Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыУрок "Абай мен Шәкәрім"

Урок "Абай мен Шәкәрім"

Скачать материал

 

 

 

 

Тақырыбы: «Абай мен Шәкәрім»

      Сыныптан тыс сабақ

 

Өткізген: Смайлова А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төңкеріс негізгі мектебі

2015 ж.

 

Абай Құнанбайұлына 170 жыл!

Сынып сағатының мақсаты:

1.    Қазақ елінің ойшыл ақыны Абайдың өмірімен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбектерімен жан-жақты таныстыра отырып, оқушыларға ақынның әдебиет, философия, педагогика ғылымдарындағы, қазақ халқының тарихындағы орнын ашып көрсету. Абайдың немере інісі Шәкәрім туралы мағлұмат беру. Ой қозғау.

2.    Сынып сағатына оқушылардың белсенді қатысуына, қызығушылықтарын арттыруға, ойлау қабілеттерін дамытуға көәіл бөлу. Тарихи қайраткерлерді сипаттап, рөлдік қойылымға қатыстыру.

3.    Абайдың өмірі мен қызметінен нақты мысалдар келтіре отырып, оқушыларды оның өнегелі істерінен үлгі алуға тәрбиелеу, олардың туған еліне, халқына, ұлы тарихи тұлғаларға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.

Сабақтың түрі: Сахналық қойылым, әңгіме, ойын.

Пәнаралық байланыс:  Тарих, әдебиет, музыка.

Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған бүктеме, слайд, плакаттар, Абайдың портреті, Шәкәрімнің өмір жолы бүктеме, Ескендір Зұлқарнайын, Аристотелдің киім кешегі т.б.

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, қонақтармен амандасу. Отырғызу.

II. Өткенді қайталау, жалпы еске түсіру. «Тізбек» ойыны.

Балалар сендер жалпы тарихи сұрақтар арқылы білімдеріңді еске түсіріп сергіп алыңдар.

Ойын барысында мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауап парақтарын алып шығып, тізбек шынжыр жасап тұра қаласыңдар.

v Керей мен Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығына биыл неше жыл толды? / 550 жыл/

v ҚР ата заңына неше жыл? / 20 жыл/

v Біз өз елімізді қалайша атаймыз, қалай мақтана аламыз? //

v Қазақ сөзі нені білдіреді? / еркін адам/

v Қазақстан көп ұлтты ел екенін елбасының сындарлы саясаты дәлелдеп берді. Олай болса көп ұлтты еліміз қандай атаулы мерекесін тойлап жатыр?/ Ассамблеяға 20 жыл/

v Қазақтың ұлы данасы кім, дарасы кім? / Абайдың 170 жылдығы/

v Біздің батыр бабаларымыз қиын қыстау кезінде өздерінің жанында берген, қанын да берген, жеңіске жеткен. Биыл айтулы қандай мереке? / ҰОС 70 жыл/

Өте жақсы орнымызға жайғасамыз.

III. Жаңа тақырыптың жоспары:

     Оқушылар бүгінгі сынып сағатымыздың эпиграфы ретінде             С. Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең,

                                   Абайды оқы ерінбе.

                                   Адамдықты көздесең,

                                   Жаттап тоқы көңілге» - деген ұлы сөзімен бастағым келеді.

Сынып сағатының мақсаты: Қазақ елінің ойшыл ақыны Абайдың өмірімен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбектерімен жан-жақты таныстыра отырып, ақынның әдебиет, философия, педагогика ғылымдарындағы, қазақ халқының тарихындағы орнын ашып көрсету. Абайдың немере інісі Шәкәрім туралы мағлұмат беру. Ой қозғау.

Абай – ақын. Абай – сазгер. Абай – философ. Абай – аудармашы. Абай – дана. Абай – кемеңгер. Қазақ әдебиетінің негізін салушы. Абайдың қара сөздері, әндері бар.

    Абайдың өмірі жайында қазақ әдебиеті, музыка пәндерінен көптеген мағлұматтарды білесіңдер.

    Бүгін мен сендерге оның немере інісі Шәкәрімге тоқталғым келеді. Шәкәрім Абайдың Құдайберген деген ағасының баласы. Ол жастайынан жетім қалып, ағасы Абайдың тәрбиесін алып өседі. Абайдың ең сүйікті шәкірттерінің бірі болды.

Қай ақын болсын өз дәуірінің перзенті, өз заманының жемісі. Шәкәрім де сондай. Күрделі тарихи кезеңде өмір сүрді. Ғасырлар бойы тарих сахнасында сан қилы аласапыран күйді басынан кешіріп келе жатқан Қазақ елінің басындағы экономикалық және рухани, мәдени ауыртпалықтарды, заман проблемаларын көзімен көрді. Сондай қилы заманда 1931 жылғы зұлмат репрессияға да ілікті. Оның және ағасы Абайдың тұқымдарында осы репрессияның тырнағы шарпып өткені тарихтағы ащы шындық екен балалар.

   Міне мына қылқаламмен салынған бейне суреттер данышпан Шәкәрімнің бейнесі. 2008 жылы Шәкәрімнің 150 жылдығы атап өтілді. Бұл суретті қылқалам шебері Мақаш Әлиақпаров ағамыз бейнелеген екен.

  Шәкәрімнің Абаймен сұхбаты, Шәкәрімнің Ыстамбұл қаласындағы, әнді домбырамен тартысы, Л.Н. Толстойдың шығармаларын аудару сәті, ақынның аңға шығуы мен саятқора жеріндегі ұлы Ахатпен қоштасу сәті ақынның қазасы яғни өлімі туралы мол мағлұматтарды Мақаш ағамыз шебер суреттеген.

   Кезінде Кеңес үкіметінің қуғындауымен Шәкәрімнің балалары Ахат, Ғафур, Қабыш, Зият, Абайдың баласы Тұрағұл, Ақылбайдың Әубәкірі, Қабыштың баласы Баязитта куғындауға ұшырайды екен.

    Мына суретте ақын Шәкәрім баласы Ахатпен қоштауда. Ал Шәкәримді атып өлтіргендегі сурет және оның денесін Құрқұдық деген жерде құдыққа тастаған екен.

    Себебі ақын шындықты жырлаған, заманға қарсы тұра білген. Кейін Ахат деген баласы түрмеден аман есен оралып, әкесінің денесін қайта жерлегені тарихи шындық екен.

    Абай Құнанбаев атамыз өзінің сүйікті балаларының қаза болғанына қайғырып, дүниеден ерте озған.

    Ақынға арнап Семей жерінде саябақ орнатылды. Ақынның атында көшелер мен ғимараттар аталып келеді.

II. Сынып сағатының екінші бөлімінде мен сендерге арнап Абай атамыз бен Шәкәрім атамыздың математикалық ойлар мен әдістері, философиялық ой толғамдарын яғни жұмбақ өлеңдерін сендердің орталарыңа тастағалы отырмын.

Шәкәрімнің жұмбағы:

Бір нәрседен үш сипат қылдым хайла.

Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда?

Бір сипатын ортадан кесіп алсам.

Орнында тағы болар екеу пайда.

Біреу деп кесіп алып тастағаным,

Үшеу болып жатады басқа жайда.

 

 

Шешуі:

Бір қағазды қи-дағы үш бұрыштап,

Бір бұрышын ортасынан кес дұрыстап.

Қалған қағаз болады төрт бұрышты,

Үш бұрышты қиығын тұрсаң ұстап.

/Шәкәрім. Айтылмыш шығармалары. 277-278 беттер/

Сызбалық түсіндірмесі:

 

 

 


Абайдың жұмбағы:

«Алла  мықты жаратқан сегіз батыр» деген өлең – жұмбағы беріледі.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр.

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі:

Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз.

Таба алмасам, ақылды болар неміз?

Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

Жақсылық пен жамандық болады сегіз.

/Абай.Қ. Айтылмыш шығармалары 1 том 142 бет./

III. Сынып сағатымыздың үшінші бөлімінде оқушылар өздерің дайындаған Абай атамыздың «Ескендір» поэмасын сахналық қойылым ретінде көрсетейік.

Әрі қарай бүгінгі сабаққа қатысқан мектеп директоры мен мұғалімдерге сөз берейік.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ.

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!

Осымен сабағымызды аяқтай отырып Абай әндеріне кезек берейік.

Сыныптан тыс сабақ аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Абай мен Шәкәрім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2016 1449
    • DOCX 28.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смайлова Айжан Ахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смайлова Айжан Ахметовна
    Смайлова Айжан Ахметовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 7
    • Всего просмотров: 8100
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 463 человека

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе