидіндегі   (IV) көміртегінің массалық үлесін табу керек.

  Ar (C)

Mr (CO2)

  

     ω(С) =                         =   12/14 = 0,273  

 

     ω (С) = 0,273 · 100% = 27,3%

3) Көміртегі оксидіндегі (IV) оттегінің массалық үлесін табу керек

4) Есептің шығарылуының дұрыстығын тексереміз    ω%(С) + ω%(0) = =27,3% + 72,7% = 100%

                   2 Ar (О)                2*16                  32                                         

ω%(О) =                       =                                       =                          = 0,727

                    Mr (СО2)                44                    44

 

ω%(О) = 0,727*100%=72,7%                     

 Жауабы: ω%(С) =27,3%

ω%(О) =72,7%

 

Алгоритм.№2

Міндетті түрде білу қажет:

  1. Заттың молекулалық формуласын табу, яғни заттың молекуласының сапалық, сандық құрамын анықтау.
  2. Элементтің атом саны оның массасына пропорционалды және керісінше оның атом санына пропорционалды

    

  1. Заттың тығыздығы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын табамыз.
  2. Мынадай реттілікпен жазамыз.

 

Хим.белгі

      Э

Э  массалық үлесі

Э атомдық массасы

Қатынас құру

υэ

Қарапайым формуласы

        Э1

ω%  (Э1)

   Аr1)

 ω% (Э1)

 Аr 1)

                                  υ(Э1)=

υ(э1)

Э1

        Э2

ω% (Э2)

   Аr2)

 ω% (Э2)

  Аr (Э2)

                                  υ(Э2)=

υ(э2)

Э2

 

  1. Егер қажет болса алынған шаманы ең кіші шамаға бөлеміз, одан соң формуланы табамыз.
  2. Қарапайым формулаға сәйкес белгісіз заттың массасын есептейміз, тығыздық бойынша массаны қарапайым формула бойыншамассаға бөлу арқылы малекула құрамындағы элементтің атом санын анықтаймыз.

 

массу () молекуле, деля массу ства по электрической формуле и определяемчисло аомов м

    Үлгі:

     Есеп  №1. 

80% көміртегінен, 20% сутегінен тұратын заттың қарапайым формуласын табыңдар.

Салыстырмалы тығыздығы сутегі бойынша 15 тең.

 

Шешуі:

1) СхНу  затының сутегі (Н2) бойынша тығыздығын пайдаланып, молекулалық массасын табамыз.

Mr (Cx Hy) = Д зат· М(Н2)=15·2 =30

 

2) Кесте құрамыз:

 

Хим.белгі Э

ω%  (Э)

Аr (Э)

υ(э)

Қатынас құру

Қарапайым формуласы

         С

    80%

    12

          6,6              

       1

С1

         Н

    20%

     1

          20

       3

Н3

3) СН3 молекулалық массасы

Мr  (CH3)= 12+1 · 3= 15.

  Mr (Cx Hy)

 Mr (C H3)

 

4) Қатынас:                                    = 30/15 = 2

 

5) СН3 · 2 = С2Н6.

6) Массасын тексереміз

     Мr(C2H6) = 12*2+1 · 6=30

Жауабы: этан С2Н6.

 

Есеп №1

Газдың сутек бойынша тығыздығы 13 тең. Егер газ құрамындағы көміртегінің массалық үлесі – 92,3%, сутегінікі – 7,7 % тең болса, оның салыстырмалы молекулалық массасын, формуласын табу керек.

 

        Есеп  №2.

Құрамы 82,8% көміртегі, 17,2% сутегі болатын көмірсутегінің  молекулалық формуласын табу керек. Заттың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2 тең. 

 

Есеп  №3.

Берілген зат құрамы:  С – 76,6%, Н – 6,4 %, О – 17%. Осы қосылыстың молекулалық формуласын тауып, қай класқа жататынын анықта.

 

Есеп №4.

Құрамы көміртегінен (массалық үлесі 85,7%) және сутегінен (массалық үлесі 14,3%) тұратын заттың молекулалық формуласын табу. Буының тығыздығы сутегі бойынша 21 тең.

 

Есеп №5 .

Құрамы көміртегінен (массалық үлесі 83,72%) және сутегінен (массалық үлесі 16,28%) тұратын заттың молекулалық формуласын табу. Заттың молекулалық массасы 86 тең.

 

Есеп №6.

49,55% марганецтен және 50,45% оттегінен тұратын қосылыстың молекулалық формуласын тауып, марганецтің валенттілігін анықтаңдар.

 

                          Өз бетімен шығаруға арналған есептер.

Есеп №1.

Темір гидроксиді (III) құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеп шығару.

 

Есеп №2.

H2SO4  күкірт қышқылы құрамындағы элементтердің массалық үлесін анықтау.

 

Есеп №3.

Бор оксиді В2О3 құрамындағы бордың массалық үлесін анықтау.

 

Есеп №4.

Мышьяк оксиді Аs2O5 құрамындағы оттегінің массалық үлесін анықтау.

 

Есеп №5.

Қант құрамындағы С12Н22О11 элементтердің массалық үлесін анықтау.

 

Есеп №6.

Алюминий сульфаты Аl2(SO4)3 құрамындағы элементтердің массалық үлесін анықтау.

 

Есеп №7.

Калий оксиді құрамындағы калийдің массалық үлесін анықтау.

 

Есеп №8. 

Кремний хлориді (IV) құрамындағы элементтердің массалық үлесін анықтау.

 

Есеп №9.

  Глицерин С3Н8О3 құрамындағы элементтердің массалық үлесін анықтау.

 

Есеп №10.

  Күміс сульфиді Ag2S құрамындағы күмістің массалық үлесін анықтау.

 

Есеп №11.

Құрамында  63,2% марганец, 36,8% оттегі бар қосындының молекулалық формуласын және валенттілігін анықтаңдар.

Есеп №12

Заттың молекулалық массасы 237. Пайыздық құрамы:  10,10% С және 89,90% Cl. Осы заттың молекулалық формуласын табыңдар.

 

       Есеп №13

Құрамы  92,3% көміртегінен, 7,70 % сутегінен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар. Осы қосылыстың буының тығыздығы сутегі бойынша 39 тең. 

 

       Есеп №14

Құрамы 52,32% көміртегінен, 12,68% сутегінен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар. Осы қосылыстың буының тығыздығы сутегі бойынша 23 тең.

 

       Есеп №15

 Преципитат немесе кальций тұзының дигидраты болып есептелетін заттың молекулалық формуласын табыңдар.

Құрамы: Са – 29,46 %, Н – 0, 74%, Р – 22,76%, О – 47,04%.

 

 

 

 

Практикалық жұмыс №2

 

Тақырыбы: Заттың ерітіндідегі концентрациясын табуына эксперименталдық есеп шығару

 

Мақсаты: Ерітінді концентрациясын анықтау тәсілдері жөнінде алған білімді бекіту, ерітінділердің пайыздық, молярлық, мольдік концентрациясын есептеп табу, ерітінді жөніндегі білімді жүйелеу. Әр түрлі концентрациялы ерітінділер даярлауды үйрету.

 

Әдістемелік нұсқау: Осы тақырыпқа сәйкес есептер шығару үшін ерітінділер, олардың қасиеттері және ерітінді концентрациясын анықтау жолдары туралы білімді талап етеді.

                    Ерітіндінің пайыздық концентрациясы 100г ерітіндідегі еріген заттың грамм санымен анықталынады. Молярлы концентрация ерітіндіде еріген заттың грамм-молекула санымен өлшенеді. Моляльды ұғым М әрпімен белгіленеді. Ерітіндінің қалыпты концентрациясы 1л ерітіндідегі заттың грам-эквивалент санымен анықталынады. Ерітіндінің қалыпты жағдайы (қ.ж.) белгіленеді.

 

               I. Еріген заттың массалық үлесін анықтау.

Есеп №1.1.          Үлгісі

40г суда 10г натрий гидроксиді еріген. Осы ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесін есептеу.

Шешуі.

1) Натрий гидроксиді ерітіндісінің массасын табамыз:

              40г(Н2О) + 10г(NaOH) = 50г ерітінді

2) Ерітіндідегі натрий гидроксидінің масалық үлесін табамыз:

m(NaOH)

m(ерітінді)

                   

                ω(NaOH) =                         · 100%

                     

                ω(NaOH) = 10/50 · 100 = 20%           Жауабы: ω(NaOH) = 20%

 

Есеп №1.2.

тұз 80г суда еріген. Тұздың пайыздық концентрациясын анықтау.

 

Есеп №1.3.

Массасы 176г суда 24г натрий гидроксиді еріген. Осы алынған ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі қандай?

 

Есеп №1.4.

Көлемі 285мл суда 15г натрий карбонатын еріткен. Осы ерітіндідегі натрий карбонатының массалық үлесін анықта.

 

Есеп №1.5.

Көлемі 222мл суда 78г қантты еріткен. Осы ерітіндідегі қанттың массалық үлесі нешеге тең?

 

Есеп №1.6.

25г ерітіндіні қыздырып буландырғанда 0,25г тұз алынған. Еріген заттың массалық үлесін анықтап, пайыздың мөлшерін тап.

 

              ІI. Еріген зат пен ерітінді массасы белгілі жағдайда еріткіш пен   еріген зат массаларын анықтауға есептер шығару.

 

Есеп №2.1.          Үлгісі.

50г 5% натрий карбонаты ерітіндісін даярлау үшін қанша масса сода мен су қажет?

1) 50г 5% ерітіндідегі натрий карбонатының массасын табамыз.

                    ω(Na2СО3) = 5%

m( Na2СО3)

m(ерітінді)

                   

                            ω(Na2СО3) =                         · 100%  = 5%

                    

             осыдан:   m(Na2СО3) = 0,05 · m(ерітінді) = 0,05 · 50г = 2,5г       

2) 50г 5% ерітіндідегі судың массасын табамыз:

                              50г – 2,5г = 47,5г

      Жауабы: 50г 5% натрий карбонатының ерітіндісін даярлау үшін 2,5г Na2СО3  және 47,5г су қажет.

 

Есеп №2.2.

380г 5 % ерітінді даярлау үшін калий сульфидінің қанша массасы қажет?

 

Есеп №.2.3.

 350 г 6 % ерітінді даярлау үшін неше грамм күміс нитраты мен су қажет?

 

Есеп №2.4.

300 г 12% ерітінді даярлау үшін қант пен судың қанша мөлшері қажет?

 

Есеп  № 2.5.

350 г 4 % ерітінді құрамындағы алюминий хлоридінің массасы нешеге тең?

 

Есеп  №2.6.

270 г 10% мыс хлориді (ІІ) ерітіндісінен мыс гидроксидін тұнбаға түсіру үшін қандай массада натрий гидроксиді қажет етіледі?

 

 

         ІІІ. Белгілі заттың массасын анықтауға есептер шығару.

Есеп №3.1.          Үлгісі.

2,5 моль күкірт қышқылының массасын есептеп табу.

Шешуі.

         1) Күкірт қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын анықтаймыз.

Мr= (H2SO4) = 2 · 1+32+16 · 4 = 98г/моль

         2) 2,5 моль күкірт қышқылының массасын есептейміз.

m= M·n  m(H2SO4)= 98г/моль·2,5моль = 245г

Жауабы: 2,5 моль күкірт қышқылының массасы 245г тең.

 

Есеп №3.2.

3,5 моль натрий гидроксидінің массасы нешеге тең?

 

       Есеп №.3.3.

1,5 моль темір хлоридінің (ІІІ) массасы нешеге тең?

 

Есеп №3.4.

3 моль күкірт қышқылының массасы нешеге тең?

 

Есеп № 3.5.

2,5 моль азот қышқылының массасын анықта.

 

Есеп №3.6.

814г қосындыны түзетін кальций гидроксидінің мольдік мөлшерін анықтаңдар.

 

Есеп № 3.7.

4 моль фосфор қышқылының массасы қанша?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс №3

 

Тақырыбы: «Металдар» тақырыбы бойынша  эксперименттік есептер шығару.

 

Мақсаты: Оқушыларда реакция теңдеулерін құруда, сандық және эксперименттік есептеп шығаруда білімділік пен дағдыны қалыптастыру. Металдар, олардың қосылыстары жөнінде білімдерін тереңдету.

Әдістемелік нұсқау: Бұл тақырыбқа арналған сандық және эксперименттік есептерді шығаруда үшін сендерге «Металдар және олардың қосылыстары» тарауы бойынша белгілі бір дәрежеде білім деңгейі қажет. Д.И.Менделеев ұсынған периодтық жүйені дұрыс пайдалану, сандық есептеулер жүргізу қажет. Сендерге ұсынғалы отырған есептер жүйесінде сандық формулаларды пайдалану, ерітінділер концентрациясына, қоспаларға арналған талаптарды ескеру қажет. Сондықтан да берілген есептердің мазмұнын дұрыстап оқып, түсіну, есепті шығарудың реттілігін анықтау қажет.

                       Түсінбеген жағдайда пән оқытушысынан түсініктеме алыңдар. Бұл есептерді шығаруда арнайы алгоритмді ұсынбаймыз, себебі есептер мазмұны, шығарылу тәсілдері әр түрлі.

 

Есеп №1.         

Сендерге ұсынылып отырған тұздың-натрий карбонаты екендігін дәлелдеңдер.

 

Есеп №2

Темірді негізге ала отырып, темір гидроксидіні (ІІІ) алудың әр түрлі жолдарын көрсетіңдер.

 

Есеп №3.

Сандық есептеулерге жүгіне отырып, темір сульфатының (ІІІ) сапалық құрамын анықтаңдар.

 

Есеп №4.

Сендерге берілген судың құрамында кальций сульфатының барлығын химиялық реакциялар көмегімен дәлелдеңдер.

 

Есеп №5.

Төменде берілген химиялық реакция теңдеулерін металдардың электрохимиялық кернеу қатарын пайдаланып аяқтаңдар:

1) Fe + NaCl →

2) Ca + ZnCl2

3) K + Ag NO3

4) Hg + AlCl3

5) Cu + HCl→

6) Cu + Mg (NO3)2

7) Ca + H2O→

Теңдеулердің толық орындалуын түсіндіріңдер.

 

Есеп №6.

Мыс хлориді ерітіндісіне массасы 5,6г темір пластинасын салған. Темір толықтай еріп кеткен. Бөлінген мыстың массасы қанша?

 

Есеп №7 .

Металдан жасалған бұйымдарды «күмістеу» қажет. Бұны қалай жасауға болады? Осы әрекеттің сызба нұсқасын сызыңдар.

 

Есеп №8.

Калий мен оттегінің қосындысындағы металдың массалық үлесі 44,8%. Осы қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар.

 

Есеп №9.

20% қоспасы бар 200кг әктастан қанша  грамм сөндірілмеген әктас алуға болады, егер де заттың шығымы теориялық шығымның 85% құраса.

 

Есеп №10.

  Магний мен кальцидің табиғаттағы айналымы сызба нұсқасын құраңдар.

 

Есеп  № 11.

Қыздырылған Fe2O3 арқылы сутегін жіберген кезде темір алынады. Егерде 2,24л сутегі жұмсалған болса, шыққан темірдің масасын есептеңдер. Заттың шығымы теориялық шығымның 95% құрады.

 

Есеп №12.

320г 5 % ерітінді даярлау үшін жұмсалған барий хлоридінің массасын анықтаңдар.

 

Есеп №13.         

Таза күйіндегі гематит минералы 70% темірден және 30% оттегіден тұрады.     Осы гематиттің формуласын құрастырыңдар.

 

Есеп  №14.

Қоспаның массалық үлесі 20%дық 540г алюминий алу үшін қанша грамм  техникалық алюминий оксиді қажет?

 

       Есеп  №15.

Титан фторлы сутек қышқылында ери отырып H2TiF6 қосындысын және сутегін түзеді. Массасы 50г техникалық титан ерігенде бөлінген сутегі (қалыпты жағдайда) көлемін есептеңдер. Техникалық металл құрамындағы титанның массалық үлесі 98,4 %.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Практикалық жұмыс №4

 

Тақырыбы: «Бейметалдар» тақырыбына эксперименталдық есептер шығару.

Мақсаты: Бейметалдарды ескере отырып оқушыларда химиялық теңдеулерге есептеулер жүргізу кезіндегі білімділік пен дағдыны қалыптастыру. Бейметалдар және оның қосылыстары жайында алынған білімдерін жүйелеу, тереңдету.

Әдістемелік нұсқаулар: «Бейметалдар» тарауына арналған сандық және эксперименталдық есептер шығаруда сендерге бейметалдар және олардың қосылыстары жөнінде теориялық білімдер жинағы, периодтық жүйені пайдалану тәсілі, салыстырмалы теріс электрлік мағұлматы, өткен тауарлардан алынған есептеулерге қажетті дағды мен білгерлік қажет.  Берілген есептер мазмұнын толық түсініп оқу қажет, есептеу жолдарын, реттілігін анықтаңдар. Қажет болса пән оқытушысынан түсініктеме алыңдар. Есептеу алгоритімін ұсынбаймыз, себебі есептер мазмұны, шығарылу тәсілдері әр түрлі.

 

Есеп №1. 

86% көміртегі мен 14% сутегінен тұратын 1кг бензиннің толық жануына теория жүзіндегі қажетті құрғақ ауаның массасын есептеңдер. Ауаның құрамындағы оттегінің мөлшері массасы бойынша 23% тең.

 

Есеп №2

Көлемі 20л, массалық үлесі 8% NaHCO3 өртсөндіргішік толтырылған натрий гиброкарбанаты (тығыздығы 1,05 г/см3 ) қалыпты жағдайда қанша литр көмірқышқыл газын береді?

 

Есеп №3.

5л (қ.ж.) көмірқышқыл газын алу үшін құрамында 95% CaCO3 бар мрамор мен неше милилитр 25 % тұз қышқылы қажет?

 

Есеп №4.

1кг кремний алу үшін құрамында 10% қоспасы бар неше килограмм кварц құмы қажет? Реакция шығымы 80%.

 

Есеп №5.

Сутегі, хлор және азотты ескере отырып аммоний хлоридін алудың реакция теңдеулерін жазыңдар.

 

Есеп №6 .

Алюминий катионына тән сапалы реакцияны анықтаңдар. Мысал келтіріңдер. Реакция теңдеуінің молекулалық, иондық түрдегі теңдеуін жазыңдар.

     

 

Есеп №7.

Натрий нитраты, аммоний нитраты, аммоний хлориді, аммоний сульфиді ерітінділерінің реакция ортасы қандай? Гидролиз реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Молекулалық, иондық түрдегі теңдеулерін құрыңдар. Осы тұздардың ерітінділерінде лакмус, фенолфталеин, метилоранж индикаторлары қандай түске боялады?

 

Есеп  №8.

Фосфордың бір оксидінің буының салыстырмалы тығыздығы ауа бойынша 7,6. Фосфордың фосфор оксидіндегі массалық үлесі 0,564. Оксидтің формуласын табыңдар.

 

Есеп  №9.

Құрамында 45% күкірт бар колчеданынан бар 320т күкірт колчеданынан 405т күкірт қышқылы алынған (100% есептегенде). Шыққан қышқыл шығымын (в %) есептеңдер.

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс №5

 

Тақырыбы: Көмірсутектердің изомерлерінің құрылымдық формуласын құрастыру.

Мақсаты: Көмірсутектер изомерлерінің құрылымдық формулаларын құруда білімділік пен дағдыны қалыптастыру. Көмірсутектер және оның изомерлері туралы білімді жүйелеу, бекіту. Изомер, оның түрлері туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Изомерлердің құрылымдық формулаларын құру көмірсутектердің айырықша   құрылысы  туралы білімді қажет етеді, сондықтан да құрылымдық формулалар құру кезінде байланыс түрлері, реакция типтері, көмірсутектердің гомологтық қатарлары қажет. Бұл жинақта көмірсутектердің барлық түрлеріне арналған тапсырмалар енгізілген.  Қаныққан көмірсутектер изомері радиалдың орналасуына байланысты болса, қанықпаған көмірсутектерде жоғарғы аталған изомер түрінен басқа, қос және үш байланысқа сәйкес құрылған, кеңістік (транс-изомер, цис-изомер) изомерлер түрлері бар. Сондықтан да құрылымдық формулалар құрар алдында берілген тапсырманы дұрыстап оқып, түсініп барып қана орындауға кірісіңдер.

 

Тапсырма №1. 

Берілген алкандарды жүйелеу номенклатурасына сәйкес атаңдар:

      а) СН3 – СН – СН2 – СН3                      б) СН3 – СН – СН2 – СН – СН3

                        |                                                        |                   |    

                     СН2 – СН3                                       СН3              СН3

      в) СН3 – СН2 – СН – СН – СН2 – СН3

                                  |         |

                                СН3   С2Н5

                    СН

                      |

      г) СН3 – С – СН2 – СН2 – СН3

                      |

                    СН3                                 СН3  

                                                               |

      д) СН3 – СН – СН2 – СН – СН2 – С – СН2 – СН2 – СН3

                        |                    |                  |

                     СН3               СН            С2Н5

                                           /   \

                                      СН3  СН3

 

Тапсырма №2

Берілген қосылыстардың аттары бойынша құрылымдық формулаларын жазыңдар:

       а) 3,3 – диэтилгептан;                          б) 2 – метилгексан;

       в) 2-метил – 4-изопропилнонан;         г) 1,4 – диметилциклогексан

 

 

Тапсырма №3.

Берілген формулаларда қанша алкандар кескінделген, соны атаңдар:

      а) СН3 – СН – СН – СН2 – СН3             б) СН3                       СН3

                        |         |                                                    СН – СН

                      СН3  СН3                                                           СН3                        СН3

      в) СН3 – СН2 – СН – СН3                       г) СН3

                                  |                                                   СН – СН – СН2

                                СН                                     СН3                |         |

                                 /  \                                                           СН3   СН3

                             СН3 СН3

 

Тапсырма №4.

Берілген алкендердің құрылымдық формулаларын жазыңдар: а) 3-метилпентен-2; б) 4,4-диметил-3-этилгексен-1;    в) 4-изопротилгептен-2.

 

Тапсырма №5.

Берілген қосылыстарды жүйелеу номенклатурасына сәйкес атаңдар:

   а) СН2 = СН – СН – СН3                б) СН3 – СН = СН – СН2 – СН – СН2 – СН3

                       |                                                                             |

                    СН3                                                                       СН2 – СН3

  

   в) СН3 – СН – СН = СН – СН – СН3

                     |                            |   

                  СН3                       СН3

 

                                           СН3

                                              |

   г) СН2 = С – СН – СН2 – С – СН3

                              |        |                 |

                СН3    С2Н5          СН3

 

Тапсырма №6 .

Төменде берілген формулалар қанша заттарды өрнектейді:

    а) СН3 – С = С – СН3                                б) СН2 = СН – СН – СН – СН2 – СН3

                    |      |                                                                        |         |

                СН3  СН                                                                СН3    С2Н5

 

                 СН3                       СН2 – СН3

    в)                     СН – СН

       СН2 = СН                        СН2 – СН3

 

                     СН3    

                        |                                  

    г) СН – СН – СН   –   СН2                                 д) СН3 – С – СН3

          | |                 |             |                                            | |

        СН2              СН2 – СН3    СН3                     СН3 – С – СН3

 

Тапсырма  №7.

Төменде берілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңдар: а) 3,3 – диметилбутин – 1; 2) 2,5 – диметилгексин – 3; в) 4 метил – 5 – этилоктин – 2.

 

Тапсырма №8.

Төменде берілген алкиндерге жүйелеу номенклатурасына сай атаулар беріңдер:

                                                                                                                СН3

 а) СН3 – С ≡ С – СН2 – СН3;               б) СН ≡ С – СН – СН – СН

                                                                                      |         |                СН3

                                                                                   СН3    СН3

                                                                         СН3

      СН3                                  СН3                                   |

 в)           СН – С ≡ С – СН                г) СН3 – С – С ≡ С – СН – СН2 – СН2 – СН3

      СН3                                  СН3                      |                     |

                                                                          СН3     СН3 – С – СН3

                                                                                                  |

                                                                                                СН3

 

Тапсырма №9.

Төменде берілген органиклық қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңдар:

а)    1,4;  пентадиен              б) 2,3 – диметилгексадиен – 2,4; в) 3 – изопропилгексидиен– 1,3; г) 2,2,7,7 – тетраметилоктадиен – 3,5.

 

       Тапсырма №10.

Н – гептанның дегидрленуі нәтижесінде қандай ароматты көмірсутек алынған?  Алынған көмірсутектің құрылымдық формуласын жазыңдар?

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. В.Е.Липатников, В.А.Скоробогатова  «Бейорганикалық және органикалық химиядан зертханалық жұмыстар     жинағы»  М «Высшая школа»
  2. Н.Н.Нурахметов, К.Б.Бекишев  «Химия»  «Мектеп» баспасы, 2006г
  3.  И.Г.Хомченко«Химиядан есептер мен жаттығулар жинағы»  М. «Высшая школа» 1989г
  4. Ф.Н.Калуцкий

Химиядан жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған құрал. М. «Высшая школа» 1982г

  1. Я.Л.Гольдфарб, Ю.В.Ходаков «Химиядан есептер мен жаттығулар жинағы» Издательство  «Просвещение»  1987г    
  2. Национальный центр Госстандартов образования и тестирования

    Тестовые задания по химии   Алматы 2000г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәжірибелік сабақты ұйымдастыруда «Химия және биология негіздері» пәні бойынша әдістемелік нұсқаулық"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жаңа өмір ағыны болашақ мамандарды даярлағанда, олардың ойлау қабілеттіліктерінің жоғары болуын, тиімді шешімдер қабылдауын, жобалау, өз іс-әрекеттерін дұрыс бағыттай білуін талап етеді.

Ойлау, жүйелеу қабілеттіліктерін дамыту тек қана сарамандық жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана іске асады. Есеп шығару мен ойлау қабілеттілігін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар төзімділікті, тиянақтылықты, өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастырады.

Бұл нұсқауда есептер шығарудың алгоритмі, өздік

жұмыстарға арналған есептер және экспериментті

есептер түрлері берілген.

 

Қосымша көмек ретінде көп тараған элементтердің

атомдық массалары, кейбір заттардың молекулалық

массалары берілген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 855 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2015 3825
    • DOCX 145.5 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гайсина Балжан Сайлауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гайсина Балжан Сайлауовна
    Гайсина Балжан Сайлауовна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22218
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 656 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 350 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 258 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 24 регионов

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе