Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыУлгерімі төмен балалармен жұмыс

Улгерімі төмен балалармен жұмыс















Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс























Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Темірбек Б.Н















2016-2017 оқу жылы

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: Ә/б ОТЫРЫСЫНДА

Директор оқу ісі жөніндегі орынбасары ҚАРАЛДЫ:

Туребекова М.О Абдуллаева С.Е ӘБ жетекшісі Панеева М.М

_________________ __________________ ________________

«___» ___________ж. «___» ____________ж. «___» ______________ ж.





ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫС

Мұғалім сабақ барысында үлгерімі төмен оқушыны анықтап, олардың пәнді меңгеруін, түсінуін есепке алып, диагностика жүргізіп отыруы қажет. Бұл оқушының пәннің қай жерінде олқылығы бар екендігін анықтауға және оның себебін анықтауға көмектеседі. Бұл себептер төмендегідей болуы мүмкін:

  • Жаңа материалды қажетінше түсіне алмауы;

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысының аздығы;

  • Мұғалімнің үлгірімі төмен оқушыдан тиісті деңгейде талап етпеуі;

  • Физиологиялық факторлар;

  • Оқушының пәнге қызығушылығының аздығы, бағалаудың әділ болмауы;

  • Оқушының сабақтан жиі қалуы.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыстың мақсаты: Үлгерімі төмен оқушының оқуға ұмтылысын жақсарту, өз бетінше білім алуына жол ашу.

Міндеттері:

  • Оқушының сабақтан себепсіз қалмауын қадағалау;

  • Оқушының сөздік қорын байыту;

  • Өз бетінше тапсырманы орындауына ықпал ету;

  • Пәнге қызығушылығын арттыруға арналған жаттығулар орындау;

  • Ойын еркін айтуға, зейінін және еске сақтау қабілетін арттыруға арналған жұмыстар жүргізу;

  • Сабақта тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай сабақтастықты сақтау арқылы дайындау.

Үлгерімі нашар балалармен атқарылатын жұмыс түрлері:

  • жеке жұмыс карточкасы

  • тесттер

  • өзгертілген тапсырмалар

  • тренажер-карточкалар

  • шығармашылық тапсырмалар

  • ақпарат-карточкалар

  • есептің шешім үлгілері бар карточкалар

  • конспект-карточкалар

Оқушының сабақта үлгермеу себептері мынадай жағдайда болуы мүмкін:

  1. Оқушының денсаулығының нашарлығы.

  2. Отбасылық жағдайлар:

  • Ата – ананың болмауы немесе ажырауы;

  • Әлеуметтік жағдайы;
    отбасындағы қайғы-қасірет;

3. Алыстан келіп оқитын балалар.

  • Жатқан үйінің жайсыздығы, үйреніспеуі;

4. Достарының әсері.

5. Мұғалім тарапынан болатын олқылықтар:

- Оқыту жұмысының сапасыз болуы;

  • Оқушының білімін жиі тексермеуі;

  • Үйге тапсырма беру, осы тексеру әдісінің дұрыс болмауы;

  • Мұғалімнің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, қызығушылығын дамыта алмауы;

  • Мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің ортақ жұмыс жүргізбеуі;

  • Тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушының сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақытылы және тиісті шара қолданбауы;

  • Бағалаудағы біржақтылық.























ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАР ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ




Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:

  • Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына уақыт беру.

  • Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс.

  • Ауқымды, көлемі үлкен, әр-түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды ақпаратқа байланысты бөліп беру.

  • Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп, келесі сабақта сұраған жөн.

  • Жауап сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл сенімдік оған емтихан, бақылау жазған кезде көмек етеді.

  • Оқушы жауапты дайындап жатқан кезде оған көңіл бөлу, көмектесу қажет.

Балалар нені түсінеді, неден нәтижесі бар, не қолдарынан келеді, соны жақсы көреді. Кез келген бала жақсы баға алғысы келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы жетістіктерге жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен баланың көрсеткіштеріне қуанғанын көрсете білуі керек.


Үлгерімі төмен оқушылардың қабілетін зерттеу




Оқушының аты-жөні

Сауаттылығы

Зейіні

Еске сақтау қабілеті

Байқағыштығы

Үй тапсырмасын орындауы

Өздігінен ойлауы

Қиялының дамуы

жауапкершілігі

ізденімпаздығы

Балалармен қарым-қатынасы

Кітапханамен байланысы

1













2













3













4













5
















Ағылшын тілі пәнінен диагностикалау

Оқушы: ___________________________ Сынып______ тоқсан ______


БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: Ә/б ОТЫРЫСЫНДА

Директор оқу ісі жөніндегі орынбасары ҚАРАЛДЫ:

Туребекова М.О Абдуллаева С.Е ӘБ жетекшісі Панеева М.М

_________________ __________________ ________________

«___» ___________ж. «___» ____________ж. «___» ______________ ж.





Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары

Қыркүйек

4 апта

Темірбек Б.Н.

3

Қосымша сабақ кестесін құру

Қазан,

1 апта

Темірбек Б.Н.

4

Үлгерімі төмен оқушының ата-анасымен сөйлесу

Қазан,

2 апта

Темірбек Б.Н.

5

Қызығушылығын арттыратын жаттығулар жүргізу

Жыл бойы

Темірбек Б.Н.

6

Тез ойлау дағдыларын дамытатын жаттығулар жүргізу

Жыл ішінде

Темірбек Б.Н.

7

Қосымша сабақта қайталайтын тақырыптар тізбесін жасау

Қазан, 3 апта

Темірбек Б.Н.

8

Үлгерімі төмен оқушыларды пән бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға тарту

Жыл ішінде

Темірбек Б.Н.

9

Оқушылардың өз бетімен орындауына тапсырмалар беріп отыру

Жыл ішінде

Темірбек Б.Н.

10

Үлгерімі төмен оқушыларды диагностикалауды өткізу

Тоқсан сайын

Темірбек Б.Н.











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 493 911 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2016 1148
    • DOCX 87.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бейсенбай Балжан Нүркенқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    Бейсенбай Балжан Нүркенқызы
    Бейсенбай Балжан Нүркенқызы
    • На сайте: 5 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5761
    • Всего материалов: 5