Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыУрок "Ашу-дұшпан, ақыл дос"

Урок "Ашу-дұшпан, ақыл дос"

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп №22 орта мектеп Мерзiм____________

Сынып: 4 Оқушы саны: 23

Мұғалiм: Ерханаева К.Е.

Сабақтың тақырыбы: Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: сыпайылық; шыдамдылық, ой тыныштығында отырып үйрену.

Мақсаты: Ішкі тыныштық құндылығы арқылы оқушыларды сабырлылық сақтап, ақылмен ойлауға баулу.

Міндеттері:

Оқушыларға кез-келген жағдайда ой тыныштығын сақтай білуге үйрету

Балалардың шыдамдылық дағдыларын жетілдіру

Ұстамдылыққа, сабырлылыққа, сыпайы қарым-қатынас орната білуге баулу

Ресурстар

Оқулық,үнтаспа,

қосымша материалдар, компьютер

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақтар:

  1. Қандай күйде болдыңыздар?

  2. Жаттығу қалай әсер етті?

  3. Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?






Музыка әуені


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Сурет “ мәтінін оқу, мазмұнын түсіндіру

1.Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

2.Азаматтың ашуының басталуына не себеп болды?

Қорытынды:

  • Олай болса, балалар, ұстамдылық танытып, ақылмен бар мәселені шеше білейік.

Өзін-өзі тану оқулығы 58 бет

«Сурет» Ж.Дауренбеков

тың өмірбаянымен таныстыру


3.Жағымды ой-пікір

Дәйексөз.

«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»
Оқушыларға мағынасын түсіндіру: Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары – ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылға жеңдіреді. Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі», - деп өте орынды айтқаны.

Сұрақтар:

  1. Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?

  2. Сабырлы болудың адам өмірінде қандай маңызы бар?

Жаттату:

-дәптерлеріне жазу

-3 рет қайталау;

-2-3 баладан сұрау;

Қорытынды:

  • Ендеше балалар, ашуды ақылға жеңдіре отырып, сабырлы, ұстамды болайық.

М.Әуезовтың өмірбаянымен таныстыру

4. Мұғалім сыйлығы Әңгiмелеу.    

- Бұл бейнебаяннан қандай ой түйдік?
- Сабырсыздық деген қандай қасиет?

- Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?

- Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?

Қорытынды:

  • Кез-келген жағдайда сабырлылық сақтап, шыдамдылық танытып, ішкі тыныштықты сақтайық.


Автордың өмірбаянымен таныстыру



5.Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру. Топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі.

1-топ: «Айтысып сөзге келгенше, ақылмен жөнге кел». 
2 - топ: «Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің?»
3 -топ: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» мақалының мәнін ашу.

Дәптермен жұмыс

Данышпан атаның кеңестерін қалай қолданатының туралы жазу:
- Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.
- Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
- Жақсы нәрсе туралы ойла.
- Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
- Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
- Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
- Ашуды ақылды жеңдір.

Қорытындылау: - Ашуын ақылыңа жендіре білген бала қандай да болсын қиындыктарды жеңіп,өзіне ұнаған істермен шұғылданады.Өз-өзін дамытатын үйірмелерге қатыса алады.Ол үшін оған ақылдылық, кішіпейілділік, ұстамдылық керек.

Әр топтың орындағын тапсырмасын тыңдау.

6.Топпен ән айту.

Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындау


7.Үй тапсырмасы.

«Досымның жақсы қасиеттері» өз досыңның жақсы қасиеттерін жазып келу.



8.Қорытындылау, тыныштық сәтi.

- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.





Баяу әуен қою.


























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Ашу-дұшпан, ақыл дос""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 995 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 677
    • DOCX 78.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ерханаева Камар Ермекбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ерханаева Камар Ермекбаевна
    Ерханаева Камар Ермекбаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5131
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1114 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 273 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 682 человека

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе