Инфоурок Другое Другие методич. материалыУорк по казахскому языку на тему "Шешенің баланы сүюі" 8 класс

Уорк по казахскому языку на тему "Шешенің баланы сүюі" 8 класс

Скачать материал

Сабақ     №  3                                                                               «19    »_01_______2012 жыл  

Сыныбы : 8

Сабақтың тақырыбы:Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Сабақтың мақсаты:1)оқушыға ақын туралы,оның  шығармашылығы туралы сын тұрғысынан ойлау,талқылауға үйрету;2)оқушының осы сабаққа дейінгі және одан  кейінгі білгенін ақпараттармен  ұштастыру,жинақтау; 3)мейірімділікке,ананы сүюге,құрметтеуге,қамқорлық көрсетуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 Жаңа сабақты меңгеруде пайдаланатын стратегиялар: алма кезек оқу әдісі,топтастыру,Венн диаграмма сараптама қағазы, «Галерея шарлау»әдісі, «Әсер бөлісу хаты» Әр стратегияның мақсатын сабақ өту барысында түсіндіремін.

 Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі:дамыта оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,қазақ тілі.

Сабақтың әдісі:оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың өтілу барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,оқушыларды түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Үйге «Батыр Баян»поэмасындағы Абылай ханға  мінездеме беру,Баян мен Ноянға Венн сараптама қағазы бойынша салыстыру жазып келу тапсырылған.

  Үй тапсырмасында берілген тапсырманы тақтаға шығып,дәлелдеп қорғайды.

  ІІІІ.Өткен білімді бекіту.

Сонымен балалар,біз өткен сабақта Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»поэмасынан бойымызға не алдық?

  Дәулет.Бойымызға Баянның батырлығын,намысқойлығын,елі үшін,елінің намысы үшін өзін құрбандыққа шалатындық қасиеттерін алдық.

  Нұрсұлтан:Жақында ғана «Батыр Баян»киносын көрдім.Үлкен әсер алдым.

 

 

ІV.Жаңа сабақ.а)Қызығушылығын ояту.

                                                          ХХ ғасыр ақыны

Овал:     Міржақып Дулатұлы кім?                 Драматург                                                         қаламгер

                     публицист                                                        жазушы

 


                                                              аударушы

Тақтаға шығып өздері қорғайды.  Дәлелдейді.  Мұғалім толықтырады.  Сол арқылы баланың қызығушылығын ояту.

 ә)Мағынаны ашу.

Содан кейін барып бүгінгі сабақтың тақырыбы белгіленіп,тақтаға жазылады.

  «Сен маған,мен саған»оқу әдісі бойынша Міржақып Дулатұлының өмірбаяны 4- топ оқушылары 4 абзац негізінде бөліп оқып,оқығанын талдап түсіндіреді.

  -Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген (Торғай облысы Жангелдин ауданында. )

  Міржақып  әуелі ауыл мектебінде оқыған.1897 жылы Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп,1902 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.Алты-жеті жыл ауыл мектебінде мұғалім болады.Мұғалім бола жүріп, өлең жазады. Міржақып 1904 жылы Омбы  қаласына барады.1909 жылы Уфа қаласында «Оян қазақ»өлеңдер  жинағы басылып шығады.

  «Бақытсыз Жамал»романын жазады.

  Поэзия минутына кезек береміз.

  «Алма кезек  оқу әдісі бойынша «Шешенің балаларын  сүюі»өлеңін өзім мәнерлеп оқып беремін.

Кім сендерді,балалар,сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын?

-Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын

Кім сендерді,балалар ,тербететін,

Еркелетіп,ойнатып,сергітетін?

-Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Бұдан кейін өздері оқиды.

-Ал,балалар,өлең қандай  үлгіде жазылған?

-Сұрақ –жауап түрінде жазылған.

Ақын өзі сұрақ қояды да,өзі жауап береді.

-Жақсы,балалар,енді дәптерімізді ашып бүгінгі күнді,тақырыпты  жазайық.

  Өлең құрылысына талдау жасау.

«Қамқор анаң көз жасын көлдететін,

Бетін жуған жасымен  сорлы анаңа,

Төбесі көкке жетсін»деген өлең  жолдарында әсірелеу (гипербола)кездесіп тұр.Адам бетін сумен жуады ғой,жаспен жумайды.Төбе ешқашан көкке жетпейді,бұл жерде аса қатты қуанған адамның түрін келтіреді.

 -Ал,балалар  өткен жолы «Өздерің өз анаңа деген махаббатыңды  қалай жеткізесің,анаңды кімге,неге теңер едің,қалай суреттеп,бейнелеп келер едің?»деген тапсырма бергенмін.

  Соны кім қалай қабылдап,қалай орындап келді  екенсіңдер.Тақтаға оқушы шығып  салған суретін іліп,өз сөзімен қорғайды.

  Шолпан:Мен қос аққудың суретін және гүлдің суретін салдым.Себебі:мен анамды аққуға теңеймін.Аққу киелі ,қасиетті құсқа саналады ғой,сондықтан мен өз анамнан тек сол көлдегі жүзіп жүрген аққудың бойында қандай қасиет болса соны көремін.Аққуды әрі сұлулықтың,әдеміліктің рәмізі дейміз.Анам да әдемі,сұлу болып жүргенін қалаймын.

 Баян: Мен баласын көтеріп тұрған ананың суретін бейнеледім. «Баласыз-ананың құшағы жетім»деген сөзді қосқым келеді.Анасыз бала,баласыз ананы көз алдыңа келтіру мүмкін емес.Сондықтан ана мен баланы,бала мен ананы тәңірім ажыратпасын.Мен өз анамды  жақсы көремін.

   Бұл «галерея шарлау»әдісі болып  саналады.

Келесі топ суретке тақырып қояды.

V.Сабақты бекіту.-Өздерің осы өлеңнен қандай әсер  алдыңдар?Әсер бөлісу хатын жазыңдар.

  Жазып болған соң оқып береді.

Жазира:Шолпан,сен бұл өлеңнен өзіңе үлкен әсер алып отырғаныңды сезіп отырмын. Мен де өзіме үлкен  әсер алдым.Ақын аңаның балаларын сүюі туралы айтқан екен.Ал мен баланың аналарын сүюі туралы айтқым келеді. Күнделікті күйбең тірлікте өз анамның тілін алмай,немесе кейбір ұрысқан кездеріне  аузымды бұртиып,өкпелеп қалған сәттерімді есіме алып,өз-өзімнен ұялып отырмын. Осы сәттен бастап өз анамды түсіне түскендеймін.

  Ақын өлеңінен өзіме үлкен әсер алдым.

Айман:Біз Шолпан екеуімізді бірдей дүниеге әкелген анамызды құрметтеп жүреміз.Себебі бізді дүниеге әкелу кезінде қиналғандығын айтады. «Екі егіз қызым дүниеге келгенде қатты қуандым»деп айтып отырады.Осы ақын өлеңінен кейін анамды қатты жақсы көретіндігімді паш еткім келеді.

  Мадина:Мен өз анамды жарқыраған күнге теңеймін.Себебі күннің нұры жылы,шуақты,сәулелі.Біз ашық әдемі күнде көңіліміз де көтеріліп жақсы көңіл күйде жүреміз.Олай болса,анамыз да,ананың құшағы да жылы,шуақты,нұрлы,ол жерден  біз пана табамыз.Кейбір анасы жоқ балаларды аяймын.,

VI.Сабақты қорыту.-Бүгін біз не үйрендік?

-Білім қорымыз қандай мәліметтермен толықты?Ана,шеше,бала,әке деген сөздердің мағынасын аша алдық па?

VII.Білімдерін бағалау.

 VIII.Үйге тапсырма.Әке мен бала,ана мен бала арасындағы махаббатты бейнелеп әңгіме жазып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ     №                                                                                            «    »________2012 жыл  

Сыныбы : 8

Сабақтың тақырыбы:Мағжанның «Батыр Баян»поэмасы.

Сабақтың мақсаты.поэманы түсініп оқып,Баян бейнесін екі топ  өз көзқарастарында дәлелдеу (айғақ пен дәлелдеме арқылы);сөз астарына үңіліп мағынасын түсіну,өзекті ойды бөліп ала білу,сыни тұрғыда ой қорытындысын  жасау,өз пікірін қорғай білу,сөйлеу мәнерін қалыптастыру,дағдыларын дамыту;поэманың басты кейіпкері Баянның іс-әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру,әр топ өз пікірін өз дәлелдемелеріне сүйене отырып,бұлтартпас айғақтар келтіру,мақал-мәтел,афоризм сөздерді тірек етіп қолдана бәлуге үйрету.

Түрі:дебат-пікірсайыс сабағы.

І кезең.

Жақтаушщы топтың қарар тақырыбы: «Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды».

Кілт сөздер,аргументтер:

1.Қылмыс –кісіні қасақана дайындалып өлтіру.

2.Ар-намысын,ел намысын қорғау үшін жасалған.

3.Кек-жауға,дұшпанға,сатқынға деген өшпенділік, қастық.

Дәлелдемелер:

1.     «Батыр –ел қорғаны»

2.     «Жауға жанынды берсең де,жолдасыңды құтқар»

3.     Халқының намысы,ер азаматтың азып,дұшпанға күлкі болмауы үшін жасалған қылмыс-қылмыс емес.

 Айғақтар:

1. «Би,Қанай!Аттанбайды хан Абылай,келмесе қандыбалақ батыр Баян»

2.Жоқ,әлде,жоқ,жоқ,әлде өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін?!

3.-Апырым-ай,алаш арын жоқтамастан жөңкіліп бұл кетудің мәні қалай?Жігіттерімді жинайын,олар кетсе де,мен кетпеспін.

 

Даттаушы топ мүшелерінің жақтаушы топ мүшелеріне қарсы сұрақтары:

1.Ноян сүйгені үшін айыпты ма?

2.Кісі өлтірмей ер,ел намысын қорғауға болмай ма?

3.Әйел үшін інісін өлтіру  батырға лайық іс пе?

4.Баян өшін сұм сұлудың сайқалдығынан неге алмады?

ІІ кезең.Даттаушы топтың қарар тақырыбы: «Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатады»

Кілт сөздер,аргументтер:

1.Қызғаныш сезімі жайлағаннан кейін өлтірді.

2.Халық кегін,намысын алға тартып өш алды.

3.Туғанын,бауырын,жалпы кісі өлтіру қылмысқа жатады.

   Дәлелдемелер:

1. «Ашу-ызамен жасалған істі іске асырушы-Баян»

2. «Кінәсін жуу үшін соғысқа аттанып,қалмақпен соғысады»

3. «Сұлуға деген махаббаты,айырылып қалу күйініші қылмысқа итермелейді».

      Айғақтар:

1.Ер Баян бір жорықта еліме ойран  салып,ата-анамның бауырынан шырқыратып алып кетті.

2.Екі  қыршын жастың ажалы: «Жан,көке аға!», «Баян аға!»

3.Баян монологы: «Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,

                                        Ісімді мынау ағат немен жабам?»

  Жақтаушы топ мүшелерінің даттаушы топ мүшелеріне қарсы сұрақтары:

 1.Елін

2.

3.

4.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Уорк по казахскому языку на тему "Шешенің баланы сүюі" 8 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 115 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 548
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адракова Раушан Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адракова Раушан Абаевна
    Адракова Раушан Абаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7891
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе