Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Урок: "Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер"

Урок: "Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

8


  1. Тақырыбы:Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер.

Мақсаты:1.Білімділік.Сүтқоректілердің түрлері,тіршілік әрекеті және

маңызы туралы білім беру.

Сүтқоретілер туралы қызықты деректер мен аңыз

әңгімелер жайлы түсініктерді қалыптастыру.

Қосымша мәліметтер арқылы оқушылардың

сүтқоректілер туралы білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық.Оқушылардың шығармашылық белсенділігін

дамытуда өздігінен жұмыс істей білуге,пәнге

қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік.Сүтқоректілер классының өкілдерін қорғауға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:ауызша журнал,баяндау,зерттеу,суреттеу,жинақтау.

Қолданылатын көрнекіліктер:сүтқоректілердің суреттері,слайдтар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме,балалар? Қазір бізде биология сабағы. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тегіс алып, зейініміз тек сабақта болсын, себебі:бізге қонаққа бірнеше мұғалімдер келіп отыр.Сабақта белсенділік танытуға,білімдеріңді көрсете білуге тырысындар.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Тапсырма.





(Слайдтан сабақтың тақырыбы шығады.Қазақстан картасы.)

2.Тапсырма.

Жорғалаушылар

Құстар

Сүтқоректілер






  1. Іштей ұрықтанады.

  2. Дене температурасы тұрақсыз.

  3. Дене температурасы тұрақты.

  4. Денесіне аралас қан тарайды.

  5. Жүрегі төрт қуысты.

  6. Жүрегі үш қуысты.

  7. Қаңқасында алғаш рет кеуде қуысы пайда болған.

  8. Төменгі көмекейі болады.

  9. Көкет пайда болған.

  10. Денесі мүйізді қабыршақпен қапталған.

  11. Етті қарны тіс қызметін атқарады.

  12. Құйымшақ безі бар.

  13. Май,тер бездері дамыған.

  14. Алғаш рет ми қыртысының нышаны пайда болған.

  15. Қаны оттегімен екі рет қанығады.

  16. Тістері жеке топтарға бөлінген.

  17. Жұмыртқа салып та,тірідей туып та көбейеді.

  18. Ауатамырлардың ұсақ тармақтары ауа қапшықтарын түзеді.

  19. Иіс сезу өте жақсы дамыған.

  20. Қуығы болмайды.

  21. Сол жақ қолқа доғасы бар.

  22. Оң жақ қолқа доғасы бар .

  23. Оң жақ және сол жақ қолқа доғалары бар.

  24. Жарқанат,үйректұмсық.

  25. Дуадақ,дегелек,безгелдек,ителгі.

  26. Гаттерия,құбылығы.





ІІІ. Жаңа тақырып.Ауызша журнал мазмұны.

1-беті. Ол не?

2-беті.Ең,ең,ең.....

3-беті.Қызықты деректер.

4-беті. «Әйгілі сүтқоректілер»

5-беті.Сүтқоректілерді қорғау.

6-беті.Өзіңді тексер.

1-беті.

1-бет Ол не?

Редактор-пән мұғалімі

Тілшілер сөйлейді.

1.Бунақденеқоректілер отряды өкілдері туралы не білесіңдер?

Кірпілер,жұпартышқан,жертесерлер,көртышқандар.

Кірпі:Кәдімгі,құлақты,қара кірпі.

2.Кемірушілер отряды өкілдерін кездестіргендерің бар ма?

Камшат,құндыз.

3.Қоянтектестер отряды сендерге жақсы таныс.

Құм,ор,ақ қоян.

4.Қолқанаттылар отряды.

Салпаңқұлақты,ақбауыр жарқанат,қатпар ерінді жарқанат.

5.Жұптұяқтылар отряды.

Күйіс қайтармайтындар:Шошқа,бегемот.

Күйіс қайтаратындар:

6.Жыртқыштар отряды.

Аю,қасқыр,мысық,сусар.

7.Қасқыр тұқымдастары.

Шибөрі,қасқыр,қарсақ,түлкі,қызыл қасқыр.

8.Мысық тұқымдастар.

Қабылан,қамыс,шағыл мысықтары,сабаншы,қарақұлақ,сілеусің,ілбіс,қар барыс.

9.Сусар тұқымдастар.

Сусар,бұлғын,құну,күзен,аққалақ,ақкіс,борсық,итаю.

10.Тақ тұяқтылар отряды.

Құлан,түзат.

11.Ескекаяқтылар отряды.

Түлен.

2- беті.Ең,ең,ең........(Слайд көрсету)

Журнал тілшісі

Ең алып,ең кішкентай,ең жүйрік,ең биік сүтқоректілер туралы түсінік.

Ең үлкен сүтқоректілер қатарына жататын жануар-көк кит. Ол ең ірі динозаврдан да үлкен. Бір көк киттің салмағы 150 жеңіл мәшиненің салмағына тең келеді. Киттің ұзындығы 30 метр. Салмағы 130-150 тонна. Ірі киттердің жаңа туған баласының ұзындығы 8 м болады. Бір жыл анасының сүтімен қоректеніп, тез жетіліп өседі.

Құрлықтағы ең үлкен жануар- піл. Оның биіктігі шоқтығымен есептегенде 4 метр, салмағы 7 тоннаға жетеді. Бір піл күніне 200 кг шөп, бұта сияқты өсімдіктер жейді. Бір күнде піл 200 литр су ішеді.

Ең биік сүтқоректі- керік. Оның мойнының ұзындығы соншалық, ол мойнын созған кезде екі қабатты үйге жетеді.

Ең жүрдек сүтқоректі- қабылан (гепард) жылдамдығын сағатына бір жүз он километрге үдете алады.

Ең сүті қою сүтқоректі-итбалық. Оның сүті сиыр сүтіне қарағанда 12 есе майлы, әрі қою. Қоюлы жағынан майонезге ұқсайды.

Ең ұзын жүнді сүтқоректі- қодас, жүнінің ұзындығы тоқсан сантиметрге дейін жетеді.

Ең баласы іште ұзақ дамитын сүтқоректілер- піл, 660 күн-екі жылға жуық, кит-500 күн, морж-480 күн, мүйізтұмсық-450 күн, керік-430 күн.

Ең ақылды сүтқоректілер-шимпанзе, горилла, орангутанг, бабуин, дельфин.

3-беті.Қызықты деректер.

Тілшіміз.

Балалар,сіздер білесіздер ме,сүтқоректілерде өздерінің тіршілік ету барысында ұйықтайды екн,теңіз шошқалары небары 3-4 минут көздерін жұмып тнығады,ал пілдер біреулері ағаштар мен үй қабырғаларына сүйеніп ұйықтаса,біреулері жатып ұйықтайды.олар тек ауырған кезде тұрып ұйықтайды.Ал маймылдар болса жапырақтар мен шөптерден төсеніш салып,10-12 сағат ұйықтайды,ал жираф болса 20 минут ғана ұйықтайды екен.Аю,жолбарыстар шалқаснан жатып алдыңғы аяқтарын төсіне қойып немесе басына жастанып ұйықтайды.

4-беті. «Әйгілі сүтқоректілер»

Халықтық педагогика 7-жоқ

1.Жерде өлшеуіш жоқ. 1.итте бұғана сүйек жоқ.

2.Аспанда тіреуіш жоқ. 2.Бақада қабырға жоқ.

3.Таста тамыр жоқ. 3.Балықта қабақ жоқ.

4.Тасбақада талақ жоқ. 4.Жыланда аяқ жоқ.

5.Аллада бауыр жоқ. 5.Құста тіс жоқ.

6.Аққуда сүт жоқ. 6.Акулада торсылдақ жоқ.

7.Жылқыда өт жоқ. 7.Сиырда—жоқ.

Неліктен атта өт жоқ,сиырда күрек тіс жоқ.?

Жер әлемді жасап бікен соң құдай адамнан:-Қайсысын ұзақ жасайсын жазды ма,қысты ма?-деп сұрайды.Адам оған:-Оны менің достарым ат пен өгізден сұра.Олар қалай десе солай болсын деп жауап береді.Құдай алдымен аттан сұрады-Сен қалай болғанын қалар едің,қыстың ұзақ болғанын ба,жоқ қыстан гөрі жаздың ұзақ болғанын ба?-Мен жаздың ұзақ болғанын қалар едім,-деді ат,-әйтпесе қыста менің тұяқтарым қатты мұздап қалады.Қодай содан кейін өгізден сұрайды:-Сен не дейсің,саған қайсысын ұзартып,қайсысын қысқартқанын қолайлы?-Қысты ұзартқан дұрыс қой,-деді өгіз,-жаздың ыстығында менің мұрнымнан су тоқтаусыз ағады.Құдай дәл солай істеді,қысты ұзақ,жазды қысқа етті.Өгіздің жауабын естіп ашуланған ат оны дәл су-су болып тұратын тұмсықтан келіп бір тепті.Тепкенде де қатты тепті,алдыңғы тістерін қағып түсірді.Өгіз атты сүзіп,өт қабын жарып жіберді.Үлкендердің айтуынша содан бері атта өт жоқ.Сиырда алдыңғы күрек тіс жоқ.

5-беті.Сүтқоректілерді қорғау.(Буклет қорғау)

Тілшіміз.

Тілші Бекболатов Нұрдәулет «Қызыл кітапқа енген сүтқоректілер»туралы зеріттеу жұмысын ұсынады.

Қазақстанның «Қызыл кітабына»тіркелген сүтқоректілер:еуропа қара күзені,балжегі,қабылан,қарақал,алтай арқары,қызылқұм арқары жалман.

Қабылан.Өте сирек,Қазақстанда жойылып бара жатқан түр.Үстіртте таралған:ертеде Маңғыстау мен қызылқұмда тіршілік еткен;шөлді тау бөктерлерін,тау жұрнақтары мен құз-жартастарды мекендейді.Таралу аймағының тарылып,санының кемуінің негізгі себептері – шаруашылықты дұрыс жүргізбеу,басты қоректік объектілерің санының азаюы және адамның заңсыз аулауы.Алматы қорығында ойдағыдай көбеюде.

Алтай арқары.Сирек,тарлу аймағы таралып,саны азаюда.Қазақстандағы жалпы саны 60 бас шамасындай;санының азаюына негізгі себептері-адамның заңсыз аулауы және оның мекендейтін жерлерінде шектен тыс мал жаю.

Балжегі.Сирек кездеседі.Таралу аймағы-Қазақстанның солтүстігі.Үстіртте таралған;сексеул өскен жазықты және шағын қыраттарды мекендейді.Қазақстанда бірен-саран жерлерде кездескені белгілі,қорғау шаралары жасалмаған.Кездескен жерлерді Үстірт қорығына қосу қажет.

6-беті.Өзіңді тексер.

І тапсырма.Биологиялық диктант.

1.Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын ....... пайда болған.

2.Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын ......... пайда болған.

3.Теріде ......, ........, ............. шығаратын бездері болады.

4.Сүтқоректілердің мойын омыртқасы ...........

5.Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымынын саласы ........ деп аталады.

6.Әлемдегі ең үлкен сүтқоректі ........ деп аталады.

7.Дүние жүзіндегі ең жүйрік сүтқоректі............. болып табылады.

8.Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы-сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ ...... құрайды.

2-тапсырма.Жануарлардың аталығы мен аналығы бойынша сәйкестендіріңдер.

Аталығы. Аналығы.

Қабан Марал

Бұғы Кірекей

Арлан Мегежін

Матай Сөге.

Күлміз

Қазақстан картасына барлық отрядтарды шығару.

Үйге тапсырма.Мақал-мәтелдер.Тыйым сөздер.

Бағалау



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров195
Номер материала ДВ-338177
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх