Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок Бөлінгіштің жоғары разряд бірліктері бөлгіштен кем болған жағдайда бір таңбалы санға бөлу.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Урок Бөлінгіштің жоғары разряд бірліктері бөлгіштен кем болған жағдайда бір таңбалы санға бөлу.

библиотека
материалов

Қарағанды облысы,Жезқазған қаласы №11 жалпы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі Биданова Гулжахан Серікқызы



Тақырыбы: Бөлінгіштің жоғары разряд бірліктері бөлгіштен кем болған жағдайда бір таңбалы санға бөлу.
Мақсаты:
1. Жылдамдыққа ,қозғалысқа, уақытқа байланысты кері есептер құрастыра білуді қалыптастыру. Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу дағдыларын жетілдіру.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін, ұжымшылдықтарын дамыту.
3. Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Түрі: Ойын сабақ
Әдісі: ойын, көрнекілік, сұрақ - жауап, ізденушілік, топтық
Көрнекілігі: Сигналды карточка,ыстық орындық, сандар.

Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкен деген сіз
Кіші деген біз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

(Оқушыларды алдын - ала топтарға бөліп отырғызу)

Көшбасшыларын сайлап алу. Әр көшбасшы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды. (бағалау парағын таратамын)
1.Ыстық орындық.
3топтан 3 көшбасшы шығып сұрақтарға жауап береді.

Әрқайсысына 5 сұрақтан қойылады.

1-оқушыға 1.Жылдамдық пен уақыт белгілі болса, қашықтықты қалай табамыз?

Жылдамдықты уақытқа көбейтеміз.
2. 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалған машина 4 сағатта қанша км жүреді?

320 км жүреді

3.4метрде неше мм бар?-4000мм бар

4. 3 ғасырда неше жыл бар?-300жыл бар.

5.Өнімділікті табу үшін не істейміз ? –Орындалған жұмысты жұмсалған уақытқа бөлеміз.

2-оқушыға

  1. Қашықтық пен уақыт белгілі болса, жылдамдықты қалай табамыз?

Қашықтықты уақытқа бөлеміз

2.Егер жаяу жүргіншінің жылдамдығы 5км/сағ болса,ол 2сағатта неше км жол жүреді?-10км жол жүреді.

3.40км неше метр бар?-40000м бар.

4.2жылда неше ай бар?-24 ай бар.

5. Орындалған жұмысты табу үшін не істейміз?-Өнімділікті жұмсалған уақытқа көбейтеміз.

3-оқушыға
1.Қашықтық пен жылдамдық белгілі болса, уақытты қалай табамыз?
Қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз.

2.Егер қайық 6км/сағ жылдамдықпен жүзсе ,ол 12км неше сағатта жүзеді?-2сағатта

3.5000см неше мм бар?-50000мм бар

4.3тәулікте неше сағат бар?-72сағат бар

5.Жұмсалған уақытты табу үшін не істейміз?-Орындалған жұмысты өнімділікке бөлеміз

Жаңа сабақ Жаңа сабақты бастамас бұрын тақтада жасырын суреттер бар, әр тапсырманы түсініп орындасақ қақпалар ашылып отырады.

Темір қақпа - 10 ұпай №2,3.

Күміс қақпа - 20 ұпай №5

Сергіту минуты №9
Алтын қақпа - 30 ұпай №8,10
Сандықтағы затты табу үшін (логикалық тапсырмалар) орындайды.

«Ой қозғау»

Бөлудің компоненттерін атап шығу

Белгісіз бөлінгішті табу үшін, бөлгішті бөліндінің мәніне көбейту керек.

Белгісіз бөлгішті табу үшін, бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек.

- Сендермен біз үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлуді үйреніп жүрміз. Бөлінгіштің жоғарғы разряд бірліктері бөлгіштен кіші емес жағдайда бір таңбалы санға қалай бөлеміз?

Жаңа тақырыптың мақсатын айту

1. Тапсырманы мұғалім түсіндіреді. Баған түрінде түсіндіремін.

639:3-213 6396:3-2132

- Қазір темір қақпаны ашу үшін біз №2 тапсырмасын орындайық.
(1 бала шығып, берілгенін оқиды)

1 – топ 1200:4=300
2 - топ 2870*7=410

3 - топ 2488: 2=1444
Темір қақпаның екінші тапсырмасын орындаймыз.

3. Есепте және тексер.

1 – топ 3633:3=1211 көбейтумен тексереміз
2 - топ 5976:4=1494 көбейтумен тексереміз

3 - топ 6786: 3=1131 көбейтумен тексереміз.

- Жарайсыңдар. Қай топ бірінші шығарады. Сол топ 10 ұпай алады. Басқа топтың да балаларын тексеремін. Дұрыс болса, сигналды карточканың жасыл жағын көтереді, қате болса, сары жағын көтереді

Күміс қақпаны ашу үшін біз № 5 есепті шығарып, кері есеп құрастыру.
Әр топ берілген тапсырманы оқып шығады.

І топ: 1)Тышқан 20см/с жылдамдықпен 8с жүгірді.Егер ол бұл жолды 5секундта жүгірсе,оның жылдамдығы қандай болады?

V1=20cм/c t1=8c t2=5c V2=?

Ш:20см/с*8с-160см 160см:5с-32см/с

2)Тышқан 32см/с жылдамдықпен 5с жүгірді. Егер ол бұл жолды 8секундта жүгірсе ,оның жылдамдығы қандай болады?

V2=32cм/c t2=5c t1=8c V1=?

Ш: 32см/с*5с-160см 160см:8с-20см/с

3) Тышқан 20см/с жылдамдықпен 8с жүгірді. Ол бұл жолды 32см/с жылдамдықпен жүгірсе,оның уақыты қанша болғаны?

V1=20cм/c t1=8c V2=32cм/c t2=?

Ш: 20см/с *8с-160см 160см:32см/с-5с


ІІ топ: 1) Ұлу 30дм/сағ жылдамдықпен 90дм жылжыды.Егер оның жылдамдығы 25дм/сағ болатын болса, осындай уақытта ұлу неше дециметр жылжи алады?

V1=30дм/cағ S1=90дм V2=25дм/сағ S2 =?

Ш: 90дм:30дм/сағ-3сағ 25дм/сағ*3сағ-75дм

2) Ұлу 30дм/сағ жылдамдықпен 90дм жылжыды. Егер ол 75дм жолды осындай уақытпен жылжыса оның жылдамдығы қандай болған?

V1=30дм/cағ S1=90дм S2 =75дм V2=?

Ш: 90дм:30дм/сағ-3сағ 75дм:3сағ-25дм/сағ

3) Ұлу 25дм/сағ жылдамдықпен 75 дм жылжыды. Егер оның жылдамдығы 30дм/сағ болатын болса, осындай уақытта ұлу неше дециметр жылжи алады?

V2=25дм/cағ S2=75дм V1 =30дм/сағ S1 =?

Ш: 75дм:25дм/сағ-3сағ 30дм/сағ *3сағ-90дм

ІІІ топ:1)Түйе 2сағатта 90км жүгірді.Осындай жылдамдықпен ол 5сағатта неше километр жүгіреді?

t1= 2сағ S1=90км t2=5сағ S2=?

Ш: 90км:2сағ-45км/сағ 45км/сағ*5сағ-225км

2)Түйе 5сағатта 225км жүгірді.Дәл осындай жылдамдықпен 2сағатта түйе неше км жүгіреді?

t2= 5сағ S2=225км t1=2сағ S1=?

Ш: 225км:5км-45км/сағ 45км/сағ*2сағ-90км

3) Түйе 2сағатта 90км жүгірді.Егер осындай жылдамдықпен желіп отырса, ол 225км қашықтыққа жүгіруге неше сағат жұмсайды?

t1= 2сағ S1=90км S2=225км t2=?

Ш: 90км:2сағ-45км/сағ 225км:45км/сағ-5сағ

-Жарайсыңдар. Қай топ бірінші шығарады. Сол топ 20 ұпай алады.
Басқа топтың да балаларын тексеремін. Дұрыс болса, сигналды карточканың жасыл жағын көтереді, қате болса, сары жағын көтереді
Сергіту сәті Қателерді тап және теңдеулерді дұрыс шеш (ауызша орындату)

3 топ 3 теңдеуді орындайды. Топпен жұмыс №9

І топ: 876+89-965 (қоспайды азайтады)

ІІ топ: 792-138-654 (азайтпайды қосады)

ІІІ топ: 13*8-104 (көбейтпейді бөледі)

Алтын қақпаны ашу үшін біз № 8,10 тапсырманы орындайық

Текшенің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар.

І топ: Қырының ұзындығы 4см текшенің көлемін тап. а= 4см V=? Ш:V= 4см*4см*4см=64см3

ІІ топ: Текшенің бір жағының ауданы 36см2. Текшенің көлемін тап. Ш:S=36см 2 V= ? 6*6=36 см2 V= 6см*6см*6см=216см3

ІІІ топ: Текшенің қырының ұзындығы 9см.Текшенің барлық жағының жалпы ауданын тап. а= 9см S=? Ш: S1= 9см*9см =81см2 S2=81*6=486cм2

Алтын қақпаның екінші тапсырмасы №10 орындаймыз. Барлық топ бірге орындайды. Қай топ бірінші шешеді сол топ алтын қақпаны ашады. 1-сурет: Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл 2-сурет: Қазақстандағы жалғыз ағынды көлге Жайсан көлі жатады.Жайсан көлі еліміздің шығысындағы қазаншұңқырда орналасқан, көлден Ертіс өзені ағып шығады. 3-сурет: Қапшағай - Қазақстанның Алматы облысында орналасқан қала. Қапшағай су қоймасы жағалауында, Іле өзеніне таяу теміржолмен түйіскен жерде, Алматыдан солтүстікке қарай 76 шақырым жерде орналасқан. Қапшағай су қоймасы:21м+24м-45 м Жайсан көлі:8м*3-24м. Бурабай көлі:7м*3-21м -Жарайсыңдар. Қай топ бірінші шығарады. Сол топ 30 ұпай алады.
Басқа топтың да балаларын тексеремін. Дұрыс болса, сигналды карточканың жасыл жағын көтереді, қате болса, сары жағын көтереді -Жарайсыңдар, Алтын қақпаның да тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар. Енді сандықта не жатқанын көрейік. Оны табу үшін логикалық тапсырманы орындайық. 1 минут беріледі. Топ басшылары қорғайды
І топ: Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар?
Жауабы: 3 кірпі бар. 4 алма бар.
ІІ топ: Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?
Жауабы: Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті. ІІІ топ: Ағашты он бөлікке бөлу үшін оны неше жерінен кесу керек.
Жауабы: Тоғыз жерінен кесіледі Қызықты есептер: 1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1) 2. Егер Т дан бастасаң санмын Т ны алып тастасаң жаумын ( төрт – өрт ) 3. 5 жыл бұрын Айжан 8 жаста болған, 6 жылдан кейін Айжан неше жаста болды? ( 19 ) 4. 2 бала тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағат ойнады? (2сағ) 5. 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр? (тең) 6. Түнгі сағат 10 да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( жоқ ) Логикалық тапсырманы бірінші және қатесіз орындаған топқа 40 ұпай беріледі. Сандықтың ішінен алтын кілт – білімнің кілті шығады.
Сабақты бекіту. №11.Ауызша әріпті өрнектің мәнін табу.

а

246

4862

64846

26642

842608

а:2

123

2431

32423

13321

421304


Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу тақырыбына байланысты: Топпен жұмыс. 10 ұпай
Топтың ұпайларын санау. Марапаттау, мадақтау.Көшбасшылары өздерінің топтарын бағалайды.
Қорытындылау.

- Сабақ сендерге ұнады ма?- Несімен ұнады?(Тақтаға өз пікірлері жазылған парақшаны тілек ағашына ілу)
Үйге тапсырма:№4, №6.118 бетте.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-295073

Похожие материалы