Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Видеоуроки / Урок

Урок

Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Мазыбаева ТотыҚұдайбергенқызы

ШҚО Көкпекті ауданы. Көкпекті ауылы

«Көкпекті орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

hello_html_4ea76900.png

Сынып: 5 Пәні: қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар»

1.   Білімділік : Оқушыларға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы халықтың асыл қасиетін өзіне жинақтаған ұлттық қолөнер бұйымдарын, ою-өрнегін, халықтық дәстүрді, өнерді дәріптеу арқылы оны бағалап, қастерлеуге баулу. Олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам және белсенді біліктілік шеберліктерін дамытуға ықпал ету.

2.  Дамытушылық : Өз беттерімен ойланту, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету. Сегіз сері поэзиясының кейбіреуінің халықтық шығармаға айналғанын дәлелдеу.

3. Тәрбиелік .  Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.

Сабақтың түрі : Зерттеу сабағы

Сабақтың әдісі : Қ.О. Бітібаева технологиясы (топтық жұмыс, зерттеу)

Сабақтың көрнекілігі: Кітап көрмесі, интерактивті тақта, слайдтар

Пәнаралық байланыс:  Тарих, музыка, қазақ тілі

ІІІ. Сабақтың барысы : 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығын, сабаққа дайындықтарын тексеру

Психологиялық дайындық.

Көк аспанда қыраның еркін самғап,

Арман еткен тәуелсіздік құтты болсын.

Қазағым шаңырағың биік болып,

Керегең кең даладай жазық болсын.

Ендеше осындай игі тілекпен сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Қ.Жұмаділовтың «Қозыкүрең» шығармасына байланысты «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта жазып келген шығармаларын оқыту, бағалау.

          Сынып  оқушыларының назарын аударып, сабаққа бейімдеу.

                                           2. Жаңа сабақ: : Фариза Оңғарсынова «Оюлар»

                     Қ.О. Бітібаева технологиясы  бойынша (алдын ала тапсырма берілген)

 Жаңа тақырыпты меңгерту

  1. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. (Интербелсенді тақтадан көрсету)

Мұғалім : Балалар, тапсырма бойынша не байқадыңдар?

1 оқушы:Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.

Мұғалім :

2 оқушы:Тағы да нені байқадыңдар, нені зертттедіңдер , тағы да неге көңіл бөдіңдер?

Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.
Ақының творчествосына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.  1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған. 
Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

3 оқушы: Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.  Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия. 
Көңілді, жайлы күнімді,

Азапты қайғы мұңымды

Өзімменен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О, баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем! -  деп толғайды.

4 оқушы: - Акын Фариза Оңғарсынова шығармашылығынан әр жылдары туған поэтикалык жырларды көреміз.

Бес қаруым бойдағы - батыл жырым,

Батылдықпен аралас жатыр мұңым,

Биліктіге жұғысар ебім де жоқ

Немесе алыс 6epic жақындығым,- деген сездері поэзияның әлеуметтік сипатын аңғартады.

5 оқушы: - Туған жер, туған ауыл қымбат маған,

Ешкімге бұл сезімді былғатпағам.

Мен оның өзім ғана сезінетін

Қacmepлi қасиетін жырлап бағам.

Ол жерге деген менде сезім бөлек,

(жатпасын келгенімде өзімді елеп!)

Ал оның қасиетін сезу үшін

Тек менің журегім мен төзім керек

6 оқушы: - Акын өлеңдеріндегі лирикалык әйел кейіпкер әлеуметтік іске көңілі толады, шаңырағынан опа табады, сөйтіп бакыт, рахат барлығына иланады.

Туса да қилы-қилы басыма күн,

Осында сан қуанып тасығаным.

Әйтеуір 6ip рахат күтетіндей

Мен ылғи ошағыма асығамын.

7 оқушы: - Кемел шақта адамның, басқан ізге қайта 6ip көз тастауы, туған ошаққа оралуы заңдылык сияқты. Сондай тұста ақын қаламынан «Киіз үй», «Оюлар», «Жаулықтар», «Жер ошак» секілді жүрек тебірентерлік өлеңдер туған.

Далам –менің  қазынам, жыр сандығым,

Жыр нәрімен жер балқып, бусанды құм.

Сортаң жердің тұзы бар тамырыңда,

Ашқылтымдау сондықтан жусан жырым.

Бул жолдарда ағынан жарылып турган ceзім  байкалады.

8 оқушы: - Жеке бастың мұңшepi, оңаша сыры ғана емес, күрескер замандастың, әлеумет қайраткерінің, уақыт ауыртпалығын көтере алатын, өзі ic басында отырған азаматтың, ойлары, сезімдері жыр арқауы болған

Сынып үш топқа бөлемін, түстер арқылы.

  1. Ассоциация құрастыру. Постермен жұмыс

«Ою» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?тақтаға шығып қорғайды.

Сергіту сәті

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу

(Мұғалім мәнерлеп оқиды. Содан кейін оқушылар тізбектей мәнерлеп оқиды. Қысқаша өлеңнің мазмұны сұралады.)

  1. Сөздік жұмыс

БАСҚҰР – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.

ЖЕЛБАУ – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.

(Интерактивті тақтадан киіз үйдің суреттері мен жабдықтары арқылы түсіндіру.)

  1. Әдебиет теориясы

Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау

Түрін-ай\\ текеметтің!\\Асыл қандай!

Үңілдім\\ үнсіз ғана\\ басымды алмай.

«Келе ғой,\\ қошақаным,\\ өзіме!» деп,

Әжем кеп\\ сипағандай\\ шашымнан жай.

4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.

  1. Бекіту

Мұғалім : Зерттегендеріңе байланысты «Оюлар» өлеңдеріне байланысты сызба жасау керек болатын, жасадыңдар ма?

Сынып үш топқа бөлінген.

Әр топпен бірлесе отырып, сызба жасаған, қорғатып, бағалаймын.

Оқулықпен жұмыс

Оюлар ойдыру. Оны өлең тілімен суреттеп жазу.

(Күй ойнап тұрады, оқушылар ойған оюларына байланысты 1 шумақ өлең шығарады.)

Интербелсенді тақтадан әр түрлі оюлар көрсетіліп жатады.

Сабақты қорытындылау:

  1. Қазіргі кезде біздің  салт-дәстүріміз  өзгеріп бара жатқан жоқ па? Сіздің ойыныз қандай?

  2. Фариза апамыз қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

  3. Фариза ақынға қай ақын ән арнаған?

Міне, балалар, Фариза апаларың:

Шебер көп бұл заманда кілең керім,

Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.

Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан,

Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,- деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырса, Фариза апамыз өзінің өлеңдерімен жұртты сүйсіндіріп, халқының аяулы қызына айналып отыр.

Сонымен «Оюлар» өлеңінен оюлардың шығу тарихынан көптеген мағлұматтар алдық. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңші. Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.

Үйге тапсырма:

  1. Өлеңді жаттау.

  2. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында қосымша деректер жинап келу.

57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

  • 6.Бекіту
  • Мұғалім : Зерттегендеріңе байланысты «Оюлар» өлеңдеріне байланысты сызба жасау керек болатын, жасадыңдар ма?
  • Сынып үш топқа бөлінген.
  • Әр топпен бірлесе отырып, сызба жасаған, қорғатып, бағалаймын.

Оқулықпен жұмыс

Оюлар ойдыру. Оны өлең тілімен суреттеп жазу.

(Күй ойнап тұрады, оқушылар ойған оюларына байланысты 1 шумақ өлең шығарады.)

Интербелсенді тақтадан әр түрлі оюлар көрсетіліп жатады.

Сабақты қорытындылау:

  • 1.Қазіргі кезде біздің салт-дәстүріміз өзгеріп бара жатқан жоқ па? Сіздің ойыныз қандай?
  • 2.Фариза апамыз қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  • 3.Фариза ақынға қай ақын ән арнаған?

Міне, балалар, Фариза апаларың:

Шебер көп бұл заманда кілең керім,

Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.

Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан,

Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,- деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырса, Фариза апамыз өзінің өлеңдерімен жұртты сүйсіндіріп, халқының аяулы қызына айналып отыр.

Сонымен «Оюлар» өлеңінен оюлардың шығу тарихынан көптеген мағлұматтар алдық. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңші. Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.

Үйге тапсырма:

  1. Өлеңді жаттау.
  2. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында қосымша деректер жинап келу.
Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Видеоуроки
Просмотров298
Номер материала 283599
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх