Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок "Бақытым да,байлығым да-денсаулығым"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Урок "Бақытым да,байлығым да-денсаулығым"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Бақытым да, байлығым да - денсаулығым».

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алуда қажетті деректермен жарақтандыру арқылы оқушы санасын, жанын, тәнін тазалыққа баулу. Жеке бас гигиенасын сақтауға, адамгершілікке тәрбиелеу,эстетикалық тәрбие беру.

Тәрбиелігі: оқушылардың қазіргі ауыр экологиялық жағдайда денсаулығын сақтап қана қоймай, санасын рухани жетілдіру, үлкен – кішіні сыйлауға, ізеттілікке, инабаттылыққа, адамдарға қол ұшын беруге тәрбиелеу,әсемдікке баулу.

Дамытушылығы: Өз ойын қорытындылай білуге үйрету.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, кеңес беру,пікір алысу.

Коррекциялық: Анық, таза сөйлеуге үйрету,түзету.

Көрнекілік: Зал әдемі безендірілген,интерактивтік тақтада қанатты сөздер жазылған:

«Дені саудың – жаны сау».

«Денсаулық кепілі - салауаттылық». Слайд материалдары.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар бүгін осы залда «Бақытым да, байлығым да - денсаулығым» атты ашық тәрбие сағаты өткелі отыр.

Денсаулық – ең қасиетті де, құнды, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына. Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.

Олай болса, егеменді еліміздің тұтқасы болар болашақ жас ұрпақ алдарыңызда отыр, қол соғып,қошеметтеп қояйық.

«Болашақ» тобы мен «Салауаттылық» тобы.


І бөлім

Таныстыру.

12 «б» сынып оқушылары «Болашақ» тобы.

Топ командирі: Сағынғалиев Оразбек.

Біздің ұранымыз:

«Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның» біз үлкендерден үлгі алып, өсіп келе жатқан ұрпақпыз, сондықтан да салауатты өмір салтын ұстанамыз, болашақта өміріміз мәнді болады деп сенеміз.

12 «а» сынып оқушылары «Салауаттылық» тобы.

Топ командирі: Абсұлтанов Мұрат.

Біздің ұранымыз:

«Ел болашағы – дені сау азаматтардың қолында», еліміздің жалғасы біздер, сондықтан да біз салауатты жастар болғымыз келеді.

ІІ бөлім

Сұрақ – жауап.

  1. Миллиондаған доллар ақшасы бар, бірақ ауырады, ол адам бақытты ма? (Жоқ бақытсыз.)

  2. Дүниедегі ең басты байлықты не деп ойлайсыңдар? (Денсаулық.)

  3. Бүкіл тіршілік 3 бөліктен құралған. Олар қалай аталады? (Жер, су, ауа).

  4. Сара Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? («Ұстаздан ұлағат» кітабы.)

  5. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді.)

  6. Салқын сумен шынығу әуелі қай жүйені оятады? (ОЖЖ) (Орталық жүйке жүйесі.)

  7. Адам онсыз 3 минут өмір сүре алмайды. Ол не? (Ауа.)

  8. Лондон Олимпиадасы қай кезде болды?(2012 ж.шілде-тамыз айларында болды.)


Тәрбиеші: «Денсаулық» дегеніміз не?-деген сұраққа не деп жауап берер едіңдер?

«Әсемдік» дегенді қалай түсінесіңдер?


ІІІ бөлім

Сұлулық сырлары.

Мектебіміздің лицей бөлімінің шаштараз мұғалімдері Байниязова Айнұр Жолмырзақызы мен Кореядан арнайы келген волонтер Ким Сараны ортаға шақырамыз.Олар қазір осы оқушыларымыздың арасынан өзіне көмекші таңдап алып бет күтімі мен шаш сәндеу бойынша кеңестерімен бөліседі,себебі,өздеріңіз білесіздер, бұл оқушыларлар биылғы жылғы лицей түлектері,осы саладағы болашақ кәсіпқой мамандар.

Байниязова А.:Балалар, біз бүгін шашты күтіп ұстау, бет әлпетімізге күтім жасап, түрлі маскалар жасауды көрсетеміз.

Ең әуелі шаш күтімі жөнінде айтсақ, халқымыз «Аттың көркі жалы, қыздың көркі - шашы»- деп қыздың шашын күтіп, өсіруді өнер санаған.

Ертеде әжелеріміз шаштарын ащы айранмен жуған.

Ал қазір әр түрлі сұйық сабынсулар шығуына байланысты, біздер шашымызды сол сабынсулармен жуамыз.

Шаш қалыпты, құрғақ, майлы болып 3 – ке бөлінеді. Әр адамның шашын күтудің өз ерекшеліктері бар. Қазір бетке маска жасаудың әр түрлі рецепттері айтылады. Зер салып тыңдаңыздар. Сонымен қатар, ортаға 2 адам (оқушылардан немесе келген қонақтардан) шақырылып,біріне бет күтімі,біріне шаш әрлеу жасалады.


Байниязова А.:

1 рецепт:

Лимонның сұлулыққа пайдасы мол. Мысалы: шашта қайызғақ боса: 4 лимон қабығын 1 литр суға 15 минут қайнатады. Шашты аптасына 1 рет жуады.

2 рецепт:

Барлық тері түрлеріне арналған маскалар:

1 рецепт.

Құрғақ теріге: Салқын суға жуылған қырыққабат жапырағын бетіңізге жапсырып қоюға болады. 15 – 20 минутттан кейін алып тастайсың.

Майлы теріге:

Қырыққабат жапырағын үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның ағын араластырып, бетке жағасыз. 15 – 20 минуттан кейін жылы сумен жуасыз.

3 рецепт:

Жасартатын маска.

Үккіштен өткізілген алманы 1 стакан ыстық сүтпен араластырып, бетіңізге жағып, 20 минут ұстайсыз.

4 рецепт:

Ағартатын маска.

Үккіштен өткізілген алмаға жұмыртқаның ағын, аз мөлшерде крахмалын қосып, бетке жағасыз да, 20 минуттан соң жуасыз.

Морт та тез сынғыш 1 ас қасық өсімдік майы, бірнеше тамшы лимон шырынын қосып, аптасына 2 рет тырнақты сүртіп тұру керек.

Ақжол мен Айжан өз жұмыстарын аяқтады.

-Өзіңді қалай сезініп тұрсың,бетіңе жасалған күтім ұнады ма?(оқушының жауабы тыңдалады)

-Саған шашың ұнайды ма? (оқушының жауабы тыңдалады).






ІY бөлім

Ас құпиясы

Енді мектебіміздің медбикесі Светлана Ұзақбайқызына сөз береміз.

Медбике: Сәлеметсіздер ме,оқушылар және ұстаздар.

Көктем мезгілінде ағзаға тамақпен қабылданатын қуаттың көп мөлшері қажет.Бұл уақытта қыстан шыққан адам ағзасы әлсірейді. Сондықтан біз нәрлігі күштірек тағамдарды таңдаймыз.

Пайдалы кеңестер: нені жеу керек және неден бас тарту керек?

  • еленбеген ұн, бұршақтар, майсыз ет, бауыр – бұл темір мен В және Е дәрумендерінің көздері, олардың жетіспеушілігі тез шаршағыштыққа алып келеді.

  • күніне неше рет тамақтанатынымыз да маңызды. Күніне ең кем дегенде төрт рет тамақтану керек. Әр 3 сағат сайын тамақтану біздің ағзамызға қажет температураны ұстап тұруға мүмкіндік береді.

  • құнарлы таңғы ас бізді салқын тиюден сақтайды. Күннің бірінші жартысында майлар тез тарайды және қоректік заттар тез сіңіріледі.

  • сүтте және сүт өнімдерінде, қарақұмықта, бұршақтарда, сояда, сүйегі бар балықтада тоқтық сезімін беретін кальций мен фосфор өте көп.

  • ақ нандар мен тәтті кондитер тағамдарын пайдалануды шектеу бізді артық қанттан құтылуға көмектеседі, ал оның көп болуы семіздікке әкеліп соғады.Сондықтан өз денсаулықтарыңызға көңіл бөліп,үнемі әдемі болып жүрулеріңізге тілектеспін.


Ендеше,жаңа өздеріңіз айтқандай,денсаулық,салауаттылық,әсемдік бір-бірімен ұштасып,бір-бірін толықтырады.Көктем қарсаңында бәріңіздің дендеріңіз сау,көрікті,нәзік болып жүріңіздер деген ниетпен,мектебіміздің өздерің сияқты лицей түлегі,өз кәсібінен нәсібін тауып жүрген биші қызымыз - Тоқабаева Гүлсезім сіздерге көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ,қарсы алайық. (би).

Рахмет Гүлсезім.


Yбөлім

Оқушылардың қорытындысы.

1 оқушы: Бүгінгі тәрбие сағаты

Денсаулық жайлы сөз еткен.

Көп нәрсені ұғып алдық,

Кетпейтұғын мәңгі естен.


ІІ оқушы: Салауатты өмір салтын қолдаймыз.

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Бүгін міне тамаша іс бастады,

Салауаттылық жастары.

Тәрбиеші:

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, жамандығынан бойыңды аулақ ұстау керек.

Салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ болып жүрейік. Сау болыңыздар.






C:\Users\Aisha\Desktop\Назгуль методич\IMG_0755.JPG





C:\Users\Aisha\Desktop\Назгуль методич\IMG_0762.JPG



C:\Users\Aisha\Desktop\Назгуль методич\IMG_0883.jpg

Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров179
Номер материала ДВ-185113
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх