Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Урок "Багдаршам біздің досымыз"

Урок "Багдаршам біздің досымыз"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бағдаршам-біздің досымыз!

Тақырыбы: «Бағдаршам-біздің досымыз!»

Әсем безендірілген залға, әдемі сазды әуенмен бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.

Тәрбиеші: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүрекке бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес.

Жол жүру ережесін білмей тұрып, - дей келе, құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі ересектер мен мектепалды даярлық топтарының балалары дайындаған «Бағдаршам-біздің досымыз!» атты сауықтыру кешімізге қош келдіңіздер!

Әліби: Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жансая: Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Жиынымыз басталсын сәлемменен!

Тәрбиеші: Балалар бүгін барлығымыз сауықтыру кешіне жиналдық. Қонақтарда келді. Бірақ біздің жиынымызға біреу жетіспейді. Сендер білесіңдер ме, ол кім ?

Балалар: Ол бағдаршам!

Тәрбиеші: Ендеше бүгінгі кешіміздің ең басты қонағымыз – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.

(Ортаға бағдаршам шығады)

Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ма балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін мен сендерге арнайы келдім.

Тәрбиеші: Қош келдіңіз, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі сізге байланысты болмақ. Сондықтан да бізбен бірге болыңыз.

Амина: Айболит атамыз бәрінде емдейді,

Ауырса адамды, аңды да емдейді.

Кәдімгі мейірімді Айболит атамыз,

Айтыңдар қанекей, оған кім келмейді.

Ақжол: Көзге шөп түссе де, шықса да сыздауық,

Айболит емдейді сөйлесіп тіл тауып.

Қақсаған тісін де емдетіп тыншыды.

Кәмпитті көп жейтін еркелер жылауық.

( Осы кезде басы ақ шүберекпен таңылған. Шүперектің сыртына шып-шып қан шығып тұрған аю өкіріп келе жатады.

Тәрбиеші: Ататай, қараңыз, мына бір сұмдықты.

Маймаққа не болған, кім оны қынжылтты?

Айболит: Маймағым, не болды, жасыма, айтшы өзің?

Неліктен көкпеңбек, ісінген басы, көзің?

Әлде сен тышқанмен күресіп, жеңіліп,

Тұрмысың намыстан қорланып егіліп?

(Айболит аюдың басын таңып жатады)

Аю: (өксей жылап тұрып)

Айтайын мен сізге жасырмай шынымды-ай,

Сақтап қал, ататай, жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне,

Домалап түстім де, шыңғырдым құлындай.

Айболит: Бір сәтке тойынар тәп-тәтті бал үшін,

Тәртіпті бұзыпсың қарынның қамы үшін!

Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят-ақ!

Тәртіп те керек қой, білсеңші, жан үшін!

Аю: (жалынышты дауыспен) Айболит ата, енді ешқашан бүйтіп машинаға жармаспаймын, жолда жүру ережесін бұзбаймын.

Ерасыл: Жолда жүру ережесі заңды тәртіп.
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.



Саяжан: Футбол деген жақсы ойын саналар,
Стадионда ойнасаң, тек, балалар.
Көшеде доппен ойнама,
Қатерге басты байлама.

Арнур: Алдыңдағы бағдаршам
Жасыл көзі жанғанда,
Абайлап барып өткейсің.
Абай болшы мұндайда
Жаяу жүргінші болғанда!

Ойын: «Бағдаршам»

Ойының шартты:

Қызыл көзін көрсеткенде орындарынан қозғалмай тұрады.

Сары көзін көрсеткенде қол шапалақтайды.

Жасыл көзін көрсеткенде балалар бір орында жүреді.

Жұмбақтарды шешу:

1. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (автобус)

2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып алысқа жеткізген. (жол)

3. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

4. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты. (велосипед)

5. Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз жүрмейді. ( машина)

6. Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы балалар
Бұл жұмбақтың шешуін. (жол)






Сыртан бір дыбыс естіледі)

Түлкі мен қоян бір нәрсеге келісе алмай, сөз таластырып келе жатады. Қоян белі майысып сынған велосипедін көтере алмай келе жатса. Түлкі аяғын сүйретіп шойнаңдайды. Айболит «мыналарға не болған?» дегендей оларға үдірейе қарайды.

Түлкі: (жымыңдап) Мен өзім жүр едім серуендеп, қыдырып,

Қоян ғой келді де мақтанды, жұлынып,

Мінгізіп алды да айдады-ай құтыртып.

Байқама құладық бір тасқа сүрініп.

Қоян: (кекештетіп) Сен қашан қоясың қылықты алдаған?

Өзің ғой мінгіз деп артымнан қалмаған.

Рульде мен емес, сен едің отырған.

Маған кеп пәлені жабасын жалма-жан.

Түлкі мен Қоян бажылдаса таласып жатады. Айболит басын шайқап. Түлкі мен Қояның жарасын таңады.

Айболит: Өздерің жол тәртібін білмейсіңдер.

Тағыда бір-біріңді тілдейсіңдер.

Бағдаршам сынақтан өткізбесе,

Бұдан кейін великке мінбейсіңдер.

Түлкі мен Қоян: Жарайды, жарайды Айболит ата!

Ойын: «Кім жылдам»

Ойынның шартты:

Кім бағдаршамды жылдам, әдемі, дұрыс құрастырады,

сол бала жеңімпаз болады.

Осы кезде сахна бұрышынан аянышты үнмен мияулаған мысық көрінеді. Құйрығы жұлынған.

Тәрбиеші: Мысығым-ау, айтшы қане, не болды?

Құйрығыңды кеткені ме ит жұлып.

Ол Майлыаяқ қалдырыпт-ау денеңді,

Бәсе, саған ұмтылатын, жұлқынып.

Мысық бүгжеңдеп келіп, үзіліп қалған құйрығын Айболитке ұсынады.

Айболит басын шайқап, мысықтың құйрығын жалғастырып бинтпен таңып береді. Мысық мияулап құйрығымен ағаш үйдің арғы жағын көрсеткендей болады.




Мысық: Анау жерде достарым тұр, көріне алмай тығылып.

Фудбол тептік білместікпен дәл көшеге жиылып.

Ескертсе де, тыңдамаушы ек «Жол тәртібін бұзба» деп.

Жүргізуші сақ кісі екен- қалар едік қырылып.....

Қақпашы еді екі әтеш, бірі қолын сындырды.

Мақтанам деп ал лақ байғұс бір мүйізді тындырды,

Жүйрікпін деп қасқа құлын машинамен жарысты.

Салақтықпен қара қозы бір құлағын жұлдырды.

Осы кезде әр тұстан мысықтың атаған достары шулай шурқырап келе жатады. Қолы сынған әтешті, ақ лақты, қасқа құлынды, қара қозыны Айболит атай дәрігерлік көмек көрсетеді. Оларды екі топқа бөліп, сахнаның екі жағына қаз-қатар отырғызады.

«Айгөлек» тобының орындауында: «Бағдаршам» әні.

Тәрбиеші: Бағдаршам сізге балалардың өнері ұнады ма?

Бағдаршам: Рахмет балалар! Маған қатты ұнады.Мен сендерге ризамын. Бүгінгі «Бағдаршам-біздің досымыз!» атты шараға үлкен жауапкершілікпен өте жақсы дайындалғандарың көрініп тұр. Мен енді сендермен қоштасамын. Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Сау болыңыз Бағдаршам!

Тәрбиеші: Айболит атай сізгеде балалардың өнерлері ұнады ма?

Айболит атай: Рахмет балалар! Мағанда қатты ұнады.Өздерің жол тәртібін біледі екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Сау болыңыз Бағдаршам. Ал енді біздіңде қоштасатын уақытта келді. Осымен «Бағдаршам – біздің досымыз!» атты сауықтыру кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!











«Қорғас орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Таң-Нұры» шағын орталығы















Сауықтыру кеші.

Тақырыбы:

«Бағдаршам – біздің досымыз»







«Айгөлек» тобының тәрбиеші:

Асқарбек А.А











2015-2016 оқу жылы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров166
Номер материала ДВ-456235
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх