Инфоурок Информатика Другие методич. материалыУрок: "Алгоритмдер. Алгоритм атқарушысы"

Урок: "Алгоритмдер. Алгоритм атқарушысы"

Скачать материал

                                                                                                                                              «Бекітемін»

                                                                                                                «___» ________2016 ж ___________________

Пән мұғалімі: Медеуова А.Б.

Пән аты: Информатика

Класы, күні:   6А – 7.11.16         6Ә – 27.10.16         6Б – 28.10.16

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер. Алгоритм атқарушысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритм және алгоритмнің атқарушылары туралы түсінік беріп, алгоритмнің жазу жолдарымен таныстыру.

Білімділік: Алгоритмнің іргелі ұғымдарын және оларды кеңейтілген түрде пайдалануын мысалдар арқылы көрсету. Оқушыларға алгаритмді құру ережелерін мысалдарды келтіре отырып таныстыру алгаритмді формалды түрде орындау мүмкіндіктерін түсіндіру.

Тәрбиелілік: Өздігінен тақырыпты меңгеріп, жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ақыл-ойларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: электрондық оқулық, слайд, жұмыс дәптері, оқулық

Сабақтың кезеңдері:

Ұйымдастыру кезеңі.       

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақты қорытындылау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тыныштығы мен тазалығын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Бұл тарауда сендер алгоритмнің не екенін және алгоритмнің түрлерімен танысасыңдар. Әртүрлі алгоритм түрлерін құрып, ақпаратты модельдерді жасауды үйренесіңдер.

АЛГОРИТМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРЫНДАУ

Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763−850) есімінің латынша Аlgorithmi (Алгоритм) жазылуынан шыққан. Алгоритм – математика мен информатиканың негізгі іргелі ұғымдарының бірі.

 Алгоритм нәтижеге жету  мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау  қажеттігін  түсінікті, әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті.

            Алгоритмдік ойлау адамның өз іс-әрекетін алдын ала ойластыруына, жоспарлауына, талдауына, белгілі бір мақсатқа жетуіне көмектеседі. Алгоритмнің көрнекі мысалдары ретінде түрлі нұсқаулар мен ережелерді айтуымызға болады. Алгоритм күнделікті өмірде: тамақтану кезінде, мектепке баруда, спортпен шұғылдануда, өнерде, мәдениетте және ғарышқа ұшуда кездеседі. Мысалы, балаға есікті кілтпен ашуды үйреткен болсақ, онда іс-әрекетін анық түсіндіру керек:

1.      Кілтті қолға алу керек.

2.      Кілтті құлпының саңылауына салу керек

3.      Кілтті бұрау керек.

4.      Кілтті қайтадан суырып алу керек.

Адам қандай да бір есепті шешкен кезде алгоритмдерді қолданады. Қазіргі уақытта алгоритм атқарушысының рөлін компьютер атқарады.

Атқарушы – бұл алгоритмде жазылған командаларды орындай алатын адам немесе техникалық құрылғы.

Атқарушы орындай алатын барлық командалар жиынтығы атқарушының командалар жүйесі (АКЖ) деп аталады. Атқарушы Атқарушының командалар жүйесіне енетін командаларды ғана орындай алады. Бұндай командалар саны шектеулі болу керек. Әр алгоритм нақты атқарушыға сәйкес құрылады. Алгоритм әлемі сан алуан. Бірақ соған қарамастан кез келген алгоритм жалпы қасиеттерге ие. Алгоритмдердің жалпы сипаттамасын алгоритм қасиеттері деп атайды.

 Алгоритмдердің негізгі қасиеттері мыналар:

·         Түсініктілік –алгоритмді  атқарушысы оны қалай орындайтынын білуі керек.

·         Дискpеттілік – алгоритм  нақты әрекеттерден тұрады, келесі қадамы белгілі тәртіппен жүзеге асады.ы.

·         Анықтылық – алгоритмнің әрбір ережесі анық, мағыналы болу керек.

·         Нәтижелілік – орындалатын қадамдардың алгоритм нәтижеге жетуі керек.

·         Жалпылық  – қандай да алгоритмді түрлі бастапқы мәліметтермен бірнеше рет қолдануға болады.

«Есікті ашу» алгоритмі барлық қасиеттерді қамтиды. Егер екінші мен үшінші әрекеттің орнын ауыстырсақ, онда алгоритм орындалғанымен есік ашылмайды. Сондықтан әрекеттер тізбегі ғана емес оның орындалу реті де маңызды.Алгоритмдерді орындау үшін біз атқарушы ретінде Ботаны ұсынып отырмыз. Атқарушы «Бота» – бұл өзінің командасын ғана түсінетін және орындай алатын робот. Атқарушы «Бота»-ның командалар жүйесі: солға, оңға, жоғары, төмен, жіберу, қадам атты алты командадан тұрады. Атқарушы «Бота» торлы жазықтықта жұмыс істейді және түрлі суреттерді  сала отырып, бір тордан екінші торға біртіндеп ауысады.

IІІ. Сабақты қорытындылау.

  

·         Алгоритм дегеніміз не?

·         Алгоритмдерді кім атқара алады?

·         Қандай атқарушыларды білесің?

·         Атқарушы Ботаның командаларын атап көрсетіңдер.

·         Ботаны атқарушы деп атауға бола ма?

·         Аққаланы тұрғызудың алгоритмін құрыңдар.

 

Шығармашылық тапсырма

1.Атқарушы берілген сөздегі бір әріпті ауыстырып, мағынасы бар жаңа сөз шығара алады. Мысалы: «түйме» - «түйе».  «Түйме» cөзін «түйе» сөзіне ауыстырудың алгоритмін құрыңдар.

2. а) дүкендегі кассирді; ә) аула сыпырушыны; б) күзетшіні; в) мектеп директорын  ауыстыратын автоматты қандай қолжетімді командаларымен қамтамасыз етіп, автоматты түрде ауыстырар едіңдер?

ІV. Үйге тапсырма:  тақырыпты оқу.

V. БағалауОқушылардың бағалаймын.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок: "Алгоритмдер. Алгоритм атқарушысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 391 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2017 847
    • DOCX 64 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Медеуова Айшат Бекбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Медеуова Айшат Бекбулатовна
    Медеуова Айшат Бекбулатовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26950
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 150 человек

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе