Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Доп. образование Рабочие программыУчебно-методический комплекс на тему "Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмыс"ы

Учебно-методический комплекс на тему "Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмыс"ы

Скачать материал

 

 

 

 

 

 Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы

пәні бойынша

 

5В090600-Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы үшін

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (syllabus)

 

 

Курс: 4

Семестр: 7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2017

 

 

 

 

«Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы» пәні оқу бағдарламасының мазмұнында қосымша білім беру мекемелерінің қызметін әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастырудың теориялық негіздері қамтылған.

Қосымша білім беру мекемелерінің түрлері, бағыттары ұсынылып, әдістемелік  жүйесін жетілдіру сұрақтары қарастырылады.

Оқу бағдарламасы (Syllabus) 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығына арналған оқу жұмыс бағдарламасының мазмұнына  сәйкес жасалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Сырттай оқыту нысанының жұмыс оқу жоспары

 

Оқу мерзімі

Курс

Семестр

Кредит саны

Лекиялар

Семиарлар

Лаборатор

соөж

сөж

Барлығы

Бақылау түрі

4

2

4

4

30

15

-

15

75

135

Емтихан

 

 

Тақырып атауы

Лекциялар

Семинар-лық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

1.

Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының пәні

2

1

1

5

2.

Бос уақыт педагогикасының тарихы

2

1

1

5

3.

Бос уақыт аксеологиясы

2

1

1

5

4.

Бос уақыт инфраструктурасы

3

1

1

5

5.

Бос уақыт педагогикасының принциптері

3

1

1

5

6.

Бос уақыт педагогикасының әдістері

3

1

1

5

7.

Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемелік негіздері

3

1

1

5

8.

Бұқаралық мәдени- тынығу қызметінің драматургиясымен режиссурасы

3

2

1

5

9.

Ойын - бос уақыт құрылымы ретінде

3

2

1

5

10.

Қосымша білім беру мекемелеріндегі бос уақыттағы мерекелер мен салт-дәстүрлер

3

2

1

5

11.

Қосымша білім беру мекемелеріндегі мәдени бос уақыт  жұмысының   әлеуметтік -  педагогикалық  негіздері

3

2

1

5

12.

Бос уақыт қызметіндегі тәрбие процесінің мәні

-

-

1

5

13.

Клуб жұмысының педагогикасы

-

-

1

5

14.

  Отбасылық бос уақыт мәдениеті

-

-

1

5

15.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмысында бос уақыттың рөлі

-

-

1

5

 

Барлығы - 135 сағат

30

15

15

75

   

 

2.    Оқытушылар туралы мәліметтер:

Баймуханова Алия Маратовна, аға оқытушы, socrab@mail.ru, Кафедрада болу уақыты: әр күн сайын сағат 09.00-18.00 дейін.

Қабылбекова Жанна Қайыркеновна, оқытушы, socrab@mail.ru, Кафедрада болу уақыты: әр күн сайын сағат 09.00-18.00 дейін.

 

3. Пререквизиттері: «Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы» пәнінен оқу бағдарламасы философия және психология факультетінің әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының студенттеріне арналған. Бұл бағдарлама біріншіден, студентке «Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы» оқу курсы бойынша мамандарды даярлауда міндетті минималды деңгейде мағлұмат беру, екіншіден оқылатын материалдар мен курстың дидактикалық бірлік негіздерін біртұтас логикалық кестеге толтыру, үшіншіден, тұлғаның жеке бос уақытын педагогикалық  ұйымдастыру құрылымында студенттерге жоғары деңгейде өзіндік жұмыс жасау үшін барлық негіздерін игерту.

 

4. Постреквизиттері: Берілген пәнді оқытуда қолданылатын пәндер тізімі: «Әлеуметтану», «Философия», «Бос уақытты ұйымдастыру және әдістеме», «Психология», «Бос уақытты ұйымдастыру», «Ойын қызметін ұйымдастыру» және т.б.

 

5. Пәннің қысқаша мазмұны:

«Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы» пәні 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша оқу жоспарына енгізіліп, педагог – ұйымдастырушы мамандықтары пәндеріне арналып жасалған.

 «Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы» курсының пәні, бос уақыт қызметін педагогикалық ұйымдастыру болып табылады.

Пәнді оқытудағы негізгі мақсат: болашақ әлеуметтік педагог қызметкерлерін даярлауда әлеуметтік-педагогикалық жұмыс және бос уақыт қызметін педагогикалық ұйымдастыруда білімі мен оны іске асыру қабілетін кәсіби деңгейде арттыру.

Пәнді оқытудағы негізгі  міндеттер:

      - Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мазмұны, формалары мен нақты жолдарын ашып көрсету;

- Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы теоретикалық танымын кеңейту;

-  студенттер халықтың әр түрлі категориясы арасындағы бос уақытты ұйымдастыру практикасында іске асыра білуді қалыптастыру.

Берілген бірқатар міндеттерді орындау үшін студенттерден келесідей  міндеттерді орындау талап етіледі:

       - бос уақыт педагогикасын ұйымдастыру үшін теоретикалық білім мен оны іске асыруды білуі керек;

       - жинақталған әдебиеттер мен қайнар көздермен жұмыс жүргізу дағдыларын игеру;

       - жеке жұмыстарды уақытымен орындау үшін дәріс және семинар сабақтарына үздіксіз қатысып отыру.

 

6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

Жұмыс түрі

 

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Пайдаланыуға ұсынылатын әдебиеттер

Бақылау түрі (рейтингтік шкалаға сәйке

Балдар (рейтингтік шкалаға сәйкес)

Есеп беру. түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Реферат

Адамгершік қасиеттерінің мәнін өскелең ұрпаққа жеткізу

9,15,24

ағымдық

50-100

жазбаша

6 апта

2

Сценарий

Студенттерге сценарий құрудың ерекше дағдыларын қалыптастыруға үйрету

2,4,5

ағымдық

50-100

жазаша

8 аптп

3

Слайдтық презентация

Ұлттық тәрбие арқылы тәрбиелеудің маңызын түсіндіру

2,4,5

ағымдық

50-100

ауызша

10

апта

4

Бақылау жұмысы

Білімдерін кешенді тексеру

2,4,8,11

ағымдық

50-100

жазбаша

13 апта

5

Студенттердің белсенділігі үшін

білімдерін кешенді тексеру

 

ағымдық

50-100

жазбаша

15 апта

 

7.           Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі

 

№№

п/п

Курс бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының атауы

КарМУ кітапханасындағы оқулықтар мен оқу құралдарының саны

1. Негізгі әдебиеттер

1

Омар Е.О. Мәдени-тынығу жұмысы теориясы. Алматы, 2014. - 193 б.

3

2

Мәдени-тынығу жұмысы саласындағы менеджмент, маркетинг.  Оқулық: 5B090600-Мәдени-тынығу жұмысы мамандыгы студенттері үшін / Ю.А. Сапарова . - Алматы : Эверо , 2014. - 156 б.

4

3

Мәдени-тынығу жұмысы саласындағы менеджмент, маркетинг. Учебник / Ю.А. Сапарова . - Алматы : Эпиграф, 2016. 

14

4

Беседина В.А. Психологические аспекты клубной работы.- М.: Сов. Россия, 1987.

2

5

Бирженюк Г.М. и другие. Методическое руководство культпросветработой / Г.М. Бирженюк, Л.В. Бузене Р.А. Горбунова.-М.: Просвещение,1989.

1

6

Воловик А.Ф., Воловик В.А. педагогика досуга: учебник. – М.: Флинта: Московский психолого-социальный институт, 1998. -240с.

5

7

Губашева С.Г., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының   әдістемесі: Оқу-әдістемелік курал. Астана: Фолиант, 2007. - 244бет.

7

8

Высоцкая Н.М. Совершенствование работы с молодежью в клубных учреждениях на основе комплексного подхода к воспитанию.- М.,1982.-16с.

3

9

Гагин В.Н. Интересно ли в вашем клубе. – М.: Политиздат,1989.

8

10

Грушин Б.А. Свободное время. Актуальные проблемы. - М.: Мысль,1967.

18

11

Ерошенков И.Н. Культурно-досуговая деятельность в современных условиях.- М.: МГИК,1994.

6

12

Жарков А.Д. Организационно-методические основы культурно-просветительной деятельности: Автореф. дис. д-ра пед. наук.- Л.,1990.

14

13

Киселева Т.Г., Красильников Ю.Д. Межведомственные культурно-досуговые центры открытого типа/ Буклет ВНИК «Школа-микрорайон».- М.,1991.- С.3.

3

14

Киселева Т.Г., Красильников Ю.Д., Стрельцов Ю.А. Социально-культурная деятельность: основные тенденции развития // Актуальные проблемы социально-культурной деятельности  Сб. статей.- М.,1995.- С.4-15.

3

15

Кон И.С. Социология личности. - М.: Политиздат, 1967.

8

16

Красильников Ю.Д. Культурно-просветительская деятельность развитого социалистического общества. - М.: МГИК, 1983.

4

17

Культурно-просветительская работа в СССР / Под ред. Т.А. Ремизовой.- М.: Просвещение, 1974.

4

2. Қосымша әдебиеттер

18

Максютин Н.Ф. Культурно-досуговая деятельность.- Казань: Медицина,1995.-

4

19

Максютин Н.Ф. Очерки истории досуга.- Казань: Медицина,1998.

1

20

Мухаметзянова Г.В., Масленникова В.Ш., Ширшов В.П. Теория и практика подготовки выпускников ССУЗ к социокультурной и социопедагогической деятельности в регионе: пособие для преподавателей.- Казань: Инс-т сред. спец. образования РАО, 1996.

16

21

Назимов М.Т. Сегодня в нашем клубе.- Алма-Ата: Кайнар, 1988.

6

22

Новаторов В.Е. Культурно-досуговая деятельность.-Омск,1992.

3

23

Губашева С.Г., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының   әдістемесі: Оқу-әдістемелік курал. Астана: Фолиант,2007.-244бет.

26

2.1 Мерзімдік әдебиеттер

24

Диканбаева Р. Р. Мектепке дейінгі мекемелерде бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру //. Сынып жетекшісі - 2009. - №2. - Б. С.14-16.

2.2 Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі

25

Кендирбекова Ж.Х., Кудайбергенова Ж.М. Курс электронных лекций по организации игровой деятельности.- Караганда, КарГУ, 2007- 2008.

26

Баймуканова М.Т.Электронные лекции по дисциплине «Специальность педагогика и организация культурно - досуговой работы в школьных и внешкольных учреждениях».- Караганда, КарГУ.2010

28

Закон Республики Казахстан «О культуре» от 15.12.2006.

2.3 Интернет көздері

29

www.internat2-balkhash.kz/kz/index.php?

30

www.bala-kkk.kz/246/

31

bilim.idhost.kz/himia/

32

www.balazan.kz/kz

 

8.    Лекциялық кешен (лекция тезисі)

     №1 тақырып. Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының пәні

      Бос уақытты анықтамасын, оның өткізу  формаларын,  ұйымдастыру әдістерін және т.б. зерттеуде бірнеше  ғалымдар  айналысты. Э.А. Елизарьев, С.Н. Иконникова, А.И. Лучанкин , К. Маркс, А.В. Мялкин, В.Н. Пименова, Э.В. Соколов, Г.П. Орлов, Б.А. Трегубов, М.С. Шепелева және  т.б  философтар, экономистерден  Г.А. Пруденский, С.Г. Струмилин, социологтар  Б.А. Грушин , И.С. Кон , З.В. Коробкина, З.А. Петрова, В.А. Ядов және басқалары, тарихшылар М. Абдулкадирова,  А.К. Канапин, Е.Ш. Куандыков, В.И. Назаров, Т.А. Ремизова, А.М. Савченко, Р.Б. Сулейменов, Л.С. Фрид және басқалар, психологтар  (К.А. Абульханова-Славская, М. Аргайл, В.А. Беседина, В.В. Бойко, Г.А. Евтеева, Л.М. Попов және басқалар), педагогтартардың (М.А. Ариарский, Г.М. Бирженюк, Н.М. Высоцкая, Ю.Д. Красильников, М.М. Поплавский,  Ю.А. Стрельцов және басқалар) зерттеулерінде біз осы сұрақтар  барысы  жөнінде кездесеміз. Бірақ, осы  бос уақытты  ұйымдастыру  жөнінде әр ғылыми салада әр түрлі жолдарын көрсетеді.

Алғашқы рет Антика  дәуірінде  бос уақыт мәселесі  жөнінде  философтар бірінші рет  әлеуметтену құралы  ретінде қарастырып көңіл аударған: (Көне Греция-Аристотель, Платон)  адамның жетілуіне және рухани қалыптасуына, тұлғаның  саяси-белсенділігін  қалыптастыруына, (Көне Рим- Плиний, Сенека) рационалды демалу, көңіл көтеру деп қарастырған. Аса назар аударатын жай, барлық тарихи кезеңде  бос уақытты  ұйымдастыру  мәселесі  болса да,  ғалымдар  ғылыми-теориялық  өңдеуін   қолға алмаған.  Сондықтан  К.Маркстің (ХІХ ғасырдың соңы)  еңбектерінен табуымызға болады, яғни  оның саяси экономиканы зерттей келе  қоғамдағы әрбір мүшенің  бос уақытының  міндетті түрде  керектігі және  ол уақыт  жетіліп даму үшін  керектігі  жөнінде  сұрақ көтерген. «Бос уақыт» және «жоғары іс-әрекет»  деп ғалым  бос уақыттың  құрамын  ашып көрсетті. Кейін Э.В.  Соколов  бос уақыттың түрлері (дем алу,  көңіл көтеру,  ағартушылық,  шығармашылық,   рухани жетілу)  деп қарастырды.  А.В. Мялкин;  бос уақыт   тұлғаның  жан-жақты  дамуының кеңістігі  деп қарастырды.  Б.А. Трегубов  және басқалары  жастардың  бос уақытының мәні, «бос уақыт», «бос уақытты  ұйымдастыру»  дифференциялық  анықтамасын ұсынып көрсетті.

20-шы жылдарыдан бастап  экономистер еңбек уақытын бюджеттен анықтап зерттеу барысында  жұмысшылардың  жұмыстан тыс  уақытының көлемін  анықтады. (С.Г. Струмилин)

Бос уақыт мәселесі еңбек уақытын анықтау  барысын зерттеуде  көрініп  қарастырыла бастады.

50-шы жылдары (Г.А. Пруденский, В.Д. Патрушев) социологтар өз еңбектерін бос уақытты  ұйымдастыру мәселесіне арнады. Ол еңбектерде оның  құрлымын, көлемі, мазмұны, сонымен қоса  өткізу түрлері  тұрғындардың әр түрлі  әлеуметтік-демографиялық сипатын ескере отырып қарастырды.  Зерттей келе  тұрғындардың бос уақыттарын ұйымдастырудың  зерттеу әдістерін енгізді.

Тарихшылар (СССР-де – М.С. Андреева, Д.И. Гусев, Г.В. Ильин, Т.А. Ремизова, А.М. Савченко, Л.С. Фрид және басқалар; Қазақстаннан – М. Абдулкадирова, Л.Ш. Баширова, А.К. Канапин, Е.Ш. Куандыков, В.И. Назаров, Р.Б. Сулейменов  және басқалар) мәдени-бос уақытты  ұйымдастыру іс-әрекетін елдегі мәдени ағарту  жұмыстар арқылы  даму ерекшелігі мен қалыптасу кезеңдерін  қарастырады.

Ал, психологтар осы мәселені нақты тұлғаның  өз қызығушылығымен байланыстырады, оның бос уақытты  өткізу,  оның қажеттіліктерімен, мотивтерімен, қызығушылықтарымен қалай  өткізгісі келеді сол мәселені  қояды. Сонымен қоса, бос уақытты  коллективта,  шағынлортада , өзара қарым-қатынаста  психологиялық негізін қарастырады. Арнайы бос уақытты  ұйымдастыру белгілі бір психокоррекциялық шараларды  да  ұйымдастырған қажет деп көрсетті (В.А. Беседина, Г.А. Евтеева , Н.В. Самоукина  және басқалары). Осы  себептен психологтар өз еңбектерінде экономистер және социологтар тәрізді  адамның  бос уақытын ұйымдастыруда  формалық аспектісін емес, мазмұнды жағын көбірек ескереді.

Педагогтар  адамға бос уақыты мазмұнды өткізу әсерінің  толықтыра түседі. (Н.М. Высоцкая , Е.Я. Зазерский, А.Г. Соломоник, В.Е. Триодин) белгілі бір әлеуметтік қабаттағылар мен  жұмыстың  әдістері мен формаларына мән береді (Э.Б. Акнаева, Г.М. Бирженюк, Н.Н. Королев, М.М. Поплавский);  бос уақытты  ұйымдастыру  түсінігі  өскелең  ұрпақтың  тәрбие ортасы деп (М.А. Ариарский, В.Н. Гагин, В.И. Мирончик, В.Е. Триодин). қарастырады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [2,3,7,10,3,4, 5]

 

    № 2  дәріс тақырыбы. Бос уақыт педагогикасының тарихы.

Алғашқы қауымда бос уақыт болған  жоқ, ол кезде адамдардың іс-әрекеті  тамақтану және  өз өмірлерінің  қауіпсіздігімен байланысты болды. Ал, құлиеленушілік қоғаммен бос уақытың алғашқы  элементтері  жоғары қоғамда – аристократиялық элитарлықта  бос уақытты  өткізу  тұлғаның гармониялық дамуына  бағытталды. Орта ғасырдың басында  бос уақытты діни жолмен байланыстырды, құдайға сенушілік,  шіркеу адамды  екінші  жоспарға қойды.

Қайта  өрлеу кезеңінде бос уақытты  ұйымдастыру  құндылықтарды,  қажеттіліктерді  адамның қызығушылықтарын  қайтадан элитарлық түрде  жүзеге асыра бастады.

Капиталистік қоғамда  бос уақыт  екінші жоспарға  қойылы, ол еңбек іс-әрекеті «сервисіне» айналды.  Капиталистік қоғамда  бос уақытты  ұйымдастыру  коммерциялық  индустрияға айналды.

Социализм дәуірінде еңбекке қарай  көп көңіл бөлініп, бос уақыт екінші  жоспарда  болды. Осы  себептен көне заманна бері  осы уақытқа дейін бос уақытты  ұйымдастыру  көптеген  өзгерістерге  ұшырады. Бос уақытты зерттеуде  және  өткізуде  эмперикалық  ізденістен теориялық маңызды және ғылыми анықтауда  зерттеулер ізделді.(экономистер, социологтар, психологтар, және т.б.).

ХІХ ғасырдың соңында көптеген  философтардың еңбектерінде “бос уақыт” терминімен жиі кездесеміз(К.Маркс, 1857ж.),  яғни  жұмыстан тыс уақыт ретінде қарастырады. Оның саяси экономиканы зерттей келе  қоғамдағы әрбір мүшенің  бос уақытының  міндетті түрде  керектігі және  ол уақыт  жетіліп даму үшін  керектігі  жөнінде  сұрақ көтерген. «Бос уақыт» және «жоғары іс-әрекет»  деп ғалым  бос уақыттың  құрамын  ашып көрсетті.

20-шы жылдарыдан бастап  экономистер еңбек уақытын бюджеттен анықтап зерттеу барысында  жұмысшылардың  жұмыстан тыс  уақытының көлемін  анықтады. (С.Г. Струмилин)

Бос уақыт мәселесі еңбек уақытын анықтау  барысын зерттеуде  көрініп  қарастырыла бастады.

60-шы жылдары (Б.А. Грушин, З.А. Петрова және т.б.) социологтар өз еңбектерін бос уақытты  ұйымдастыру мәселесіне арнады.

      70-шы жылдары бос уақытты ұйымдастыру  психологтардың қызығушылықтарын тудыра бастады.

2.  Клуб бос- уақыт іс-әрекетін ұйымдастыру орны.

            Клубтын пайда болу тарихы өткен тарихта қалып қойды. Қазіргі клубтардың  прототипін Ежелгі Римде кездестіреміз, яғни  Рим  Мемлекетінің саяси  өмірінде маңызды роль атқарады, (бұл клубтарда ақпарат алмасу, қарым-қатынас , ән мен рахаттану , поэзия  және  т.б.  басын қосып отырады. Жалпы  клубтар пайда  болған. Ең бірінші кезеңде  саяси  клубтар  маңызды роль  атқарған XIX ғ. II  жартысында  әртүрлі  клубтар  пайда болды  . Оның ішінде  кең итараған спорттық ,кәсіби әйелдер т.б. клубтар. ( АҚШ-та «Борсықтар клубы» , Англияда –«Сәтсіздіктердің  кәсіби  клубы»  және т.б.).

      Еліміздің клубтық өмірі қоғамның әлеуметтік саяси сәйкестіндіріледі. клуб-қарым–қытынас, кездесу, қызығушылықтың бірігуі,өзіндік ұйымдастыру мен  өзіндік іс-әрекет ұжымдық мәселелерді шешуде қоғамның белсенді қатысу орны.            Клуб бұл ұжымның өзіндік қызығушылықтарын өзіндік ұйымдастыру қабілетімен оның мүшелерінің өзіндік мәселелерді шешу болып табылады.

 «Қызығушылық клубында» іс әрекет жобасының біріктірілуі, ұйымдастырушы мен КТД әлеуметтік педагог.КТД-ның педагог ұйымдастырушы маманы блып табылады.

«Кездесу клубында» секірмелі кездесулер  себептері бойынша жұмыс істеу бос уақытты ұйымдастыру мен аниматордың негізгі іс әрекетімен жүзеге асырылады.

Клубтық  аудитория бұл күнделікті баратын орны. Оны  потенциалды және  актуальды болып бөлуге болады.

Потенциальды аудитория бұл тұрғындар бөлігі яғни клубқа қатыспайтын бірақта  бір  сәттерде  баратын жағдайы  кездеседі.

     Актуальды аудитория -бұл клубқа  күнделікті баратын адамдар. Клубтық аудитория

Қарым-қатынас клубының негізгі   түрін үйымдастыру

·                     демалудың клубтық  бөлмелері ( әңгіме, би, ән,  және т.б.)

·                     клубтық отырыстар (демалу,т.б.)

·                     клубтық салон мен қонақ үй

·                     клубтық кафе мен кафе-клуб

·                     клуб-театр

·                     жұбайлар клубы мен  отбасылық клуб

·                     ардагерлер клубы

·                     -және т.б. клубтар

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [2,3,5,7,10,12,14]

 

№ 3 дәріс тақырыбы. Бос уақыт аксеологиясы

Қазіргі таңда балаларға арналған қүрылымдарда қүқықтық, қүрылымдық, әлеуметтік-педагогикалық , әлеуметтік-психологиялық тез арада әрі нәтижелі түрде шешімін табу керек қарама-қайшылықтар туындап отыр. Біз оларды шартты түрде сыртқы және ішкі деп екіге бөлеміз.

Біріншісіне, яғни сыртқы қүрылымдар мен мекемелердегі баланы әлеуметтендірудің тәжірибесінің жеткіліксіздігі және осы мәселенің теориялық негізінің болмауы.

Өсіп келе жатқан баладан қазіргі әлеуметтік өмірдің көрсетер талабы және өзінің әлеуметтік функцияларын нәтижелі деңгейде көрсете алатын жеке адам қалыптастыруға тиіс қоғамың әлеуметтік институттардың біліксіздігі көп әсерін тигізеді. Сондықтан да әуелі жасөспірімдерден бастап назар аударған дұрыс.

Себебі жасөспірімдердің жан-жақты дамуы оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға тығыз байланысты екенін көп адам білгенмен оны қалай, қандай әдіспен ұйымдастыруды екінің бірі біле бермейді.

Жасөспірімдердің танымдық ынтасын арттыру ата-аналар мен білім беретін педагогтардың ұйымдастыру шеберлігіне тікелей байланысты. Қазіргі жаңа оқыту технологияларының лайықты түрлерін іріктеп, оқу-тәрбие үрдісіне енгізіп, балалардың таным белсенділігі мен болашақтағы оқу әрекетіне деген ынтасын арттыруға зор көңіл бөлу қажет. Жас үрпақтың жеке басының дамуын интелектік байытуға дарындылығын дамытуға аса назар аудару қажет. Әсіресе баланы біліммен қамтамасыз етуде жан-жақты дамыту үшін олардың бос уақытын дүрыс үйымдастыра білген жағдайда ғана үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Бос уақытты — тек көңіл көтеру үшін ғана емес, баланың өз бетінше жұмыс істеуіне, сауықтыру мәселелеріне араласуына, өнер түрлерімен танысуына және өнерге талпынуына, сол арқылы жан-жақты дамуына тиімді пайдаланған орынды.

Баланың бос уақытын дүрыс үйымдастырудағы қүрылымдық және стильдік ерекшеліктер жеке тұлғаның даму дәрежесінің, оның жан-жақтылығы мен үйлесімділігінің көрсеткіші болып табылады.

Біздің клубта бос уақытты орынды және көптеген әртүрлі тәрбиелік жұмыстар арқылы пайдалану сабақтан тыс уақыттарында жүзеге асырылады. Атап айтқанда баланың дене мәдениетін жетілдіруге спорттық оиындар, денешынықтыру мерекелері, денсаулық күндері сияқты түрлі тәрбиелік жүмыстар үймдастырылады. Сондай-ақ отбасындағы дәстүрлі мерекелерді атап өту, отбасылық жарыстар, театрға бару, табиғатқа саяхатқа шығу, қоршаған ортадағы табиғат сұлулығын тамашалау тәрізді көптеген жүмыстар жүргізу бос уақыттың тиімді өтуіне көп ықпал жасайтыны сөзсіз.

Жалпысы, жастар арасында бос уақытты дүрыс пайдалануды үйымдастыру күрделі процесс. Республиканың оңтүстік өңірінде жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша, сұралғандардың 22,2 %-ті қонақ қабылдау мен достарға қонаққа баруды қаласа, қалғандары бос уақытты белсенді қоғамдық-саяси жүмыстарға бағдарлауға әзір екендіктерін байқатқан.

Қорыта келсек, бос уақытты ұйымдастырғанда — мәдени тынығуға, жасөспірімдердің уақытты үнемді пайдалануына, сүлулыққа еліктеуіне, көзге түскен жақсы және әдемі объектілерді қабылдап, олардан үлгі алуларына бейімделетінін көрдік. Соның ішінде әсіресе, ертеңгіліктер, тақырыптық кештер, әр түрлі жарыстар арқылы жасөспірімдердің ішкі жан дүниесін байытуына, өмірге көзқарасын қалыптастыруына, адамдармен қарым-қатынасының негізін қалауға, мәдени дүрыс жүріп-түруға, талғамға сай киінуге, өзінің өміріндегі орнын түсінуге мүмкіндіктер тугызатынын айта кеткен абзал.

Педагогикалық негізді жан-жақты тәрбиеленіп өскен әрбір білімді, аяғын нық басқан азамат ғана егеменді еліміздің түтқасын берік үстай алатыны мәлім. Бос уақытты үйымдастырудың мақсаты — жасөспірімдерді білімге сапалы түрде дайындауда бос уақытты пайдалы үйымдастыру, адамгершілікті білімді, еңбекшіл азамат болып өсуге тәрбиелеу болса, келесі жағынан келешек үрпақтың мәдени, саяси, рухани дамуына жағдай жасап, балаларды білімді етіп даярлауға үлкен жігерлілікпен аянбай ат салысу болмақ.

Мазмұнына қарай клуб жұмыс практикасынының келесідей бөлімдерін көрсетуге болады:

Ø  саяси бірлік тәрбиесі;

Ø  рухани тәрбие воспитание;

Ø  өндірістік еңбек тәрбиесі;

Ø  ғылыми-ағартушылық тәрбие;

Ø  эстетикалық тәрбие;

Ø  денешынықтыру және спорт тәрбиесі;

Ø   дем алу және ойын-сауық тәрбиесі .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [3,5,6,7,10,12,14,16]

 

№4 дәріс тақырыбы. Бос уақыт инфраструктурасы

          Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіруісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.

Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам- жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық- тарихи іс-әрекетімен мәдениет субьектісі, басқаша айтқанда іс- әрекеті  мен қарым-қатынас иесі.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты жеке адамды жан- жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл- ой дамуының біртұтастығы.

Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Оқу орындарында тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен, өмірімен байланыстыра жүргізу оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсіну қажет. Осыған орай тәрбиенің негізгі мақсаттары: а)жастардың дүниеге ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру – негізгі шарттардың бірі. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын , оның барлық: іс-әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас.

Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына шексіз берілгендігіне, жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы күресіндегіөз орнын дұрыс түсіне алмауы.

Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттеріоқу орындары арқылы жүзеге асырылды. Оқу орындарында білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады.Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектеп басшылары мен педагог арасындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл – ой тәрбиесі, құқық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен педагогтың шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін- өзі дамытып, барлық іскерлігі мен  білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан да дайын болуы қажет. Міне, сонда ғана оқу орындарындағы тәрбие жұмысының жемісті болуы мүмкін.

Тәрбие мақсаты – тұлғаның барлық жағынан дамуын қалыптастыру.

Тәрбие міндеттері:

1.Адамзатта қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені ұрпаққа қалдыру.

2. Әлемдік ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

3. Тұлғаның активті белсенділігін қалыптастыру.

  Бұл мақсаттар мен міндеттерді реттеу тәрбие процесінде жүзеге асады.

 Тәрбие процесі – жеке  тұлғаның қоғадық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға өз-өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады.

Мәдени-тынығу мекемелерінде тәрбие процесі мынадай жағдайларға бағытталған:

·     Қатысушылардың әржақты және әрқилы іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру;

·     Өз қатарластарымен және үлкендер мен қарым -қатынас барысында жеке тұлғаның құндылықтарын қалыптастыру;

·     Қоршаған ортамен қажетті және жан-жақты қарым-қатынас орнату;

·     Арнайы қоғамдық-қажетті құндылықтар, ерікті, эстетикалық, физикалық қасиеттерді қалыптастыру.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [1,3,5,7,9,12,14,18]

 

№ 5 дәріс тақырыбы.  Бос уақыт педагогикасының принциптері

Әдетте принцип дегеніміз адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені белгілейді.

Мақсаттылық принципі –оқыту мен тәрбие  жұмыстарын ерекшеліктерін еске ала орырып, тәрбие жұмыстарының формаларын, әдістерін, мазмұнын іріктей алады. Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен олардың мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған дұрыс. Мақсаттсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді.

Қызығушылық принципі –бос уақыт адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін боып табылса, ал қызығушылық сол сапаларды арттыру ретінде қолданылады.                             

Бірігіп іс-әрекет ету принципі   бос уақыт қызметінде басқа да қызметтер сияқты жеке және топтық негізде іске асырылуы мүмкін.

Қосымшалық принципі. Бұл принциптің мәні, толықтылықты қайта өңдеудің нақты кезеңдегі оның танымы міндетті түрде бірін-бірі өзін-өзі шектейтін және өзара жоққа шығаратын «қосымша» түсінік класы керек, олар негізді түрде ақпаратты беру мен алу үшін қолданылу мүмкін.

Табиғи-танымдық принципі. Әлеуметтік тәрбиенің табиғи және әлеуметтік процестердің ғылыми түсінігімен негізделеді, адамның және қоғамның жалпы құқықтық дамуымен келісімді, адамның одан арғы ноосфера мен өзіндік эволюциясының жауапкершілігін дамытады.

Мәдениелік принципі. Әлеуметтік тәрбие мәдени жалпы адамзат құндылықтар арқылы негізделеді және жалпы адамзатқа қарсы келмейтін нақты ұлттық және діни мәдениеттің нормаларымен және құндылықтарымен сәйкес құрылады.

Тұлғаның дамуындағы әлеуметтік тәрбиенің орталық принципі. Бұл принцип әлеуметтік тәрбиенің тактикасын және стратегиясын тұлғаның рухани және субъекті-тұлғалық іске асуымен қалыптасуымен көмегі ретінде түсіндіріледі. Сонымен бірге тұлғаның өзіндік сенімін, өзіндік іске асуының, өзіндік анықталуының, өзіндік санасының дамуы үшін жағдайды түсіну ретінде түсіндіріледі.

Әлеуметтік тәрбие қоғамдық көзқарас бойынша адамдарға қажетті әлеуметтік, рухани және эмоциялық құндылықтарды меңгеруге мүмкіндік тудырады (сенімдер, норма, білім, қарым-қатынас, мінез-ққлық, қабілет).

Әлеуметтік тәрбиенің міндеттері адамнаң қоғамда бейімделуіне және оның мүшелеріне тиімді әлеуметтендіруіне жағдай жасау. Әлеуметтік тәрбиенің әлеуметтік субъектісі ретінде екі түрлі ұйымды қарастыруға болады: тәрбие ұйымдары және әлеуметтік тәрбиені басқару органдары. (Мудрик. А.В.)

Әлеуметтік тәрбие процесі отбасында, білім беру органдарында формальды емес ортада қалыптасады. Әлеуметтік тәрбиені әлеуметтендірудің бақылау процесі ретінде қалыптастыруға болады. Ол арнайы тәрбие орындарында адамдардың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін, білімін, тәртібін, құндылықтарын, қарым-қатынастарын, қоғамға қажетті жағдайларды дамытудың ықпалын тигізеді. Яғни, әлеуметтік тәрбие адамның толыққанды, мақсатты дамуы мен рухани құндылық бағыттарын жетілдіруде көмектеседі. (А.В. Мудрик)

Бұл жағдай жекелеген және топтық субъектілердің үш жақты қарым-қатынастың негізінде пайда болады және мазмұны, формасы, әдістері мен әсер ету үлгісі жағынан бір-бірінен тәуелсіз болады.

Балалардың әлеуметтік тәжірибе ұйымы, жасөспірімдер, жеткіншектер оларға білім беру мен жекелеген көмек. Әлеуметтік тәжірибе ұйымы формальды емес өмір әрекеттерімен ұйым мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мен оларды оқыту мен өзіндік шығармашылығын қалыптастыру тұрмыстық ұйымда арқылы жүзеге асырады. Кең мағынада әлеуметтік тәжірибе әр түрлі әдеттермен дағдылардың бірлігі, ойлау әдісімен білім, тәртіптің нормасы мен стереотипі құндылық қалыптарының байланысы. Сезіну және қобалжу жағдайлар адамдармен өзара бейімделу тәжірибесі сонымен қатар өзін-өзі анықтау және қалыптастыру жағдайларының бірлігін айтады.

Қайта тәрбиелеу принципі. Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субьектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіружәне кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс- әрекеті өзін -өзі тәрбиелеу деп аталады. Бұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін- өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады.

Бойжеткендер мен бозбалалар өзін- өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Тәртібі мен мінез-құлқының пісіп жетілу шағында берік сенім мен адамгершілік мұраттары қалыптасқан болады.

Оқушылардың өздерін- өздері ұйымдастыру мақсатында педагог ең алдымен төмендегідей байланысты міндеттерді жүзеге асыру керек: оқушылардың өзін- өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру, өзін-өзі ықпал ету құралдарын меңгеруге көмек беру, өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс- әрекеттерді тудырып отыру.

Өзін- өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине, өзін- өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады. Дарынды педагог К.Д. Ушинский өзін-өзі тәрбиелеу ережесін тоғыз түрде қарастырды.

  • асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге.
  • сөзде және қылықтардағы турашылық.
  • әрекетті жан-жақты ойластыру.
  • батылдылық.

§  өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.

§  санасыз уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңілдегі іспен айналысу.

  • әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану.

§  әр кеште өз қылықтары туралы өзіне есеп беру

§  болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау.

  • бұл ережелердің өр жолына түрлі мағына беріп байыта беруге болады.

Тәрбие — көп адамдар қатынасатын ұзақ іс- әрекеті.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [1,4,5,7,9,12,14,16]

 

№6 дәріс тақырыбы. Бос уақыт педагогикасының әдістері.    

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын жасайды. Бос уақыт педагогикасының да өзіне тән зерттеу әдістері бар.

Үйрету, жаттықтыру әдісі- бұл мінез құлық нормасына сәйкес қажет дағдыға, әдетке төселдіру.

Әңгіме –бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістеінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қортынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгіме әдісі кез кеген мәселеде ұқыпты дайындықты талап етеді.

Пікірталас- бұл адамның пайымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша адам өзінің көзқарасын,ойн дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді таласу немесе келісу пікірлер де пайда болады.

Мадақтау және жазалау әдістері- өткізілетін тәрбиелік шараның сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде адамгершілік тәрбиесінің әдістері қолданылады. Мадақтау тәрбиеленушіні і-әрекетінде және мінез-құлқында белсенділікке ұмтылдырады.Жазалау –баланың өзінің теріс мінезі үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.

  Мәдени бос уақыт  қызмет    технологиясын  қарастыра  отырып,  педагогикалық    технология -   белгілі бір мақсатта  тұтас процесс  әдіс, әдіс, қабылдау, қаражат   осы мақсатта  енгізіледі. Техникалық   процесс  құрылымы  мәдени  мекемелерде  былай  корсетіледі:  әлеуметтік  тапсырыс,  мақсат, мазмұн,  түр, әдіс, субъект, объект,  материалды-техникалық  және кадрлар  даярлау мен     соңғы  нәтиже.     Процесс  нәтижесі  болып  субъект пен  объект арасындағы қарым-қатынас  бағдарлама  мазмұнына  енеді.

   Мәдени бос уақыт   қызмет  технологиясын   ұйымдастыру   түрі  мен әдістері   және әдістеме әрекет түрлері  өте тиімді  мазмұнда  жүреді.

   Техникалық  процесстерден   негізгі процесстерді  талдай отырып,  мәдени бос  уақыт   қызметін  ұйымдастыру мен әдістемелік  түрлері   ең ірі   құбылыс  ретінде атап  көрсетіледі.           Мәдени бос   уақыт   қызмет технологиясы  келемі   деңгейлерді   құрайды:  талдау  жағдайлары,  мақсат тұжырымы,  дайын  бағдарлама  өткізі,  өткізілетін  бағдарламаны талдау.      Мәдени бос уақыт  қызметін  терең  ұғыну адамның  әлемде,  қоғамда,  микро  және макро  ортада   техникалық процестегі , ғылыми   негіздену  жүйесін  болмыста  ұтымды   сәйкестендіреді.

   Қорытындылай  келе,  мәдени бос уақыт  қызмет технологиясы  өзіндік  мотивтермен,  жеке мамандардың  жағдайын жүзеге асыру  негізінде  белгілі бірс  мақсатта   шешімін  табады.

Адамға сценалық және экрандық өнер туындылары, спектакльдер жэне көркем кинофильмдер көбірек эсер етеді. Бүл жерде адам көріп отырған оқиғасына өзінің көңіл күйін білдіреді. Себебі адам өзін пъесадағы кейіпкерлердің роліне қояды. Кейбір жағдайларда адам өмірінің өзгерістеріне экелуі мүмкін. Адам қалыптасуына белгілі бір эсер ететін мерекелер, өнер мекемелер қызметінің тізімімен қоса ешқандай тэрбиелік маңызы жоқ, тек пайданы көздейтін шоу-бизнес жүйесі бар. Мысалы, стриптиз, секс-шоу, порнофильм және т.б. Өз бос уақытын осындай «мерекелермен» толтыру қоғамның жэне адамның жеке басының мәдениетіне байланысты. Шоу-бизнестің өмірге көзқарасы қалыптаспаған жас буынның өмір сүру салтына ықпалы зор. Ол өнер, мэдениет талғамының өзгеруіне себепші болады.

Сонымен бос уақыттың қандай да болмасын іс-әрекеттермен толтырылуы белгілі бір педагогикалық қорытындыға әкеледі. Бұл қорытындының әлеуметтік мән дәрежесі әр түрлі: бір кездері ол жалпы көңіл күйдің жақсаруы жэне эмоциялық көтерілу болса, келесі жағдайда қоғамдық құндылықтың қалыптасуы. Сондықтан педагогикалық бос уақыттың негізгі әдісі топтық қызметтің бос уақытын ұйымдастыруы болып табылады.

Күнделікті бос уақытты ұйымдастыру — көп мәнді ұғым, өз бойына әртүрлі ниетті және бос уақытты ұйымдастыруды біріктіреді. Ең көп тараған уақыт өткізу түрі достармен өткізу.

Педагогикалық бағдарлама да эр түрлі жүйелер сияқты негіз құраушы жүйелік факторлардан, ол өз алдына мақсат жэне нэтиже модель компоненттерінен, сонымен қоса мақсат мазмүнынан туындайтын талаптардан, тәрбиелеу объектілерінің мінездерінен, үстаздармен жүргізілетін бағыттарынан және мінез талаптарынан түрады.

Педагогикалық бағдарламаның мақсаты - бос уақыт аясында жеке түлғаның жан-жақты және гармониялық дамуына ықпал ету. Нәтиже моделі - бос уақыт аясындағы жеке түлғалардың қоғамдық еңбек бөлінісіндегі әлеуметтік қүндылықтарды дамыту қасиеттерін қалыптастыру нәтижесі жеке тұлғалардың арасындағы қатынастарды жоғары дәрежеде бос уақытты қалыптастыру қызметі ұғымына ие.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [3,4,5,7,9,12,14,17]

 

№ 7 дәріс тақырыбы. Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемелік негіздері

Бос уақыт дегеніміз - адамның міндетті өндірістік емес міндеттерін (жұмысқа баруға және қайтуға кететін уақыт, ұйқыға, тамақтануға, үй шаруасына кететін уақыт және т.б.) орындағаннан кейін қалатын жұмыстан тыс уақыттың бөлігі.

Жеке тұлға мен қоғам арасындағы аралық бөлік ретінде отбасы шағын топтың да, әрбір индивидтің те жеке қасиеттерін біріктіреді. Отбасының бос уақытын өткізу саласы отбасы өмірінде ең аз реттелген кеңістік ретінде біртұтас қауым -некелескен жұпты құрайтын өзара дербес екі рухани жүйелердің өзара әрекетінің ерекшеліктерін көрсетуге септігін тигізеді. Бұл өзара әрекет жеке мүдденің отбасының басқа мүшелерінің мүдделерімен үйлесімді келістіру ұстындарына негізделеді, яғни қандай да бір психологиялық компромисстің болуы көзделеді. Отбасының бос уақытын өткізуінің дәл осындай ұстыны отбасы тіршілігінің барлық басқа салаларында (еңбектену, экономикалық, репродуктивтік қызметі, т.б.) екінші орынға ысырылатын ішкі қайшылықтары мен проблемаларын анықтайды  және ашып көрсетеді.

Отбасының бос уақытын толыққанды өткізуін бағалау үшін екі негізгі талап қолданылады. Біріншісі - отбасының бос уақытын өткізуге жұмсалатын бос уақыт көлемі. Екіншісі - бос уақытты өткізу мазмұны. Екі көрсеткіш те ата-ананың рухани дүниесінің даму деңгейімен, отбасының қаржы жағдайымен, сондай-ақ жалпы тұрмыс салтымен анықталады. Егер  әйел өз уақытының көп бөлігін үйіндегілерге қызмет етумен өткізсе, оның отбасының бос уақытын өткізуін ұйымдастыруға және өзінің демалуына бос уақыты қалмайды. Сондықтан отбасының әрбір мүшесінің үй шаруасы бойынша белгілі бір міндеттер аясы болғаны жөн, бұл отбасының бос уақытын мәнді өткізуіне уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Отбасының бос уақытының мазмұны отбасының әрбір мүшесінің қызығушылығына байланысты болады. Әкесі бос уақытында аңшылықпен, мамасы тоқумен, ұлы ролик тебумен, қызы – бимен немесе сурет салумен айналысатын отбасына қарағанда отбасы мүшелерінің барлығы туризммен айналысатын немесе театрды сүйетін отбасының бос уақытын бірлесіп өткізуін ұйымдастыру жеңілірек болады,

            Ғылыми әдебиетте  бос уақытты дұрыс үйымдастыру отбасының негізгі функциясына жатқызылады. Отбасының бос уақытты дұрыс үйымдастыруында өзіндік ерекшелігі бар, ол дәстүрлі функциялардан басқа  отбасын біртұтас жүйе ретінде қолдау мен сақтау функциясын орындаудан көрінеді. Г.П.Орлов бос уақытты дұрыс үйымдастыру отбасылық қарым - қатынастарды не  нығайтатын, не бұзатын, не отбасын біржола жоятын қабілетіне назар аударады. Зерттеушілер бос уақытты дұрыс үйымдастыру осы функциясы аясында бірқатар құрамдас бөліктерін атайды, оның ішінде отбасының бос уақытын өткізуінің аффективті ролі (бос уақытты өткізу барысында отбасы мүшелерінің эмоционалдық бірлігі), сондай - ақ мәдени ролі (мәдени, ізгіліктілік және басқа құндылықтар мен нормаларды қалыптастыру, дамыту, сақтау және беру) бар. Алдыңғы лекцияларда некеге қанағаттану үшін осы функциялардың мәнділігін арттыру туралы айтылған. Сонымен, бос уақытты дұрыс үйымдастыру аталған функцияларды  жүзеге асыру саласына жататындықтан қазіргі отбасыларының өмір сүруі үшін оның ролі өзекті бола түседі.

Жалпы бос уақытты дұрыс үйымдастыру мен  отбасылық бос уақытты дұрыс үйымдастыру сипаты бұл үшін жұмсалатын уақыт көлемімен анықталады: бос уақытты үздіксіз өткізуге жұмсалатын уақыт неғұрлым көп болса, оны соғұрлым сан түрлі етіп өткізу мүмкіндігі көп болады.

Бос уақытты осы ұстынға сай жекелендіру (дифференциациялау) барлық рекреативті қызметті негізгі үш құрылымдық блоктар бойынша  бөлуге мүмкіндік береді:

v  жұмыс күніндегі бос уақыт;

v  демалыс күнгі бос уақыт;

v  еңбек демалысы кезіндегі бос уақыт.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [7,9,12,14,18,23,26]

 

№ 8 дәріс тақырыбы. Бұқаралық мәдени- тынығу қызметінің драматургиясымен режиссурасы

            Әдістемелік қамтамасыз ету мазмұнын талдау шығармашылық әдістердің кең спектрін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Тәсілдер туралы сурақ сондай  ақ әлеуметтік – педагогикалық және мәдени-шығармашылық жерлер жүйесінің толыққандылығы үшін маңызды болып саналады. Сондыктан да күнделікті- этномәдени жұмыстың әрекеттілігін қамтамасыз ететін, әлеуметтік-этномәдени білім тәсілі ретінде былай бөлуге болады:

Ø       Этно және жалпы адамзаттық мәдениеттің белсенді таным тәсілі:қарым-қатынас,ойын;

Ø       Материалдық мәдениет тәсілі іс-әрекет, табиғат;

Ø       Рухани мәдениет тәсілі:сөз, ана, тілі, фольклор,дін, өнер, ойын;

Ø       Соционормативті мәдениет тәсілі-дәстүр, әдет-ғұрып, қоғамдық пікір.

Әртүрлі топтарда қандайда бір тәсілдердің көрсетілуі, олардың жеке тұлғаға әсерінің жоғары деңгейін куәландырады. Қалғандары, көмекші категорияны құрады.

Әлеуметтік тәрбие жөніндегі  барлық субек тілер әрекеті  келесі бағыттарды болжайды;

ü       Әлеуметтік іскерлік әрекетін  ұрпақтан ұрпаққа қалдыру және жағымды жағдай тудыру, және тұлғаны дамыту қоғамдағы  барлық қажеттіліктермен.

ü       Әлеуметтік-педагогикалық әрекеті жастармен  жұмыс жасауда әлеуметтікт әрбие кеңістігі негізінде; оларды  салт-дәстүрмен  әдет-ғұрыппен тілмен басқа да этникалық  мәдени құндылық  тарихымен.Топпен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс индивид пен адамға  келесі көмек түрлерін көрсету, негізінде қолданылады.

ü       Оның физикалық және  рухани күшін дамыту

ü       Әлеуметтік тәрбие беру  бірақ ол топтық ұйымдар негізінде

Топтарды сондай-ақ келесі тұрақты белгілері бойынша  ажыратуға болады;

ü       Мүшелік мінездеме (жасына әлеуметтік критерийіне және т.б.)

ü       Мәселе мінездемесі барлық топтарға қатысы бар ,және топтық терапия,жұмыскерлер критерийлері, (мысалы;қысымдық топтар)

ü       Топтық программаның түрі; студенттер тобы этнотоптар, екі және одан да көп белгілерімен  араласқан.

Осы байланыс негізінде ұйымның мәдени бос уақыт жұмысын жүргізуші  бағыттардың бірі болып жүйеде,тиімді  этномәдени білім беру ұйымдары  әрекеті индивидті этникалық мәдениетпен жақынырақ таныстырады,тұрақты халықтар  мәдениетімен  шығармашылық-творчестволық мұрагерлік,және салт-дәстүрмен таныстыруды қамтамасыз етеді,ол басқаша,индивидті мәдени творчестволық  процеске  қатыстыруға мүұмкіндік береді.

Қәсіпқойлық пен кейіпкержандылык өнер ағымы К. С. Станиславскийге дейін өмір сүріп, өктемдік еткен өнер үлгісі. Ол кейіпкержандылық мектебі XIX ғасырдың. соңы мен.ХХ ғасырдың бас жағында Ресей жерінен келген. Оның іргесін еріп, қабырғасын   қалаған — әлемдік    сахна    өнерінің     ұлы    реформаторы Станиславский. Ол кісі өзіне дейін өмір сүрген:дүние ірі театр төрағасы мен тәжірибелерін егжей-тегжейлеп, тұңғыш рет жаңа сипаттары режиссер актер шеберлігінің сахналық ережесін_жасады. Ол - кейіпкержандылық өнер мұратына көгенделген «Станиславский жүйесі» еді. Бұл әлемдік театр саласында бұрын - болып көрмеген бірден-бір прогрессивті жеке-дара болды. Күллі  мәдениет ошағы- «Станиславский» ашқан   заңдылықтар   негізінде кереге   жайып, үрдіске көшті. Сөйтіп, сахна қызметі мен режиссура, актер шеберлігінің теориясы К.С.Станиславский - негізін салған «кейіпкержандылық өнер» мектебі - қуат альш, сусындайтын болды. Ендеше, аталмыш өнердің бұдан былайғы тарам-тараулары тұтастай осының теориялық қыр-сырын талдап, тарқатуға арналды. Кейіпкержандылық өнері саласында кейіпкер бейнесінің саналы және шамадан тыс жақтары, яғни «адамның рухани тіршілігінің» психологиялық қос қыры, егіз екпінмен сынға түседі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [9,12,14,18,20,24,25]

 

№9 дәріс тақырыбы. Ойын - бос уақыт құрылымы ретінде

Бұл сұрақты тереңірек голанд ғалымы Й. Хейзинг зерттеді. Төменде оның жасаған қортындыларынан үзінді келтірілген. "Ойын мәдениетке қарағанда ерте пайда болған, өйткені мәдениет адамзат қоғамының бар болуын білдіреді, ал жануарлар ойын ойнауды үйрену үшін адамдардың пайда болғанын күтпеген." Психология мен физиология жануарлардың, балалардың, ересек адамдардың ойындарын бақылаумен, сипаттаумен және түсіндірумен бұрыннан айналысып келеді. Ойынның биологиялық функциялары қандай? Бұл: артық өмірлік күшті сыртқа шығару; демалуды қажет ету, туа пайда болатын еліктеу инстинктісіне тәуелділік;    күрделі іс алдында дайындық; өзін-өзі ұстай алуды жаттықтыру; басқаруға ұмтылу; зиян әрекетердің орнын басу; шынайы жағдайда мүмкін емес мақсаттарды қанағаттандыру.

«Ойын» ұғымымен әр түрлі, тіпті кейде бір-бірімен ұқсастығы аз құбылыстарды атайды. Төрт томнан тұратын орыс тілі сөзідігінде бұл ұғымның 7 негізгі түсінігі берілген. Бұл іс-әрекет, балалардың кәсібі және бұл спорт түрі  болып табылатын (спорттық ойындар, әскери ойындар) бос уақытты толтыру үшін, көңіл көтеру үшін қызмет ететін белгілі бір ережелердің, тәсілдердің жиынтығы. Бұл сонымен қоса кейбір шараптарға және газы бар сусындарға тән газ көпіршіктерінің қозғалысы («шарап ойыны»), және де күн түстерінің тез өзгеруі және т.б. Ол музыкалық шығармаларды орындау (скрипкада ойынау) және сахна рөлдерін ойынау (актер ойыны). Ол қандайда бір мақсатты көздейтін алдын ала ойластырылған іс-әрекеттердің қатары, ақыл-айла, құпия ниеттер.  Біз қиял ойыны, табиғат ойындары, сөздер ойыны, уақиға ойыны, тағдыр ойыны... турал айтып отырмыз.  Адамзат ойындарымен қатар жануарлар ойыны бар. Поляк фантаст-жазушысы Станислав Лем ойынның анитикалық түсініктерін қайта жаңғырта отырып,  Өркениет пен Табиғаттың арасындағы Ұлы Ойын туралы жазды. «Ойын теориясы» деп конфликтілік жағдайларда оптималды шешімдерді қабылдаудың формальді модельдерін зерттейтін математиканың бөлімін айтады.

Аталған барлық жағдайларда «ойын» сөзі оң немесе нейтралды мағынада қолданылады.  Бірақ ол және оның кейбір сөз тізбектері  сонымен қатар теріс мағынаға ие: «сана ойыны», «жүйке жүйесіне тиісіп ойнау». Ю.Бондаревтің «Ойын» атты романында Крымов деген басты рөлдегі кинорижессер өлер алдында өз өмірін ойын деп квалификациялап, автормен бірге оны  айыптайды: «Сонымен өмір дегеніміз сценарий бойынша кейіпкерлері шымылдық бір уақытта бәрібір де ашылады дегенді еске алмай әрекет ететін, бірдеңені армандайтын спектакль болып шықты. Мен, ішкі жан дүниемнің спектакілін түсіну үшін сол кейіпкерлерді көруім керекпін. Ойын?» Романдағы ойын шынайы емес, жалған дүние.  Ойын дегеніміз не? Келтірілген алуан түрлі мағыналарда ортақ бөлім табуға болама? Мүмін ойын деп аталатын әрекеттерде ортақ ұқсастықтары бар шығар? «Бала ойыншықпен ойнайды, мысық тышқанмен, ал өзгелер сүйікті арманмен» делінеді мақалда. Әрине «ойын» ұғымы өлі табиғатқа қатысты қолданылғанда бұл астарлап айту, метафора. Тютчев жазғандай «көктемнің алғашқы найзағайы, көк аспанда ұшқырланып, ойнықтап күркірейтін сияқты».  Ал жануарлардың ойыны? Ойын туралы ұлы  еңбекте жануарлардың қылықтары туралы біз келесіні табамыз: «Ойын – көптеген қайшылықтар тудыратын «күрделі» терминдердің бірі. Жіп бумасымен ойнап жүрген мысық, немесе доп артынан қуалап жүрген ит – үй жануарларының ойындарының қарапайым мысалы: осындай мысалдарды сүтқоректілер мен төменгі сатыдағы жануарларға қатысты табуға болады. Бірақ ортақ терминді қолдануды түсіндіретін осы жағдайлардың ортақ біріктірушісі бар ма? Бұл сұраққа жауап беру қиын».      

     Р.Хайнд деген ғалым жануарлар ойынның, бірізділігі сақталмаған әрекеттер, жаңа қозғалыстар жиынтығын жетілдіру, жеке қозғалыстардың интенсивтілігінің және жалпы бірізділіктің сәйкессіздігі сияқты, белгілерін қарастырды. «Ойын тәртібін бақылайтын факторлар айқын емес, және күрделі», «соған қарамастан ойын тәртібі бар, және оны елемеу мүмкін емес». Ойын қызметін қаже ету жануарлардың ересек өмірге дайындығымен байланысты деген көзқарас бар. Және де ойынның мәні сонда, оның барысында әр түрлі қабілеттер қалыптасады, жетіледі, сонымен қатар өз әрекетін психикалық тұрғыда бақылап отыру қабілеті де қалыптасады. Ойынның жаттықтыру сипаты да бар екендігі сөзсіз. Қанағаттану сезімі - оның негізі стимуляторы. Бұндай стимуляция маңызды, өйткені ойынсыз жануардың өмір сүруі үшін қажет іс-әрекет және құлық дағдылары қалыптаспас еді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [12,14,18,20,24,26,29]

 

№10 дәріс тақырыбы. Қосымша білім беру мекемелеріндегі бос уақыттағы мерекелер мен салт-дәстүрлер

Көркем өнерпаздар ұжымына жетекшілік ету- адамзат практикасы облыстарының бірі. Бұл мамандықтың өзіне сай ішкі структурасымен кәсіби ерекшеліктері бар. Бұл мамандықта істейтін тұлғаның өзіндік жұмыс мазмұны мен кәсіби мінездемелері болады. Бұл мамандыққа оқыту 20 жылдың 60 жылдарынан бастап қолға алына бастады ж/е осы жылдардан бастап халық театры, халық хоры, халық би, коллективі, халық аспаптар оркестірінің дерижері мамандықтарына сай кәсіби біліктілігі заман талабына сай келетін мамандар дайындай бастады.Қазіргі кезде елімізде кейінгі деректер бойынша  40000-нан астам мамандық түрі бар десек, солардың ішінде әлеуметтік- педагогика- қызметімен айналысатын мамандық иелерінің алатын орны ерекше. Бұл мамандық иелерінің негізгі кәсіби нысаны- адам және адамның ішкі әсем дүниесі, психикасы, интелектінің өсуі. Ең басты мақсат - жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Бұл түста көркем өнерпаздар ұйымы жетекшісінің тұлға тәрбиелеудегі маңызы да шет қалмауы тиіс. Өйткені көркем өнерпаздар ұйымында әрбір азамат бос уақытын өзін қызықтыратын өнер түрімен айналысу үшін шығармашылықпен айналысады.Көркем өнерпаздар ұжымына қатысушы әр-түрлі мінезді, ішкі дүниесі мен сыртқы факторлары сан алуан  адамдарды бір мақсат, бір идеяға біріктіруде жетекшінің алар орны, ұйымдастырушының қабілеті  мен кәсіби біліктілігі, жеке мінезінің  ерекшеліктері үлкен роль атқарады. Кәсіби өнер ұжымы мен көркем өнерпаздар ұжымы жетекшісінің қандай болу керек. Енді осы жөнінде өрбітіп көрейік. Кәсіби өнер ұжымының негізгі мақсаты- өнерді көркемдік тауар ретінде жасап, тарату болып табылады. Сонымен бірге ерекше көркем туындыларды иденфикациялау, халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыру, олардын рухани сұранысымен талаптарына қанағаттандыруда кәсіби өнер. ұжымдардың негізгі мақсаттары болып табылады.

2.Көркем өнерпаздар ұжымы жетекшісінің кәсіби –психологиялық қасиеттерінің кейбір ерекшеліктері.

КӨҰ- жетекшісінің ең бір күрделі қасиеті – ол ұжымдағы адамгершілік –психологиялық климатты қалыптастыра білу керек, өзі де басқалар еліктейтіндей эмоциялық –психологиялық қарым –қатынаста болуы керек. Жетекшінің жанып тұрған жанары, алдағы мақсаттарға жетуге деген  ұмтылысы ұжымдағы адамдарды қызықтырып, ұжымдағы психологиялық процесстерді қасиетті бағытқа қалыптастыруға әсер етеді.         Бұл жерде айта кететін бір нәрсе, ол әкімшілік-басқару қызметіндегі іс-әрекет механизмі барлық жетекшілерге бірдей ортақ  екендігі. Әрбір жетекшінің бойында нерв жүйесінде тұрақтылығы, ұзақ ж/е  сахнаға жұмысқа деген тұрақтылығы, ұзақ ж/е сапалы жұмысқа деген біріктілік, мықты жігер, қаттылық, шешім қабылаудағы батылдық пен табандылық, сыртқы ықпал - әсерлерге деп тиісті реакция, психологиялық тепе-теңдік, уақыттың таршылық кезенінің өзінде дұрыс шешім қабылдау,ұстамдылық, шыдамдық, оптимиум, табандылық, бастаушылығы, ынтанушылық, мақсаткерлік қасиеттер  кездеседі. Жетекшілердін психологиясыда бірдей болып келеді ж/е ол алғашқы қауымдық құрылыстан бастау алады.Алғашқы қауымдық тұсында басшы сөйлеу кезінде  бойында басқару  ісіне деген икемділігі бар, белгілі бір қасиеттерді көрсете білетін адамға  сенім білдірілетін болған. Іс жүзінде жетекшінің үш типі кездеседі: а)авторитор; б) либерал; в) демократ.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [14,18,20,24,26,29,32]

 

№ 11 дәріс тақырыбы. Қосымша білім беру мекемелеріндегі мәдени бос уақыт  жұмысының   әлеуметтік -  педагогикалық  негіздері

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде гана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік өрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

        Сыныптан тыс төрбие жұмысы - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатьій ұүғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал  сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының айналысу   баланың   жеке   әлеуметтік   тәжірибесін жандырып,  жетілдіреді,  оның адамзат  құндылықтарына  негізінен білімдерін    байытып, қажетті практикалық дағдысын калыптастырады. Үшіншіден   сыныптан   тыс   түрлі тәрбие жұмысы' өрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орыңдауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қаңдай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мөселеге айналуда.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейдІ, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, озін басқа жолдастарының орнына қоя білуге төрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысьшда үлен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас төжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте. балалар "бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін" оған қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с.

Бесіншіден,      сыныптан      тыс      төрбие      жұмысының  жауапкершілігін   арттырады.   Бүған   қосымша, шығармашылық белсенділікті талап етеді.  Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы, себебі, онда тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындық туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оңың нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырьшады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: [13,18,20,24,26,29,32]

 

 

9. Семинарлық сабақтардың жоспары

Тақырып 1. Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс пәні

Сұрақтар:

1.        «Бос уақыт» түсінігіне ғылыми талдау.

2.       Мәдени-бос уақыт іс-әрекетіне ретроспективті көзқарас.

3.       Бос уақыттың қосымша білім беру мекемелеріндегі қалыптасу кезеңдері.

Тапсырмалар:

1. № 1 дәрістегі материалдарды қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген сұрақтардың жауаптарын дайындау.

 2. Бос уақыттың қалыптасу себептерімен ғылыми тұрғыда танысу. Әдебиеттер қолдану.

   Келесі тапсырмаларды орындау:

А) «Бос уақыттың қалыптасу кезеңдері» кесте құрастыру.

В) «Бос уақыт тұлғаның әлеуметтену факторы ретінде» тақырыбына шығарма жазу.

 

Тақырып 2. Бос уақыт педагогикасының тарихы

Сұрақтар:

1.Бос уақыт педагогикасының пәні, объектісі және  субъектісі.

2.Бос уақыт түсінігі, мәні , ерекшеліктері және мақсаты.

3.Жеке тұлғаның рухани дамуында бос уақыт педагогикасының алатын орны мен рөлі.

Тапсырмалар:

1. Бос уақыттың әлеуметтік –мәдени құбылыс ретінде қалыптасу кезеңдерін ашып айту.

2. Бос уақыт сферасындығы басты түсініктерді тізіп беру. Олардың байланыстарын көрсету.

 

Тақырып 3. Бос уақыт аксеологиясы.

Сұрақтар:

1. Мәдени-тынығу қызметінің мазмұнын реттеу және іріктеу принциптері.

2. Бос уақытты педагогикалық ұйымдастыру принциптері.

   3. Іріктеу және мәдени-тынығу қызметінің мазмұнын реттеу принциптері немен анықталады?

   4. Бос уақытты педагогикалық ұйымдастыру принциптерін ашып көрсетіңіз.

Тапсырмалар: "Клуб қызметкері: кәсіби позициясы" тақырыбына эссе жазу.

 

Тақырып 4. Бос уақыт инфраструктурасы

Сұрақтар:

1.Клубтағы педагогикалық процестің негізгі ерешеліктері және мәні.

 2.Клубтық педагогикалық процесс жүйе ретінде.

Тапсырмалар: үйірме жұмысының жоспарын құрау. Мәдениет қызметкерінің барлық кезеңдердегі жұмыс мазмұнын көрсету.

 

Тақырып 5. Бос уақыт педагогикасының принциптері

Сұрақтар:

1.       Ойын түсінігің анықтамасы.

2.       Ойын функциялары.

3.       Ойын түрлері.

4.       Ойынды  өткізудің ұйымдастырушылық негізі.

Тапсырмалар: Ойынның әдістемелік нұсқауын құрастыру.

Тапсырманы орныда үшін  қажетті әдістемелік нұсқаулар:

   Анализ жасауға дайындалу үшін ұсынылған әдебиеттерді қарау және шаралардың әдістемелік нұсқауларына олардың ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелеріне тоқталу.

Ойынның әдістемелік нұсқасының үлгі кестесі

1. Ойын атауы.

2. Ойын мақсаты.

3. Ойын бағыты

4. Жасерекшелік  категориясы ( __ бастап және __ дейін).

5. Қатысушылар саны.

6. Ойынға қойылатын талаптар  (реквизит, ойын алаңының жабдықталуы жүргізушілер, көрермендер және басқалар).

7. Ойын тәртібі.

8.  Ойынның ұзақтығы.

9.  Ескерту.

10.Ойынның өткізілуі.

11.Қолданылған әдебиеттер.

12. Қосымша.

 

Тақырып  6. Бос уақыт педагогикасының әдістері

Сұрақтар:

1. “Тәрбие” және “тәрбиелеу” ұғымдарын түсіндіру.

2.  Тәрбие факторлары.

3. Мәдени –тынығу мекемелеріндегі тәрбие процесінің маңызы.

Тапсырмалар:

Мәдени- тынығу  мекемелелерінің жоспарын құрастыру, таңдау бойынша. Мәдени- тынығу  мекемелелердегі қызметкерлерінің әр кезеңдеріндегі жұмыс қызметін көрсету.

 

Тақырып 7. Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемелік негіздері

Сұрақтар:

1.  Ұжымдық- шығармашылық іс - әдістемесін өткізу ерекшеліктері.

2.  ҰШІ өткізу кезеңдері.

Тапсырмалар:

1. Оқушыларға арналған ҰШІ тақырыптарына анализ жасау.

2.  «Уақытша ұжымда ҰШІ өткізуде кеңес беру»  тақырыбында талдау жасау.

3. ҰШІ  кезеңдерін өткізу: тәрбиешінің жұмыстар, ұжымдық жоспарлау, мерекеге даярлық, мерекелік шараны өткізу, ұжымның жүргізген  жұмыстарының қортындысын шығару.

 

Тақырып 8. Бұқаралық мәдени-тынығу қызметінің драматургиясы мен режиссурасы

Сұрақтар:

      1. Бұқаралық мәдени-тынығу қызметінің түсінігі.

2. Драматургия мен режиссура ұғымдарына түсінік беру.

3. Бұқаралық мәдени-тынығу қызметінің драматургиясы мен режиссура мәні.

Тапсырмалар:

1. «Бұқара», «мәдени-тынығу қызмет», «драматургия» ұғымдарын сөздікке жазу.

2. Бұқаралық мәдени-тынығу қызметінің драматургиясымен режиссурасы  туралы мәлімет дайындау

3. Топтық жұмыс «Бұқаралық мәдени- тынығу қызметінің драматургиясымен режиссурасы».

 

Тақырып 9. Ойын-бос уақыт құрылымы ретінде

Сұрақтар: 1. Ойын  - бос уақыт құрылымы ретінде

                  2.Ойын ұйымдастыру түрлері

Тапсырмалар:

1. «Ойын», «тәрбие» ұғымдарын сөздікке жазу.

2. Ойын  ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқауды құрастыру.

3. Топтық жұмыс «Ойын-бос уақытқұрылымы ретінде».

 

Тақырып 10. Қосымша білім беру мекемелеріндегі бос уақыттағы мерекелер мен салт-дәстүрлер

Сұрақтар:  

1.       Әлеуметтік-мәдени жобалау пәні маңызын ашыңыз. 

2.       Әлеуметтік-мәдени жобалауда мәдени жұмыс ерекшеліктері.

Тапсырмалар:

1. «Мереке», «салт-дәстүр» ұғымдарын сөздікке жазу.

2. Мерекелер  ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқауды құрастыру.

3. Топтық жұмыс «Бос уақыт  мерекелер мен салт-дәстүрлер».

 

Тақырып 11. Қосымша білім беру мекемелеріндегі мәдени бос уақыт  жұмысының   әлеуметтік -  педагогикалық  негіздері

Сұрақтар:

 1.Әлеуметтік мәдени мекемелерде анимациялық бағдарламалардың ерекшеліктерін атаңыз

2. Мәдени тынығу  мекемелердің іс әрекеттері.

Тапсырмалар:

1. «Мектеп», «мектептен тыс мәдени-тынғу жұмыс» ұғымдарын сөздікке жазу.

2. Мектепте мәдени тынығу шараларды ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқауды құрастыру.

 

10. Лабораториялық сабақтар - қарастырылмаған

 

11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

        СОӨЖ студенттер негізгі ғылыми-әдістерді игере алу, ғылыми жұмысты жоспарлай білу, ғылыми-ақпараттық аппаратты дұрыс құрастыра білу.   Сонымен қатар студенттер курс бағдарламасына сәйкес барлық тақырыптарды игерулері және келесідей тапсырмаларды орындау керек:

 

Тақырып 1. Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс пәні

        Сұрақтар:

      1. Бос уақыт анықтамасы.

  1. Бос уақыт педагогикасының мәні.
  2. Бос уақыт ережесінің анализін шығару; талдау; кесте құруда кеңес беру.

Тапсырма: маманның ереже -сипаттамаларын құрастыру «Мәдениетқызметкер –  балалармен бос уақыттың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыру» (маманның мінез квалификациясы негізінде), қортындысын кестеге енгізу.

Нені білуі керек

маман

Маман нені жасай алуы керек

Маманның жеке сипаттамалары

1.

 

 

2.

 

 

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 7, 8, 11, 13.

 

Тақырып 2. Бос уақыт тарихы

Сұрақтар:

1. № 2 дәрісті және білімді қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап дайындау.

2. «Бос уақыт педагогикасының принциптері» тақырыбында слайд жасау.

3.Слайдты қолдана отырып, слайд мазмұнын білу және жауап беру барысында қолдана білу. 

Тапсырмалар: «Бос уақыт педагогикасы принциптері» дискуссия өткізу.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1,4,7.

 

Тақырып 3.  Бос уақыт аксеологиясы

Сұрақтар: 1. Аксеология түсінігі.

  1. Аксеология түрлері.
  2. Бос уақыт аксеологиясын талдау;  бос уақыт бағдарламаларын құрастыруға кеңес беру.

Тапсырма:

Таблица толтыру «Бос уақыт әдісі». Реферат жазу (таңдау бойынша).2.6.п бойынша жазбаша жұмыстарының тақырыптары.

Іс-әрекет КДД ұйымдастырушы

Әдістері

Өткізу ерекшеліктері

Ескерту.

 

профилактикалық

 

 

 

диагностикалық

 

 

 

прогностикалық

 

 

 

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:1,2,5.

 

Тақырып 4. Бос уақыт инфраструктурасы

        Сұрақтар: 1. Бос уақыт құрылымы.

                          2. Бос уақыт инфраструктурасының түрлері

Тапсырмалар:

1. № 6 дәріс материалдарын және ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, жазбаша конпект жазу және ауызша сұрақтарға жауап дайындау.

2. «Бос уақыт инфраструктурасы» схема құрасытыру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 2,5,8.

 

Тақырып 5. Бос уақыт педагогикасының принциптері.

Сұрақтар:

1. «Принцип» түсінігіне анықтама беріп жұмыс дәптеріне конспект жасау.

2.  Бос уақыт педагогиканың принциптеріне тоқталып, қысқаша конспект жасау.

Тапсырма:

Дөңгелек үстел ұйымдастыру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 8, 9, 11, 13.

 

         Тақырып 6. Бос уақыт педагогикасының әдістері

Сұрақтар:

1. «Тәрбие», «әдіс», «әдістеме» ұғымдарын сөздікке жазу.

2. Тәрбие сағатын ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқауды құрастыру.

Тапсырма:

 Топтық жұмыс «Бос уақытты ұйымдастырудағы педагогикалық әдістер мәні».

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 7, 8, 11, 13.

 

Тақырып 7. Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемелік негіздері

Сұрақтар:

                  1. Бұқаралық көпшілік шаралардың анықтамасы.

            2. Бұқаралық көпшілік шараларды ұйымдастыру тәсілдері.

            3. Бұқаралық көпшілік шараларды ұйымдастырудың  әдістемесі.

Тапсырма:

Көпшілік бос уақытын ұйымдастыру бағдарламасына анализ жасау; талқылау; бос уақыт бағдарламаларын құрастыруға кеңес беру. 2 күндік көпшілік демалысы бағдарламасына түзетулер енгізу. Екеулеп жұмыс жасау.

       Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 2,5,8.

 

Тақырып 8. Бұқаралық мәдени- тынығу қызметінің драматургиясы мен режиссурасы

Сұрақтар:

      1. Бұқаралық мәдени-тынығу қызметінің түсінігі.

2. Драматургия мен режиссура ұғымдарына түсінік беру.

3. Бұқаралық мәдени-тынығу қызметінің драматургиясы мен режиссура мәні.

Тапсырмалар:

1. «Бұқара», «мәдени-тынығу қызмет», «драматургия» ұғымдарын сөздікке жазу.

2. Бұқаралық мәдени-тынығу қызметінің драматургиясымен режиссурасы  туралы мәлімет дайындау

3. Топтық жұмыс «Бұқаралық мәдени- тынығу қызметінің драматургиясымен режиссурасы».

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 3,6,9.

 

Тақырып 9. Ойын - бос уақыт құрылымы ретінде

Сұрақтар:

1. Ойын  - бос уақыт құрылымы ретінде

2.Ойын ұйымдастыру түрлері

Тапсырмалар:

1. «Ойын», «тәрбие» ұғымдарын сөздікке жазу.

2. Ойын  ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқауды құрастыру.

3. Топтық жұмыс «Ойын-бос уақытқұрылымы ретінде».

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,5,8

Тақырып 10. Қосымша білім беру мекемелеріндегі бос уақыттағы мерекелер мен салт-дәстүрлер

Сұрақтар:  

3.       Әлеуметтік-мәдени жобалау пәні маңызын ашыңыз. 

4.       Әлеуметтік-мәдени жобалауда мәдени жұмыс ерекшеліктері.

Тапсырмалар:

1. «Мереке», «салт-дәстүр» ұғымдарын сөздікке жазу.

2. Мерекелер  ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқауды құрастыру.

3. Топтық жұмыс «Бос уақыт  мерекелер мен салт-дәстүрлер».

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6

 

Тақырып 11. Қосымша білім беру мекемелеріндегі мәдени бос уақыт  жұмысының   әлеуметтік -  педагогикалық  негіздері

Сұрақтар:

 1.Әлеуметтік мәдени мекемелерде анимациялық бағдарламалардың ерекшеліктерін атаңыз

2. Мәдени тынығу  мекемелердің іс әрекеттері.

Тапсырмалар:

1. «Мектеп», «мектептен тыс мәдени-тынғу жұмыс» ұғымдарын сөздікке жазу.

2. Мектепте мәдени тынығу шараларды ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқауды құрастыру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: ,7,8,9

 

Тақырып12. Бос уақыт қызметіндегі тәрбие процесінің мәні

Сұрақтар:  

1. Қонақ үйлердегі мәдени анимациялық бағдарламалар бағыттары.

2. Мәдени бағдарламалардың маңыздылығы.

3. Мәдени бағдарламалармен жұмыс кезеңдері.

Тапсырмалар:

1. № 10 дәріс материалдарын және ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, жазбаша конпект жазу және ауызша сұрақтарға жауап дайындау.

2. «Бос уақыт қызметіндегі тәрбие процесі» схема құрасытыру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1,4,7.

 

Тақырып 13. Клуб жұмысының педагогикасы.

Сұрақтар:  

1.Жобалау кезеңдері.

2.Жабаны талдау

3.Жоба түрлері.

Тапсырмалар:

1. № 11 дәріс материалдарын және ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, жазбаша конпект жазу және ауызша сұрақтарға жауап дайындау.

2. «Клуб аудиториясы» схема құрасытыру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 2,5,8

 

Тақырып 14. Отбасылық бос уақыты мәдениеті.

Сұрақтар:

        1. Сценариймен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар

 ерекшеліктері.

2. Мәдени тынығуды ұйымдастырушылардың кәсіби –психологиялық қасиеттерінің кейбір ерекшеліктері

Тапсырмалар: 2 күндік отбасы демалысы бағдарламасына түзетулер енгізу. Екеулеп жұмыс жасау.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 3,6,9,12,16

 

Тақырып 15. Әлеуметтік-педагогикалық жұмысында бос уақыттың рөлі

Сұрақтар:

1.Композицияға анықтама

2. Композиция түрлері

Тапсырмалар:

1. Дәріс материалдарын және ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, жазбаша конпект жазу және ауызша сұрақтарға жауап дайындау.

2. «Мәдени білім ортасындағы» схема құрасытыру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,9,12,16,18

 

12.  Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

 

Тақырып 1. Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс пәні

      Тапсырма: пән бойынша картотека құрастыру.

      Сұрақтар:     

      1. Бос уақыт анықтамасы.

  1. Бос уақыт педагогикасының мәні.
  2. Бос уақыт ережесінің анализін шығару; талдау; кесте құруда кеңес беру.

       Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1. Сабаққа дайындалу үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу және лекцияға дайындалу.

2. Ережені дұрыс құрастыру үшін психолого-педагогикалық талаптарға сәйкес лекцияда алған білімді, ұсынылған әдебиеттерді  қолдану.

Пән бойынша картотека құрастыру. Студенттерге тапсырма: Ғылыми әдебиеттерді оқу негізінде пән бойынша  картотека құрастыру. Жеке жұмыс. Картотека 20-дан кем емес әдебиет көздерін қамту керек.

       Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 2,4,6,7.

 

Тақырып 2. Бос уақыт тарихы

      Тапсырма:

       1. Ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, «Бос уақыт әдістемесі» туралы кесте құрастыру.

       2. Ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, бос уақыттың психологиялық-педагогикалық сипаттамасын беру. Конспект немесе слайд-презентация жасау.

       Сұрақтар:

       1. № 2 дәрісті және білімді қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап дайындау.

       2. «Бос уақыт педагогикасының принциптері» тақырыбында слайд жасау.

       3.Слайдты қолдана отырып, слайд мазмұнын білу және жауап беру барысында қолдана білу. 

       Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1. Таблица құрастыру үшін ұсынылған әдебиеттерді қолдану.

2.  Конспект мазмұны қарастырылатын тақырыптың мазмұнын ашатын болу керек, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету, конспект СОӨЖ сабағында қарастырылу керек.

3. Жауап беруге дайындалу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолдану керек. 

2. Слайд жасай алу үшін, PowerPoint бағдарламасын білу.  

       Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 7, 8, 9, 11, 13.

 

Тақырып 3. Бос уақыт аксеологиясы

       Тапсырма: мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға ойын әдістемесін құрастыру. Жеке жұмыс жасау.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

ойын әдістемесі. Студенттерге тапсырма:  мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға ойын әдістемесін құрастыру. Жеке жұмыс жасау.

Ойынның әдістемелік нұсқасының үлгі кестесі

1. Ойын атауы.

2. Ойын мақсаты.

3. Ойын бағыты

4. Жасерекшелік  категориясы ( __ бастап және __ дейін).

5. Қатысушылар саны.

6. Ойынға қойылатын талаптар  (реквизит, ойын алаңының жабдықталуы жүргізушілер, көрермендер және басқалар).

7. Ойын тәртібі.

8.  Ойынның ұзақтығы.

9.  Ескерту.

10.Ойынның өткізілуі.

11.Қолданылған әдебиеттер.

12. Қосымша.

      Сұрақтар:

      1. Аксеология түсінігі.

  1. Аксеология түрлері.
  2. Бос уақыт аксеологиясын талдау;  бос уақыт бағдарламаларын құрастыруға кеңес беру.

      Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

 Жеке жұмыс жасау. Процесс кеізнде таблицаны дұрыс толтыруды ескеру. Жұмыс соңында оқытушы берілген тапсырманы тексереді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 10

 

Тақырып 4. Бос уақыт инфраструктурасы

       Тапсырма: «Жастардың бос уақытын ұйымдастырудағы клуб қызметкерінің рөлі» тақырыбына  эссе құрастыру.

       Сұрақтар: 1. Бос уақыт құрылымы.

                         2. Бос уақыт инфраструктурасының түрлері

        Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

        1. Эссе – бұл берілген тақырыпқа қысқаша шолу. 1-2 бет көлемінде клуб қызметкерінің (аниматордың көркемөнерпаздар немесе әлеуметтік педагогтың) мәдени-бос уақытты ұйымдастырудағы қызметін жазу.

        2. Конспект және ауызша жауапты дайындау үшін ұсынылған әдебиеттерді қолдану, және тәрбие процесінің мәніне тоқталу.

        3. Кестені дұрыс құрастыру үшін әртүрлі зерттеушілердің көзқарастарына анализ жасай ала отырып, ұсынылған әдебиеттерді қолдану.

         Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 4, 7, 8, 11, 12.

 

Тақырып 5 . Бос уақыт педагогикасының принциптері

      Тапсырма: «Бос уақыт педагогикасының принциптеріі» атты рефератты талдауға қатысу.

      Сұрақтар:

1. «Принцип» түсінігіне анықтама беріп жұмыс дәптеріне конспект жасау.

2.  Бос уақыт педагогиканың принциптеріне тоқталып, қысқаша конспект жасау.

       Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Конспектке және ауызша жауап беруге дайындалу үшін ұсын ылған әдебиеттерді қолдану және ойын түрлеріне тоқталу. 

Әр рефератқа баяндама берушімен оппонент тағайындалады, ол толықтылулар енгізіп, нікір-таласқа қатысады, рефератты бағалайды. ОСӨЖ сабақтарында реферат қорғалады.

       Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 8, 11, 12.

 

Тақырып  6 . Бос уақыт педагогикасының әдістері.

      Тапсырма:

1.  Ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, «Әдіс», «әдістеме», «принцип», «мәдениет» түсініктерін сөздіктен жазу.

2. 13 п. бойынша тақырып таңдау арқылы реферат жазу.

3. «Көркем өнерпаздар мамандығының ерекшеліктері» тақырыбында шығарма жазу.

       Сұрақтар:

1. «Тәрбие», «әдіс», «әдістеме» ұғымдарын сөздікке жазу.

2. Тәрбие сағатын ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқауды құрастыру.

        Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1. Сөздікпен жұмыс жүргізгенде ұсынылған әдебиеттерді қолдану.

2. Реферат жазу үшін тақырып таңдау, жоспар құрастыру және реферат мазмұны қарастырылатын тақырыптың мазмұнын ашатын болу керек, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету, реферат СОӨЖ сабағында қорғалуы тиіс.

3. Сөздікпен жұмыс жасау үшін ұсынылған әдебиеттерден материал қарау. 

       Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 3, 5, 8, 9, 11,16

 

Тақырып 7. Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемелік негіздері

Тапсырма: «Бұқаралық көпшілік шаралардыұйымдастырудың әдістемелік негіздері» тақырыбына рефератты талдауға қатысу.

Сұрақтар:

      1. Бұқаралық көпшілік шаралардың анықтамасы.

      2. Бұқаралық көпшілік шараларды ұйымдастыру тәсілдері.

      3. Бұқаралық көпшілік шараларды ұйымдастырудың  әдістемесі.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1. 2 күндік көпшілік демалысы бағдарламасына жасай отырып, таблицадағы бөлімдермен, талаптарға сай болуын қадағалау. Екеулеп жұмыс жасау.

            2. Оқушыларға арналған ҰШІ тақырыптарына анализ жасау. «Уақытша ұжымда ҰШІ өткізуде кеңес беру»  тақырыбында талдау жасау.

            3. Әр рефератқа баяндама берушімен оппонент тағайындалады, ол толықтылулар енгізіп, нікір-таласқа қатысады, рефератты бағалайды. ОСӨЖ сабақтарында реферат қорғалады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 8, 11, 12,14,18

 

Тақырып 8. Бұқаралық мәдени- тынығу қызметінің драматургиясы мен режиссурасы

Тапсырма:

1. № 8 дәрісті және білімді қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап дайындау.

2. «Бұқаралық мәдени тынығу қызметінің драматуригиясы мен режиссурасы» тақырыбында слайд жасау.

3.Слайдты қолдана отырып, слайд мазмұнын білу және жауап беру барысында қолдана білу. 

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1. Жауап беруге дайындалу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолдану керек. 

2. Слайд жасай алу үшін, PowerPoint бағдарламасын білу.

3. Сөздікпен жұмыс жасау үшін ұсынылған әдебиеттерден материал қарау. 

 

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 7, 8, 9, 16, 19, 21

 

Тақырып 9. Ойын - бос уақыт құрылымы ретінде

Тапсырма:

1. № 9 дәрісті және білімді қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап дайындау.

2. «Ойын-бос уақытқұрылымы ретінде» тақырыбында слайд жасау.

3.Слайдты қолдана отырып, слайд мазмұнын білу және жауап беру барысында қолдана білу. 

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1. Жауап беруге дайындалу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолдану керек. 

2. Слайд жасай алу үшін, PowerPoint бағдарламасын білу.  

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 7, 8, 9, 11, 13,17,19

 

Тақырып 10. Қосымша білім беру мекемелеріндегі бос уақыттағы мерекелер мен салт-дәстүрлер

Тапсырма:

1. № 10 дәрісті және білімді қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап дайындау.

2. «Бос уақыт мерекелер мен салт-дәстүрлер» тақырыбында слайд жасау.

3.Слайдты қолдана отырып, слайд мазмұнын білу және жауап беру барысында қолдана білу. 

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1. Жауап беруге дайындалу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолдану керек. 

2. Слайд жасай алу үшін, PowerPoint бағдарламасын білу.  

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 7, 8, 9, 11, 13.

 

Тақырып 11. Қосымша білім беру мекемелеріндегі мәдени бос уақыт  жұмысының   әлеуметтік -  педагогикалық  негіздері

Тапсырма:

1. № 11 дәрісті және білімді қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап дайындау.

2. «Мектептегі мәдени бос уақыт жұмысының әлеуметтік –педагогикалық негіздері» тақырыбында слайд жасау.

3.Слайдты қолдана отырып, слайд мазмұнын білу және жауап беру барысында қолдана білу. 

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1. Жауап беруге дайындалу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолдану керек. 

2. Слайд жасай алу үшін, PowerPoint бағдарламасын білу.  

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6,9,14,17

 

Тақырып 12. Бос уақыт қызметіндегі тәрбие процесінің мәні.

Тапсырма: « Бос уақыт қызметіндегі тәрбие процесінің мәні.» тақырыбына рефератты талдауға қатысу.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Әр рефератқа баяндама берушімен оппонент тағайындалады, ол толықтылулар енгізіп, нікір-таласқа қатысады, рефератты бағалайды. ОСӨЖ сабақтарында реферат қорғалады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 7,8,9,14,16,18

 

Тақырып 13. Клуб жұмысының педагогикасы.

Тапсырма: «Клуб жұмысының педагогикасы.» тақырыбына рефератты талдауға қатысу.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Әр рефератқа баяндама берушімен оппонент тағайындалады, ол толықтылулар енгізіп, нікір-таласқа қатысады, рефератты бағалайды. ОСӨЖ сабақтарында реферат қорғалады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1,4,7,9,13,17,19,20

 

Тақырып 14. Отбасылық бос уақыт мәдениеті.

Тапсырма: «Отбасы бос уақыты мәдениеті» тақырыбына рефератты талдауға қатысу.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Әр рефератқа баяндама берушімен оппонент тағайындалады, ол толықтылулар енгізіп, нікір-таласқа қатысады, рефератты бағалайды. ОСӨЖ сабақтарында реферат қорғалады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 2,5,8,9,13,17,19,20

 

Тақырып 15. Бос уақыт педагогикасының мәдени-

білім ортасындағы мәдени – тынығу жұмысының мәні

 

Тапсырма: «Бос уақыт  педагогикасының мәдени білім ортасындағы мәдени –тынығу жұмысының мәні» тақырыбына рефератты талдауға қатысу.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Әр рефератқа баяндама берушімен оппонент тағайындалады, ол толықтылулар енгізіп, нікір-таласқа қатысады, рефератты бағалайды. ОСӨЖ сабақтарында реферат қорғалады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 3,6,9,13,17,19,20

 

 

13. Жазбаша жұмыстар және  курстық жұмыстар тақырыптары

Рефераттар тақырыптары:

1.  Қосымша білім беру мекемелеріндегі жұмыстың әдістемесі.

2.  Қосымша білім беру мекемелеріндегі жұмыстың әдісі.

3.  Қосымша білім беру мекемелеріндегі жұмыстың қызметтері.

4.  Шығармашылық ұжымдағы тәрбие жұмысы.

5.  Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру.

6.  Қосымша білім беру мекемелеріндегі оқу-әдістемелік және әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру.

7.  Қосымша білім беру мекемелерінің жалпы ережелері.

8.  Бос уақыт педагогикасының теоретикалық негіздері.

9.  Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың әдістемесі.

10. Жеке тұлғаның рухани дамуындағы бос уақыт педагогикасының рөлі мен маңызы.

11.Клуб – бос уақыт ұйымдастырушы.

12. Клуб және клубтық мекеме.

13.Қосымша білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдер клубының ұйымдастырушылық -әдістемелік жұмысы.

14.Жасөспірімдер және балалармен жұмыс жүргізу клубның  ұйымдастыру және әдістемесі.

15.Әлеуметтік-педагогикалық  жұмыстардың, объектісі және субъектісі.

16.Қосымша білім беру мекемелеріндегі жұмысының мақсаты және түсінігі, мәні, ерекшеліктері.

17. Қосымша білім беру мекемелеріндегі клуб кеңістігіндегі әлеуметтік бейімделу және қайта –қалыптастыру мәселелері.

18.Жасөспірім клубтарындағы ұжымдық шығармашылық қызметті ұйымдастыру технологиясы.

19. Клубтар және клубтық ұйымдар.

20. Қызығушылық клубтары.

21. Бос уақыт педагогикасы жұмысы отбасылық бос уақыт формасы ретінде.

22. Бос уақыт педагогикасы жұмысындағы ұлттық дәстүрлер.

23. Халық педагогикасын бос уақыт педагогикасында қолдануының көрінісі.

24. Бос уақыт педагогикасын ұйымдастыру әрекетіндегі  орталықтардың алатын орны.

25. Бос уақыт педагогикасы пәніне жалпы кіріспе.

 

Бақылау жұмыстар тақырыптары:

1. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс - іс-әрекеттің күрделі түрі ретінде.

2. Қосымша білім беру мекемелеріндегі бос уақыт жұмысының әдісі.

3. Қосымша білім беру мекемелеріндегі мәдени-тынығу  жұмысының түрлері.

4. Қосымша білім беру мекемелерінің жұмысының ашық түрдегі басты бағыттары.

5. Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысын ұйымдастыру кезеңдері.

6. Қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік-педагогикалық жұмысын ұйымдастыру.

7. Қосымша білім беру мекемелерінде мәдени-тынығу жұмысының әдістері.

8. Бос уақыт педагогика ұғымы.

9.Әлеуметтік-педагогикалық жұмысының принциптері және оның этномәдениеттік білім беру жұмысымен байланысы.

10.Жастар арасындағы бос уақыт педагогикасы жұмысын ұйымдастыру.

11. Әлеуметтік-педагогикалық жұмысының  формалары.

12. Әлеуметтік-педагогикалық жұмысының ұйымдастырылу жағдайы.

13. Әлеуметтік-педагогикалық жұмысын ұйымдастыру орталығындағы  халық педагогикасының алатын орны

14. Әлеуметтік педагогиканың бос уақыт педагогикасы жұмысындағы функциясы мен басты бағыттары.

15. Бос уақыт педагогикасы жұмысының тиімді критерийлері.

Әдебиеттер тізімі:

1.       Камалова Н.К. Той- мерекелік, салт-дәстүрлік әрекеттер. Шымкент-2012ж.

2.       Кеш жарық. Құрастырған А. Жұманқұлов. Алматы, «Өнер» 2016ж.

3.       Д.Тұранқұлова. Көркемсөз оқу шеберлігі. Алматы,»Білім»-2011ж.

4.       Энциклопедичкский словарь юного  зрителя: театр,кино,цирк, эстрада, телевидение.М.: Педагогика  2006ж.

     5.Әуезов М. Жалпы театр өнері мен қазақ театры. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – Алматы: Ғылым, 2008. Т. 3. Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар. – 392 б.

 

     Оқу жоспары бойынша курстық жұмыстар қарастырылмаған.

 

14.  Баға туралы ақпараттарда білім бағасы, шкаласы, бі-
лім бағасы критерийлері, тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар беріледі.

Студенттің білімін бағалайтын рейтинг-шкала

 

Рейтинг

Балдар

Ағымдық

50  - 100

Аралық

50   - 100

Қорытынды

50  -  100

Барлығы:

50  - 100

 

15. Курс бойынша емтихан сұрақтары

1.       Қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысының пәні, объектісі және  субъектісі.

2.       Бос уақыт түсінігі, мәні, ерекшеліктері және мақсаты

3.        Жеке тұлғаның рухани дамуындағы бос уақыт педагогикасының рөлі мен орны.

4.       Әлеуметтік-педагогикалық қызметінің функционалды түрлері.

5.       Клуб жұмысындағы әлеуметтік-педагогикалық процестің басты ерекшеліктері мен мәні.

6.       Клубтық педагогикалық процесс жүйесі ретінде.

7.       Клуб” және “клубтық мекеме түсінігі.

8.       Клуб мекемелерінің тарихи қалыптасуы.

9.       Клубтың қоғамдық фунцияларының қалыптасуы. 

10.   Қазіргі заманғы клуб дамуының тенденциялары.

11.   Клуб жұмысының мақсаты және міндеттері.

12.   Қосымша білім беру мекемелеріндегі клубтық ұйымдар.

13.   Қосымша білім беру мекемелеріндегі клубтық ұйымдардың спецификалық белгілері

14.   Қосымша білім беру мекемелеріндегі клубтық ұйымдардың түрлері.

15.   Қосымша білім беру мекемелерінде клубтық ұйымдарды басқару.

16.   Қосымша білім беру мекемелерінде клубтық ұйымдарды құру әдістемелері.

17.   Қосымша білім беру мекемелеріндегі клубтық ұйымдардың іс-әрекеттері

18.   Қосымша білім беру мекемелеріндегі әдістемелерінің негізгі бөлімдері.

19.   Бос уақытты ұйымдастыру қызметтерінің басты бағыттары.

20.   Бос уақыттың әлеуметтік-мәдени қалыптасуының даму этаптары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

1. Күндізгі оқыту нысанының жұмыс оқу жоспары................3

        2.Оқытушылар туралы мәліметтер:...........................................4

3. Пререквизиттер………………………………………...........4

4. Постреквизиттер......................................................................4

5. Пәннің қысқаша мазмұны.......................................................4

6.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі........................................................................................5

7.Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі...........................................................................................6

8. Лекциялық кешен (лекция тезисі)........................................8

9. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары..................32

 10.Лабораториялық сабақтар жоспары....................................36

11.Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.................................................................................36

12.Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары....................................................................................41

13.Жазбаша жұмыстар және  курстық жұмыстар тақырыптары............................................................................49

14. Баға туралы ақпараттар.......................................................51

15. Курс бойынша емтихан сұрақтары....................................51

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Пожаловаться на материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

также Вы можете выбрать тип материала:

Проверен экспертом

Общая информация

Скачать материал

Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Чёрная пятница

-75%

На все курсы повышения квалификации и профессиональной переподготовки