Инфоурок / История / Научные работы / ТӨЗІМДІЛІКТІ ТУ ЕМақалада, тұлғаның тиімді өзара қатынасының негізі болып табылатын төзімділік сөзінің мән- жан-жақты ашылған

ТӨЗІМДІЛІКТІ ТУ ЕМақалада, тұлғаның тиімді өзара қатынасының негізі болып табылатын төзімділік сөзінің мән- жан-жақты ашылған

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

ТӨЗІМДІЛІКТІ ТУ ЕТКЕН


КАРАШИНОВ БАТЫРХАН СЕРИКБАЕВИЧ


10 жалпы білім беретін орта мектеп

Қостанай облысы, Арқалық қаласы


Аннотация


Мақалада, тұлғаның тиімді өзара қатынасының негізі болып табылатын төзімділік сөзінің мән-мағынасын жан-жақты ашылып, оның білім беру жүйелері мен кәсіби қызмет шеңберінде қалыптасатыны айқындалған


Аннотация


В статье рассматривается вопросы толерантности, который выражает способность установить и сохранить общность с людьми, а также в организации учебного процесса и профессиональной деятельности


Annotation


The article considers the issues of tolerance, which expresses the capacity to establish and maintain commonality with people, and also in the organization of educational process and professional activities


Біз - көпұлтты қоғамбыз. Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Қазақстан - біздің қасиетті мекеніміз. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосуда. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату - тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру - барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Біз көппіз және бәріміз - бір елміз, бір халықпыз.

Еліміздің әр жылғы жеткен табыстары мен жетістіктерінде Елбасымыздың ерен еңбегі байқалады. Елбасы өз сөзінде: «Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін? Мен 2050 жылғы қазақстандықтар - үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар - әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар - өз елінің патриоттары» деп айтқан. Болашақтың иесі бүгінгі жас ұрпақ болашақты қалай елестетеді екен? Тәуелсіз Қазақстанның өсуі мен көркеюіне, бүкіл әлемге танылуына бар күш жігерін аямай, ел тыныштығын сақтай отырып, дұрыс бағыт бағдар көрсетіп келген Елбасымыздың еңбегі ерен. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры боларына сенемін» деп атап өтті. Толеранттылық мәселесін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында ерекше атап өтті. «Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруымыз»,-деді. Осы бағытта Қазақстан халықтарының ассамблеясыда біршама игі істер атқарып жатыр. Бұл істердің негізінде елбасымыздың ұлтаралық мәселелер жөніндегі ішкі және сыртқы саяси бағдарламалары негіз болып отыр. Біз - бәріміз тең құқықты, тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі студенттің білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір оқу орынның ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.

Жастар келешекке кемел біліммен. Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы маңызды топ болып табылады. Ресми мәліметтерге қарасақ, республика халқының 28 пайызына жуығын жастар құрайды. Олардың саны 4,5 миллионнан асқан. Қазақстан халқының үштен бірін құрап отырған жастардың қазіргі білімі, кәсіптік, рухани және мәдени дайындығы мемлекеттің келешегін айқындайды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады. ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақтың ұлттық демократиялық бағыттағы саяси-ағартушы қайраткерлері жастар мәселесіне барынша назар аударып, көңіл бөлген. Жастардың біліміне, кәсіби дағдыларды игеруіне, тәрбиеге, әлеуметтік бейімделуіне, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы рөліне, бос уақытын тиімді өткізу мәселелеріне арналған жұмыстардың орны ерекше. Қазақстанның тәуелсіздік дамуы кезінде, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістері белең алған кезеңінде республикамыздың жігіттері мен бойжеткендері қоғамның, дамыған елдер қатарына қосылуда, дамудың қарқынды болуына елеулі үлес қоса алады, әрі елдің жаңа сапалы көрінісіне бет бұруына көмектесуі тиіс. Ол іс-шаралар, біріншіден, мемлекеттік жастар саясатының қажеттілігімен, екіншіден, тиімді жастар саясатын құру тұжырымдамасын жасау, үшіншіден, жастардың саясатқа деген көзқарастары мен белсенділігін арттыру арқылы қоғамдық маңызды мәселелерді шешу, қоғам болашағын анықтайтын жастарды саяси ынталдыру, төртіншіден, елдегі жастардың қоғамдық - саяси құндылықтарға бейімделу деңгейін көтеру аса маңызды болып отыр. Қазіргі кезеңдегі ел дамуындағы ең өзекті мәселе - мемлекеттің жастарға деген жаңаша қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын колледж қабырғасында, тарих және саясаттану пәндерінде талқылау, насихаттау және жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар жасалды. Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру, талқылау бойынша студенттермен кеңейтілген отырыс өткізілді, негізгі өзектілігін түсіндіріп, насихаттайтын іс-шаралар өткізудеміз. Оқушылардың бойында азаматтық патриотизм және толеранттық сана құндылығын дамыту мақсатында «Жаңа қазақстандық патриотизм – көпұлтты және көпконфессиялы қоғам жетістігінің негізі» тақырыбында топ сағаты өткізілді, «Қазақстан-2050 – жаңа міндеттер» тақырыбында оқушылар арасында дөңгелек үстел болды.

Соңғы сессияны Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп атады. «Неге біз бұлай айта аламыз? Өйткені «Бір халық»- бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел»- бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр»- бұл біз бірге жүріп өткен  қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!»,- деп түсіндірді Елбасы сессияның тақырыбын кеңейте айта отырып. Иә, бір елде өмір сүріп отырған барлық халықтың тағдыры осы елдің тағдырымен біте қайнасып жатыр, осы уақыт аралығында Елбасы ұлтаралық алауыздыққа жол бермей, көптеген қиындықты жұмыла көтеруге шақырды. Елде қанша қиындық болса да, біз — бір ел болып жұмыла көтердік. Біз барлығымыз бір елміз, бір-бірімізден ешқайда кете алмаймыз, кетпейміз де. Қазір біздің елімізді де, Елбасымызды да әлем елдері мықты мемлекет, мықты саясаткер ретінде мойындап отыр. Мемлекет басшысы барлық сөзінде ынтымақты, бірлікті әрқашан сақтау керектігін, біздің жеткен жетістіктеріміздің негізінде еліміздегі халықтардың татулығы жатқанын айтып отырады. Жиырмасыншы сессия барысында сөйлеген сөзінде де бастан-аяқ бірлік, татулық туралы айтты. Елбасы қазақ ұлтының орны бөлек екенін баса көрсетті. Қазақ халқы- барлық халықтарды өз айналасына жинап, береке-бірлікте ұстап отырған ұйытқы, темірқазық. Елбасының: «Біз бүкіл күш-жігерімізбен қазақтардың ішкі бірлігін нығайтуымыз қажет!»,- деген сөзінде үлкен мән жатыр. Себебі, қазақ халқынсыз біздің елде ешқандай бірлік те, татулық та болмайды, болуы да мүмкін емес. Әрине, бұл тұрғыда мемлекеттік тілдің де орны бөлек. Басқа халықтардың тілдерінің барлығы мемлекеттік тілдің айналасында ұйысып отыр. Елбасы өз сөзінде елімізде тәуелсіздік жылдарында бірде-бір этнос өз тілін жоғалтпағанын сөз етті. «Біздің ортақ отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекен еткен барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр»,- деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отыр.

Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.

Толерантный” (“толеранттылы”), “толерантность” (“толеранттылық”) сөзі латын тілінен француз тіліне, кейін еуропа тілдеріне енген. Оны “төзімділік” деп аударып жүрміз. Шындығында, оның мәні қазақ тілінде терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деп жалғастыра беруге болар. Толеранттылық рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма жат болса да, қабылдаймын дегенді білдіреді. ХVІІІ ғасырдағы француз жазушысы және философ Вольтер: “сіздің пікіріңіз маған жат, бірақ сізге оны жақтау үшін мен өмірімді құрбан етуге дайынмын”, деген. Ол – толеранттылықтың басты қағидаты. Бұл адамдар арасында өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. Сондықтан, толеранттылық екі жақты сана: мемлекеттер, діндер, этностар, жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай білуі.

Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі – Қазақстан Республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейге танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.

Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастырыу қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әркелкілене түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалдануының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен аралас некенің санының артуының нәтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске әкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр.

Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей сара жолға шығарды. «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру полиэтникалық мәдениетті тәрбиелеу негіздері ретінде. «Мәңгілік ел» – бұл біздің республикамызда тұратын барлық этностар мәдениетінің тең әрі өзара дамуының ізгі идеясы. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы-ел бірлігін сақтаудың кепілі. Мәңгілік ел – ортақ үйіміздің ұлттық идеясы.

Толеранттылық мәселесін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында ерекше атап өтті. «Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруымыз»,-деді. Осы бағытта Қазақстан халықтарының ассамблеясыда біршама игі істер атқарып жатыр. Бұл істердің негізінде елбасымыздың ұлтаралық мәселелер жөніндегі ішкі және сыртқы саяси бағдарламалары негіз болып отыр. Біз - бәріміз тең құқықты, тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біз - көпұлтты қоғамбыз. Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Қазақстан - біздің қасиетті мекеніміз. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосуда. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату - тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру - барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Біз көппіз және бәріміз - бір елміз, бір халықпыз.

Бүгінде қазақстандықтар «қой үстіңе бозторғай жұмыртқалаған заманда» өмір сүруде. Бардың бағасына жетіп, жоққа салауат еткен халықпыз, тұрақтылығымыз да, төзімділігіміз де, тәуелсіздігіміз де мәңгі болғай!










































Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына әр жылдардағы жолдаулары.

2. «Қазақстан-2050» стратегиясы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

3. А.Айталы. Толеранттылық - өзара сыйластық. Астана. 2008 жыл.

4. «Егемен Қазақстан» газеті, 22 желтоқсан, 2012 ж..


Аннотация


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-491436
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>