Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Учебно-методическое пособие: Орыс тілді бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәніне арналған.

Учебно-методическое пособие: Орыс тілді бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәніне арналған.

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m535fdfb2.gifhello_html_6ed7542a.gifhello_html_43071c7c.gifhello_html_58c55f19.gifhello_html_5f314063.gifhello_html_m647ffaed.gifhello_html_b450121.gifhello_html_1b0676ab.gifhello_html_2fed6c6c.gifhello_html_466c3238.gifhello_html_625f1bec.gifhello_html_m1acaa190.gifhello_html_159f24bd.gifhello_html_40250f04.gifhello_html_5c9f5027.gifhello_html_798c948b.gifhello_html_m15183e4a.gifhello_html_me89630d.gifhello_html_m6133c4e9.gifhello_html_5598d047.gifhello_html_m8eb9a5c.gifhello_html_m7c0b8652.gifhello_html_m57329282.gifhello_html_m26ad6fc5.gif

Акангалиева Ж.А.

















Оқу әдістемелік құрал

Бағыты: Орыс тілді бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәніне арналған.













Өскемен,2015

УДК

ББК



Акангалиева Ж.А. Қазақ тілі. <<Оқу-әдістемелік құрал>>. Өскемен: 2015ж.



Қазақ гуманитарлық заң университеті қазақ және орыс тілдері кафедрасының әдістемелік семинарының №3 Хаттамасы бойынша баспаға ұсынылды.





Пікір жазғандар: ф.ғ.к., доцент С.М. Сапина,ф.ғ.к., доцент Қ.С. Дүсіпбаева





Қазақ тілі. Оқу-әдістемелік құрал бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін үйренуде көмекші әдістемелік құрал бола алады. Көмекші құралда қосымша тірек сөздер, грамматикалық мәлімет, мақал-мәтелдер, қызықты жаттығулар берілген. Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін үйренушілер мен оқушыларға арналған.













Алғы сөз

Қазақ тілі. Оқу-әдістемелік құрал бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін үйренуде көмекші әдістемелік құрал бола алады. Оқу-әдістемелік құралда қосымша тірек сөздер, грамматикалық мәлімет, мақал-мәтелдер, қызықты жаттығулар берілген. Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін үйренушілер мен оқушыларға арналған.

Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты: оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізуге, біреудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсінуге дағдыландыру.

Оқу-әдістемелік құралдың міндеттері:

  • жаңа сөздерді меңгерту;

  • айтылым тапсырмалары бойынша сөйлеп дағдыландыру;

  • жазылым тапсырмалары бойынша дұрыс жазуға үйрету;

  • оқылым тапсырмалары бойынша жазғанды дұрыс оқуға баулу.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру - маңызды мәселелердің бірі.

Білім, ептілік, дағды талаптарына (ЗУН) байланысты суреттер арқылы жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойларын жеткізуде пайдаланып, дұрыс айту, жазуға дағыдыландыру көзделген. Ол әрбір тапсырмада сұрақтарға жауап беруде, тор көздерді толтыру арқылы жүзеге асырылады.

Айтылым, жазылым, оқылым бойынша көкөніс, жануарлар, отбасы түсініктері қамтылған.

Бұл оқу-әдістемелік құралдың қажеттілігі тақырыптарға байланысты қосымша материалдардың сыни ойлауға негізделіп интербелсенді әдістер арқылы тілді меңгертуде деп білеміз.

Пән аралық байланысы: дүниетану пәнімен өзара байланысты, өйткені тақырыптың барлығы (көкөніс, жануарлар, отбасы) дүниетану пәнінің зерттеу нысаны болып келеді.

Оқу-әдістемелік құралды құрастыруға көп жылдық тәжірибе мен жинақталған материалдар негіз болды.

Оқу-әдістемелік құрал Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010 және 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хаттың /құрастырушы: Скакова З.С. Өскемен қалалық білім беру бөлімінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері/ негізінде, сонымен қатар 1-4-сыныптардағы күнтізбелік жоспарға сәйкес жазылды. Атап айтсақ, 1-сыныпта океанарум тақырыбын өткенде жануарлар тақырыпшасында /1-сынып. Қазақ тілі. Оқулық авторы: А.Қайырбекова, Алматы, «Атамұра»2012 жыл./ «Қара, мынау піл!», «Қандай аңдар» дегенде қолдануға болады. «Үзіліс. Асханаға кеттік. Жүр, асханаға барайық» атты 3-модульде, «Әлібек, бұл – жемістер, көкөністер». 2-сыныптың 1-тоқсанында «Мен және менің отбасымда» тақырыбы бойынша туыстық атауларды қолдануға болады. 2-тоқсанда «Үй жануарлары қой /қозы, сиыр/ бұзау, жылқы /құлын» атты модульде, сондай-ақ 3-сыныпта «Мен және менің отбасым, Мен азық-түлік дүкеніне барамын» атты тақырыптарды өткенде көмекші құрал бола алады деп білеміз.

Тақырыптарға байланысты әдістемелік құрал болғандықтан күнтізбелік жоспардағы сағатқа сай қолданылады.


Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Сондықтан біз осы оқу-әдістемелік құралдың көмегімен оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізуге,біреудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсінуге дағдыландырунәтижесі күтіледі. Бұл дегеніміз - коммуникативтік құзыреттілік. Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.

Оқу-әдістемелік құралды жазу барысында интербелсенді әдістер қолданылды. Олар: Т-кестесі, Венн диаграммасы, ойын, миға шабуыл, болжау, Блум таксономиясы қолданылды.

Суреттер арқылы тез есте сақтау дағдыландыру мақсатында өсімдіктер, жануарлар, туыстық атауларды қамтыдық. Ойын тапсырмалары мен қатар тақпақтар жаттауға беріліп отырды. Жұмбақтар өткен тірек сөздерге құрылды. Суреттер интернет қорынан алынды.























  • Көкөністердің түсі қандай екенін айтып беріңдер.

  • Қай көкөністе қандай дәрумендер бар?

  • Өздерің қай көкөністі ұнатасыңдар?


Көмекші: Көкөніс-овощи, жеміс-фрукты

hello_html_mdc4aa82.pngқызанақhello_html_11b992f5.png ащы бұрыш

hello_html_64459f84.pngболгар бұрышыhello_html_m7c12bf8f.pngқияр



hello_html_434dccbf.pngкартоп hello_html_7eb22aa0.pngсәбіз

hello_html_m5d89de4a.pngпияз hello_html_9470edf.pngбаклажан

hello_html_4ad19ebb.pngзәйтүн hello_html_m5cf365b2.pngқызылша

hello_html_6ac50567.pngасқабақ hello_html_1f7115a6.pngаскөк

hello_html_m6f68b7a5.pngсарымсақ hello_html_m4296bdc3.pngорамжапырақ

Тақпақты жаттап ал.

Бақшасында атамның

Көкөністер көп екен.

Теріп, жинап аламыз

Себеттерге саламыз.

Пияз, картоп, қызылша

Түйнек, сәбіз, қызанақ

Орамжапырақ қиярлар

Шалқан болса тағы бар.

Кластерді толтыр.



Жұмбақты жаттап ал.


Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар.

Сарымсақ

Ол күнді күзетеді,

Күн оны түзетеді.

Күнбағыс





  • Өздеріңнің сүйікті жемістерің туралы айтып беріңдер.

  • Төмендегі суреттердегі жемістің қай түрі сендердің өңірлеріңде өседі?

hello_html_43afd41c.png

hello_html_m34fba317.pngананасhello_html_m44cecc25.pngалмұрт

hello_html_m4ad9302d.pngшие hello_html_m5f570337.pngапельсин

hello_html_1cb827e9.pngтаңқурайhello_html_2769dfb3.pngалма

hello_html_m43d56487.pngжидек hello_html_70c51cd6.pngанар

hello_html_4523ca4.pngшабдалыhello_html_3388f24a.pngжүзім


Төмендегі суреттегі көкөніс пен жемісті бөліп жазыңдар.

hello_html_mb26f931.png







Кластерді толтырыңдар





Жұмбақты жаттап ал.


Үлкендігі алмадай,

Сырты жанған қызыл от,

Ішін жарып қарасаң-

Майда, майда қызыл шоқ.

Анар



Жәрмеңке” ойыны

Ойының мақсаты: ”Көкөніс пен жеміс-жидек” тақырыбын пысықтау, ойыншыларды өз бетімен еңбектенуге дағдылдандыру.

Ойынның шарты: Қазақ даласында жәрмеңкенің атақты сал, сері, әнші, күйші, палуандар өнері, ақындар айтысымен өтетін “Қоянды”  жәрмеңкесі туралы әңгімелегенде айтамыз. Жәрмеңке той, мереке сияқты болды. Біз де, балалар, бүгін жәрменкеде өз өнерімізді көрсетейік. Жәрмеңкеде әртүрлі жеміс-жидектер, көкөністер сатылады. Бұларды сатып алу үшін төмендегі тапсырманы орындауыңыз керек. Сыныпты екі топқа бөлеміз. Сарапшы сайлап аламыз, ол бізге қай топ дұрыс көкөніс, қай топ дұрыс жеміс алғанын сараптау үшін керек.


1. «Көкөніс» тобы жәрмеңкеге келді.

2.Жәрмеңкеде                             ,                             ,        .....................                              сатылады.

3.«Көкөніс»тобына                         ,                           және                   ,                  керек.

4.Айдар екі килограмм                             және бір килограмм                            сатып алды.

5.Ол жәрмеңкеде Сергейді кездестірді.

6. Сергей екі килограмм        сатып алды,т.б.














1. «Жеміс» тобы жәрмеңкеге келді.

2.Жәрмеңкеде                                                         ,                           ,                               сатылады.

3.«Жеміс»тобына                        ,                  ,           және                             ,        керек.

4. Тимур екі килограмм                          және бір килограмм                            сатып алды.

5.Ол жәрмеңкеде Наташаны кездестірді.

6. Наташа екі килограмм                           сатып алды,т.б.



















Сарапшы қай топ өздеріне керекті заттарды дұрыс тапқаны туралы айтады да, балл береді.






Сарап



http://business-talant.com.ua/uploaded/news/jury_0.jpg

Қазақша атауларын жазыңдар

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSI13dc5He7HRClkZE8Cz4V9ZRvRtvxhIcjTleyurhDu0gBm3eyRQ

http://puziko.net/wp-content/uploads/2012/11/dynya.jpg

тыква halloween

http://www.korzinka.uz/upload/iblock/e04/e04f62a5cf2cf1da6ce748036a710d18.jpeg

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQk_vtgLUiIK7pfoT3YN3PycMkfycResa3PeUkBX9F10tg-4J9E

http://www.coollady.ru/pic/0004/022/03.jpg







  • Үй жануарларының пайдасы туралы айтып беріңдер.

  • Жыл басына таласқан жануарлар ертегісі туралы не білесіңдер?

  • Төрт түлік туралы не білесіңдер?





Аңдар

Үй жануарлары





Құстар













Жылқы, ат, бие құлын, тай, құнан, айғыр.

Конь, лошадь, кобыла,жеребенок-сосунок,стригун; стригунок, жеребенок-третьяк,жеребец.





hello_html_28442dc4.pngАттар



Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,

«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.




Тайынша, құнажын, бұқа.


Годовалая телка, телка по третьему году, бык.

Сиырhello_html_6a29e32d.png

Бұзауhello_html_7dce02ba.png

Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

«Қараңғыға баспаған қорқағым!» деп



Тоқты, саулық.

Ярка; ярочка.

hello_html_2ce4e243.pngҚой

hello_html_4050ebf0.pngҚозы

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.

hello_html_m52359b35.pngБота Түйеhello_html_c5a26b.png

Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп



Теке,серке.

Козел.

hello_html_mf16ca3b.pngЛақ Ешкіhello_html_3c427a47.png

Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп



hello_html_4b3a24ed.pngШошқа торайымен

Қабан сүйеді баласын «торайым» деп,

«Қорсылдатар өзеннің тоғайын!» деп

hello_html_m6abeec0e.pngИт Күшікhello_html_mdcb1de.png

Ит сүйеді баласын «күшігім» деп,

Шәуілдесе қуанар «күлші,күл!» деп

hello_html_m3703a8ed.pngМысық Марғауhello_html_m11bacdfa.png

Мысық сүйеді баласын «соқырым» деп,

«Тышқан ұстап беруге отырмын!» деп



Үй жануарлары мен аңдарды салыстыра отырып Венн диаграммасын толтыр.












Кім жылдам ойнайды?” ойыны


1.Ойынның мақсаты:Үй жануарлары мен үй құстары, жабайы аңдар мен құстардың атын дұрыс айта білуге және есте қалдыруға үйрету.Ойынға керекті заттар:жануарлар мен құстардың суреті.

Ойынның шартты:

Ненің даусы? Не қалай дыбыстайды? деген сұрақтарға жауап беруге жаттықтыру.

Нелер? Тауықтар, қаздар, қойлар, лақтар.

Үй жануарлары қалай дыбыстайды?(Үй жануарлары  қайтеді?).

- Қой маңырайды.

- Сиыр мөңірейді,т.б.

Не қалай дыбыстайды?деген сұрақты оқушыларға қайта қойған кезде, олар дыбыстап көрсетеді,бұл ненің даусы екенін хормен айтады.







  • Төмендегі суреттердегі аңдар туралы қандай ертегілерді білесіңдер?

  • Қай аңның терісі құнды саналады?

  • Аңдардың мінезі туралы не айта аласыңдар?



hello_html_3c3c0167.pnghello_html_5c2eb214.png

Түлкі Қоян

hello_html_m77bbf0b8.png

Тиін

hello_html_57d2318c.pnghello_html_m1d5b12c.png

Ақ аю қонжықтарымен Қоңыр аю қонжықтарымен

hello_html_m448a1337.png

Маймыл

hello_html_5ababe80.pnghello_html_m1bc1500a.png

Арыстан Жолбарыс

hello_html_m2286cbda.png

Қасқыр

hello_html_m6f9df987.pnghello_html_mbb5a00f.png

Кірпі Керік

hello_html_4dc8209.pnghello_html_m6952b581.png

Қолтырауын Тасбақа

Жұмбақтарды жаттап ал да, суретін сал.

Тарғыл-тарғыл тас па,

Тастан бірақ басқа

Мекені қамыста,

Бұл саған таныс па?

(Жолбарыс)


Жазда қыдырады,

Қыста тынығады.

(Аю)


Бейқам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді.

(Қасқыр)


Есек құлақты,

Мысық аяқты.

Түйе ерінді

Ешкі құйрықты.

(Қоян)


Ағаштан-ағашқа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

(Тиін)









Аңдар, түз хайуандары, жануарлар, үй жануарлары деген сөздердің орыс тіліндегі баламаларын жазыңдар.

Суретте қандай аңдармен үй жануарлары бейнеленген?

http://defectus.ru/Palciki/1_dikie_givotnie.jpghttp://900igr.net/datas/okruzhajuschij-mir/Domashnie-i-dikie/0003-003-Domashnie-zhivotnye.jpg

Үй жануарлары мен аңдардың адам үшін пайдасына байланысты Т-кестесін толтырыңдар. (Мақсаты: қарама – қарсы қасиеттерін білдіретін сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады)

Үй жануарлары

Аңдар







  • Осы кестенің негізінде қандай жануардың пайдасы көп екенін айтып беріңдер.

  • Өздеріңнің сүйікті жануарларың туралы айтып беріңдер.

Досыңның шығармасын аудар.

http://festival.1september.ru/articles/411259/Image1702.jpg

Сөздік

Мордашка – сүйкімді жүзі

Озорной – тентек

Доверчивый – сенгіш

Вытянутый – созылған, ұзартылған





  • Қандай құстар ұшады?

  • «Құстар әсемдік әлемі» дегенді қалай түсіндірер едің?

Үй құстары



hello_html_m7634edb6.jpg

Тауық балапандарымен



hello_html_m259374bd.jpghello_html_m23a1adf0.jpg

Үйректің балапаны Көгершіндер

Көк көгершін, көгершін,

Көгершін келер жем үшін,

Балалар, жем себелік,

Жем жесін де семірсін,

Сөйтіп қолға үйренсін.

Бұл есті құс тіл алғыш

Үйренген соң көрерсің.

hello_html_63b77dec.pngҚаз Әтеш hello_html_m4f2ab2d4.png



hello_html_561cd6f7.jpg

Тотықұс

hello_html_m26be8aa4.jpghello_html_m260f484a.png

Аққу Көбелек

Ай, көбелек, көбелек,

Қанатың неге дөңгелек?


hello_html_m25adacc4.pnghello_html_m36fc0c34.png

Үкі Аққұтан

hello_html_2ed5615f.jpgҚарлығаш

Қарлығаш,қарлығаш,

Қанаты қайқы қаңғыбас.


Мақалды жаттап ал.

Құс патшасы – бүркіт,

Аң патшасы – арыстан.


Түйенің сүйген асы – жантақ,

Тиіннің сүйген асы – жаңғақ.

http://kereksuret.kz/images/phocagallery/kustar/yikustary/thumbs/phoca_thumb_l_1.jpghttp://www.kz.all.biz/img/kz/catalog/57350.jpeg

Үй құстары мен дала құстарының адам үшін пайдасына байланысты Т-кестесін толтырыңдар.(Мақсаты: қарама – қарсы қасиеттерін білдіретін сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады)

Үй құстары

Дала құстары






  • Осы кестенің негізінде қандай құстың пайдасы көп екенін айтып беріңдер.

  • Өздеріңнің сүйікті құстарың туралы айтып беріңдер.






Хайуанаттар туралы:


Кезікті бір жануар, Төсек астында төрт бауырсақ.

Сиыр

Түйе

Үстінде екі тауы бар.



Кішкентай ғана бойы бар, Дегендейешкім тимесін,

Кірпі

Қой

Айналдырып киген тоны бар. Қадап алыпты инесін.




Асты тас,

Үсті тас,

Тасбақа

Ортасында шандыр бас.




Құстар туралы:


Ерте тұрады, күндіз ұшпайды,

Қораз

Жар шақырады. Түнде тышқан ұстайды.

Жапалақ

Көзі шамға ұқсайды.



Садақша мойынын иілтіп,hello_html_m26be8aa4.jpg

Көрген жанды сүйсінтіп,

Жүздеген көлдің сәні өзі,

Судағы құстың нәні өзі.

Жердегі құстың серкесі,

Көктегі құстың еркесі.





Балам, қызым, әже, әжей, ата, атай, апа, апатай, аға, ағатай, апай, қарындас, бауырым танымайтын адамдарға да қолдануға болады.

hello_html_m61aef7f9.png

Мақалды жаттап ал.

Ата – асқар тау,

Ана– бауырындағы құрақ,

Бала – жағасындағы құрақ.

Шеше жағынан қандастық туыс атаулары


hello_html_3928e66e.png



Анаңның туыстары саған нағашы болады, сондықтан бүгіннен бастап нағашыларыңды нағашы деп ата.


Нағашыларыңның атын туыстық қатынасқа байланысты бөліп жаз.

Нағашы аға.............................нағашы іні......................нағашы қарындас.......................... нағашы әпеке.......................















Тапсырма

Нағашы туыстарыңды жоғарыдағы тірек сызба арқылы жіктеп жаз да, кімнің қалай туыс екенін есте сақта.



Некелік қатынасқа байланысты атаулар

Ұлдар үшін:







Мақалды жаттап ал.

Бір ауылда мың туысың болғанша,

Әр ауылда бір туысың болсын.


Түйе тұзға келеді,

Күйеу қызға келеді.



Қыз бала үшін:





Мақалды жаттап ал.


Ұлдың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.


Қыз жоқ жерде қызық жоқ.


Әпкенің үйі кең жайлау.



  • Отбасының шежіре бұтағын құрыңдар.

hello_html_m762c7098.png













hello_html_m90d4bd7.pngҰлдар жазамыз:

Ата-әже...................................................................................

Аға......................................................................іні..................................................қарындас.........................................әпеке...............................................................немере аға.......................................................немере іні.....................................

немере қарындас........................................... жиен..............................................

шөбере аға...................................................шөбере іні..........................................

шөбере әпке................................................шөбере қарындас.............................

жиеншар.................................................



C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\кыз.gifҚыздар жазамыз:

Ата-әже...................................................................................

Аға......................................................................іні..................................................сіңілі................................................әпеке...............................................................немере аға.......................................................немере әпке ...................................

немере сіңілі........................................... жиен.......................................................

шөбере аға...................................................шөбере іні..........................................

шөбере әпке................................................шөбере сіңілі.....................................

жиеншар.................................................

Есте сақта!

hello_html_m528a2393.pngАғасының, інісінің балалары немере аға, немере сіңілі, немере қарындас болады. Ал олардың баласы шөбере болады.

Аға, іні-туысқан

Оспанхан Әубәкіров

Аға деген, іні деген-

Барлығы бір туысқан.

Аға деген,іні деген-

Жаралғандай құрыштан.

Бірлік болса,ерлік болса,

Алынбайтын қамал жоқ.

Қорқақ болса,шорқақ болса,

Одан өткен жаман жоқ.

От болса да,өрт болса да,

Қиналмайық қиыннан.

Атамыз да,бабамыз да,

Қиындықтан құйылған.



Мазмұны

Алғы сөз....................................................................................................

Көкөніс....................................................................................................

Жеміс жидек...........................................................................................

Жануарлар...............................................................................................

Үй жануарлары.......................................................................................

Аңдар.......................................................................................................

Туыстық атаулар.....................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................



















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010

  2. 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 184 б.

  3. Досмамбетова Г.Қазақ тілі. /1-сынып/Алматы:Атамұра,2012ж.

  4. Қайырбекова А. Қазақ тілі. /2-сынып/Алматы: Атамұра, 2012ж.

  5. Қайырбекова А. Қазақ тілі. /3-сынып/Алматы: Атамұра, 2014ж.

  6. Қайырбекова А. Қазақ тілі. /4-сынып/Алматы: Атамұра, 2011ж.

  7. Амандықова Г.Қазақ тiлi. Алматы: ИП Волкова А.В, 2010ж

  8. Досмамбетова Г. Менiң қазақ тiлiм. (Учебники для школьников с 1-го по 4-ый класс) Алматы: Раритет, 2003г.

  9. Казахский язык для детей: Ғажайып қазақ тілі - Удивительный казахский язык. – Астана: Руханият, 2008ж.

  10. Ибраев Ш. Ақ сандық, көк сандық.Алматы: Баспа, 1989ж

  11. http://sabaq.kz/

  12. Қазақ тілі: Әдістеме № 5 журнал". Журнал 2014, № 5




hello_html_m363ea4ad.png

Акангалиева Жанна Алимбековна

Жанна Алимбековна 1969 жылы 27 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Акжар ауылында дүниеге келген.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін“орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі”, Шығыс Гуманитарлық институтын “қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі” мамандығы бойынша тәмәмдады. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,№37 орта мектебі КММ-де мамандығы бойынша қызметте.2011 жылдан бері І санатты мұғалім.

Қызмет жолындағы жетістіктері үшін мектеп директорының, қалалық білім басқармасының, алғыс хаттарымен, мақтау қағаздарымен марапатталған.



Краткое описание документа:

Алғы сөз

Қазақ тілі. Оқу-әдістемелік құрал бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін үйренуде көмекші әдістемелік құрал бола алады. Оқу-әдістемелік құралда қосымша тірек сөздер, грамматикалық мәлімет, мақал-мәтелдер, қызықты жаттығуларберілген. Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін үйренушілер мен оқушыларға арналған.

Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты: оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізуге, біреудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсінуге дағдыландыру.

Оқу-әдістемелік құралдың міндеттері:

  • жаңа сөздерді меңгерту;
  • айтылым тапсырмалары бойынша сөйлеп дағдыландыру;
  • жазылым тапсырмалары бойынша дұрыс жазуға үйрету;
  • оқылым тапсырмалары бойынша жазғанды дұрыс оқуға баулу.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру - маңызды мәселелердің бірі.

Білім, ептілік, дағды талаптарына (ЗУН) байланысты суреттер арқылы жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойларын жеткізуде пайдаланып, дұрыс айту, жазуға дағыдыландыру көзделген. Ол әрбір тапсырмада сұрақтарға жауап беруде, тор көздерді толтыру арқылы жүзеге асырылады.

Айтылым, жазылым, оқылым бойынша көкөніс, жануарлар, отбасы түсініктері қамтылған.

Бұл оқу-әдістемелік құралдың қажеттілігі тақырыптарға байланысты қосымша материалдардыңсыни ойлауға негізделіп интербелсенді әдістер арқылы тілді меңгертуде деп білеміз.

Пән аралық байланысы: дүниетану пәнімен өзара байланысты, өйткені тақырыптың барлығы (көкөніс, жануарлар, отбасы) дүниетанупәнінің зерттеу нысаны болып келеді.

Оқу-әдістемелік құралды құрастыруға көп жылдық тәжірибе мен жинақталған материалдар негіз болды.

Оқу-әдістемелік құрал Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттікжалпыға міндеттістандарты ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010 және 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хаттың /құрастырушы: Скакова З.С. Өскемен қалалық білім беру бөлімінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері/ негізінде, сонымен қатар 1-4-сыныптардағы күнтізбелік жоспарға сәйкес жазылды. Атап айтсақ, 1-сыныпта океанарум тақырыбын өткенде жануарлар тақырыпшасында /1-сынып. Қазақ тілі. Оқулық авторы: А.Қайырбекова, Алматы, «Атамұра»2012 жыл./ «Қара, мынау піл!», «Қандай аңдар» дегенде қолдануға болады. «Үзіліс. Асханаға кеттік. Жүр, асханаға барайық» атты 3-модульде, «Әлібек, бұл – жемістер, көкөністер». 2-сыныптың 1-тоқсанында «Мен және менің отбасымда» тақырыбы бойынша туыстық атауларды қолдануға болады. 2-тоқсанда «Үй жануарлары қой /қозы, сиыр/ бұзау, жылқы /құлын» атты модульде, сондай-ақ 3-сыныпта «Мен және менің отбасым, Мен азық-түлік дүкеніне барамын» атты тақырыптарды өткенде көмекші құрал бола алады деп білеміз.

Тақырыптарға байланысты әдістемелік құрал болғандықтан күнтізбелік жоспардағы сағатқа сай қолданылады.

Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Сондықтан біз осы оқу-әдістемелік құралдың көмегімен оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізуге,біреудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсінуге дағдыландырунәтижесі күтіледі. Бұл дегеніміз - коммуникативтік құзыреттілік. Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.

Оқу-әдістемелік құралды жазу барысында интербелсенді әдістер қолданылды. Олар: Т-кестесі, Венн диаграммасы, ойын, миға шабуыл, болжау, Блум таксономиясы қолданылды.

Суреттер арқылы тез есте сақтау дағдыландыру мақсатында өсімдіктер, жануарлар, туыстық атауларды қамтыдық. Ойын тапсырмалары мен қатар тақпақтар жаттауға беріліп отырды. Жұмбақтар өткен тірек сөздерге құрылды. Суреттер интернет қорынан алынды.

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1979
Номер материала 277985
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх