1360086
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015

Скидка 0%

112 курсов профессиональной переподготовки от 3540 руб.

268 курсов повышения квалификации от 840 руб.

МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ

Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана 26 сентября 2017 г. Департаменотом образования города Москвы

Инфоурок Начальные классы КонспектыУрок "Бастауышым-балбұлағым!" 4 сынып

Урок "Бастауышым-балбұлағым!" 4 сынып

Международный конкурс

Идёт приём заявок

Подать заявку

Для учеников 1-11 классов и дошкольников

16 предметов

библиотека
материалов

БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат, Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, - дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

Мұғалім: Армандасаң да, қиялдасаң да, балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күн болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «Ә», «В» сыныбын ортамызға!
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.)

Мұғалім:hello_html_31424d57.jpg

Той бүгін – кең сарайда шалқып тасқан,

Той бүгін – жұрт жиналып шашу шашқан,

Той бүгін – шат өмірді күйге бөлеп,

Би билеп, асқақтатып әнге қосқан.

Бұл тойда жан табылмас тасымаған,

Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,

Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың

Иелері- Аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата – аналар мен ақ жаулықты апалар!hello_html_m6a40e4f5.jpg

2-жүргізуші: Бүгінгі «Бастауышым – балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Алғашқы сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі меңгеруші – Мырзабаева Баян Баймұратқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Тұрғанбай Алмас Баязитұлына береміз.hello_html_m655ce3f2.jpg

Аталған кісілер балаларды құттықтап, бастауыш сыныпта жеткен жетістіктерін атап, марапаттайды. Сонымен бірге, мектеп өміріне белсене қатысқан ата – аналарды да марапаттайды.hello_html_60500c18.jpg

hello_html_m5e544452.jpg











1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
hello_html_5ff4a93e.jpg

1-оқушы: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.

Ән: «Ұстазым»

2-оқушы: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді конақтар,
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.

3-оқушы: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,

Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
hello_html_4ef79c04.jpg

4-оқушы : Бастауышым - Балбұлағым,
Лаулап жансын шамшырағың.
Өзің берген біліміңнен,
Самғап ұшты тау қыраның!

Ән «Мектебім»

5- оқушы: Алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

6- оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

7- оқушы: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.

8-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
hello_html_3ec6b23f.jpg

Осында мен де тұрамын!

9-оқушы: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

10-оқушы: Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата - анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
hello_html_51ebaa94.jpg

11-оқушы: Мектебім - сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен – бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

12-оқушы: Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.

13-оқушы: Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын.
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
hello_html_3833643c.jpg

14-оқушы: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ

15-оқушы: Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
hello_html_49cea5a0.jpg

16-оқушы: Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?

17-оқушы: Мектебім – мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз
.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.

18-оқушы: Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
Тепкілесең кетпейді.
hello_html_m3ac473c4.jpg

19-оқушы: Өртіңе де күймейді,
Ұрылар да тимейді
.
Жатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді
.

Мұғалім: Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
hello_html_46660521.jpg

Би: «Қоштасу» вальсі

Мұғалім: Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр. Олай болса, келесі бөліміміз:
«Ұстаз ұлағаты» деп аталады.

20-оқушы: Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан – мұғалім!

21-оқушы: Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!
hello_html_4c0a81f1.jpg

22-оқушы: Отанның ұланын,
Баулыған мұғалім.
Өзіңсің ағытқан,
Білімнің бұлағын.
hello_html_5661ad41.jpg

23-оқушы: Мен сенің көктемің
Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе,
Алғысым көп менің!

24-оқушы: Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
hello_html_m2e33e40e.jpg

25-оқушы: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!

26-оқушы: Білімнің байыбына барып терең,
Салтанат апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.

Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді
Ақ ниетті кең пейіл,
Біздің апай осындай.

27-оқушы: Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
hello_html_122966e2.jpg

Көңілінің хошын –ай,
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті кең пейіл,
Дана апай осындай!

28-оқушы: Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашулы мінезіне табынасың.hello_html_m6bbd17c2.jpg

Сабырлы жүрер үнемі Алмас ағай,

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

29-оқушы: Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Өз аузына қаратқан,
Ғалия апайды ұғамыз.

Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығамыз.

30-оқушы: Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Ләззат апай, Раушан апай бас иеміз сіздерге,
Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.
hello_html_143c857c.jpg

31-оқушы: Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Алма апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып.

32-оқушы: Маманкүл апайға біз сендік,
Шетел тілін үйрендік
Ағылшынша жазып та,
Біз сөйлеуді үйрендік.

33-оқушы: Читать и писать на русскомhello_html_3e08c084.jpg

Нас научила она
Это наша
добрая царица
Бибіхан Оңалбаевна!

34-оқушы: Орыс тілін құрметтеп,
Сүйеміз шын жүректен.
Мұғалім анамыздай,
Көңілдерге гүл еккен.
Өсіреді сананы,

Күлімхан апайға мың алғыс.

35-оқушы: Спорттан талай шәкірт даярлады,

Шәкіртіне бәрін берді, аямады,
Әзілі бірге жүрер өзімен
Айтжан ағай тыңдамасақ аямайды.
hello_html_m3492fe88.jpg

36-оқушы: Адамға деген мейірімнің өзінен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.

Ақ халатты, абзал жан Нұржамал апай,
Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай
Қашанда шәкірт жанын ұға алады,
Көңілден әр уақытта шыға алады.
Гузаль апай, ризамыз өзіңізге,
Сәлеміміз сізге алыстан құралады.

37- оқушы : Оқыңдар ұл-қыздар деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете, ұстаздар.
hello_html_m7026ffe5.jpg

38-оқушы: Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

39-оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
hello_html_mc44f947.jpg

40-оқушы: Күн кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба, ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
hello_html_m71283c5e.jpg

41-оқушы: Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.

42-оқушы: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.

43-оқушы: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.

2-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіреміз.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан зор алғысымызды білдіреміз.

2-жүргізуші:Бастауышым - балбұлағым,
Лаулап жансың шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен.
Самғап ұшты тау қыраның.
hello_html_m7677410e.jpg

1-жүргізуші: Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймыз!
Қош бол, қош бол,
hello_html_18004181.jpg

Бәрі: Сүйікті бастауышым!

Соңымыздан еріп келе жатқан 3 сынып оқушыларына бастауыштың білім кілтін табыс етейік.

3 сыныптың құттықтау сөзі:

Мерхат: Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

Келешкте ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табыңдар орын мықты

Мәди: Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам — бәрінен биік пенде.hello_html_1bcee04a.jpg

Болашағың жарқын болсын өмірде,

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

Ақгүл: Ақырын жаймен жүретін

Жымиып ақырын күлетін.

Әдеппен бәрін сыйлайтын.

Төртінші сынып жарадың!

-Мерекелерің құтты болсын!

1-жүргізуші: Ән «Ұстазға арнау»

2-жүргізуші: Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! hello_html_m2c459e91.jpg

РАҚМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!!


Ұстаз тілегі: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Мұғалім: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, бастауыш сыныпты аяқтағалы тұрған түлектер! Жолдарыңыз болсын, түлектер!

2-жүргізуші: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
1-жүргізуші: Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз болсын, бастауыш сынып түлектері!hello_html_11b8d09b.jpg

Би: «Аялдама»

Мұғалім: Ал енді 4 сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.hello_html_44c72e36.jpg

Би.: «РЭП

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан кешіміздің соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп, келесі келесі сөзді қонақтарымызға берейік.

hello_html_m12c25a33.jpg

















hello_html_75766276.jpg



























«Қайнар» мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіhello_html_3741e5f1.jpg

















hello_html_2f7c34eb.jpg



























Дайындаған: Мамыртаева Д.У.

2014 – 2015 оқу жылы

Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Приглашаем принять участие МЕЖДУНАРОДНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ «ИНФОФОРУМ» Осталось всего 50 мест на очное участие! Подать заявку Очное участие Дистанционное участие Курс повышения квалификации (36 часов) + Сертификат участника “Инфофорума”

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
17 курсов по пожарно-техническому минимуму
Обучение от 2 дней
дистанционно
Удостоверение
Программы актуальны на 2019 г., согласованы с МЧС РФ
2 500 руб. до 1 500 руб.
Подробнее