Инфоурок География Другие методич. материалыУрок Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң.

Урок Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң.

Скачать материал

                                     Сабақ жоспары

 

 Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы      

 Сыныбы:   8 сынып    

 Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң. 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Қазақстан мұздықтары және көпжылдық тоң

Және оның түрлері туралы білімін қалыптастыру.

Дамытушылығы:  Оқушыларға Қазқастан мұздықтары және көпжылдық тоң олардың типтері туралы білімдерін, қызығушылығын, ой – өрісін  толықтырып дамыту.  

Тәрбиелігі: Оқушыларды өз бетімен іздендіруге, еңбекқорлыққа, өз бетімен  ойлау

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі : Қазақстанның  физикалық картасы

Пәнаралық байланыс: Биология, химия.

Сабақтың өтілу барысы

I. Ұйымдастыру ( 2 мин)

a)    Оқушылармен амандасу,

b)    Оқушыларды түгендеу,

c)     Сабаққа деген зейінін аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау ( 13 мин)

1.     Ауызша үй тапсырмасын сұрау.

2.     Қосымша сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау.

            §33.Жер асты сулары.

 

 

 

III. Жаңа сабақты пысықтау ( 20 мин)

         Қазақстан  өзендерінің негізгі  су көздерінің бірі – мұздықтар.  Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогін құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары шығыс және оңтүстістік – шығыс аймақтарындағы – Алтай, Сауыр жоталары, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау,Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы – 2033,3км². Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100км³. Ол – Қазақстан жерінде жиналатын өзен аңғарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры.

         Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын  - шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда  маңызды рөл атқарады. Мұздықтар қалыптасатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде – хионосферада (грекше – қар қабаты) орналасады, оның төменгі жағы қар сызығы деп аталатын шекарамен шектеледі.

         Қазақстан тауларында қар сызығы ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігінен байланысты бір сыпыра биікте жатыр. Қар сызғы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай едәуір төмендейді. Қар сызығының орташа биіктігі Тянь – Шань тауларында 3800 м-ден, Алтай тауларында 2600м аралығында жатыр. Бір тау жотасының оңтүстік және солтүстік беткейлерінде қар сызығының биіктігі 200 – 400м айырма жасайды. Тіпті бір беткейдің өзінде де батысы мен шығысында қар сызығының биіктігі жүздеген метр биік не төмен болуы мүмкін.

         Алтай тауларында қар сызығының орташа биіктігі солтүстік беткейде 2300 – 2800м, оңтүстікте 2500 – 3000м, Сауырда – 3300м. Қар сызығы Жоңғар (Жетісу ) Алатауының солтүстігінде 3300 – 3500 м, оңтүстік беткейде  3300 – 3900м, ал Тянь – Шань тау жүйесінің солтүстік жоталарында, атап айтқанда, Іле Алатауының солтүстік беткейінде ол 3700-3900м биікте, оңтүстікте 3900 – 4200 биікте өтеді.

          Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған  ауданы Жоңғар (Жетісу) Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000км². Оның 996км² солтүстік беткейде 1009 мұздықтары 857км²  жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89.6км² жететін  328 мұздық бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан.

         Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің  үш түрлі негізгі топтары бар:

1.     Тегістелеген төбе мұздықтары

2.     Тау беткейлерінің мұздықтары

3.     Аңғарлық мұздықтар

IV. Жаңа сабақты бекіту пысықтау ( 6 минут).

А.

1.     Жер асты сулары тереңдігіне қарай  ... болып бөлінеді.

A.  Грунт (еспе), артезиан

B.    Арасан, гейзер

C.    Жылға, грунт

D.   Артезиан, бұлақ

E.    Минералды су, бастау

         2. Еспе  су таралған  тереңдік:

A.   1-10 м

B.    3-30 м

C.    4-25 м

D.   5-50 м

E. 6-100 м

         3. Қазақстанның тұтас жерасты теңізі бар аймағы:

A.    Сарыарқа

B.     Тұран

C.     Мойынқұм

D.    Торғай

E.     Іле ойысы

4. Қазақстанның мұздық таралған аудандары:

A.   Шығысы мен оңтүстік- шығысы

B.    Орталығы мен шығысы

C.    Солтүстігі мен шығысы

D.   Батысы мен шығысы

E.    Оңтүстік шығысы мен орталығы

5. Қазақстандағы  мұздықтар саны:

A.   1542

B.    2724

C.     1958

D.    2568

E.     3012

   6. Барлық  ауданының 66 %- ын қамтитын мұздық түрі:

A.    Шың мұздары

B.     Беткей мұздықтары

C.     Аңғарлық мұздықтар

D.    Аралық мұздықтар

E.     Көпжылдық мұздықтар

 7.  Мұздық көп тараған тау:

A.    Алтай

B.     Жетісу (Жоңғар) Алатауы

C.     Тянь- Шань

D.    Сауыр

E.     Орал

 8. Ең үлкен мұздық..... орналасқан.

A.    Тянь- Шаньда

B.     Алтайда

C.     Іле Алатауында

D.    Қарқаралыда

E.     Көкшетауда

9. Мұздықтар  топтары:

A.   2

B. 1

C. 4

D.   3

E.  5

          10. Іле Алатауындағы мұздық:

A.    Жеңіс

B.     Фадченко

C.     Корженевский

D.    Хан Тәңірі

E.     Қазбек

1.А  2.В  3.С  4.А  5.В  6.С  7.В  8.С  9.Д  10.С

В.

1. Мұздықтар қалай пайда болады? Қандай типтерін білесіңдер?

2. Көпжылдық тоңның таралған аудандарын атаңдар?

3. Мұздықтардан басталатын қандай өзендерді білесіңдер?

С.

1. Қазіргі мұздықтар таралған аудандарды атаңдар.

2. Мұздықтардың не себептен әр түрлі биіктікте орналасқанын анықтаңдар.

3.Қар сызығының солтүстікке барған сайын төмен орналасуының себебі неде?

V. Үйге тапсырма беру ( 2минут)

1. Ауызша тапсырма. §34. Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң  туралы тақырыпты оқып келу. Сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалу.

2. Жазбаша тапсырма. Контур картаға Қазақстан мұздықтарын түсіріп келу.

 

 

VI. Оқушы білімін бағалау (2 минут)

Сабаққа қатысуы мен берген жауабын ескере отырып баға қою.

    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 403 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 3887
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сералиева Динара Куанышбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сералиева Динара Куанышбаевна
    Сералиева Динара Куанышбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64663
    • Всего материалов: 62

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 294 человека

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек