Инфоурок Начальные классы Научные работыУрок " Бастауышпен қоштасу" 4-класс

Урок " Бастауышпен қоштасу" 4-класс

Скачать материал

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Мақсаты:

А. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

Б.Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

В.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

 Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған

« Аттанайық бала  шақтан -болашаққа» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Мұғалім:

Құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!

 

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап білімменен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат .

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

   Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.  Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр.Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,  ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға

 

1-оқушы:  Асылдан да жақын болған жанымызға,
Мейірім құсы болдыңыз басымызға.
Бар көмегін аямаған әрқашан да
Бақыттымыз өзіңіздің барыңызға.
Армандарға жеткейсіз сіз жырлаған,             Ерболат
Шәкіттерміз жыр шашуын жолдаған.
Құралай апай жарқын болып ертеңгі күн,
Жан болыңыз мақсатынан таймаған.

2- оқушы: Жүректерді от боп шарпып жанады,
Қуаныш пен қимастықтың алауы.
Шәкірт үшін әр уақытта сақталар,
Жетекшінің езу тартқан жанары.                    Ділназ
Сыныбымыз бірлікпенен ұйысқан,
Теріскейден жақсыға бет бұрысқан.
Мағзуда  апай, өзіңіздің арқаңыз,
Көрсете білген әр уақытта нық ұстам.

Ән: Мектебім аяулы мектебім.

3-Оқушы:  Тазалық та, тәрбие де, тәртіп те,
Үшеуі де сақталады мектепте.
Біреуін егер сақтамасаң бір минут,
Қара тізімге ілігесің әп-сәтте.                                  Санат
Марина апа  менен Ақбота  апай алдында,
Тәрбиесіз, ерсі қылық көрсетпе.

4- оқушы:  Әр баланың мінезі де көп делік,
«Өзін-өзі тану» жүрер тер төгіп.                     Ділназ
Егерде Сая  апайменен  сөйлессең,
Қала алмайсың ішіңде бір сыр бүгіп

5-оқушы: Сейілтіп дене құрысы мен тұрысын,
Дене  шынықтыру пәні үйретеді дұрысын.     Ерасыл               
Біздерді  Расул ағай жетелеп,
Жеткізе берер ұрпақтың адал жеңісін

 

6-оқушы: Бір аллаға сыйынып

Кел балалар оқылық                   

Оқығанды көңілге                                  Еркебұлан

Ықыласпен тоқылық

Мұғалім : Мың бұрала билейтін, 
Биді жақсы көретін. 
Қызымыз бар біздің 
Үнді  биін билейтін ,-деп ортаға биші қызымызды  шақырайық. Би : Бақытбекқызы Ділназдың орындауында үнді биі

 

7-оқушы: Музыка атты пәніміз,
Айтылар онда әніміз.                               Ерасыл
Жолашар Меруерт апай үйретсе
Шырқатамыз бәріміз.

8-оқушы: Орыс тілі әр кезде керек ертең
Ақбаян  апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең               Ерболат
Барлық жандар осындай болса екен.

Ән: Ұстазым,менің ұстазым

9-оқушы:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі

Алтын ұя , ақ босаға  киелі             Санат

Қанат қақан білім алып өзіңнен

Күллі шәкірт  саған басын иеді.

 

10-оқушы:

Бояу сырын үйреткен

Шын көңілмен жүрекпен                     Ерасыл

Айдын  ағай керемет

Сабақ берген суреттен

Көрініс: Ы.Алтынсаринын . Әке мен бала  әңгімесінен көрініс.

 Слайд «Шуағын төккен 4 жыл»

Би: Флешмоб

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

 

Марапаттау рәсімі

Мектеп директорының құттықтау сөзі

 

Мұғалім:     Жақсы шәкірт «Азамат» атанады,

                     Халқынан ата-анадан бата алады.

                     Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

                     Ортаға шақырайық ата-ананы

 

 4- сынып ата- аналары  атынан құттықтау сөз кезегін береміз.

Бастауышым – бал бұлағым, 
Алдым сенен балдың дәмін. 
Әріп танып , білім алып, 
Рахметімді жаудырамын. 
 Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

 Мұғалім: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.

хормен 

Қош бол, сүйікті бастауышым !

 

 

 



 

 

 

 

 



                Жаңатұрмыс негізгі мектебі

 

 

 

 

 

Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.

 


Тақырыбы:

«Аттанайық бала шақтан -болашаққа»

 

                Өткізген : Сарсенова Мағзуда

 

 

 

                              2016жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок " Бастауышпен қоштасу" 4-класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 098 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.09.2016 598
    • DOCX 28.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсенова Магзуда Хасеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсенова Магзуда Хасеновна
    Сарсенова Магзуда Хасеновна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13207
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 481 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 143 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 826 человек

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе