Инфоурок Начальные классы КонспектыУрок "Бастауышым - балбұлағым"

Урок "Бастауышым - балбұлағым"

Скачать материал

Бастауышым – балбұлағым.

Мақсаты:

1. білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру.Білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға, білімді болуға шақыру.

2.Ой-өрісін, өзін- өзін ұстау біліктерін,мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

3.Ата – анасын, ұстазын құрметтеуге,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының,Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу.

Мұғалім:

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!

Сіздер «Бастауышым- балбұлағым» атты қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар.Алдарынызда осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған кіп –кішкентай балдырғандар тұр.Енді бойлары да өсіп,ойлары да өсіп,бастауыш сыныпта білім алып,аяқтап,жоғары сыныпқа өткелі отыр.

   1 Жүргізуші

Армысыздар,ұстаз қауым, ата-ана,

Құлақ түргін жақсы лебіз,батаға.

Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп,

Бастауыштың балалары,ата-ана.  

2жүргізуші

Толқимыз толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған сірә баршанызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық,

4- сынып оқушыларын ортамызға.

Талаптарыңа нұр жаусын деп ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

1 жүргізуші

Ажырамай мектептен бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз береміз құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз

Ертеңгілігімізді бастау үшін сөз кезегін  мектеп директоры Бердібек ағайға беремеіз . Келесі сөзді оқу ісінің меңгерушісі Альмира апайға береміз. Сөз кезегін тәрбие жұмысын ұйымдастырушы  Алмагул апайға береміз.

  2 жүргізуші

Би биленіп, ән айтылар аспандап,

Бірте-бірте көтерілді баспалдақ.

Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіне,

Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ.

1 жүргізуші

Риза болшы,ұстаз қауым ардақты,

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.

Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де,

Бастауышты орта буын жалғапты.

2 жүргізуші

Барлық білім бастауыштан басталған,

Алғыс саған үлкендер мен жастардан – дей келе оқушылардың дайындаған өлеңдеріне құлақ түрелік.

Анель

Көз салып қаранызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ата-аналар,ұстаздар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім,мақтанамын.

Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым,

Түстей болып бүгін міне артта қалды.

Ажар

Бастауышым-балбұлағым,

Алдым сенен балдын дәмін.

Әріп танып,білім алып,

Рақметімді жаудырамын.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым-балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймыз.

Ділназ

Қадірлі ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасамыз.

Іңкәр

Сондай ақ, біздің ыстымызға күйіп,суығымызға тоңа білген,оңымыз бен солымызды таңытқан,жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренуге баулыған ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Камшат

Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға – деп  Абай атамыз айтқандай,ұстазымыз төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып көп нәрсені үйретті.Алғашқы ұстазымызға мың алғысымызды айтамыз.

Бәрі бірге

Мың алғыс айтып өздеріңізге

Басымызды иеміз.

Жарқырап білім көгінде,

Жасай беріңдер ,Ұстазтарым

Ән :   Ұстазым

Ханшайым

Білімнің нәрімен сусындаған,

Болашаққа келеміз,

Үлкендерден әр кезде үлгі алып,

Адал жолмен ереміз.

Оқу білім өнер кені,

Жанға жайлы шуақтардай.

Оқу білім-өнер кені,

Лаулап жанған шырақтардай.

Мирас

Мектебім білім бастауы,

Тәрбие беріп оқытқан.

Ұстаздың зор ғой еңбегі,

Оқытқандарын тоқытқан.

Ақылшым асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма келіп қанша сен

Қамқор боп қалам ұштадың.

Айназ

Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.

Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәулеңді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

Ділназ

Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен бірге шығар күн.

Шәкіртің өткен іздерден,

Үмітің гүлдер,мұғалім.

Білеміз ертең бізден де,

Өмірдің талап сұрарын.

Сонда ардақты ұстазым,

Уәдемде берік тұрамын.

Іңкәр

Оқытты ұстаз анамыз,

Өсті білім санамыз.

Білгіш ер боп өсетін,

Біз бақытты баламыз.

Бойымызда бұла күш,

Еркін өскен ұланбыз.

Оқу білім үйреткен ұстаздарға мың алғыс.

Дарын

Көлге айналған бұлақтын,

Том-том болған кітаптың.

Басы болған бастауыш.

Нурай

Бастауышта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Болар бізден жалындар,

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Алдында ұзақ жолын бар,

Оқумен өсіп толындар.

Қиындыққа мойымай аман –есен болыңдар.

   Ерназ

 Ұстаз деген өмірінің шырағы,

Ұстаз деген өмірдің бал бұлағы.

Ұстаз деген шәкірттеріне ой  берген,

Жас ғұмырдың тағдырының пырағы.

Сіздерсіздер қуанышым әнімде,

Жақсы көрем ұстаздардың бәрін де.

Анель

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ.

Құрбыласпыз,

Тұрғыласпыз,

Бәрімізде гүлдейміз,

Бір бақшаның гүліндейміз.

Талаптымыз,

Қанттымыз,

Жақсы оқимыз сабақты біз.

Аяужан

Мектеп деген –білім кені жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

Камшат

Мектеп үйім ,ұстаздарым, ата-анам

Сенен өсіп сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек

Тамсандырып сан тарапқа тараған

Хор : Мектебім

1 Жүргізуші

Біз барамыз артқа тастап төрт жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі.

Пана болған,дара болған біз үшін,

Жанымыздан артық дер едік біз сізді

Мирас

Орысшаны жалғайын,

Тақылдаса тандайым.

Айжамаштай ұстазым,

Еңбек еткен әрдайым – деп сөзді Айжамаш апайға береміз.

Дарын

Сайыс болса спорттан,

Шымырлылар жеңеді.

Хаджи  Мураттай ағамыз,

Шынықтырған денені.

Ерназ

Ағылшынды үйреткен,

Жақсы көрген бар жанды.

Ардақтаймын ұстазымды,

Еңбегі нәр пайдалы.

Іңкәр

Шәкәрттеріміз беріспес,

Ән мен жырды жөн деген.

Әлия апайдай ұстазым,

Даусымызды өндеген.

  Орысша өлеңдер

Хор : ағылшынша My Bonnie

1 Жүргізуші

Қазір ата –аналармен «Жүректен шыққан жылы сөз»  деген ойын ойнайық.Ойынның шарты былай,ата-аналар жүрекшені алып,өзінің жүрегінің тұсына қойып, бір ауыз жылы лебізін білдіреді.

  Ата- аналар сөйлейді.Хор Ақ мамам

2 жүргізуші

Екінші бөілімімізде 4-сынып оқушыларынын дайындаған концертін тамашаланыздар

Орысша би

Ұлдардың биі

Қазақ биі

Ән : Жан гүлім

Хор: «Жалқаубек »

Құттықтау: диполммен марапаттау

Тақпақ : 4оқушы және өзім 

Бақытты балалық шақ

Мұғалім

    Құрметті оқушылар! Сендер бастауыш сыныпта оқып жүріп достыққа,табиғатты сүйіп аялауға үйрендіңдер.Сендердің жақсы істеріне қуандым,кейбір қателік кемшіліктеріне іштей  ренжідім Сендер маған өз баламдай болып кеттіңдер.Алдағы уақытта сендерге тілерім сабақтарынды жақсы оқып,денсаулықтарын мықты болып,бастауышта алған білімдерінді шындай түсіндер. Жоғарғы сыныпта оқуларын сәтті болсын.

Аңғал ғана кішкентай бала едің,

Адам бол деп ақ бата алған едің.

Енді міне аяқтап бастауышты,

Қуаныш пен шаттық та бір қауышты.

Біліміңе білім қос үлкен болып,

Ақылына ақыл қос дана болып.

Орындалсын арман тілек талаптарын.

Самғандар биіктерге қанаттанып – жолдарын әрдайым ашық болып,тек ғана биіктерден көріне беріңдер.

     Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Бастауыш буынмен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі«Бастауышым-балбұлағым атты » ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға рақмет.

 



 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Бастауышым - балбұлағым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 191 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2017 423
    • DOCX 28.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балгабаева Гульзана Ергазиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4044
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 58 регионов

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 31 региона

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 36 регионов

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 27 регионов