Инфоурок Начальные классы ТестыУрок "Бакиттым да,байлыгым да денсаулык"

Урок "Бакиттым да,байлыгым да денсаулык"

Скачать материал

 

 

«Бақытың да, байлығың да-денсаулық»
Мақсаты:
Білімділік: Денсаулық сақтау мен нығайту, жүйелі тамақтану мен күн тәртібі, гигиеналық талаптар туралы білім беру. 1.Салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдік,темекі  шегу, нашақорлық, ЖҚТБ- АҚТҚ ауруларының 
адамға,қоғамға тигізетін кері әсерлерін білдіру. 2. Оқушылардың дербес жұмыс істеуін,сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікірлесу, 
өз ойларын ашық айта білуге білімдерін дамыту;3.Жат әдеттерден аулақ болуға, салауаттылыққа 
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Адамның және айналасындағылардың денсаулығын сақтауда оқушылар бойында азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. Оқушылардың танымдық ой – өрісін, іс-әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тереңдету.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, дұрыс тамақтана білуге, салауатты өмір салтын сақтап, денсаулықтарын шынықтыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: нақыл сөздер, көріністер, суреттер.

 I кезең  - Дәрігерлерден кеңес.                                   

Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім: .
  -Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына  тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы  нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. «Бақыт» деп жатамыз. Ал, сол бақыт деген не өзіӘрине-денсаулық!

 Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
 Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
 Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы -дегендей  бүгінгі  «Бақытым да, байлығым да-денсаулық. атты тәрбие сағатымызы бастайық

-Қанжай  маман денсаулықпен байланысты? Дәрігер. Дұрыс.  Олар  бар  күш-жігерін  адам  денсаулығын  сақтап  қалуға  жұмсап,  күн-түні   аянбай  еңбек  етуде.

Мінеки, біздің арамызда адамдарға көмек көрсету жолын тандаған балаларымыз бар. Сөз кезегі болашақта психолог маманың тандаған -Болатова Еркежан. Бала дәрігері-Муратова Ақерке. Тіс дірігері-Мырзаканова Дана. Терапевт-Ибрагимова Жасмин.

 

Мұғалім: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

Оқушылар: Шынығып, спортпен дос болып, тазалық сақтауымыз керек.

 

Мұғалім:.Денсаулықтың ең басты жолы неде тұратының бізге психолог Еркежан айтады. «  Сөз кезегі психолог . Болатова Еркежанға беріледі
 «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіз ?


 Еркежан:  Денсаулық – бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәріндегі негізгі көзқарас шамамен бірдей. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайларының да ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарық, ылғал, ауаның, судың құрамы және көптеген басқа заттар әсер етеді. Денсаулықтың негізгі қызметі адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.
     - "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғысаласың, достарың да көпболады.
Қызғанша қболма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
-
 Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық  уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..


Мұғалім: -    Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.  Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды. Қандай кеңес бересіз?

Мұғалім:  Денсаулықтың ең басты жолы –ол жақсы көңіл-күй мен жақсы тілектер екен.

 

-Аурудың алдың ал –дейді халықта. Ауырған кезде біз ең бірінші  бала  дәрігерге барамыз.

Біздің балаларға аурудың алдың алу, денсаулықтың мықты болу үшін не істеу керегінін айтсаңыз.   Сөз кезегін Бала дәрігеріне Муратова Ақеркеге беріледі .

Ақерке: Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жүтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың қүрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 пайызы экологияға, 40 пайызы өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20 пайызы ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен.

Мұғалім: балаларға қандай кеңес берер едіңіз?            

 Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жуу

Мұғалім: Бағанадан бері денсаулық туралы көптеген сөздер айтылып жатыр. Денсаулық- бұл күн тәртібін сақтау дедік, Дұрыс тамақтану дедік,ал біз не үшін тамақтанамыз? Сөз кезегін біздің тіс дәрігерімізге берейік Мырзақанова Данаға .

Дана: Мен осы сүрақты біздің көрермендерге қойғым келеді,. біз не үшін тамақтанамыз?

Жауаптар.

Дана: Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз. Қандай тамақ пайдалы , ал қандай зиянды екенін Терапевт дәрігеріміз айтып береді, ал мен тіс туралы айтайын.
Тамақтанған кезде тістің манызы зор. Өйткені кез келген тамақты біз тіспен шайнап ұсақтатамыз. Тамақты біз 25-30 рет шайнап, содан кейін ғана жұту керекпіз. Дұрыс шайналмаған тағам асқазанды ауыртады.

Мұғалім: біз көрермендермен 25 рет ауызымызға алған тағамды шайнап көрейік.

.Дана: Әрине, тісімізді де таза ұстауымыз керек

 Слайд 1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .
2.
Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
3.
Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.
4.
Жаңғақты тіспен шақпау керек.
5.Дер кезінде тіс д
әрігеріне көріну қажет.
6.
Тәттіні көп жеуге болмайды.
7.
Әркімнің өзінің  жеке тіс щёткасы болуы керек.

Мұғалім: Ал осы тіс щеткаларды қалай жиі ауыстырып отыру керек? Біздің көрермендер білеме екен?

Дана: 2 айда бір рет ауыстырып отыру керек?

Мен сіздерге бір тәжірибе көрсеткім келеді. Бұл тіс. Тістің құрамын толық айытпайық. Мен осы тістің сыртқы эмаль қабаты туралы тәжірибе көрсеткім келеді. Са деген элементті бәріміз білетін шығармыз, Са эдементі жұмыртқаның сыртқы қабығының құрамында да болады. Яғни осы Са біздің тісімізді әр түрлі микробтардан қорғайды. Біз тісімізді күніне екі рет тазалауымыз керек. Таңертен тұрғанда және кешкі уақытта жатқан кезже.

Мұғалім: Балалардан сұрайықшы неге 2-кі уақыт тісті тазалау керек? Жауаптар.

Дана: Тамақтанған кезде тамақтың құрамындағы заттар сілекеймен байданысып қышытқы шығарады.Сол қышытқы тістің сыртқы қабатын бұза бастайды

Мұғалім: Уксус қышытқысы әр адамның үйінде бар. Оны ауызымызға алуға болмайды, терімізге тиіп кетсе-күйдіреді.

Дана: Ия. Тісті тазаламасақ сол қышытқы эмальды бұзады да, тіс ауыра бастайды. 2 жұмыртқа алайық. Бір жұмыртқаны тіс пастасымен ысайық, ал екінші жұмыртқаны осы қышытқы суына салайық. Бір түнде не болғанын байқайық. Тіс пастасымен ысқан жұмыртқа сол қалыпты, ал қышытқыда тұрған жұмыртқанын сыртқы қабаты жұмсарды.  Осыдан балаларға айтатым ұсыныс. Тіс тазалауға ерінбендер. Тазаламасандар тістің үстінде қара дақтар пайда болады да, тістеріңіз ауыра бастайды.

Мұғалім: Балалардың алдарында айна. Тістерімізді қарайық. Кімде қара дақтар пайда болған? Бұл балаларға не істеу керек? Сіз өзінізбен бірге не әкелдіңіз?

Дана:Бұл тіс щеткасы, тіс пастасы, тіс тазалайтын таяқшалар, және тіс жібі.

Мұғалім: Қандай тіс щеткасын тандау керек?

Дана: Тіс щетканың қалдары қатты болу керек. Жұмсақ болса ол тіс щеткасы тісті дұрыс тазаламайды. Балаларға тіс пастасын тандаған кезде., сыртында емдеу-профилактикалық қызметі бар деген жазуын табу керек. Тісімізде ет тұрып қплған кезде , біз тістазартқышты қолданамық. Бұл дұрыс емес. Қанша адам осы тіс тазартқышпен тістерін бұзғанын білмейді. Етпен тіс арасын ашып тастайды, содан тіс бұзылады, Тістің иегі ісе бастайды.

Мұғалім: Ал сіз не ұсынасыз?

Дана: Біздің тіс дәрігерлеріміз тіс жібін сіздерге ұсынады. Тіс жібін кез келген дәріханада сатып алаласыз. Бір үзген тіс жібімен екі тістің арасын ғана тазалай аласыз.

Мұғалім:  Данаға рахмет айтамыз,

Қалай тамақтануымыз керек? Біздің  ішкі ағзаларды емдейтін дәрігерімізге берейік. Ибрагимова Жасминге

Жасмин: Бәріміз ежелден келе жатқан мақалды білеміз Ас-адамның арқауы.

 «Ас адамның арқауы»
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.

Жақсы тамақтансақ деніміз де сау болады.   

    -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

Суреттер

  «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. 
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. 
Пияз және сарымсақ инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 
Банан жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. 
Қауын жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы. 

Мұғалім; Денсаулық –зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.  Қазір, балалар, біз денсаулық шоғынан бір-бір гүл алып, жанадан өздеріне не ашқандарынды, есте қалатындай , біздің дәрігерлерден қызықты не естідіңдер. Бір-бір денсаулық гүлін аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Құмырадан  гүл алу.

II кезең «Бірінші байлық-денсаулық»

Мұғалім:

Бірінші байлық — денсаулық, 

Екінші байлық — ақ жаулық,

Үшінші байлық — он саулық 

-дегендей балалар сендер денсаулық туралы дәрігер қыздарымыздан көп мәлімет естідіңдер. Қазір осы денсаулық күннің шапағаттарын шығарамыз. Ол үшін денсаулық сөзін қандай сөздермен теңестіруге болады, қандай сөздермен байланыстыруға болады, соныжазамыз. 5 мин. Жазғавн плакаттарды қорғап шығу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III кезең «Ас- адамның арқауы».

Ойын  балалар, үстел үстінде табақтардағы тағамдарды екіге бөлу керек, пайдалы және зиянды . Пайдалы тағамдарды табақта қалтырасыңдар, Неге осы тағамдарды алып тастағандарынды түсіндіріп беріндер. Биг-бон. Чупа-чупс.

. Тамақ үшін өмір сүрмеңіз, өмір үшін тиімді тамақтаныңыз! Тамақ барша адамға өніп өсуіне ықпал етеді, ал кейбір адамға ауру тапқызары ақиқат. Әсіресе өте тоя тамақтану, адам денсаулығына қауіпті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV кезең . «Саламатты Қазақстан»

 

-Балалар , салауатты өмір салтын сүру деген сөзді қалай түсінесіңдер? Дұрыс айтасындар. Суретпен жұмыс. Балалар ҚР-ның денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасышыққан. Бағдарламаның мақсаты: Еліміздің әлеуметтік-демографиялфқ дамуын қмтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

“ Салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсысымздың Дене тәрбиесімен айналысқанымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған”. Қоғамымыз сау болсын десек, бүгінгі жас өспірімдер сау да салаутты өсуіміз керек.

Қара қорапша. Бұл қорапшада не жатқанын табу керек. Неге сол зат жатқанын дәлелдеу керек.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!». 
Назарларыңызға рақмет!

1 қорапша  тамакі, арақ, шприц.
Ішімдік - бір жағынан энергетикалық ыдыста, екінші жағынан – психоактивті зат, яғни біздің жүйке жүйемізге жағымсыз әсерін тигізетін, былайша айтқанда рұқсат етілген сусын.

Көп мөлшерде ішімдік пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі сіркесулы альдегид ми мен жүрек қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді. Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.

 II қорапша, Қазақстанда  жүргізілген статистика бойынша әр жүз мың адамның 400-500 туберкулез ауруына шалдығып, өмірлерімен қоштасқан. Себебі:

Сен  мынаны  есіңде  сақта, сен  бұл  өмірге  арақ  ішуге,  темекі  тартуға, нашақор  болуға  келген  жоқсың.

 

 V кезең «Бақытың да, байлығың да-денсаулық» Ой қозғау.

Ұлы  ойшыл  Сократқа кезінде  мынадай  сұрақ  қойылыпты:

«Адамға  өмірде  не  қымбат,  байлық  па, атақ  па?»  деп  Сонда  Сократ

«Байлық  та,   атақ та,  даңқ  та  шын  бақытты  ете  алмайды. Дені  сау

кедей    ауру  патшадан   бақыттырақ»  деп  жауап   берген   екен,   яғни

адам  бақытты  болу   үшін   оған   денсаулық   керек.

1.       Көрініс «Ең үлкен бақыт»

1.Бейнеролик «Бәрі өз қолында»

VI кезең  Денсаулық гүлін сыйлау. Тілек айту.
 Денің сау болсың;
 - Спорт сенің досың болсың;
- Күндей шуақты бол;
- Жаның сұлу болсын;
- Таза су саған күш-қуат берсін!
- Күнің ашық болсын!
- Жеріміз кең болсын!
- Ауамыз таза болсын!
- Суымыз таза болсын!
- Гүлдей жайнайық!
- Спортпен шұғылданайық!
- Жайдары жүрейік!
- Аман болайық! т. б

Қорытындылау.  «Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».
-Мінеки, оқушылар, бақыт, байлық барлығы да айналып келгенде сенің денсаулығыңа байланысты болып келеді екен. Ендеше, барлығымыз өзімнің, елімнің, жерімнің болашағы дейтін болсақ, осы бастан ойланып , денсаулығымызды күте білу керек Менің денсаулығым – менің болашағым деп тек қана ауызбен ғана айтып қоймай, бірден іске көшіп, болашақ халықтың бағы үшін барлығымыз атсалысайық.

«Әрқашан күн сөнбесін»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 тур: Өлең шығару.

І топ                                                             ІІ топ

___________баламыз ,                    ____________ күлеміз,

____________аламыз                      _____________ жүреміз

____________санамыз                   ______________ сүреміз

Шынықсаң  шымыр  боласың,

Сауғып  айдай  толасың.

Спортты  серік  ете біл

Салауатты  сен  боласың.

 

ІІ-топ. Денсаулық тобының  ұраны

                   Денсалық  ол-  күлуің

Көңіл- күйің  жадырай

Денсаулық  ол- жүруің

Ешбір  жерің  ауырмай.

 

ІІІ-топ. Сымбат тобының  ұраны

Спорт-біздің  досымыз

Күш,  қайраты  сыналған

Спорт-біздің   досымыз

Бала  кезден   шыңдалған.

 Денің сау болсың;
- Спорт сенің досың болсың;
- Күндей шуақты бол;
- Жаның сұлу болсын;
- Таза су саған күш-қуат берсін!
- Күнің ашық болсын!
- Жеріміз кең болсын!
- Ауамыз таза болсын!
- Суымыз таза болсын!
- Гүлдей жайнайық!
- Спортпен шұғылданайық!
- Жайдары жүрейік!
- Аман болайық! т. Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     Жұмбақ шешу

2.     Түсіп қалған әріптерді қою

3.     Жарнама көрсету

4.     Өлең шығару

5.     Сурет салу

-Ал, ендеше сайымызды бастаймыз:

1. Тіс тазартатын құралдар? (Тіс щеткасы, паста)

2.Ол судан қорқады, одан кір қорқады? (сабын)

3.Дене шынықтыратын денсаулығына әсері мол сабақ (Дене тәрбиесі)

4.Жалқаудың досы? (еріншек, ұйқы)

5. Отыз екі мықты,

    Қаз – қатар боп шықты

    Он алтысы асты,

    Он алтысы үсті (тіс)

6.Оң жағымда 5 сарбаз,

    Сол жағымда 5 сарбаз (он саусақ)

7.Сынап жылжып жүреді,

    Сенімді бір жүрегі.

    Қолтығыңа кіреді,

    Қызуыңды біледі.(градусник)

8. Белінен қыссаң, аузынан

1.      Ерін,тіл  және  өңеш  қатерлі  ісігіне душар болады.

2.      .Асқазанда  жара  пайда  болады.

1.      Жүрек  ауруларына  шалдығады.

4.Тез қартаяды  теріде  әжім  пайда  бола  бастайды.

1.      Өкпе мен  көмекей  қатерлі  ісігіне  ұшырайды.

4-оқушы.Жыл  сайын  дүние  жүзінде  темекі  шегудің  салдарынан 4млн  адам  қайтыс  болады  екен.Өлімге алып  баратынын  бірден-бір зиянды  зат  екенін  айтып , әрбір  тал  темекі  адам  өмірін    12 минутқа  қысқартқанын  анықтаған.

5-оқушы.Темекі  тарту  адам  денсаулығына  көп зиян  келтіреді. Адамның  дене  мүшесіне ең  ауыр  әсер  беретіні – никотин. Ол темекі  жапырағының  алкалоиды  майлы  түссіз  немесе  жағымсыз  иісі  және күйдіргі  дәмі  бар  ақшыл  сары  сұйықтық. Никотинге  адам  денесінің  тез  үйреніп  кететіндігінен  оған  уланып  жатқанын  сезбейді.

 

ІІ-топ. Денсаулық тобы

1-оқушы. Алқаголь  — адамның  денсаулығына  қауіпті  жау. Ғалымдардың  айтуына  қарағанда  ішімдік  ішетін  адамдардың  ағызасына  зақымданбаған  ағыза  болмайды  екен. Арақ  ішетін  адамдардың  өмірі  ағызаның  әлсіреуіне, ерте  қартаюға,  өмірінің  қысқа  болуына себеп болады.

2- оқушы.Арақ  ішетін  адамдардың  өмірі  арақ  ішпейтін  адамдардың  өмірінен  15-20 жылға  қысқа  болады  екен. Ол адамның  мина  орталық  жүйке  жүйесіне  зақым  келтіреді. Ми  жасушаларын  өлтіреді. Тіл, бауыр, кеңірдек,  бүйрек  қатерлі  ісігімен  көп  жағыдайда  маскүнемдер  ауырады.

3- оқушы. Ішімдік  ішетін  адамның есту, есте сақтау  қабілеті  төмендеп, күш-жігері  әлсірейді.  Миы  уланып  дұрыс  жұмыс  істемеген  соң денесі  жарақаттайды, жүрісі  бұзылады.

4-оқушы.  Жасөспірімдер  арасында  ішімдік  ішуге  әуестенуге  себеп-өз  жанұясы. Маскүнемдік  жанұяға  әрқашан  үлкен  кедергі  тигізеді. Ішіп  алған  адам  жанұясында  жанжал  шығарып, шырқын  бұзады.

5-оқушы. Маскүнемдікті  дер  кезінде  тоқтатпасаң, айықпас  дертке  ұшырап,  өз   өміріңе  өзің  балта  шабасың !

 

ІІІ-топ. Сымбат тобы

1-оқушы. Нашақорлық- бұл  адамның   көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын  бұзатын  қауіпті тыйым  салынған  химиялық  зат.  Ол  адамның   есін  алып,  құмарлық  желісіне  ұшыратады, нашақор есірткісіз  өмір  сүре  алмайтын  бейшара халге  түседі.

2- оқушы. Нашақор  адам  өзін  өте  жеңіл  сезінеді, өзге  бір   мәселелерді  және  жауапкершілікті  ұмытады.Егерде   нашаны  ары  қарай   қолдана  беретін  болса  адам  денесі  оған  үйреніп  ауыр  улануға  душар  болады.

3-оқушы . Нашақорлар  өздерінің  дене  мүшелерін  ғана  улап  қоймай   жандүниелерін  де   бұзады.  Жұмыс   істеу  қабілеті  нашарлайды,  біртіндеп

толық     мүгедектікке  айнала  бастайды,  соның  негізінде  жас  кезден-ақ  нашаның   салдарынан  адамды  өлімге  жетелейді.

4-оқушы.  Жаман  адамдар  сені  қорқытып,  саған  үстемдік  көрсетіп  топқа  қоспаймыз  деп  маған  билік  жүргізгісі  келеді. Ондай  адамға  еруге   болмайды.

5-оқушы.  Егер де  топтағы  балалар  саған   темекі  берсе,  спирті  сенімен  шықпай « Жоқ»  деп  айт.  Олардың  достығын   жоғалтып  аламын  деп  қорықпа,  өйткені  шын  дос  сені  сыйлайды  және  сенің  шешіміңді

қолдайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Бакиттым да,байлыгым да денсаулык""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 371 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.09.2015 821
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Сауле Нурланова. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Сауле Нурланова
    Искакова Сауле Нурланова
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 944
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 682 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 562 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 481 человек

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе