Инфоурок Музыка КонспектыУтренник, "АЙНАЛАЙЫН АНАШЫМ" Детском саду

Урок "АЙНАЛАЙЫН АНАШЫМ" Детском саду

Скачать материал

Айналайын, Анашым!

Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға балалар музыка ырғағымен  жұптасып кіреді. Жарты шеңбер болып тұрады.

Тәрбиеші:

Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың  негізі

Әдемі сөз  адамның

Аналарға айтар лебізі.

Армысың әжелерім, аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың.

(Балалар орындарына отырады.)

Тәрбиеші: Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде  әйел затын  ерекше бағалайтын , қарындасты  қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ»,- деп аналарға деген құрметін білдіреді.

Балабақшамыздың меңгерушісі: Бақытгүл Жақсылыққызына сөз береміз.

 Бүгін айтылатын ақ тілек, жылы сөз, шырқалатын ән сіздерге арналады.Құрметті аналар , балалардың өздеріңізге арнаған ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

Ортаға екі тәрбиеленуші Аяна мен  Өркен  шығады.

Аяна: Сәлеметсіздер ме , құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер , асыл да аяулы аналар,  балабақшамыздың  тәрбиешілері, ару қыздар!

Өркен: Сіздерді 8- наурыз халықаралық аналар күнімен (екеуі бірге) құттықтаймыз!

Аяна: Білесің бе, Өркен ана деген керемет асыл Жан, менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн  ортасында шөлдесем тұрып, шырын беретін.

Өркен: Ал ,менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Аяна: Ән демекші бүгінгі аналарға арналған  мерекемізді әнмен бастасақ, оған қалай қарайсың?

Өркен: Әрине, өте дұрыс айтасың мейірімді де сүйкімді аналар мен әжелерге «Құттықтаймын Анашым!»  әнін арнаймыз.Қабыл алыңыздар.

 («Құттықтаймын Анашым!» әні орындалады)

Тәрбиеші:

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай –ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны,

Ана жайлы тақпақ айтсаң білесің.

(Тақпақтар айтылады)

 Әли:

Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен

Арайлым:

Ана десем,алғыс алам халқымнан.

Ана десем,теңіз болам шалқыған

Ана десем,ашылады қабағым,

Ана десем, әділдікті ұғамын.

Нұрасқан:

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен?

Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Дина:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Сенсің ана, жан күші

Сендей болсын бар кісі

Сендей болса бар кісі

Шексіз перзент алғысы.

Айдана:

Ана- көркі көгімнің

Ана-нұры жерімнің

Ана-бағы баланың

Мақтанышы елімнің.

Мансура:

Баланың да тірегі

Даланың да тірегі

Шаршамасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы, анашым.

Лилия:

 

 

.

Артур:

 

 

 

Нұрболат:

Алақаның ақ самал

Мәпелеген жан анам

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаға.

(Ортаға көңілді домалап кірпі келеді.)

Кірпі: Саламатсыздар ма , балалар? Сендер  не   тойлап  жатырсыңдар ?

Балалар:Аналар мерекесін тойлап жатырмыз.

(Кірпі отырып жылайды)

Тәрбиеші: Кірпі неге жылап отырсың?

Кірпі: Мен анама сыйлық жасауды ұмытып кетіппін.

Тәрбиеші: Жылама , кірпі сен уайымдама біз саған сыйлық жасауға көмектесеміз.Солай ма балалар?

Балалар: Әрине көмектесеміз.

Тәрбиеші:

Арайлап атты таңымыз,

Жайнайды бақша –бағымыз,

Гүлдердей құлпырып,

Би билейміз тағы біз.

 «Гүлдер биі»

Арайлым, Жұлдыз, Айдана,Мансура,Жансая,Баянсұлу,Наргиз,Лилия .

Осы сәтте  қолында сурет  салатын қағазы , бояуы  бар суретші Қонжық келеді.

Қонжық: Көктем  қандай тамаша! Көктем маған ұнайды. Көктем мезгілінің табиғаты қандай тамаша.

Тәрбиеші: Қонжық  қайдан келесің?

Қонжық: Көктемнің  суретін салып жүрмін.

Кірпі: Қонжық  бүгін аналар мерекесі, мен анама сыйлық жасауды ұмытып кетіппін.

Қонжық: Жарайды онда мен мына оралған қағазымды саған қалдырып кетейін. 

Кірпі: Рахмет.

Тәрбиеші: Балалар, біз мана уәде еткендей кірпіге сыйлық жасауға көмектесейік.Кірпінің анасына  ашық хат жасайық. Ол үшін мына ақ қағазды тақтаға жапсырайық. 

 Бүгін біздер қадірлі де ардақты әжелерімізді  ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп халқымыз текке айтпаған. Олай болса, әр үйдің қазынасы сіздер аман болыңыздар.Келесі орындалар ән , сіздер үшін қабыл алыңыздар.

Ән: «Менің әжем тамаша»

Әже туралы тақпақтар:

Мейірлан:

Құтты  болсын ардақты әжем

Асыл әжем мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең.

Өркен:

Менің әжем, ақ әжем.

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем -жыр әжем

Шуағы мол- нұр әжем

Ақ орамалды тағып ап,

Аман-есен жүр әжем.

Жұлдыз:

О, халайық, жараңдар,

Әжемді кім  жамандар

Ақ тістері маржандай

Сенбесеңдер қараңдар

Келбетіне көз салсаң,

Көктемнің нұрлы шуағындай

Оймақ ауыз, күлім көз

Өзі сұлу ақылды

Сүйкімді біздің әжетай

Сәлемімді қабыл ал

Мейрамыңмен  құттықтаймын.

Бекдәулет:

Ұл-қызыңа ерген

Немерең-біз ,әже

Немереңнен өрген

Шөберең-біз, әже

Үйреткен сөз мәнін

Тілімізсің, әже

Жарқыраған дәйім.

Күнімізсің, әже

Шуағыңды сеуіп

Жайна, анамыз әже

Жұлдыздарың сені

Айналамыз әже.

Ортаға қолында  шашыраған күндері бар Тиін келеді.

Тиін:  Мен мына күннің  артындағы сөздерді оқи алмай жүрмін. Ормандағы барлық аңдар да оқи алмады. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Тиін біздің балалар да бұл сөздерді оқи алмайды. Мүмкін аналарымыз оқып берер.

Тиін: Жарайды.

Тәрбиеші: Аналар жасырынған сөздерді әуелі қимылмен көрсетіп, содан кейін оқып берсеңіздер.

Ата-аналармен ойын: «Жылы сөз»

Тиін: Рахмет, сіздерге аналар!

Тәрбиеші: Тиін біз бүгін аналар мерекесін тойлап жатырмыз және де Кірпінің анасына сыйлық дайындап жатырмыз сенің қандай көмегің бар?

Тиін: Жарайды мен мына бір күнімді сыйлыққа тастап кетейін.

Кірпі: Рахмет. Күнді ақ қағазға жапсырады.

Тәрбиеші: Мың бұрала бейлеген балаларымыздың  билерін қабыл алыңыздар.

Би: «Жастар» биі.

Дина,Нұрасқан,Баянсұлу,Жансен,Айдана,Нұрболат,Мансура,Мейірлан,Лилия,Артур.

 Аналар туралы тақпақтар:

Бислам:

Баққа гүл толғанда

Біз оны жинаймыз

Мереке болғанда

Анаға сыйлаймыз

Ақ анашым, аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де

Арнадым саған бәрін де.

Аяна:

Алтын анам жасымнан  аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Бақшадан үйге келгенімде

Бал сөзі «жаным» деген сая  маған.

Нұрбек:

Ана өмірдің қуанышы ,тірегі

Бала- оның жұбанышы, жүрегі

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Жансая:

Қанаттанса балапан

Қалайынша ұшпайды

Әр бір қыз, әр балапан

Анасына ұқсайды

Ойлы қызы халқының

Отаным деп  тұрады

Бос жібермей әр күнін

Ана жолын қуады.

Ілияс:

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам.

Наргиз:

Ақ арман-аппақ  анам

Өзіңсің бақ та маған

Шығамын ақ сүтіңді

Қалайда ақтап анам

Ақылшым, анашым

Мен үшін данасың

Үлгі боп ояттың

Қызыңның санасын.

Даурен:

 Ана- біздің күніміз.

Біз ананың гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Олжас:

Әлемге тыныштық тілеген    

Жан ана жаныңа гүл егем

Балалақ жүрекпен айтылған

Махаббат белгісі бұл өлең

Жан ана, жарық жанарың

Бір сенде кеңдігі даланың

Балаңды құшақтап сүйгенде

Сеземін көктемнің самалын.

 Б.Санжар:

 Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз  адамның

Анаға айтар лебізі.

 Осы кезде ортаға шөбін жеп тамсанып Елік келеді.

Тәрбиеші: Ой, қайдан жүрсің Елік?

Елік: Көктемнің алғашқы көк шөбі қандай дәмді.Мен осы шөптерден дәм татып шөп жинап жүрмін.Сендер не тойлап жатырсыңдар?

Балалар:Біздер аналар  мерекесін тойлап жатырмыз.

Тәрбиеші: Кірпінің анасына сыйлық жасап жатырмыз , сенің қандай көмегің бар?

Елік: Ендеше мен мына шөбімнен тастап кетейін.

Кірпі: Рахмет. Шөпті ақ қағазға жапсырып қояды.

Тәрбиеші:

 Ән: «Анашым» орындайтын тобымыздың әнші балапаны Дина.

Ортаға құрастыратын гүлдерін шашып, құрастыра алмай, басы қатып Қоян келеді.

Қоян: Ой-ой , мен мына гүлдерді құрастыра алмай басым қатып кетті. Балалар мен сендерден көмек сұрап келдім.

Тәрбиеші: Балалар Қоянға көмектесемі бе?

Балалар екі гүлді құрастырып береді.

Қоян:  Рахмет. Айтпақшы сендер не тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Аналар мерекесін тойлап жатырмыз.

Тәрбиеші: Кірпінің анасына сыйлық жасап жатырмыз,  сенің қандай көмегің бар?

Қоян: Мен мына бір гүлді Кірпінің анасына сыйлыққа тастап кетейін. Ал екінші гүлді анама сыйлаймын.

Кірпі: Рахмет, гүлді ақ қағазға апарып жапсырады.

Тәрбиеші:

Амансыңба, Ару көктем? Жер бетін жайнатып,  құлпыртып, тіршілікті оятып біздің ортаға қош келдің!

Шуақты көктем келді  гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық- дегендей  көктемді де ұмытпай әнімізді арнайық.

Ән: «Ару көктем»

Осы сәтте ортаға қуланып Түлкі келеді.

Балалармен ойын : «Гүл сыйлау»

Түлкі:  Сендер менен тығылып, маған айтпай қандай мейрамды тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Аналар мерекесін тойлап жатырмыз.

Тәрбиеші: Түлкі ханым біз Кірпінің анасына сыйлық «Ашық хат» дайындап қойдық , бірақ құттықтау сөзін жаза алмай тұрмыз .Мүмкін сен бізге  сөз жазуға көмектесерсің.

Түлкі: Әрине көмектесем. Түлкі «Құттықтаймын , Анашым!» деген сөз жазып береді.

Тәрбиеші: Кірпі мінекей сенің анаңа сыйлық дайын болды.

Кірпі: Рахмет.Мен да анама айтатын тақпағымды айтып берсем бола ма?

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген –алтын қазық,алтын бақ.

Түлкі: Мен балалар өте асығыспын, мен де анама сыйлық жасауым керек.

Тәрбиеші: Балалар, Кірпінің анасына сыйлық дайын болды, Енді бізде анамызға дайындаған сыйлықтарымызды табыстайық.

 Сыйлықтарды Түлкі  қу ұрлап кетеді.

Кірпі: Балалар сендер маған сыйлық жасауға көмектестіңдер енді мен сендерге көмектесемін.

(Кірпі Түлкіні қуып кетеді)

Би: «Мен сурет саламын»

Кірпі: Балалар Түлкі алысқа ұзамапты мен сыйлықтарды алып келдім.

Балалар аналарына сыйлықтарын табыстайды.

Тәрбиеші:

Өмірге ана-бұлақ , ана-пана

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен.

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Аналар, әжелер, қадірлі қонақтар, қыздар, балабақша ұжымының апайлары, сіздерді Халықаралық әйел-қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін.Осы мерейлі мереке тек қана игі жаңалықтар әкелсін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Утренник, "АЙНАЛАЙЫН АНАШЫМ" Детском саду"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 383 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.10.2016 621
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курманова Сауле Айбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курманова Сауле Айбековна
    Курманова Сауле Айбековна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6463
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере дополнительного образования

Педагог музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 89 человек

Курс повышения квалификации

Мировая музыкальная культура от Баха до Шнитке

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 80 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные проблемы развития исполнительских навыков учащихся в деятельности педагога ДМШ, ДШИ

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 165 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции